
- •19.Халықаралық қатынастардағы әдіс мәселесі.
- •23.Саяси шынайылық парадигмасының түрлері мен негізгі қағидалары.
- •24.Халықаралық қатынастардағы саяси тұлғаның рөлі қандай?
- •49. Еуропа елдеріндегі жаңа халықаралық қатынастар.
- •Құрылымы
- •55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.
- •57.Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Еуро Одақ теориясы мен практикасы.
- •58.Қазіргі әлемдегі интеграциялық процесстер және олардың халықаралық қатынастарға ықпалы.
- •60.3 Халық санының өсуі және оның халықаралық қатынастарға ықпалын сараптаңыз.
- •63.Саяси тұлғаның халықаралық қатынастардағы рөлі.
- •71.Әлемдегі қазіргі күш қатынастары жағдайындағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері.
- •72.Ххi ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың экономикалық дамуы. Текетірестік: Оңтүстік-Солтүстік, Батыс – Шығыс.
- •77. Ххi ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.
- •82.Әлемдік тұрақсыздық және оның салдары.
- •84.Идеология мен мифтің халықаралық саясаттағы рөлі.
63.Саяси тұлғаның халықаралық қатынастардағы рөлі.
64.Суық соғыс теориясы. Екі жүйелердің қақтығысы. Халықаралық қатынастар мәселесіндегі жаңа амалдар. «Қырғи қабақ соғыс» - бұл жаһандық геосаяси, экономикалық, және идеологиялық тұрғыдағы АҚШ пен Кеңес Одағының қарама-қайшылықтары. Ол 1940 жылдардың ортасынан 1990 жылдарға дейінгі кезеңді қамтиды. АҚШ пен КСРО еш уақытта бетпе-бет күреске шықпағанымен, олардың арасындағы бәсекелестік салдарынан дүниежүзінде көптеген қарулы қақтығыс ошақтары пайда болды. АҚШ пен Кеңес Одағы өздерінің ықпал ету аймақтарын құрып, оларды әскери-саяси блоктармен бекітті. Олар АҚШ қарамағындағы НАТО мен КСРО қарамағындағы Варшава шарты ұйымы. Қарапайым қарудан бастап үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудыруы мүмкін ядролық қаруларының көлемін ұлғайту жарысы – салқын соғысқа тән үрдістің негізгісі болып табылады. Аса танымал оқиғалардың бірі ретінде 1962 жылғы Кариб дағдарысын атауға болады. Бұл шиеленіс кезіндегі жаппай қарулану жарысы екі державаны экономикалық опатқа әкеле жаздаған. Соның салдарынан екі мемлекет 1970 жылдары халықаралық жағдайды «реттеу» мен қарулануды шектеу бойынша жұмыстар атқаруға көшті. 80-ші жылдардың соңына қарай КСРО-да аса ауыр экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарға әкелген радикалды саяси реформалар басталып, осыған байланысты мемлекет одақтастары, кейіннен дүниежүзі бойынша өз ықпалынан айырылды. Нәтижесі: социалистік лагерь мен Варшава келісімінің ыдырауы, кейіннен Кеңес Одағының тіршілігін тоқтауы. Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды. Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді. Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ «соғыс жандандырушыларына» қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді. Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті. 1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді. 1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955 жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта жете алатын еді. Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты. 50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ пен Англия өз сынауларын тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы күштердің таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді.
65.Халықаралық моральдің тұжырымдаудың сан алуандығы. Халықаралық қатынастарда моралдік нормалардың орын алуы қаншалықты мүмкін екендігі жайында көптеген теориялар мен ойлар бар. Себебі мораль мен саясат кезінде шешуі қиын дилемма орын алады: халықаралық актор өзі тиесілі ерекше қауымдастықтың (ҮЕҰ, МЕҰ, өнеркәсіп, мемлекет, әлеуметтік топ) мүддесін жақтау керек пе, әлде олардың мүддесін актордың моральды жауапкершілігі бар одан да жоғары қауымдастық (этникалық, аймақтық, жалпыдемократиялық) үшін құрбан ету керек пе? Н. Макиавеллидің тұрақты дамушы қоғамда моральдық және адамгершілікке мүмкіндік бар, алайда белгілі қоғамның жалпы мүдделерін қорғау үшін мемлекет қайраткері өтірік пен алдауға баруы керек дегенін жоққа шығару мүмкін бе? халықаралық қатынаста моральдық таңдау жасау аясы шектеулі: біріншіден, мемлекеттік эгоизм борышының болуы; екіншіден, моральды жанжалдар аясының шексіздігі; үшіншіден, мемлекет үшін үнемі қарулы қақтығыстың туындау мүмкіндігі, қауіпсіздік пен өмір сүру мораль мен әділеттілік түсініктерін ығыстырып тастайды. Американдық ғалым Арнольд Уолферс адамзат этикалық нормаларды түбегейлі сақтауды қажет етпейді, жағдайға байланысты ең тиімдісін таңдау керек дейді. Яғни, құндылықтарды аз бұзатын жолды таңдау. Халықаралық қатынаста моральдық нормаларды қолданудың мысалы ретінде 1916ж В. Вильсонның бейбіт жоспарын айтуға болады. Ол бойынша «ортақ мақсат туралы біріккен келісім» арқылы «құқық кез-келген өзімшіл агрессиядан жоғары тұрып», «адамзаттық жүрегі мен ары нені қаласа, соны түсінуге» негізделу керек. Осылайша халықаралық құқықты сақтау үшін күшті қолдану қажет емес, тек бейбіт қоғамдық ой мен Ұлттар Лигасы тарапынан айыптау жеткілікті деп танылады. Алайда тарихта көрсетілгендей бұл келісім жүзеге аспады. Осылайша саяси идеализм реализмге төтеп бере алмады. Орнына келген саяси реализм моральды жоққа шығармайды. Г. Моргентау жасаған саяси реализмнің 6 принципініңм 3-і мораль мен мемлекеттің сыртқы саясатына қатысты. Әмбебап мораль нормалары мен мемлекеттік құндылықтар арасында бітіспес қарама-қайшылықтардың бар екенін атап өтіп, Моргентау моральды нақты жағдайда уақыт пен орнына байланысты қарастыру қажет дейді. Саясаттағы ең жоғарғы моральдық рақымшылық – ұстамдылық пен сақтықтық. Мемлекеттің моральдық принциптерін әмбебап моральды құндылықтармен қатар қарастыруға болмайды. Ұлттық мүддені түсіне білу керек. Оларды білсек, басқа мемлекеттің мүддесін сыйлай отырып, өз мүддемізді қорғай аламыз. Бастысы – моральды борыш пен саяси қызметтін сәтті болуы арасында шиеленістін болуы мүмкін екенін ұмытпау.
66.II-ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Еуропа елдерінің халықаралық саясатына слыстырмалы талдау жасаңыз.
67.Халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық. «Халықаралық ынтымақтастық» ұғымы ортақ мүддені жүзеге асыруды бірігіп іздестіруді басымдығы мен қарулы күш қолданылмайтын екі немесе бірнеше акторлардың бірлесіп әрекет етуі үрдісін бейнелейді. Әдеттегі түсінікке қарамастан ынтымақтастық жанжалдың жоқтығы емес, оның ең соңғы, дағдарыстық формаларынан құтылу.
Халықаралық ынтымақтастыққа келесі анықтаманы Ж.П. Дерриенник береді, ол бойынша екі актор ынтымақтастық жағдайында болады, «олардың әрқайсысы екіншісі де қанағаттанған жағдайда ғана қанағаттанады, яғни олардың әрқайсысы екіншісі де жеткен кезде ғана өзінің мақсатына жете алады. Таза кооперативтік қатынастың нәтижесі екі актордың да көңілі толған немесе екі акторда риза емес жағдай болуы мүмкін. Ынтымақтастық қатынасы дәстүрлі түрде өзіне «екі жақты және көп жақты дипломатияны, саяси бағыттардың: мысалы, жанжалдарды бірігіп реттеу мақсатында, ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе басқа мәселелерді шешу, барлық қатысушы жақтар үшін ортақ мүддесін көздейтін, өзара үйлесуін қарастыратын түрлі бағыттағы одақтар мен келісімдерді жасауды қамтиды. М. Лебедева ынтымақтастық үрдісінің негізгі мазмұны ретінде келіссөз үрдісін көреді. Мемлекетаралық ынтымақтастық ынтымақтастықтың басқа түрлерімен қатар халықаралық ынтымақтастықтың бір түрі болып табылады. Ғалымдар халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі топтастыруды ұсынады. Мысалы, П.А. Цыганков ынтымақтастық пен интеграцияның түрлі түрлерін пән бойынша жіктеуді ұсынады – саяси, экономикалық, географиялық принцип бойынша ғылыми техникалық интеграция жаһандық, аймақтық субрегионалды интеграция.
К. Воронов ынтымақтастық үрдісін үрдістер «кеңінен» жүріп жатыр ма, яғни қатысушыларының саны көбейе ме немесе «терең» сол мүшелерінің арасында интеграциялық үрдістер күшейген кезден шыға отырып жіктеуді ұсынады Логика халықаралық ынтымақтастықты ынтымақтастық мүшелерінен шығатын мемлекетаралық ынтымақтастық үкіметтік емес ынтымақтастықпен акторлармен топтастыруды да ұсынады. Мемлекеттік емес акторлар арасындағы ынтымақтастықтың түрлі типтерін, мемлекеттер мен мемлекеттік емес акторлар арасындағы аралас ынтымақтастықтың бір типін. Ұсынылған анықтамалардың негізінде халықаралық ынтымақтастық өзара мақсаттар мен пайдаға жетуге бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың мүшелері арасындағы нақты бірлескен әрекеттердің жүйесі ретінде анықтала алады.
Халықаралық ынтымақтастықты теоретикалық зерттеуде соңғы он жылдықтарда қол жеткен біршама жетістіктерді ескере отырып, мамандар теорияның екі маңызды жетістігін ерекше бөліп көрсетеді. Біріншіден, пікірталастар бүгінде де жалғасып жатқанына қарамастан, ғылыми қауымдастықта «халықаралық ынтымақтастық» ұғымына қатысты келісімге қол жеткізілді.
68.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі басымдықтары. Сыртқы саясаттағы басымдықтарымыз ХХІ ғасырдың ығытына қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған, белсенді, жан-жақты және үйлесімді сыртқы саясат. Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты дамыту басым бағыттар болып қала береді. Азия мен Таяу Шығыстың негізгі елдерімен өзара іс-қимылға зор маңыз беріледі. Басымдықтар айтқанда, Ресей Федерациясы мен өзара туелділіктің зор маңызы бар екенін атап көрсету керек. Бұл жерде экономикалық тарихи жақындықтың және демографияның өзара тәуеділігі факторлар той көрсетеді. Бұндай ынтымақтастық, егер ортақ экономикалық, қорғанытық, гуманитарлық ақпараттық және білімдік кеңістікті нығайтуда стратегиялық мақсатын назарға алатын болсақ, тең құқықты өзара тиімді сипатта жүруі тиіс. Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынастары Еуразиялық кеңістіктің орасан зор бөлігінде жағдайды тұрақтандырудың қуатты факторы, жаһандық тұрлаулылық пен қауіпсіздікке қосқан зор үлес. Қазақстан сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі – АҚШ пен өзара қатынасты дамыту. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы еліміздің дүние жүзілік қоғамдастыққа үйлесімді түрде кірігуінің және халықаралық саяси, сондай-ақ қаржылық институттарда оның позициясын нығайтудың, сондай-ақ озық технологияларға қол жеткізудің аса маңызды алғышарттарының бірі. Сонымен қатар, халықаралық құрылымдардың да рөлі өсіп отыр. Азия – Тынық мұхит аймығы елдерін әлеуметтік экономикалық дамыту (ЭСКАТО), қоршаған ортаны қорғау (ЮНЕП), БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған дамыту бағдарламасы (ПРООН), денсаулық сақтау (ВОЗ) және басқалары сияқты беделді ұйымдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту жөнінде пәрменді күш жігер жұмсау қажет. Қазақстан үшін халықаралық ұйымдардың басымдығын ескере отырып, БҰҰ-ның қызметіне белсенді түрде қатысуды жалғастыру керек. Осы дүние жүзілік ұйым Қазақстан үшін әлемдік саясатқа «терезе» ашады және тиісінше республиканың геосаяси процестерге тартылуына кепілдік береді.
69.Үшінші әлем түсінігі және оның әлемді тұрақтандыруға әсерін бағалаңыз. “Үшінші Әлем” — әлемдегі дамушы елдердің шартты атауы. Шамамен 1945 — 1990 ж. дүние жүзі мемлекеттері капит. және соц. болып 2 лагерьге бөлінді. Осы жылдар аралығында отарлық езгіден енді ғана құтылып шыққан Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы елдері шартты түрде “Үшінші Әлемге” жатқызылды. 1989 — 1991 ж. Оңтүстік-Шығыс және Орталығы Еуропа мен КСРО-дағы социалдық жүйе ыдырағаннан кейін екі лагерьге бөліну өз-өзінен жойылды. Оның орнына аса жоғары технологиялық жетістіктерге жеткен мемлекеттерде (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Жапония, т.б.) постиндустриалды елдер деген атау орнықты (қара Постиндустриалды қоғам). Ал дамушы елдерде “Үшінші Әлем” деген түсініктер қалып қойды. Қазіргі кезде “Үшінші Әлемге” негізінен Азияның, Африканың, Латын Америкасының артта қалған дамушы елдері жатқызылады.
70.Халықаралық құқықтың субъектілерінің дипломатиялық қатынастарының принциптері. Халықаралық құқықтың субъектісі–халықаралық құқықтың нормаларына немесе халықаралық-құқықтық актілердің ұйғарымдарына сәйкес туындайтын халықаралық құқық мен міндетті тасушы. Халықаралық құқықтың субьектісі- субьективті құқық пен міндет берілген халықаралық-құқықтық қатынастардың қатысушылары. Халықаралық құқықтың субьектілерін 2 топқа бөлуге болады
1) Алғашқы (егеменді) субъектілер, оларға егемендігі бар мемлекеттер мен өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттарды жатқызуға болады.
2) Туынды (егеменді емес) субъектілер халықаралық ұйымдар, мемлекет тәрізді құрылымдар.
Халықаралық құқықтың субьектілерінің ерекше тобы — жеке тұлғалар. Ерекше құқықтық жүйесі ретінде халықаралық құқық ерекшелігі халықаралық құқықсубьектілік ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. Жалпы алғанда, халықаралық құқықсубьектілікті – тұлғаның халықаралық құқықтың субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады. Халықаралық құқық субьектіліктің мазмұнын осындай субьектінің халықаралық-құқықтық нормалардан туындайтын негізгі құқықтары мен міндеттерін құрайды. Халықаралық құқық субъектілік өз табиғаты бойынша фактілі және заңды болып бөлінеді, және де осыған сәйкес алғащқы және туынды халықаралық құқықтың субъектілері болады. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері ( мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік және ұлттық егемендікке-байланысты халықаралық-құқықтық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады. Егемендік (мемлекеттік немесе ұлттық) оларды халықаралық құқықтың басқа субьектілерінен тәуелсіз етеді және олардың халықаралық қатынастарға жеке қатысу мүмкіндігін алдын-ала анықтайды. Халықаралық құқықтың алғашқы субьектілерінің құқықсубьектілігін белгілейтін нормалар жоқ, бірақ олардың құрылған сәттен бастап құқықсубьектілігінің болатынын бекітетін нормалар ғана бар. Халықаралық құқықтың егеменді емес (туынды) субьектілерінің құқық субьектілігінің заңды қайнар көзі болып олардың — құрылтай құжаттары болып табылады. Бұндай құжаттар халықаралық келісімшарт түріндегі халықаралық құқықтың алғашқы субьектілері қабылдайтын және бекітетін олардың жарғылары болып табылады. Туынды халықаралық құқықтың субьектілерінің құқықсубьектілігі шектеулі, сондықтан да олардың құқықсубьектілігінің көлемі мен мазмұны халықаралық құқықтың алғашқы субъектілерінің ерік-жігеріне байланысты болады.