
- •19.Халықаралық қатынастардағы әдіс мәселесі.
- •23.Саяси шынайылық парадигмасының түрлері мен негізгі қағидалары.
- •24.Халықаралық қатынастардағы саяси тұлғаның рөлі қандай?
- •49. Еуропа елдеріндегі жаңа халықаралық қатынастар.
- •Құрылымы
- •55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.
- •57.Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Еуро Одақ теориясы мен практикасы.
- •58.Қазіргі әлемдегі интеграциялық процесстер және олардың халықаралық қатынастарға ықпалы.
- •60.3 Халық санының өсуі және оның халықаралық қатынастарға ықпалын сараптаңыз.
- •63.Саяси тұлғаның халықаралық қатынастардағы рөлі.
- •71.Әлемдегі қазіргі күш қатынастары жағдайындағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері.
- •72.Ххi ғасырдағы әлемдік қауымдастықтың экономикалық дамуы. Текетірестік: Оңтүстік-Солтүстік, Батыс – Шығыс.
- •77. Ххi ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау.
- •82.Әлемдік тұрақсыздық және оның салдары.
- •84.Идеология мен мифтің халықаралық саясаттағы рөлі.
55.Халықаралық қатынастардағы әскери күштің рөлі.
56.2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп.
57.Халықаралық қатынастардағы Қазақстан мен Еуро Одақ теориясы мен практикасы.
58.Қазіргі әлемдегі интеграциялық процесстер және олардың халықаралық қатынастарға ықпалы.
59.ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастардың дамуын болжамдау. Соңғы жылдары халықаралық қатынастарда жаңа саяси кезеңнің басталды деуге негіз болатын бірнеше жаңа тенденция байқалуды. Қауырт соғыс кезеңін басқан дәуір аяқталды. Алдағы уақытта болатын жағдайларды болжау қиын болғанымен, болашақта дамуды көрсететін негізгі факторларды көрсетуге болады.
1. Азия: әлемдік саясаттың орталығына алға басу.
Халықаралық саясаттың орталығыАзияға қарай алмасуда. ҚХР өзінің потенциалын жылдан жылға ұлғайтуда. Жылына Қытайдың ІЖӨ 8,5-10% шамасында өсіп отырады. Көптеген сарапшылардың айтуынша Қытай әлемдегі екінші державасына айналады. Қытай ие болып отырған АҚШ құнды құжаттары АҚШ-қа және әлемнің қаржы жүйесіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Алайда, тым жылдам реформалар Пекиннің дағдарысқа ұшырауына әкеледі деген болжам бар. Бірақ мұндай болжамдар 20 жыл бойы айтылып келеді. Болжамға сәйкес 2040-2050жж. Қытайдың үлесіне әлемнің ІЖӨ –нің 16% келетін болады. Бұл жағдай оның әлемдегі салмағының артуына әкелетіні анық. Сол үшін қытай нарығына жол табу мен интеграциясымен күресу саясаты өршіп кетуі мүмкін.
Әлемдік державалар қатарына қосылуға Үндістан да ұмтылуды. Соңғы 10 жылда оның экономкасы орташа алғанда жылына 8%өсті. Ол сыртқы инвестиция емес, ішкі инвестициялар арқасында болып, Қытайға қарағанда әлдеқайда тұраұты саналады. Ү. Әлемдік технологиялық прогрестің қозғаушы күшіне айналуда. Және болжамарға сәйкес алдағы 20-30жылда АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші державаға айналады. Осында ЕО қарағанда қуатты орта тап қалыптасуда.
Оңтүстік және Оңт-Шығыс азияда сәтті дамушы азия жолбарыстары тобы бар. Жоғарғы көрсеткішке Оңт.Корея жетіп, Жапония дағдарыстан шығуда. Осыған орай Азия аймағына ықпал ету үшін күрес жаңдана түсуде.
2. Таяу Шығыс: ядерлы қару мен сенім мәселесі.
Әлемде ядерлы қаруды тарату мүмкіндігі артуда. Солт. Корея, Иран сенімді ұялатпайтын мемлекеттер қатарында.
3. АҚШ: қуатын сақтау тұра әлсіреуде.
4. ЕО: амбициялардан бас тарту.
5. Ресей ықпалының әлсіреуі.
60.3 Халық санының өсуі және оның халықаралық қатынастарға ықпалын сараптаңыз.
61. ХХI ғасырдағы негізгі халықаралық жанжалдар. Сириядағы жанжал 2011 жылдың наурыз айында басталған кезде сол уақытта Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста орын алып жатқан үлкен саяси процестердің, яғни мамандармен «араб көктемі» деп аталып кеткен оқиғалардың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Көптеген мамандар Башар Асад көп ұзамай биліктен кетеді деген болжамдар жасады. Бірақ қазіргі таңда соғыс тым ұзаққа созылып кетті және оның қашан, қандай нәтижемен аяқталатындығын нақты айту қиын болып отыр. Осындай жағдайдың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуде. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықты қатты алаңдатып отырған мәселелердің бірі – Сириядағы жағдай. Осыдан екі жыл бұрын бейбіт наразылықтар ретінде басталған толқулар азаматтық соғысқа ұласып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымының соңғы деректері бойынша жанжал басталғалы адам шығыны 70000 мыңға жуықтады. БҰҰ-на қарасты босқындар жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 2013 жылдың сәуір айының соңына ресми тіркелген сириялық босқындардың саны 1 млн. 400 мың адамға жетті. Негізінен олар көршілес мемлекеттерде (Түркия, Ливан, Иордания, Ирак) жайғастырылған. Тіркелмеген немесе Сирияның ішінде босқын болуға мәжбүр болған адамдардың нақты саны туралы дерек жоқ. Жалпы, Сириядағы жанжал 2011 жылдың наурыз айында басталған кезде сол уақытта Солтүстік Африка мен Таяу Шығыста орын алып жатқан үлкен саяси процестердің, яғни мамандармен «араб көктемі» деп аталып кеткен оқиғалардың бір бөлігі ретінде қарастырылды. Көптеген мамандар Башар Асад көп ұзамай биліктен кетеді деген болжамдар жасады. Бірақ қазіргі таңда соғыс тым ұзаққа созылып кетті және оның қашан, қандай нәтижемен аяқталатындығын нақты айту қиын болып отыр. Осындай жағдайдың қалыптасуына бірнеше факторлар әсер етуде. Біріншіден, Башар Ассад режимінің әскери тұрғыдан оппозициядан мықты болуы. Олардың ең басты қаруы – әуедегі басымдылық. Қазіргі таңда көтерілісшілердің басып алынған аймақтарды тиімді ұстап тұруы мен алға жылжуларында үкімет әскерлері тарапынан іске асырылып жатқан авиация соққылары үлкен кедергі болып отыр. Сонымен қатар, Асад әскерлері осы уақытқа дейін сырттан көмек алуда. Бұл ретте батыстық дипломаттар Сирияның ең басты одақтасы Иранды заңсыз әрекеттері үшін айыптап отыр. БҰҰ Иранға қару-жарақпен сауда жасауға эмбарго салған болатын. Дегенмен Сирияның өзіне және басқа мемелекеттерге мұндай шектеулер қойылмаған. Асад билігі емін-еркін қару сатып алуға құқығы бар. Қарумен басты қамтамасыз етушілердің бірі – Ресей. Өз кезегінде ресейліктер тек зымыранға қарсы әуе қорғанысы жүйелерін жеткізіп отырғандығын айтып ақталуда. Сондай-ақ, оппозиция өкілдері кейбір мемлекеттер мен ұйымдарды үкімет жағында соғысу үшін әскер жіберіп отырғандығы туралы айтуда. Солардың ішінде Иранның ықпалындағы Хезболлах ұйымы бар. Оның жетекшісі Хасан Насралла ұйым сарбаздарының Асад әскерлері жағында соғысып жатқандығын ресми түрде мойындады. Бірақ олардың қатысуы қазіргі уақытта шектеулі екендігін жеткізді. Оның ескертуінше, егер жанжал одан әрі ушығатын болса, Хезболлах соғысқа толық көлемді қатысуға дайын. Екіншіден, оппозициялық күштердің әлсіздігі. Бұл жерде әскери қарумен нашар қамтамасыз етілумен қатар, әр түрлі топтардың арасындағы ауызбіршіліктің жоқтығына назар аударылу керек. Ол негізінен олардың көздеп отырған мақсаттарының қайшылықтарында. Күресушілердің қатарында діни радикалистердің көп болуы анық болып отыр. Олар үкіметтік әскерлерге қарсы күресуші күштердің табыстарына қомақты үлес қосып отырғандығын ескерген жөн. Оның ішінде АҚШ террористік ұйым қатарына қосып үлгірген «Джахбат ан-Нусра» ерекшелінеді. Мамандардың айтуынша осы секілді топтардың «Аль-Каидаға» тікелей қатысы бар. Олар Сирияда ислам мемлекетін құруға талпынып отыр. Бірақ соңғы кездері олар өздерінің террористерге ешқандай қатысы жоқ екендігін және Сирияның мүдделерін бірінші орынға қоятындығын ашық айтуда. Бірақ, ондай мәлімдемелер халықаралық қауымдастықпен жергілікті халық арасынан жақтастарды көбірек тартуға бағытталған қулық ретінде қабылдануда. Осындай жағдай оппозицияға тікелей қарулы көмектің көрсетілуіне тосқауыл болып отыр. Себебі, батыстық елдер ол қарудың радикалистердің қолына түсіп, кейін өздеріне қарсы қолданылу мүмкіндігінен қауіптенеді.
Дегенмен жағдай бірте-бірте өзгеруде. Асад режимінің ұзақ уақыттық соғысқа шыдамай экономикалық тұрғыдан құлдырайды деген болжамдар жүзеге аспай жатқандығы анық бола бастағанын сыртқы күштер түсінуде. Биресми ақпараттар бойынша Барак Обама әкімшілігі оппозиция өкілдерін қарумен қамтамасыз ету мәселесін талқылап жатыр. Оның себебі – осындай қадам жасамайынша, оппозицияның толық жеңіске жету мүмкіндігінің аздығы. Осыған дейін көтерілісшілер тек азық-түлік, байланыс құралдары секілді көмек алып келді. Сондай-ақ, АҚШ президенті Сириядағы биліктің химиялық қаруды қолдануы да Американың позициясын күрделі өзгертеді деген болатын. Сонымен қатар, оппозицияның басшысы кім болу керектігі жөніндегі мәселе де түйіткілді болып отыр. Әр түрлі топтар мен сыртқы күштердің арасында өздерінің мүдделерін іске асыратын тұлғалардың тағайындалуына қатысты сырттай бәсекелестік бар деп айтуға болады. Ұзақ уақытқа дейін кұрылуы кейінге қалдырып келген өтпелі кезең үкіметі соған дәлел бола алады. Ақыр соңында құрылғаннан кейін оның жетекшісі болып АҚШ-та ұзақ жылдар бойы тұрып келген Хасан Хитто тағайындалды. Бірақ, оны кейбір опозиция өкілдері мойындамады. Жергілікті көтерілісшілердің айтуынша, оппозиция басшылығына Сирияда тұрғылықты мекендейтін, оның ішкі ерекшеліктерін білетін адам келу керек.
Үшіншіден, көтерілісшілер қатарына көптеген үкіметтік сарбаздардың өтіп жатқанына қарамастан, елдің ішіндегі Асадтың жақтаушылары әлі де көп. Оның себебі Сирияның діни бет-бейнесінде. Асад және оның әулеті исламның ішіндегі алавизм ағымының жақтастары болып табылады. Алавиттер Сирия халқының 10-15% құрағанмен, мемлекеттегі басқарушы позициялардың көпшілігі солардың қолында. Ал Асадқа қарсы күресушілер негізінен Сириядағы көпшілік болып табылатын сунниттер қауымынан. Алавиттер сунниттік оппозицияның жеңіске жетуінен қорқады. Себебі, олардың ойынша алавиттер сунниттердің кек алу объектілеріне айналуы мүмкін. Сондықтан, үкіметтік әскерлерден бөлек, алавиттер өздерінің жасақтарын құрып, көтерілісшілерге қарсы соғысуда.
Төртіншіден, әлемдік державалардың Сирияға қатысты ұстанымдары тым алшақ боып отыр. Сириялық оппозиция өкілдері сыртқы күштердің араласуын талап етуде. Бірақ, оның жүзеге асуы үшін ең алдымен заңдық негіз қажет. Ливиядағы болған жанжалда БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі халықаралық коалициялық күштердің араласуына уәкілеттік берген болатын.
Бұл жолы Ресей мен Қытай мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы болып отыр. Мамандардың ойынша, Ресей өзінің Сириядағы ықпалынан айрылғысы келмейді. Қазіргі таңда бұрынғы Кеңес Одағы аумағынан тыс орналасқан жалғыз ресейлік әскери база Сирияның портты Тартус қаласында орналасқан. Осы база арқылы тікелей Жерорта теңізі аймағына шығуға болады. Осыған қоса Сирия билігі ресейлік қару-жарақтың тұрақты сатып алушысы болып табылады. 2011 жылғы дерек бойынша, Ресей мен Сирия арасындағы қару-жарақ келісімшарттары кем дегенде 4 млрд. доллар болды. Егер Асад билігі құлап жатса, жаңа басшылардың бұрынғы режимді қолдаушыларымен қарым-қатынастары суық болуы ықтимал. Өз кезегінде Қытай сыртқы күштердің басқа елдің ішкі ісіне араласуының қарсы болуының себебі, оның өзінің ішкі сипаратизммен бетпе-бет келуі. Егер болашақта Қытайда билікке қарсы қарулы көтеріліс орнайтын болса, Аспанасты елінің басшылары ыңғайсыз жағдайға түсетін еді. Қытайдың Сирияда экономикалық мүдделері де бар. Мысалы, CNPC компаниясы осы елдегі мұнай саласындағы бірнеше жобаларда үлеске ие.
Сондай-ақ, Асадтың биліктен кетуін талап етіп отырған АҚШ секілді елдер өздері де тікелей араласуға құлықсыздық танытуда. Сириядағы жағдайдың геосаяси тұрғыдан тым күрделі болуы оларға ықпал етіп отыр. Сирияда болып жатқан жанжалдың әсерінен туындауы мүмкін бірнеше қауіп-қатерлер бар.
Халықаралық қауымдастық Сириядағы шиеленістің аймақтың басқа мемлекеттеріне таралуынан қауіптенеді. Бұл аймақта діннің рөлі өте маңызды орын алатындығы белгілі. Сондықтан Сириядағы шиеленістің діниаралыққа айналып жатқандығын ескеретін болсақ, халықаралық күштердің соғысқа тікелей араласуы жағдайды одан сайын ушықтұруы мүмкін. Жағдайдың көрші мемлекеттерге ықпал етіп жатқандығына қазірдің өзінде көз жеткізуге болады. Көптеген ақпараттар бойынша, мұсылман елдерінен Сирияға ерікті сарбаздар ағылуда. Сунниттер оппозиция жағына қосылып жатса, басқа мемлекеттердің шииттері билік әскерлерінің қатарын толықтыруда. Көршілес елдердің ішкі жағдайлары да осы жанжалдың ықпалынан зардап шегуде. Діни құрамы әркелкі Ливанда сунниттер мен шииттер арасындағы қарулы қақтығыстар күшейіп кетті. Өткен жылдың аяғында барлау қызметінің жоғары шенді қызметкері Висам аль-Хасанның өлтірілуі сунниттердің көшелерге шығып наразылықтарын білдіруге алып келген болатын. Ливан үкіметі өздерін Сириядағы шиеленістен қанша алшақтағысы келгенмен, елдегі жағдай кез-келген сәтте жарылуы мүмкін қалпында болып отыр. Ирактың да ішкі жағдайы күрделі болып отыр. Биліктегі шииттер мен оппозициядағы сунниттердің текетіресі, Сириядағы ахуалдың арқасында одан сайын өрши түсуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, оппозицияның жеңіске жеткенінен кейін де Сирияның болашағы күрделі болып отыр. Сирияның бөлшектеніп кету қаупі бар. Жоғарыда аталып өтілген алавиттер өздерінің жеке тәуелсіз мемлекеттеріне талпынуы мүмкін. Олардың Сирияның Латакия-Тартус аймағында жинақы тұруы осы процестің орын алуына қосымша пайда болады. Сондай-ақ, осыған дейін соғысқа салыстырмалы түрде араласпай келген күрдтердің мәселесі туындау қаупі бар. Күрдтер елдің солтүстік аймақтарында жинақы тұрады. Әр түрлі деректер бойынша олардың саны 1,5-2 млн. Асад билігі кезеңінде ешқандай құқықтарға ие болмаған күрдтер жағдайды өздерінің ыңғайына пайдалануы мүмкін. Оларға үлгі ретінде Ирактағы күрдтердің мысалы бола алады. Сыртқы күштердің 2003 жылғы интервенциясынан кейін Ирактағы күрдтер жеке автономияларына қол жеткізген еді.
Сондай-ақ Израильдің де осы қақтығысқа қатыстырылу ықтималдығы бар. Иран, өзінің ықпал ететін Хезболлах ұйымы арқылы Израильге қарсы шабуылдар жасауға мүмкіндігі бар. Израиль ұшақтарының бірнеше рет Сирия аумағындағы нысандарға соққылар жасауы осыған дәлел бола алады. Оларды алаңдатып отырған мәселе – қару-жарақтың Хезболлахтың қолына түсу ықтималдығы.
Қортындылайтын болсақ, Сириядағы жағдай басқа «араб көктемі» оқиғалары орын алған мемлекеттерден ерекшелінеді. Бұл ретте көтерілісшілердің билікке қарсы наразылықтары сектааралық қақтығысқа айналып кетті. Жалпы, бұл Сирияның тарихындағы діни негіздегі алғашқы жанжал емес. Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың билігі барысында 1982 жылғы Хама қаласында болған көтерілістер кезінде әр түрлі деректер бойынша 17 мыңнан 40 мың адамға дейін қайтыс болған. Сондықтан қазіргі жағдайды сол оқиғалардың жалғасы деп айтуға болады. Сириядағы жағдайдың ушығуы бүкіл аймаққа, осылайша бікіл әлемге кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан әр қадам алдын ала ойланып жасалынуы керек.
62.Халықаралық құқықтың реттеуші рөлінің ерекшеліктері мен тарихи формалары. Халықаралық құқық — халықаралық қатынаста мемлекет пен басқа қатысушылар (субъектілер) арасындағы катынасты реттейтін заңдық принциптер мен нормалардын жиынтығы. Халықаралық құқықтың негізін қалаушылар ретінде заңгер Гуго Гроцийді атуға болады, ол Вестфаль шартының 350 жыл аралығынан бастап біздің уақытқа дейін халықаралық құқықтың эффективтілігі немесе өмір сүруі жайлы талқылау жүріп жатыр. Ондағы зерттеушілердің бір тобының атйтуынша, халықаралық құқық мемлекеттердің халықаралық істерінде анықтаушы рөлін көрсетеді, басқалардың пайымдауынша, ол тек қана заңи аргументтердің жиынтығы және мемлекеттердің іс-әректеттері ретінде қажеттіліктерді атауға болады. Қазіргі халықаралық құқық бойынша кеңестік маман Е.Б. Пашуанксис құқықты сыртқы саясат түрі ретінде есептеді, «халықаралық құқық дәстүр және келісімдерде мемлекеттер арасында әр түрлі саяси және экономикалық қарым-қатынастар қалыптасады». Батыстық зерттеушілердің пікірінше, құқық ең алдымен экономикалық шарттар бойынша, мемлекетке, саясат бойынша анықталады». Осындай аталған пікірлер көптеген заңнамалық пікірлер бойынша бұрынғы және қазіргі-заңнамалық позитивизм, нормативизм, «таза» құқықтың теориясы бойынша анықталынады. Осылайша, позитивист - заңгерлер құқықты өзара анықталынған факт ретінде есептеді, ол түсіністікті ақтауда маңызды болады. Заңи нормалар мемлекеттік қызметтілік салдары ретінде қарастырылады. Алғаш рет адамзат қоғамының дамуында халықаралық құқық б.з.д. IV аяғында -III басында мың жылдықтарда алғашқы құл иеленушілік мемлекеттер пайда бола бастаған кезде Ежелгі Шығыста, Египетте, Ежелгі Қос өзен аңғарындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарда қалыптаса бастады. Олардың арасындағы қатынастар әдет-ғұрыптар арқылы реттелді. Сонымен қатар жазбаша халықаралық шарттар пайда бола бастады. Осындай ежелгі шарттардың бірі б.з.д. ХХІІІғ. Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның арасындағы жасалған шарт болып табылады. Жазбаша шарттардың классикалық мысалы ретінде бейбіт және одақтық шарттар түріне жатқызуға болатын хеттік-египеттік шартты (б.з.д. ХІІІ ғ. ) атауға болады. Екі мемлекетте әскери іс-әрекеттерді тоқтатуға, бір-біріне ішкі және сыртқы жаулармен күресте көмектесуге, екі мемлекеттің де қшқын құлдарын ұстап беруге көмектесуге міндеттенді. Б.з.д. ІІ-І ғғ. халықаралық құқықтың элементтері Қытай мен Үндістанның, кейіннен Ежелгі Элладаның (Грецияның) және Ежелгі Римнің территорияларында пайда бола бастады. Феодализмнің ыдырауы адамзат қоғамының сол даму кезеңіне тән болды. Феодалдық қоғамда шарттар көп болғандықтан бұқаралық-құқықтық шарттарды жеке –құқықтық шарттардан ажырату мүмкін болмады. Шарттардың субъектілері ретінде феодалдар, қалалар болды. Рим папалары конкордаттар деп аталатын шарттар жасасты. Римдік католиктік шіркеу еуропалық феодалдық халықаралық құқықтың дамуына елеулі ықпал етті. Олар жекеленген соғыстарды ашуға тыйым салу жөніндегі шектеулерден тұрды, аптаның белгілі бір күнінде әскери іс-қимылдар ашуға тыйым салу қажет деп тапты, шіркеуде баспана берілді. Бірақ соғыс заңдары мен әдет – ғұрыптары қатал болды: қалалар қиратылып тоналды, жаралылар далада қалды, тұтқындар құлға айналдырылды. Феодализм кезінде халықаралық-құқықтық ойлар одан әрі дамуын алды. Бұл кезде де толықтай халықаралық құқық болмаса да, осы кезеңдегі ойшылдардың ой-талқылаулары қазіргі халықаралық-құқықтық ғылым үшін де құнды болып табылады. Августин Блаженный (340 – 430 жж.) адамдар әділеттілік нормасын басшылыққа алулары тиіс деп ұйғарды.