Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап тмо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
507.25 Кб
Скачать

1. Халықаралық қатынастарды зерттеудегі әдістер. Халықаралық қатынастарды зерттеудің формалды әдістері. «Әдістеме», «әдіс», «методика», «зерттеу техникасы» туралы түсініктер. Халықаралық қатынастарды зерттеудің формалды және формалды емес әдістері. Нормативті идеялогиялық және нормативті гипотезалық бағыт. Статистикалық әдістер. Синергетика: негізгі идеялар мен мәселелер. (И.Пригажин) «Морль» туралы түсінік. Халықаралық қатынастардағы жағдайлар мен үрдістерді моделдеудің ерекшеліктері. Математикалық модельдеудің қиындығы мен артықшылығы.

Халықаралық қатынастарды зерттеудің бейресми әдістері. Тарихи суреттеу және саяси суреттеу тұрғы. Қолданбалы әдістер: жағдайды сараптау әдісі (жәй және бағытты бақылау, құжаттар мен материалдық деректерді зерттеу, салыстырмалы сараптау); мазмұндық сраптама әдістері (контент сараптау, ивенттік сараптау, когнетивтік әдістер); қызмет жүріс тұрысты сраптау әдісі (иметация, жағдайды сараптау, іскерлік және стратегиялық ойындар). Аналитикалық болжау әдістері: алтернативистика, ретроалтернативистика, қойылымдық және эксперттік сраптау әдістері (ақыл ой шабуылы, «дельфи» әдісі және т.б.).

Халықаралық қатынастарды зерттеудің жүйелік әдісі. Л.Фон Берттолонфи концепциясы. Жүйе элемент, қоршаған орта, ішкі орта, жүйе құрылымы, жүйе функциясы туралы түсініктер. Жүйелер тұрақтылығы. Ашық жүйе. Халықаралық жүйелерді зерттеудегі негізгі ұстамдар: күрделілігі, көпжақтылығы, бейімденгіштігі, ашықтығы, әлеуметтік саяси мәні. Халықаралық жүйелерді зерттеудегі негізгі бағыттар: дәстүрлі тарихи, тарихи социологиялық, эвристік, аралас, құрылымдық, функционалдық. Халықаралық қатынастар типологиясы. Халықаралық жүйелердің өзгеруінің заңдылықтары мен негізгі бағыттары. Халықаралық жүйелердің қызметі. Құрылымы. М.Капланның типолигиясы. Халықаралық жүйелердің өзгеруінің заңдылығы мен қажеттілігі. Халықаралық жүйелердің өмір сүру заңдары. Құрылымның ролі. Р.Аронның жүйелік әдісі. Құрылымдық өзгерістер. Ж.Дерриенктің құрылымдық мінездемесі. Халықаралық жүйелердің өзгеру заңдылықтары.

2. Халықаралық келісімдер және оның тиімділігі. Халықаралық келiсiмдер -орындалуы міндетті, халықаралық қауымдастық мүшелерінің арасында, мейлі ол егеменді мемлекеттер болсын немесе халықаралық үйымдар болсын кез келген келісім-шартқа отыру. Халықаралық қүқық халықаралық келісімдердің міндетті түрде жазбаша бекітілуін қарастырмайды. Бірақ, қабылданған міндеттемелердің жазбаша түрде бекітілуі үрдіске айналған. Олардың жеке келісімдерден айырмашылығы олардың орындалу міндеттілігінде. Жеке келісім-шарттар сотқа шағына алады. Ал халықаралық келісімдер ешқандай соттың қүзырына кірмейді. Келісімдердің орындалуы өзара сәйкестендірілген мүдделерге байланысты. Халықаралық келісімдер негізгі төрт категорияға бөлінеді:

  1. келісім-шарттар мен конвенциялар;

  2. үкіметаралық келісімдер;

  3. хаттамалар;

  4. халықаралық қүжаттар.

Дүниежүзілік сауда ұйымы халықаралық сауда жүйесінің үйымды-қүқықтық негізін құрайды. Дүниежүзілік сауда ұйымы көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында қол қойылғаннан кейін 2005 жылдың 1 қантарында қүрылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің үлғайтылған қатарында ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе; Дүниежүзілік сауда ұйымы тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының құқықтық жүйесі Мараккеш келісімі, немесе Дүниежүзілік сауда ұйымын құру жөніндегі келісім және әр қосымшасы халықаралық сауда жекелеген мәселелері бойынша жасалған халықаралық-құқықтық уағдаластықтары бар 4 қосымшасы негізінде анықталған. Дүниежүзілік сауда ұйымы жөніндегі келісімде 29 келісім, оның 17 және олармен байланысты құқықтық құжаттар 1, 2 мен 3 қосымшасы бар (Көп жақты Сауда Келісімдер) осы Келісімнің ажырамас бөлігі бола тұрып, Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Қалған келісімдер және олармен байланысты құқықтық құжаттар 4 қосымшаға енгізілген (бұдан әрі «Саны шектеулі қатысушыларымен сауда келісімдер») Дүниежүзілік сауда ұйымының барлық мүшелері үшін міндетті. Барлық келісімдер сауда саласында ұлттық заң шығару мен нормативтік актілерді әзірлеу мен қолдану барысында үкімет басшылыққа алатын негізгі келісімді міндеттіліктерді анықтайды. [3]

ГАТТ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы екі басты принципте негізделген, осының нәтижесінде, халықаралық-құқықтық тәжірибеде төрт негізгі элемент қалыптасты. Екі басты принциптер — бұл кемсітуден бас тарту және нарықтық тиімділік, немесе алдын ала болжалынатын, ашық, өзара қауіпсіз нарықтарға қол жеткізу.

Төрт негізгі элемент:

  • ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ);

  • ұлттық режим;

  • тарифтерді шекарадағы қорғаудың жалғыз немесе қалаулы құралы ретінде;

  • қолдану;

  • транспоренттік пен ашықтық.

Ұлттың ең қолайлы жағдай туғызу режимі (РНБ) Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшелері басқа мүше елден импортталатын тауарлар мен қызметтерге көз-қарастары бірдей екенін көрсетіп отыр, дәлірек айтсақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы мүше елдерінен импортталатын тауарлар мен қызметтерге қатысты ең қолайлы жағдай жасалатын қызметтер мен тауарларға сияқты ережелер қолданылады. Бұл шекарадағы кемсітуден бас тартудың белгісі. Есепгенде Дүниежүзілік сауда ұйымы алдына бірқатар талаптарды, мысалы үшінші елдермен жаңа кедергілердің орнатылуына жол бермеу, қоятын аймақтық кедендік одақтар мен еркін сауда аймақтары.

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдер режимінің негізі (ДНЯО)  – Ядролық қаруды тартпау жөніндегі шарт, алайда соңғы жылдарда біз оның қағидаларын орындамау көріністерінің көбейіп бара жатқанына куә болып отырмыз. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарт 1968 жылы басталып, 1970 жылы күшіне енді. Бес ел: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қытай Халық Республикасы және Франция ядролық держава болып танылды. Бүгінде 188 ел қол қойған келісімшарттан Үндістан, Пәкістан және Израиль тыс қалса, 2003 жылы Солтүстік Корея одан шы­ғатынын мәлімдеді. БҰҰ ықпалымен 1967 жылы Антарк­тида, Латын Америкасы, Кариб бассейні, 1986 жылы Тынық мұхиты, 1995 жылы Оңтүстік Шығыс Азия 2009 жылғы 21 наурызда ядролық қару­дан азат аймақ деп жарияланды. Қазір әлемнің 115 мемлекеті сондай аймақ ішінде. Аталған белді ұйым Таяу Шығысты ядролық қарудан бос аймақ деп бұдан 17 жыл бұрын қарар қабыл­дағанымен, ұсыныс әлі жүзеге аспай келеді. Ол дүниежүзі мемлекеттері үшін 1996 жылы ядролық қаруды сы­нау­ды біржола доғару туралы ұсыныс жасаса, оны 181 ел қолдап, 150 мемле­кет бекітті. Келісім күшіне толық енуі үшін АҚШ, Қытай, Израиль, Иран, Пәкістан, және Солтүстік Корея қол қоюлары керек [2]. 2011 жылдың ақпанында Ресей Федерациясы мен АҚШ-тың арасында стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақты одан әрі қысқарту мен шектеу жөніндегі шаралар туралы шарттың күшіне енгеніне қарамастан, ядролық арсеналдарды қысқартудың екіжақты ресейлік-америкалық үде­рі­сіне ресми түрде де, мойындалмаған түрде де ядролық державалар болып табылатын басқа елдердің қосылуы мәселесі әлі де басы ашық күйінде тұр. Осы үдеріске көпжақты сипат беріл­мейінше шын мәніндегі ядролық қарусыздану жөнінде сөз етудің жөнсіздігі анық.

3. Еуропадағы, Солтүстік Америкадағы, Азиядағы интеграциялық процесстер (теория және шындық). Олардың халықаралық қатынастарға тигізетін ықпалы.

ЕО, НАФТА –ға кіретін Солтүстік Америка елдері, белгілі дәрежеде Латын Америка елдерінің регионалдық интеграция тәжірибесін қорыта келе, экономикалық интеграцияның кейбір заңдылықтарын шығаруға болады.

Біріншіден, бұл эволюциялық жол. Біртіндеп, интеграция кезеңдерін аттамай, өндірушілер үшін де, тұтынушылар үшін де серіктестерді таңдау еркіндігін беріп, әкімшілік шектеулер мен тосқауылдарды алып тастау үшін жағдай жасап, сауда-экономикалық ынтымақтастық бірқалыпты (тұрақты) әрекет ететін нарықтық орта құру қажет.

Екіншіден, бұл интеграциялық міндеттемелерді біртіндеп, кезеңді түрде шешу. Ол үшін мүше-елдердің ассоциациялары көмегімен еркін сауда аймағы, кедендік одақ, капитал, тауар мен қызмет, еңбектің орта нарығын және біртұтас экономикалық кеңестіктің негізін қалау қажет.

Үшіншіден, бұл біртекті экономикалық орта құру, нарықтық қайта құрудың қарқыны мен деңгейін жақындастыру қажеттілігі.

Төртіншіден, интеграциялық процестің барлық мүшелерінің тең құқықтық серіктестігі, дискриминациясыз іс-әрекет етуі.

Азиялық интеграциялық үрдістің ерекшелігі жаңа тәуелсіз мемлекеттің тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси, экономикалық негіздердің ұқсастығында. Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің күрделілігі кейбір халықаралық немесе аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық үрдістің тереңдігі басқа қажетті әдістермен қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.

Азиядағы интеграциялық ағымның спецификалық ерекшеліктерінің бірі аймақтағы барлық Мемлекеттердің теңіз-транспорттық коммуникациясына жолдың болмауы. Бұл аймақтарда кейбір державалардың болуы баланстың бұзылу мүмкіншілігін тудырады, ад бұл өз кезегінде ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін, ал интеграциялық үрдістер барлық жағдайда айтылғандарға жауап ретінде және қатысушы топтардың геостратегиялық мүдделерінің өзара байланыстылықты, яғни корреляцияны талап етеді.

 ЕО құрамындағы 11 ел (Ұлыбритания, Грекия, Дания және Швециядан басқалары) ортақ ақша бірлігіне көшу туралы шешім қабылдады. Бұл елдерде 2002 жылдың басынан бері бірыңғай валюта — еуро айналымға түсті. Әлемдік қаржы нарығында еуроның долларға қатысты бағамы әлі де тұрақсыз болып тұр.

Аймақтық интеграциялық одақтар құрамына соңғы жылдары даму деңгейі әртүрлі елдер ене бастады; ЕО-ның ассоциациялық мүшелігіне Шығыс Еуропа елдерінің, НАФТА құрамына Мексиканың қабылдануы — осының айқын дәлелі.

Еуропалық Одақ туралы айтар болсақ, ең бірінші артықшылығы, жетістігі, ол соғыстан кейінгі күйреген Еуропа экономикасын қалпына келтіріп қана қоймай, әлемдегі ең дамығандарының шығарды. Бұл ұйымның тарихы 1950 жылы Р.Шуманның Франция мен Германияның бүкіл көмір мен болат өндірісін, Еуропа халықаралық қатынастарында негізгі қарсыластар арасында өзара сенім деңгейін жоғарылату үшін орталықтанған басшылыққа беруді ұсынды. Бұл Германия тарапынан қолдау тапты. Сөйтіп, 1951 жылы Еуропалық көмір бірлестігін құру туралы Париж келісімне Еуропаның 6 елі қол қойды – Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Италия, Франция, Германия. Одан ары бұл бастама 1957 жылы Еуропалық Экономикалық Қауымдастықтың құрылуымен жалғасты. 1973 жылы бұл алтылыққа Ұлыбритания, Ирландия, Дания, ал 1981 жылы Греция қосылып, құрамы кеңейе түсті. 1986 жылы Испания, Португалия, 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция кірді. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер осы ұйымға тартылуда. Ол заңды құбылыс. Өйткені бұл ұйымның тиімділігн, жемісін барлықтары мойындайды. Осылайша бұл ұйым қазіргі таңдағы ең дамыған теңдесі жоқ интеграциялық бірлестік. 

Еропалық бірігу идеясы. Еуропалық интеграцияның объективті және субъективті факторлары. Соғыстан кейінгі Еуропадағы еуропалық қозғалыс.

Еуропалық экономикалық қатынастар ұйымы. Еуропа Кеңесінің құрылуы. Адам құқықытары жөнінідегі еуропалық комиссия. Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот.

1950 жылғы Шуман декларациясы. Еуропалық көмір және болат бірлестігінің құрылуы (ЕОУС): мақсаты, құрылымы, қызметі.

1957 жылғы Рим келісім шарты. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылуы (ЕЭҚ): мақсаты, принциптері, стратегиясы. ЕЭС тің негізгі институттары. Евроатом, оның қауымдастықтар жүйесіндегі ролі.. Еуропалық еркін сауда ассоциясының қалыптасуы (ЕАСТ). Еуропалық интеграцияға деген Франция, Германия, Италия, Ұлыбританияның көзқарастары. ЕЭҚ мемлекеттерінің үшінші мемлкеттермен қатынастары. ЕЭС дамуының негізгі сатылары.

Еуропалық интеграцияның Қауымдастықтан Еуропалық Одақ қа дейін дамуы. Жалпыға бірдей Еуропалық 1986ж. Еуропадағы жаңа халықаралық жағдай.

4. ХХI ғасырдағы халықаралық қатынастардағы қарама-қайшылықтар. Халықаралық қатынастардың модельдері. Халықаралық қатынастарды демократизациялау -бүкіл адамзат тағдырымен тығыз байланысты мәселе; оның өзектілігі мен шешімін табу қажеттігі қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастар саласындағы қарама-қайшылықтардың ширығуында, жаңа аса қауіпті қақтығыстардың туындауында жатыр. Қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттер түрақты қоғамдық жүйелер болып табылады. Олардың әрқайсының қалыптасуы үш кезеңнен түрады:

  1. Бірінші - әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасында байланыстардың пайда болуы.

  2. Екінші - "ойын ережелерінің" болмауы себепті ол байланыстардың қақтығысқа үласуы.

  3. Үшінші - қақтығыс барысында әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасында түсіністік пен бітімгершілік орнауы нәтижесінде "ойын ережелері" қалыптасып, әртүрлі қүрамдас бөліктердің арасындағы байланыс түрақтанып, жүйе қүрылды.

Қазіргі элем ғаламдық жүйенің екінші кезеңінде түр. Сондықтан елдер, аудандар, өркениеттер арасындағы қақтығыстар өте жиі, аса маңызды әрі қауіпті. Халықаралық қатынастардағы қақтығыстар уақытша, ғаламдық жүйе қалыптасу үстінде түрақтылыққа қол жетеді. Бүл қақтығыстар келіссөздер арқылы, демократиялық қағидаттарды жүзеге асыру барысында шешімін тауып, халықаралық ғаламдық жүйенің қалыптасуына септігін тигізеді.

Ұлт-мемлекет халықаралық аренада ең негізгі тұлға болып қалғанымен, дегенмен дүниежүзілік саясаттың ауқымды қақтығыстары әр түрлі өркениеттерге жататын ұлттар мен топтар арасында орын алады. Халықаралық қатынастар тарихына көз салсақ, ондағы әрекеттенушілердің (державалар) алатын орны мен даму динамикасының қалайша өзгергенің, яғни: • 1 сверхдержаваның болуы (Ежелгі Египет, Персия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, т.б.) • 17-18 ғасырларда халықаралық аренада «Антанта» (Англия, Франция, Ресей), Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Түркия) • екі сверхдержава – КСРО мен АҚШ арасындағы қақтығыс • биполюстін жойылуы; Орта Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, ҚХР мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар зерделеніп өзектілігі артты. «Түлкінің жүні өзіне жау» дегендей қазба ресурстарға толы жерімізге мұхиттың арғы жағындағы Американың, Еуропаның біраз елдері, Қытайдың және Ресейдің мұнай-газ, индустриялық-экономикалық саясатының тоғысар жері алдағы уақытта Қазақстан болмақ. Оған негіз болатын барлық факторлар бар.  Евразия алдағы жылдары әлемдік саясаттың тоғысар тұсы болады. Сондықтан осы аймақтағы елдер бірінші өзара ықпалдаса отырып дамуы керек. Бірақ көбінес жағдай басқаша болып жатады. Өзбекстанның ел ішіндегі реформаларды көбінес мойындамауы, Қырғыздырдың сыртқа берешегі көбейіп, Араб елдерінің ауызбіршіліктен алыстауы, әлемде Қытай елінен қорқу стеротипі қалыптасып келе жатқан кезде, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің қару жарақпен қамтамасыз етіп отырған Ресеймен қарым қатынас алдағы жылдары да дами бермек. Дегенімен де алдағы ширек ғасырда кіндік азияның басты ойыншысы және шешуші күші Қытай болады.  Қытайдың демографиялық және экономикалық дамуы біраз елдердің есін шығаруда. Сондықтан алдағы уақытта Қытайды тоқтатуға тегеурін болатын, халықарық саяси істерде жоғары беделге ие, нарықтық жүйенің орталығы Батыс Еуропа мен Жапония, халық санының көптігі арқылы әлемдік саясат сахнасына тырмысып келе жатқан Үндістанмен, орта және таяу шығыс елдерімен қарым қатынас бүгінгіден де жоғары қарқымен дамуы мүмкін.

5. Қазіргі кезеңдегі біртұтас экономикалық кеңістік теориясы. Халықаралық қатынастарға деген жаңа көзқарастардың дамуы. Қазіргі экономикалық теорияларда экономикалық өсу терияларының негізін ағымын экономисті Рой Харрод пен американдық экономист Евсей Домар салды. « Халықаралық экономикалық теория»  еңбегінде Харрод сыртқы сауда мультипликаторы концепциясын тұжырымдады. « Экономикалық цикл кітабында ол экономикалық циклге кейнстік анықтама береді,яғни оның себебі мультипликатор иен акселератордың арақатынасы дейді. Дәл осы ара қатынас Харродты эконмикалық өсу аясын зерттеуге әкелді,бұл туралы ол ең алғаш 1939ж « Динамика теориясының очеркі» атты мақаласында жарияланды, ал кейініректе бұл туралы 1948 –жылы « Эконмикалық динамика теория кітабында мәлімдеді.

Экономикалық өсудің неокейнстік теориялары Кейнс теориясының сыны процесінде паайда болды. Бұл теория дағдарыстың жағдайдағ экономика негізінде қалыптасты. Ол техникалық прогрестен, халықтың өсуінен абстракцияланды. Алайда, оның қолдануы қысқа мерзімге есептелді. ҒТП, бұзыла бастады, сөйтіп одан абстрациялану мүмкін болмай қалды. Капиталистік елдердің дамудың әркелділігі қушейе түті. Германия, Франция, жапония, Италия елдерінде өсудің жоғары темпі байқалды.Бұл жағдай мұқият түсіңдіруді талап етті, ал Кейнс теорисы мұндай мәселені шешуге қабілетсіз болды.

Экономикалық өсу теориялар әртүрлі коньюктуралық жағ дайға жарамды, жалпы ұдайы өндіріс теориясын жасауға талпыныспен түсіндіріледі. Неокейнстіктер экономикалық саясаттың басты мақсаты- толық жұмысбастылыққа жету болуы тиісдейді. Оладың пікірінше, осындай жолмен жұмыспен қамту мәселесін шешуге болады. Буржуазиялық әдебиеттерде соғыстан кейінгі жылдарда алдыңғы орындарды алған бұл теорияның таралуының обьективті негізгі – социализмнің күшеюі екі әлемдік жүйелердің эканомикалық жарысы болып табылады. Американ эконоисті Э.Домар «халықаралық конфликт өсу проблемасын өмір сүрудің шарты етеді» дейді.

6. Этника аралық жанжалдар (мысал). ҚР этника аралық қатынастарды шешу жолдары. Этникааралық қақтығыстар - қандай да бір аумақта, көпэтникалы мемлекеттерде этностардың арасындағы әртүрлі себептерден туындаған қақтығыс. Басқа қақтығыстарға қарағанда зардабы ауыр, шешілуі қиын.

Этникааралық қақтығыстардың шығу себептері - этнос құндылықтарын кемсіту нәтижесін¬де туындаған жанжалдар аса ауыр әрі эмоционалды бояуы қанық болады. Құндылықты қақтығыстар қоғам өмірінің кез келген саласында кездесуі мүмкін. М.Вебердің пайымдауынша, адамдардың іс-әрекеті мінез-құлық ережелерін, мақсатын айқындайтын құндылықтармен үйлескенде ғана мағыналы болмақ. Этникааралық қақтығыстардағы құндылықты ерекшелік мәдени, тіл, дін, басқа да әлеуметгік-мәдени айырмашылықтардан туындаған қақтығыстарда айшықты болады (экс-Югославиядағы азаматтық соғыс себебі дін алуандылығынан туындаған субмәдениеттер (православиелік, католиктік, мұсылмандық) болды). Сондай-ақ этникааралық қақтығыстар тұрмыстық деңгейде де шығуы мүмкін. Ол түйсікте жатқан басқа этносты жаратпау социо-психологиялық факторы негізінде туындайды. Ұзақ қайшылықтан кейін себебі қандай болса да, қақтығысушы этностардың бір-біріне өшігуі бұқаралық сипат алады. Этникалық қақтығыстардың тарихи себебі этнос жадында сақталып қалған өткендегі окпе, реніштен туындайды. Олар өздігінен өзі тікелей себеп бола алмайды. Егер қақтығыс пісіп-жетілсе немесе қақтығыс шыққан болса, этнос санасындағы барлық өкпе-наз "ақтарылады" және "отқа май құяды". Қақтығыстардың шығу себебі қандай болмасын, олар нақтылы мақсатты көздейді, біреудің мүддесін білдіреді (кейде, тіпті қақтығысқа қатысушылар оны байқамауы да мүмкін). Қырғызстанның оңтүстігінде жүздеген адамның өліміне әкелген этникааралық қақтығыстарға куә болғандардың айтуы бойынша, онда қырылғандардың көбі - этникалық өзбектер.  Қақтығыс ошағы болған Ош қаласында олардың мыңнан аса үйіне өрт қойылып, көбісі тоналғанда жергілікті қырғыздардың үйіне ештеңе болмаған.  Бұл жердегі қақтығыстан бас сауғалап, Өзбекстанға ағылған жүздеген мың адамды да өзбектер құрады. Олар өздеріне қырғыздың топтасқан жігіттері шабуылдағанын, олардың көбісі қырғыз полициясы мен әскерилері болғанын айтқан.  Бірақ уақытша үкіметтің мүшесі болған, алдағы премьер-министрліктен  де үміткер Алмазбек Атамбаев бұл туралы айтқысы келмейді. Ол батыс журналистерінің қақтығыста қаза тапқандардың көбі өзбектер деп хабар таратқанын сынады. Этникалық қақтығыста қаза тапқандардың нақты саны туралы мәлімет сұраған тілшілерге «Біз өз қоғамымызды екіге жаруға жол бермейміз» деп жауап берген. Атамбаевтың айтуынша, Орталық Азияда бірінші демократиялық ел орнатпақшы болған уақытша үкіметтің қарсыластары жергілікті қырғыз бен өзбектерді бірін-бірі өлтіруге арандатып, ұлтараздық тудырды:  «Осының бәрі мұндай үкіметті құруға қарсы жасалынып, көтеріліс жасау ұйымдастырылған әрі ол үшін төленіп қойылған. Бұл ешқандай да этникалық тазалау емес».  Бұл үкімет елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті сәуір айында тақтан құлатқан жаппай халықтық толқулардан кейін билікке келген болатын. Халыққа оқ атылғанына наразылықтар күшейген тұста Бакиев өзінің туған жері оңтүстікті паналап, одан кейін Қазақстан арқылы Беларусь еліне қашып кеткен еді. Этникааралық қақтығыстардың реттелу жолдары - қандай да бір этникааралық қақтығысты түбірімен, түпкілікті біржола шешу мүмкін емес. Этностар бар жерде әйтеуір бір қайшылықтар туындайды. Мәселе осы қайшылықты шиеленістірмей, күш қолдануға жеткізбей дер кезінде алдын алып, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге талпынуда. Көпэтникалы қоғамда этносаралық қарым-қатынастар реттеліп отырылуы керек. Бұл қатынастардың басқару стратегиясын жасау үшін полиэтникалы кеңістікте жалпыға ортақ құндылықтар мен ережелерді табу қажет. Жалпыға бірдей ойын ережесін жасау керек, ол әмбебап, бүкіл көпэтникалы қоғамды құндылықты-ережелік алаңмен қамту, екінші жағынан жеке дәстүрлер мен құндылықтар шектелмеуін ойластырған жөн. Осыдан келіп мемлекет пен оның құрамына кіретін этностар арасында "қоғамдық келісімге" келудің қажеттігі туады. Мұндай келісім этникааралық қатынастардың барлық қырын қамти алмайды, дегенмен негізгі маңызды нормалар мен қағидаттар ұсынылуы керек: жеке тұлға мен этнос қауіпсіздігі кепілдігі, тең құқықтық, қайшылық туа қалған жағдайда күш қолданудан бас тарту, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешу және т.б. Осы жағдайда ойын ережесінің ешкімге "бүйрегі бұрмауы" керек, сонда ғана ол тиімді болмақ. Егер этникааралық қақтығыстың алдын алу мүмкін болмай, қақтығыс орын алса, ең алдымен күш қолдануға жол бермей, зорлық-зомбылықты тоқтату керек. Одан кейін қақтығысты тіл табысу кезеңіне өткізу, қандай да бір себептермен қақтығысушы жақтардың арасында диалог мүмкін болмаса ара ағайындық жасау. Қақтығысты реттеудің келесі кезеңі - "қазыға жүгіну" (арбитраж). Міндетті арбитраж қақтығысты реттеу мен күшпен басудың аралығында болады. Қақтығыстарды реттеудің ең соңғы жолы - күшпен басу.

7.Мемлекеттердің түрлері, олардың халықаралық қатынастарға тигізетін ықпалы. Мемлекет қазіргі қоғамның саяси ұйымының негізгі формасы ретінде сақталып отыр, әлемдік аренадағы басты актор. Бірақ бір мезгілде ол өзгереді және дамиды, жаңа өзгерістерге бейімделеді және соларды өзіне бейімдейді.

а) әрбір мемлекет өзінің сыртқы саясатында өзара кереғар функцияларды қатар тіркестіруге мәжбүр: ол территориялық экспансияға ұмтылуы мүмкін және өзінің территориялық кеңістігін қорғауға мүдделі, өзге мемлекеттердің мүдделерін бұзуы мүмкін және өзінің мүдделерін ұқыпты да байыпты қорғауы мүмкін, бейбітшілікті қорғау және халықаралық қатынастарда ынтымақтастықты күшейтуді қолдап шығуы мүмкін және өзге мемлекетті өзінің территориясы санайтын аннексия дайындауы мүмкін;

б) әрбір мемлекет өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Алайда «суверенитеттер плюрализмі» жағдайында ең бір күрделі және маңызды мәселе қауіпсіздік дилеммасы пайда болады. Ол мемлекеттердің біреуінің қауіпсіздігінің ұлғаюы өзгелерге қауіпсіздік болмауы мүмкін, оның тарапынан лайықты реакция қарулану жарысы мен «превентивті соғысқа» апаруы мүмкін;

в) ХҚ-да формалды түрде барлық мемлекеттер тең, бірақ «олардың кейбіреулері өзгелеріне қарағанда көбірек тең» (Б. Рассет және Х. Старр). Оладың формальды-заңдық теңдігі олардың территориясы, табиғи ресурстары, экономикалық потенциалдары, әлеуметтік тұрақтылық, қарулануы бойынша ерекшеліктеріндегі айырмашылықтарын жоққа шығара алмайды.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.. Мемлекет түрлері .Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады. Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады Ассоциацияланған мемлекет.Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі. Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді. Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет. Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет. Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасынын құқықтық формасы.Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі. Мемлекет басқаруы бойынша Монархия (гр. біртұтас билік) — абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.Республикалық басқару — парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШты келтіруге боладыДиктатура (лат. dictare — нұсқау беру) — бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

8.ХҚ ғылым объектісі мен пән ұғымы. ХҚТ объектісі – халықаралық қатынастардың бүкіл көптүрлі және кереғар әлемі. Оның негізгі мынандай ерекшеліктері бар:

- анархиялық элементтер, себебі онда билігі жалпы мойындалған жоғарғы инстанция жоқ, «суверенитеттер плюрализмі» яғни әрбір актор өзінің қалаулары мен өзіндегі ресурстарына сүйене отырып шешім шығарады;

- халықаралық акторлардың мінез құлқына халықаралық қатынастардың, халықаралық қатынастарда белгіленген норма және ережелердің институционализациясының ықпалы;

- сипаттамалардың кереғарлығы: тұтастық және фрагменттілік, серіктестік және жанжалдасу, интеграция және әлеуметтік қауымдастық өзінің идентификациясы;

- әлемдік нарықтың жаһандануының ықпалы, оның нәтижесі жекелеген мемлекеттер мен халықтардың жақындасуы мен алыстауына, ұлттық суверенитет пен саяси ұйымның, аумақтық принциптің жоғалуы мен оларды күшейтуге ұмтылуына әсер етеді;

- дәстүрлі халықаралық акторлар – мемлекеттер мен үкіметтік емес ұйымдармен қатар, жаңа әрекет етуші тұлғалар: үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық компаниялар, банктер мен кәсіпорындар, ірі медиатоптар, қылмыстық синдикаттар, халықаралық терроризм, этникалық диаспоралардың т.б қатысуы.

- мемлекеттің өзінің басты азаматтардың индивидтік және әлеуметтік қауіпсіздігінің кепілі рөлі қызметін жоғалтуы. Жаһандану шарттарында мемлекеттік форма адамның құқықтары мен бостандықтарына кедергі болды, барлық халықтар мен әрбір адам мүддесіндегі бірегей әлемдік қауымдастық құруға кедергі келтіруде. Алайда «кіші мемлекет», «мемлекет түнгі сақшы» әлсіз мемлекет идеясы адамның құқықтары мен бостандықтары, қауіпсіздігінің автоматты түрде ұлғайғандығын білдірмейді. Жекелеген ұлттар мен жалпы адамзаттың «ортақ мақсаттарына» жетуіне көмектеспейді.

ХҚТ-ның пәні – зерттелетін объектісінің өмір сүруіне қажетті, мәнді, қайталанатын байланыстар, заңдылықтар, заңдарды ғылыми іздеу. ХҚТ жалпы түрде заңдылықтар ретінде мыналар саналады:

- халықаралық қатынастарда негізгі әрекет етуші тұлға мемлекет, ал оның халықаралық қызметінің формалары дипломатия және стратегия;

- мемлекеттік саясат екі сыртқы және ішкі түрде жүзеге асады. Олардың арасында өзара байланыс болғанымен, айтарлықтай айырмашылықтар да бар, сонымен байланысты халықаралық саясат айтарлықтай автономияға ие;

- мемлекеттердің халықаралық іс әрекеттерінің негізі ұлттық мүддеде жатыр, оны құраушы элементтер қауіпсіздік, суверенитет, өмір сүру. Сондықтан халықаралық қатынастар түрлі мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің қақтығысу, жанжалдасу, табыс сферасы;

- халықаралық қатынастар бұл мемлекеттердің өзара күштік әрекеттесуі және күш балансы, онда күшті державалардың ұлттық мүдделерінің жүзеге асу мүмкіндігі зор;

- ұлы державалар арасындағы күштің орналасуына қарай күш балансы: биполярлы, үшполюсті, көпполярлы т.б түрлі формалар мен конфигурациялар болуы мүмкін.

9.Терроризм мәселесі. Мысал келтіріңіз. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды. Антитеррордың әдістері, технологиясы және тиімді стратегиясы отандық және шетелдік арнайы қызметтер күшіне сүйенеді.Cаяси мақсаттарын іске асыру үшін өлімді, адамдарды үрлауға, диверсияны және басқа да басып-жаншу актілерін құрал ретінде көлдану.

10.Қазіргі әлемнің тұтастығы мен қарама қайшылығы. Кез келген елдің мемлекеттік тұтастығы мен саяси тұрақтылығы оның рухани-мәдени дамуына тікелей байланысты. Адамзаттың өркениеттік кеңістігінде өмір сүріп жатқан әлемдегі барлық халықтар, әртүрлі қауымдастықтар өз рухани мәдениеті мен әлеуметтік болмысының үнемі өркендеп, дамып, кемелденіп, өскенін қалайды. Осы заңды талпыныстардың, мүдделіліктің арқасында әр қилы өркениеттер қалыптасып, олар жүйелі, ұйымдасқан әлеуметтік құрылымдар түрінде тарихи үдерісте көрініс беріп отырды. Олардың сан алуан кейіпте, әр қилы сипатта танылуы – заңды құбылыс. Дегенмен өзінің тарихи қалыптасқан рухани құндылықтары мен руханият әлемін қадірлемеген қауымдастық басқа халықтар алдында сыйлы болуға лайықты емес және олар өркениеттік тұрғыдан алғанда пәрменді даму жолына түсе алмайды. Осындай әлеуметтік кеңістіктер көбінесе барынша маргиналданған, рухани мәңгүрттенген әлеуметтік-этникалық топтар болып қана өмір сүрумен шектелуге мәжбүр. Өкінішке қарай, қазіргі замандағы объективті түрде көрініс беріп отырған жаһандану үрдістері осындай нигилистенген, тұтыну мүддесін ғана басты мақсат еткен, барынша бұқараланған мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасауда. Жаңа тарихи кезең адамдарды ақпараттық деңгейде бір-біріне жақындатқанмен, жаңа заманның пенделерін психологиялық оқшаулануға, бір-бірінен қашықтатуға итермелейді. Бұл жаһанданудың өзіндік заманауи қарама-қайшылығы. Сондықтан еліміздегі барлық азаматтардың қазіргі таңдағы рухани дүниесінің сапасы, оның даму бағыты мен болашағы этноәлеуметтік кеңістік пен гуманитарлық сала үшін маңызды. Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі – материалистік диалектиканың негізгі заңдарының бірі. Бұл заң бойынша объективтік дүниенің, танымның дамуы бір тұтастықтың бір-біріне қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығарушы екі тенденция болып бөлінуі арқылы жүзеге асады. Осы қарама-қарсы екі жақтың қатынасы, бір жағынан, қандайда болсын бір тұтас жүйенің негізгі қасиетін білдірсе, екінші жағынан, сол жүйенің өзгеруінің, дамуының, жаңа сапаға көшуінің ішкі қуатын, қозғаушы күштерін сипаттайды. Бір тұтастықтың құрамындағы қарама-қарсылытардың арақатынасы – диалектикалық қайшылықтар осы заңның ішкі мәнін білдіреді. Қарама-қарсылықтың бірлігінен қайшылықты жеке бөліп қарауға болмайды, себебі диалектикалық қарама-қарсылықтың әрқайсысы объективті және олардың ешбір байланыссыз, бірінсіз бірінің жеке-дара өмір сүруі мүмкін де емес. Диалектикалық қайшылық мәңгі өзгерместей қалыптасқан күйінде кездеспейді. Ол елеусіз айырмашылықтардан туып, дамудың нәтижесінде қарама-қарсылыққа айналады. Дамудың қандай түрі болса да айырмашылықтардың, қарама-қарсылықтың пайда болуы мен шешілуі арқылы өрістейді.

11.Халықаралық қатынастардың заңдылықтары. Халықаралық қатынастардың заңдылықтары түрлі қызмет алмасу түрлері және оның өзара мемлекеттік шекаралармен бөлінген қауымдастық мүшелері арасындағы жүзеге асатын, аса күрделі әлеуметтік саяси жағдайларды көрсетететін ғылым ретінде түсіндіріледі. Теорияның рөлі мыналардан тұрады:

а) халықаралық қатынастардың эмпирикалық материалдарын «талдаудан», таңдаудан, жүйелеуден (реттеуден);

б) халықаралық акторлардың мінез құлқын талдауға мүмкіндік беретін ортақ түсініктер мен категориялар жасаудан;

в) себеп салдарлық байланыстарды анықтаудан, олардың халықаралық құбылыстардың хаотистік көптүрлілігінде тұрақтылығын, қайталануын іздеуден;

теория басты екі қызметті орындайды: біріншіден, өзінің объектісінің ерекшеліктерін, оны құраушы элементтердің құрылымының көптүрлілігін (ең алдымен, себеп салдарлық байланыстар) түсіндіру, екіншіден, оның болашақ эволюциясын болжау.

Бұл қызметтерді жүзеге асыруда танымның 2 әдісі қолданылады:

а) түсіндіру, яғни осындай жағдайға немесе іс-әрекет қалпына себеп болған ерекше себептерді анықтау.

б) түсіну тек қана жағдайдың себебін іздеу ғана емес, сонымен қоса оның мәнін анықтау болып табылады. «Түсінуге» ұмтылушы ғалымдар оқиғалар жиынынан көрі, тек бір жағдайды зерттеуге басымдық береді. Түсіну жағдайдың шешімдерін түсіндіруге қажетті қатал бағалауларсыз анықтауға мүмкіндік береді. Түсінуге тарихи тәсіл, ал түсіндіруге ғылыми тәсіл тән.

12.Қазақстан-АҚШ: олардың арасындағы қатынастардың ерекшеліктерін талдаңыз. 1991 ж. 25 желтоқсан – Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. 1991 ж. 26 желтоқсан – дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 ж. 15 қыркүйек – АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі ашылды.1992 ж. 30 қазан - ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі ашылды.2009 ж. 14 желтоқсан – Алматыда АҚШ Бас консулдығы ашылды. 2007 ж. 4 шілдеден бастап – Е.Ыдырысов ҚР-ның АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. 2008 ж. 8 қазаннан бастап – Р.Хоугланд АҚШ-тың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады. Саяси қатынастар Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты-құқықты берік негіз құрылды. 2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына және елімізді Джексон-Вэник өзгерістерінің әсерінен шығаруына қолдауы көрсетілген. 2010 ж. 11-14 сәуірде ҚР Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу аясында АҚШ-қа ресми сапар шекті. Елбасы Президент Б.Обамамен, Энергетика министрі С.Чумен, сондай-ақ еврей ұйымдары мен АҚШ-тың ең ірі корпорацияларының басшыларымен кездесулер өткізді. Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғаламдық қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды. Сапар нәтижесі ретінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге және «Қазақстан Темір Жолы» Ұ.К. мен «General Electric» арасында ТМД елдеріне арналған маневрлік тепловоздар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. 2008 ж. 14 қарашасында АҚШ Президенті лауазымына сайланысымен Б.Обама тек қана бірнеше елдер басшыларына, оның ішінде Елбасына, телефон соқты. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. Б.Обама Қазақстанға жақын арада сапармен келуге ниетті екендігін білдірді. 2009 ж. 2-6 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев АҚШ-та жұмыс сапарымен болды. Американдық тараптың шақыруымен Мемлекеттік хатшы дұғалы ұлттық таңертеңгілік асқа қатысты. 2009 ж. 7 сәуірде ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев Стамбұл қаласында өткен Өркениеттер Альянсының II форумы шеңберінде АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесті. Қ-Ж.Тоқаев американдық басшыны ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан аумағында бейбіт бағдарламаларында пайдалану үшін Халықаралық атомдық энергетика агенттігінің бақылауындағы ядролық отын банкін орналастыруға дайындығы жөніндегі мәлімдемесі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, кездесу барысында Б.Обамаға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың елімізге ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды.Американдық Президент Қазақстан басшысының тұлғасына шынайы құрметпен қарайтындығын, онымен іскери байланыстарын жоғары бағалайтындығын және телефон арқылы әңгімен барысында қол жеткізген өзара уағдаластықтары жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуге дайын екендігін ерекше атап көрсетті. «Қазақстанмен қарым-қатынастар стратегиялық сипатта» екенін тілге тиек еткен Б.Обама Орталық Азия аймағына турне жоспарлап отырғанын және сол сапарда алдымен «АҚШ-тың досы мен сенімді әріптесі» саналатын Қазақстанға келетіндігін жеткізді.2009 ж. 3-5 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің АҚШ-қа іс-сапары өтті. Ол АҚШ Мемлекет Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңесшісі Дж.Джонспен және АҚШ Энергетика министрі С.Чумен кездесулер өткізді.2009 ж. 9-10 маусым аралығында Астана қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс бастаған американдық делегацияның сапары өткізілді. У.Бернс ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен кездесулер өткізді.Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев 2009 ж. 23-37 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші отырысына қатысты. Ол БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкстан жөніндегі арнайы өкілі Р.Холбрукпен, бұрынғы мемлекеттік хатшылар Г.Киссинджермен және Дж.Шульцпен, бұрынғы қорғаныс министрі У.Перримен және бұрынғы сенатор, «Ядролық қатерді қысқарту бастамасының» тең төрағасы С.Наннмен кездесулер өткізді. Ядролық сынақтарға жанжақты тиым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі конференцияда сөз сөйледі. 2010 ж. 2-5 ақпанда Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың АҚШ-қа ЕҚЫҰ-нің лауазымдағы төрағасы ретінде ресми сапар шекті. Ол АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Дж.Джоунспен, Мемлекеттік хатшы Х.Клинтонмен, Энергетика министрі С.Чумен, Б.Обама Әкімшілігінің басқа да жоғары дәрежелі өкілдерімен және АҚШ Конгресінің беделді мүшелерімен кездесулер өткізді. ҚР СІМ басшысы АҚШ Хельсинки комиссиясында ҚР-дың ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдылықтары жөнінде және АҚШ қоғамдық-сараптамалық шеңберлерінің алдында «Atlantic Council» зерттеу орталығында сөз сөйлеп, американдық ірі компаниялардың басшыларын қабылдады. Парламентаралық ынтымақтастық АҚШ Конгресімен ынтымақтастық жоғарғы деңгейге жеткен.2008 ж. АҚШ Конгрессмендері Ш.Беркли (демократ, Невада штаты) және Р.Адерхольттың (республикандық, Алабама штаты) төрағалық етуімен АҚШ Конгресінде Қазақстанның достары Кокусы (ынталы бейресми топ) құрылды.2009 – 2010 жж. Қазақстанда А.Хастингс, Г.Рид, Э.Фалеомаваега, Дж.Броун және басқа да тұлғалар бастаған АҚШ Конгресінің делегациядары Қазақстанда болды. Сауда-экономикалық ынтымақтастық Америка Құрама Штаттары - Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің бірі. 2009 ж. нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,004 млрд. АҚШ долларын құрады (экспорт – 612,6 миллион, импорт – 1391,5 миллион). Бұл Қазақстанның жалпы тауар айналымының 2,8% тең. АҚШ-тың Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларының көлемі 19,63 миллиард АҚШ долларына жетті. Жалпы шетелдік капитал салымының 19%-нан астамына сай келеді. АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан арасында сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту туралы келісімді (ТИФА, Вашингтонда 2004 ж. маусымда қол қойынған) іске асыру маңызды бастама болып табылады. ТИФА Кеңесінің 6 отырысы болып өтті, соңғысы 2009 ж. 11 қазанда Вашингтонда орын алды. «ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс», сияқты американдық компаниялар «Теңізшевройл», «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграциялық ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларға қатысуы байқалады.2002 ж. наурызынан бастап Қазақстан-американ энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен комиссиясы жұмыс істейді. Бес отырысы өткен. 6-шы отырысына 2009 ж. 5-8 қазанда Қазақстанға жұмыс сапарымен келген АҚШ Энергетика министрінің бірінші орынбасары Д.Понеман тең төрағалық етті.2009 ж. 23-24 қарашада Нью-Йоркте Қаржы министрі Б.Жәмішев пен Энергетика министрінің бас көмекшісі Дж.Элкиндтің қатысуымен «Қазақстан-американ инвестициялық форум - 2009» өтті. Қорғаныс және қауіпсіздік Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанда әскери реформаларды қолдауда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды. IMET және FMF бағдарламалары шеңберінде қазақстандық офицерлер мен сержанттар Қазақстанда және АҚШ-та дайындық өтеді. Сондай-ақ, ҚР әскери күштерінің жеке бөлімдерінің американдық техникамен және саймандармен жабдықтандыруы жүзеге асырылады. Шекараны қорғау және экстремизмге қарсы күрес бағдарламалары бойынша жұмыс жалғастырылуда.Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» атты кеңейтілген бағдарламасына белсенді түрде қатысады. 2009-2010 жж. Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус Қазақстанға бірнеше рет келіп, Елбасымен, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді.

13. Дипломатияның ұғымдары және негізгі қызметтері. Дипломатия сыртқы саясатты жүргізудің негізгі саяси құралы ретінде үкіметтер арасындағы тура байланыстарды көбіне-көп келіссөздер мен кеңес беру түрінде түсіндіреді. «Дипломатия бұл негізгі саяси технология, себебі ол өзіне тура үкіметаралық өзара екі жақты қатынасты енгізеді. Сонда да ол ынтымақтастықпен теңдестірле алмайды, себебі дипломатия - бұл саясаттың міндеті мен мақсатын жүзеге асыру құралы немесе тетігі; екіншіден, ынтымақтастық шарт ретінде әрекет етуші акторлар арасындағы ортақ мүдденің болуын болжайды, дипломатияның алдын-ала ешқандай шектеулері жоқ. Жоғарыда айтылғандай, кейбір ғалымдар дипломатияны халықаралық ынтымақтастықтың бір түріне жатқызады: дәстүрлі түрдегі ынтымақтастық қарым-қатынас екі жақты және көп жақты дипломатияны, өзара саяси бағыттарды үйлестіруді қарастыратын түрлі одақтар мен келісімдер жасауды қамтиды.

Бәрінен бұрын бұл дипломатияның негізгі қызметтерінің ішінде мемлекетаралық ынтымақтастыққа да тән қызметтер кездесетіндіктен шығар:

1) жанжалдарды шешу мен басқару,

2) екі немесе одан да көп мемлекеттердің үкіметтерінің алдында тұрған мәселелерді шешу,

3) жан-жақты мәселелер бойынша кросс-мәдени қатынасты үлкейту мен жеңілдету,

4) арнайы мәселелер, келісім-шарттар, бойынша келіссөздер жүргізу.

Кез-келген жағдайда, «ынтымақтастықты жүргізу келіссөздерсіз мүмкін емес. Келіссөздер арқылы жақтар өздерінің болашақтағы біріккен қызметінің мазмұнын құрады.

«Дипломатия» ұғымы көбіне түрлі мәнде қолданылады, тіпті кейде осы сөздің шын мәнінен де алшақтау болып көрінуі мүмкін. Көрнекті ағылшын дипломаты Гарольд Никольсон айтқандай: «сөйлеу мәнерінде «дипломатия» сөзі түрліше мәндегі ойды білдіруде де қолданыла береді. Тіпті кейде, ол сыртқы саясаттың синонимі ретінде де айтылады.. Басқа бір кездерде ол келісімдер мен келіссөздерді де білдіреді.. Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігінің мемлекеттен тысқары бөлігін сипаттауға да қолданылады... Ақыр соңында, бұл көп мәнді сөз жақсы мағынасында, халықаралық келіссөздерді жүргізу барысында көрінетін ерекше қабілеттілікті, ал кері мағынасында – осыған мәндес істерде білінетін айлалылықты білдіреді». Осы көрсетілген түсініктердің өзінде ұғымдардың ұқсастығы мен айырмашылығы олардың қоғамдық, мемлекеттік өмірдегі шынайы рөлі мен маңыздылығы арқылы айрықшаланып тұрады.

Ағылшын тілінің Оксфордтық сөздігіне сүйене келе Г. Никольсон: «дипломатия дегеніміз бұл – халықаралық істерді келіссөздер арқылы жүргізу...» дейді. Сонан соң барып, бұл анықтамаға мынадай түсінік береді: «Бұл қатынастар елшілер мен уәкілдер арқылы жүргізілетін және реттелініп отыратын, әдіс...». Тағы бір ағылшындық дипломат ‑ ғалым Э. Сатоу «дипломатия» ұғымын келесідей талдайды: «дипломатия дегеніміз – тәуелсіз мемлекеттердің өкіметтерінің арасындағы ресми қатынастарын жүргізудегі парасат пен такттің қолданылуы» дейді.

Францияда ХІХ ғасырдың басында басылып шыққан: «дипломатияның толық курсы» атты еңбегінде Г. Гарден бұл түсінікті былайша анықтайды: «Дипломатия бұл сөздің толық мәнінде сыртқы қатынастар немесе шет елдік істер туралы ғылым болып табылады, ал нақтырақ – келіссөздер өнері немесе сол туралы ғылым».

ТМД кеңістігіндегі ғылыми академиялық топтың өкілдері болса: «дипломатия — бұл сөздің кең мәнінде, мемлекеттің шет ел істері бойынша немесе сыртқы қатынастары туралы ғылым, нақтырақ анықтамасында – бұл ғылым немесе келіссөздер өнері» деген анықтама береді. «Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы Оксфордтық Түсіндірме Сөздігінде» «дипломатия» ұғымына келесідей түсіндірме берілген: «Дипломатия елдер арасындағы қарым‑қатынастарды басқару, әсіресе белгілі бір елдердегі шекарадан тысқары өкілдіктер арқылы; бұл қабілеттіліктің белгісі өз құрамында: халықаралық мәселелерді соғыссыз келіссөз, дипломатия арқылы шешуді қарастырады. 2 адамдар арасындағы білінетін қабілеттілік (такт) мәнері немесе өнер».

Неміс заңгері, ғалым Г. Мартенс «дипломатия» ұғымына келесідей анықтама берген: дипломатия – сыртқы қатынастар немесе мемлекеттің шет елдік істер туралы ғылым, ал дәлірек мазмұнында – келіссөздер өнері немесе сол туралы ғылым.

Жоғарыда «дипломатия» ұғымына келтірілген анықтамалар тізбегін қортындылай отырып, осы ғалымдармен берілген дипломатияның сипаттамалырының келесідей саяси айрықшалық белгілерін бөліп көрсетуге болады:

халықаралық қатынастар немесе мемлекеттер арасындағы сыртқы қатынастарды меңзеу – бұл белгі айтылған авторлардың барлығымен көрсетіледі;

осы қатынастардың жүргізілуіндегі негізгі әдіс ретінде – келіссөздердің басым түрде айтылуы бұл да келтірілген анықтамалардың барлығында кездеседі:

мемлекеттің лауазымды тұлғаларымен (елшілер мен уәкілдер) келіссөздердің жүргізілуі туралы сілтеме бұл – тек ұсынылған оқымыстылардың ішінде Г. Никольсонның дипломатиялық анықтамасының белгілерінде айтылады.

Көрсетілген түсініктемелерді жинақтай келе, дипломатия ұғымын анықтасақ: дипломатия — түрлі әдіс амалдар арқылы өзара тиімді шешімді іздестіруді зерттейтін ғылым немесе адамдардың бойындағы келісім мен іскерлікті жүргізудегі ерекше қабілеттілік мәнері.

Бұнымен бірге, кең ұғым болып табылатын дипломатия - мемлекеттің сыртқы саяси курсын жүзеге асыру құралы, шешілетін тапсырмаларды әскери емес тәсілдер мен әдіс амалдар арқылы нақты шешуді қарастыратан жүйелер жиынтығы: мемлекет басшыларының, Үкіметтерінің, сыртқы істер Министрлерінің, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық аренадағы ұлттық және мемлекеттік мүделлерді қозғайтын және қорғайтын делегациялардың ресми іскерлігі. Дипломатия ұғымымен, сонымен бірге, конфликтерді реттеуде, қарастыруда, алдын алуда, компромиссті іздейтін және халықаралық әріптестікті енгізетін және кеңейтетін өнерді байланыстырады. Қазіргі уақытта мемлекеттердің өзара байланысы күрделі тығыз сипатқа ие болған заманда, мемлекет өзінің ұлттық мүделлерін қорғауда осы дипломатияға сүйенетіні белгілі.

Ал енді дипломатиялық қызмет ұғымына анықтама берсек В.А. Зорин өзінің «Дипломатиялық қызмет негіздері» деген еңбегінде бұл ұғымға мынадай анықтама береді: «Дипломатиялық қызмет нақты бір мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың қызметтік іскерлігінің шегіндегі ерекше қызметтің түрі», «Дипломатиялық қызмет – дипломатиялық кадрлардың орталық аппарат пен мемлекеттік дипломатиялық тапсырмаларды орындау бойынша мемлекеттен тысқары жерлерде қызмет атқару жүйесі». Ағылшындық дипломат Г. Никольсонның «дипломатиялық қызмет» ұғымына берген анықтамасынан үзінді келтірсек: «мемлекеттердің арасындағы қатынастар мен байланыстардың дамуы мен артуы арқасында сол қарым-қатынастарды белгілі бір тәртіптер шегінде жүргізу тапсырылған (жүктелінген) кәсіби келіссөз жүргізушілерден тұратын, әрдайымғы тұрақты аппарат болуы керек екендігі белгілі. Енді сол аппарат дипломатиялық қызмет немесе шет елдік қызмет деп аталынады», ‑ дейді.

«Дипломатиялық қызмет – шет елдерде қызмет бабымен немесе өзіне жүктелген ресми қызметтер шегіндегі елшілердің қызметтік міндеттерді атқаруына қатысты министрлікпен басқарылатын қызмет түрі».

«Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы Оксфордтық Түсіндірме Сөздігінде» «дипломатиялық қызмет» ұғымына келесідей түсіндірме берілген: «дипломатиялық қызмет (Британша) елдің тысқары шекаралық өкілдіктеріне қатысты көпбунақтыланған (көпсатыланған) мемлекеттік қызметтің түрі».

Дипломатиялық қызметке қатысты жоғарыда айтылған пікірлерді есепке ала отырып, бұл ұғымға мынадай анықтама беруге болады: дипломатиялық қызмет — мемлекеттер арасындағы түрлі байланыстарды орнату және дамытуды жолға қою бойынша жүзеге асатын кәсіби қызмет, арнайы ресми лауазым мен өкілеттілік берілген тұлғалар арқылы шет елдермен қатынас орнатудағы көптармақталған тек мемлекеттік болып табылатын қызмет түрі.

Дипломатия ұғымы туралы айтқанда, сыртқы саясатты назардан тыс қалдыру мүлде мүмкін емес. Осы екі ұғым көбіне синоним ретінде қарастырылуы да мүмкін дегенмен, екеуінің арасындағы айырмашылықтар да айтарлықтай болып табылады. Сыртқы саясат мемлекеттердің өзге мемлекеттермен қатынасқа түсуіндегі басты ұлттық курс немесе бағыты болса, дипломатия сыртқы саясатты жүзеге асырудың түрлі әдіс амалдары, жүргізілуі тәсілдері немесе сыртқы саясаттың тәжірибелік (практикалық) бағыты. Дипломатия мен дипломатиялық қызметке қатысты ұғымдар мен түсініктерге дәрістің соңына таман келесі беттерде кеңірек тоқталатын боламыз.

14. Халықаралық қатынастарды зерттеудегі теориялардың рөлі. Халықаралық қатынастар теориясы түрлі қызмет алмасу түрлері және оның өзара мемлекеттік шекаралармен бөлінген қауымдастық мүшелері арасындағы жүзеге асатын, аса күрделі әлеуметтік саяси жағдайларды көрсетететін ғылым ретінде түсіндіріледі.

Теорияның рөлі мыналардан тұрады:

а) халықаралық қатынастардың эмпирикалық материалдарын «талдаудан», таңдаудан, жүйелеуден (реттеуден);

б) халықаралық акторлардың мінез құлқын талдауға мүмкіндік беретін ортақ түсініктер мен категориялар жасаудан;

в) себеп салдарлық байланыстарды анықтаудан, олардың халықаралық құбылыстардың хаотистік көптүрлілігінде тұрақтылығын, қайталануын іздеуден;

теория басты екі қызметті орындайды: біріншіден, өзінің объектісінің ерекшеліктерін, оны құраушы элементтердің құрылымының көптүрлілігін (ең алдымен, себеп салдарлық байланыстар) түсіндіру, екіншіден, оның болашақ эволюциясын болжау.

Бұл қызметтерді жүзеге асыруда танымның 2 әдісі қолданылады:

а) түсіндіру, яғни осындай жағдайға немесе іс-әрекет қалпына себеп болған ерекше себептерді анықтау.

б) түсіну тек қана жағдайдың себебін іздеу ғана емес, сонымен қоса оның мәнін анықтау болып табылады. «Түсінуге» ұмтылушы ғалымдар оқиғалар жиынынан көрі, тек бір жағдайды зерттеуге басымдық береді. Түсіну жағдайдың шешімдерін түсіндіруге қажетті қатал бағалауларсыз анықтауға мүмкіндік береді. Түсінуге тарихи тәсіл, ал түсіндіруге ғылыми тәсіл тән.

15. Империялар және олардың әлемдік саясатқа тигізетін ықпалын сараптаңыз. Бүкіл тарихи кезең бойы империялық идея күрделі парадигмалық өзгерістерге ұшырап отырды. Империя концептінің екі ағымын атап көрсетуге болады:

  1. Ежелгі Рим, Imperium Sacrum Тіл империализмі түсінігі. Рим Империясы және Византия.

  2. Империализмнің заманауи түсінігі, максималды экспансиядағы жахандық жоба және гегемондық тәртіп. Британдық империяға тиесілі болды (доминацияға негізделген колониальдық тәртіп).

Халықаралық тәртіп реалисттік теориялардың негізін қалаушы субьект ретінде ұлттық мемлекеттер әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Алайда, Вестфальдық жуйе құрылғаннанкейін субьектшілдікке өзге фактор ие болды,халықаралық аренадағы суверенділіктің қосындысына ие болды. Вена геосаяси жүйесі халықаралық қатынастардағы алғашқы жүйе болды, онда негізгі акторлар тек ұлттық мемлекеттер ғана болып қана қоймай, сонымен қатар олардың каолициялары да есептелді. Күш балансы бес ұлы державалар арасында орнады, бұл державалар қатарында Англия, Пруссия, Австрия және Франция. Бірақ, олардың саясаты колониалды-импералистикалық сипатқа ие болып қала береді. 20 ғасырдың екінші жартысында de facto акторлары екі күш полюсы болды – АҚШ және КСРО, өзге мемлекеттерге өз үстемдігін жүргізуде жоғарыда аталған екі мемлекет бәсекелес болды, себебі олар өз тәуелсіз саясатын қалыптастыру үшін жеткілікті суверенділікке ие болмады. Нәтижесінде, өз суверенділігін сақтап қалған бірегей держава – АҚШ болып қалды. Александр Дугин өзінің « Көпполярлы әлем теориясы » атты еңбегінде: постмодерн контекстіндегі Империя желілік құрылым ретінде қалыптасты, ол тіпті азаматтық қоғамға өте ұқсас келеді, себебі ол да либералдық құндылықтар мен принциптерге сүйенеді деп пайымдайды. Бір полярлы әлемнің астарында біздің білуімізше, жұмсақ либерал- демократиялық террор жасырылған.

16. Қазіргі әлемдегі жүйелердің бір-бірімен тәуелділігі (экономикалық, экологиялық, қаржылық, саяси). 1970 жылдары сверхдержавалардың арсындағы қатысты тұрақтылықтың негізінде және ядролық соғыстың шынайы қауіпінің болмауы халықаралық қауымдастықтың назары саяси емес мәселелер мен дабылдарға ауа бастады. 1970ж бірнше оқиғалар болды, олар халықаралық қатынастар тәжірібисіне және оның саналық ойлауына әсерін тигізеді. 1971ж. АҚШ президенті Р. Никсон доллардың алтынға қатысты конвертациясына «уақытша» тосқауыл қояды , ол Бреттон-Вуд жүйесінің құлдырауына алып келеді. 1973ж жүзгі валюталық курстардың жүйесі қалыптасады. Күтулерге қарамастан, фиксацияланған валюталық курстарға қарасмастан ол әлемдік экономикасының баяулаына алып келмеді, ол керісінше мемлекетердің мұнай дағдарыстарына бейімделуіне 1973-1974 және 1979-1980ж алып келеді. 1974ж Португалиядағы және Грекиядағы диктатуралардың құлауынан демократизацияның үшінші толқыны басталады, кейінірек бір жылдан кейін Франконың өлімнінен кейін Испаниядағы диктатура аяқталады. 1970ж соңында Латын Америкасы және Азиядағы демокоратияға өту басталады. 1972ж қоғам арасындағы резонанс туғызған Рим клубының «Өсімнің шеткері» деп аталатын баяндамасы жарыққа шығады.Зерттеушілердің есептеулеріне сәйкес, егер де әлемдегі өсім деңгейлері сақталса, онда индустриализиация, қоршаған ортаның ластануы, азық-түлік қолдану және сарқылмайтын ресурстарды қолдану онда 21ғасырдың соңында планетадағы өсім деңгейінің шекті деңгейі бекітіледі. Осыны болдырмау үшін, өсім деңгейін азайту керек, онда болашақ ұрпақ өмір сүруіне мүмкіндік туады.

Өзара тәуелділік және тұрақты даму мәселелелерін сезіну мемлекеттік деңгейде 1972ж БҰҰ қоршаған орта бойынша Конфренцияда орындалады, онда БҰҰ қоршаған орта бағдарламасы қабылданады, 1974ж Дүниежүзілік Азық-түлік Конференциясы болып өтеді, 1976ж-БҰҰ су ресурастар бойынша конференциясы болып өтеді, 1982ж Дүниежүзілік Табиғат Хартиясы қабылданады. 1970ж мұнай дағдарыстары адамзаттың ресурстық қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударғызды. 1987ж қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ «Біздің жалпы болашағымыз» баяндамасы жарыққа шығады онда тұрақты даму концепциялары жасап шығарылған ол қазіргі шығындарымызды қанағаттындыра алады, және болашақ ұрпақтың қажеттіліктеріне зиян келтірмеу барысында орынадалады.

1970ж Бреттон-Вуд жүйесінің құлдырауы және 1973-1974жж. мұнай дағдарысы халықаралық қатынастардағы халықаралық саяси экономия деп аталатын бағыттың қалыптасуын әсер етеді, халықаралық деңгейдегі билік пен байлық арасын зерттеді. Осындай бағыттың негізін қалаушылар қатарында Р. Гиплин, Р. Кохейн, С. Стрендж және Дж. Найды атауға болады. Халықаралық саясиэкномикадағы негізгі түсінік- жаһандық қоғамдық игілік ол былай түсіндіріледі:

Игілік, басқа субъектілер тарапына қолдану мүмкіндіктері олардың қолдану мүмкіндіктерін төмендетпейді және осы игіліктерді қолдану оларды жоққа шығара алмайды, егер де ол қолдану құқығына төлегісі келсе, онда бір шетінен ол «ешкімдікі» емес басқа шетінен ол-барлығына тәуелді.

Осындай игіліктердің мысалы ретінде –халықаралық бейбітшілкті қолдауды, қоршаған ортаны қолдануда, халықаралық еркін сауда нарығын атаумызға болады. Жаһандық қоғамдық игілктерді қолдану «билетсіздік» (free rider) мәселесін туғызады, ондағы- мемлекет игіліктің қолданғаннан төлегісі келмейді. ХСЭ бағыттарының бірі ретінде тұрақтылық гегегомониясын атаумызға болады осыған сәйкес жаһандық қоғмамдық игіліктерді қолданумен гегемон айналысады. Гегемон өзіне әлемдік экономиканың тұрақтылығымен айналысады және «билетсізді» өзінің белігілі бір игілік құрылуына жұмыс атқаруы мүмкін. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін осындай гегемон Британ империясы болған, одан кейін екінші дүниежүізілік соғысқа дейін-АҚШ болды, соғыстар арсасындаға кезеңде бір державалардың өзіне жауапкершілік ала-алмауы тұрақтылық бойынша экономикалық протекционизмге алып келді.

17. Халықаралық және мемлекетаралық жанжалдар. Жалпы алғанда халықаралық қатынаста өз алдына саяси, экономикалық, дипломатиялық,әскери, мәдени, ғыылми-техникалық байланыстар және халықтар арасындағы өзара байланыстылық, мемлекеттер мен мемлекеттер одағының жиынтығын құрайды. Басқаша айтқанда, халықаралық қатынастардың субъектілері ретінде тек қана мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, және әр тараптағы мемлекеттік емес және мемлекеттіліктен жоғары тұрған ұйымдарды атауға болады, олар әр түрлі социум мен әлеуметтік топтар өзара қарым-қатынасында делдал рөліне енеді. Олар экономикалық, діни, ұлттық, идеологиялық және басқа мазмұндағы жалпы маңызды мақсаттардың үкіметтік емес деңгейдегі жетістіктерге жетелейді. Халықаралық қатынастардың құрамды бөліктері ретінде мемлекетаралық қатынастарды (МАҚ) атауға болады. Оның ерекше айырмашылығы ретінде субъектілер жүйесі ретінде мемлекеттер немесе біріккен ұйымдардың болуын атауға болады.

Әрбір жүйе секілді саяси жүйе де, МАҚ жеке құрылымға ие, бірнеше ретті заңдылықтар негізінде қызмет атқарады және дамытылады. Басқаша айтқанда, МАҚ өзінің субъектілеріне белгілі «ойын ережесін» көрсетеді, оның негізінде жүру- ізгі еркіндіктің актісін емес, әрбір мемлекеттің өзін-өзін сақтауының шарты. Осы ережелерден аттап өту, МАҚ жүйесінің қызмет атқаруына аса қиын шектеу туғызбайды оның осы іс-әрекетті ұыйымдастырушылардың өзіндегі бастамшылдарда деструктивті салдары болуы мүмкінндігін көрстеді. МАҚ жүйесінің объективті мазмұны, сәйкесінше ондағы заңдылықтар ең алдымен барлық мемлекеттердің экономикалық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық және басқа байланыстарының объективті қажеттіліктері анықталынады. Мемлекеттік қажеттіліктер саяси жетекшілік деңгейіндегі мағынада, барлық биліктік механизімде өтеді.

Нақты осы жерде барлық экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және т.б. қажеттіліктерде саяси мүдде беделін иеленеді және саяси шешімдерде, бағадарламаларда, ұйымдастырып бекітіледі, соңында мемлекеттің мықты саяси қызметінде тәжірбие жүзінде орындалады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің халықаралық аренадағы қандай да бір акциясы туралы айтқанымызда, ол салада келісімі немесе экономикалық келісім, шекаралық экономикалық зона немесе қоршаған ортаны қорғау келісімі, олардың барлығында жабық не ашық түрде мемлекеттік мүдде жатыр. Осы жағдайда, саяси қажеттілік экономикалық әралуандылықты басып өтуі мүмкін.

МАҚ жүйесіндегі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы саяси мүдделерінің әр тарапты болуы мемлекетаралық өзара іс-әрекеттестіктің кооперация және әріптестіктен бастап және әр түрлі саяси конфликтілердің түрінің болуымен аяқталады. Осы кезде барлығы сол немесе басқа мемлекеттердің конфронтация деңгейіне тәуелді. Олардың орындалу формалары МАҚ жүйесінің мазұны және даму деңгейімен анықталынады. Себебі жеке мемлекеттердің дамуында барлық МАҚ жүйесінің дамуын атап көрстеуге болады, ол біртұтас ретінде қалыптасады, өзінің субъектілерінің жақын өзара тәуелділігін көрседі. Тұтастық саяси деңгейде саналанса, онда «ойын ережесі» қаталырақ бола бастайды. Феодалды «әскери демократияның» орынына унитарлы мемлекеттер келеді, олардың арасындағы конфронтациялық мемлекетаралық ұйымдардың және саяси одақтар негізінде жүйеленеді. Халықаралық ұйымдардың құрылуы (Ұлттар Лигасы, БҰҰ) мемлекет аралық қатынастарға құқық элементтерін және т.б. алып келеді. Осылардың барлығы халықаралық қатынастарда шектен шыққан (қарулы) формаларды қолдануды шектейді, мемлекеттер мен халықтар тек қана «өркениеттік» формалардың өзара қарым-қатынасын қолдануы конфронтациялық мүдделердің шешілуіне алып келеді.

Халықаралық қатынас тұрғысынан алып қарағанда халықаралық конфликт ол екі немесе бірнше жақтың –халықтар, мемлекеттер немесе мемлекет топтарының – жанама немесе тікелей түрдегі экономикалық, әлеуметтік-таптық, саяси, территориалдық, ұлттық, діни немесе табиғатынан және мазмұнын бойынша басқа мүдделердің қақтығысуы. Халықаралық конфликтілер, осылайша халықаралық қатынастардың бір түрі, мүдделердің қайшылықтары барысында әр түрлі мемлекеттер осыған түсуін атаймыз. Саяси қатынастар ретінде пайда болып, халықаралық конфликт бірқатар ерекшілегіне ие, жеке даму логикасы және басқа қатынастарға әр тарапта әсер ете алады, сонымен қатар оның негізіндегі қайшылықтар және олардың шешілу тәсілдері жатыр.

Болашақта ерекше саяси қатынастар бола отырып, халықаралық конфликтілер феномен бола алады, олардың жеке құрылымы және даму процесі бар. Сонымен бірге конфликтілер сол немесе басқа түрінде жүйемен өзара іс-әрекеттеседі, және жалпы алғанда халықаралық процестің құрылымында пайда болады, және жүйелік орта заңдарымен дамиды. Конфликтінің кейбірі халықаралық қатынастар (күш балансы, бейбіт өмір сүру) құрылымның белгілі тарихи уақыт аралығының шегінде көбінесе басқа нұсқасы бола алады. Басқа конфликтілер ХҚ (таяушығыстық, балқандық және т.б.) құрылымдығы аз тарихи мерзім аралығында бола алады. Конфлитілердің көбісі, әсіресе жаһандық деңгейде дами отырып, халықаралық қатынастар құрылымында оларға аса қиын процесер тән және олар процестер жүйесіндегі мазмұнға өз ізін қалдарады, ондағы пайда болатын қарама-қайшылықтарды реттейді. Халықаралық конфликтілер халықаралық қатынастардың барлық жүйесіне әсер ете алады, ондағы құрылымдық өзгерістердің пайда болуын туғызбайды. Халықаралық конфликтілерге масштабтты түрде бірінші және екінші дүниежүзілік соғысты атауға болады.

Халықаралық конфликтілерді зерттеуде конфликт және конфликттілік ұғымдарын халықаралық қатынастарда айыра білу керек. Конфликтілік, жалпы белгі белгілі бір халықаралық-саяси жағдайға немесе тіпті толық тарихи дәуірге тән. Осындай конфликтілік, соңғы нәтижесінде объективті қарама-қайшылықтарға негізделген, бірқатар мемлекеттердің саясатында конфронтациялық мүдденің басмыдығын атаймыз. Осы түрдегі конфликтілік өзінің негізіндегі халықаралық шиеленістің атқаратын қызметі оның дәрежесінен байланысты. Ол халықаралық конфликтінің фоны және алғышарты бола алады, бірақ ол әлі конфликт емес. Конфликтілік жаһандық, аймақтық, субаймақтық, топтық немесе екіжақты мазмұнға объективті және субъективті, тікелей немесе жанама, әр түрлі халықаралық конфликтінің пайда болу және дамуында пайда болады, оның пайда болуының қиындығына жетпесе де қатысты болады. Басқаша айтқанда, конфликтілік конфликтінің пайда болуына, өз кезегінде оны автоматикалық тұрғыда қатыстысы бола алмайды. Ұлттық-мемлекеттік мүдделердің уақыттылы түзетілуі тіпті халықаралық шиеленістің жоғарғы деңгейлігі шарттарында конфликтінің купировние негіздеме болады.

Халықаралық конфликт саяси қарым-қатынастардың түрі ретінде белгілі айырушылық, тербеліс және оның дамуы. Халықаралық аренадағы мемлекетттер мүдделерінің қақтығысуы халықаралық қатынастар жүйесінің шартында, оның дамуының біркелкілігінің болмауы, сәйкесінше олардың арасындағы күштер қатынасының өзгеруін атауға болады. Бір немее басқа мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсімінің қарықтап дамуы, алдында орнаған рөлдік қызметтерге кірмейді, оның шарықтау шегінен шығуды міндеттейді. Бірақ орнаған қарым-қатынастар жүйесі осы мәселені мүдделерге басқа мемлекеттерге шығынын тигізбей,олар халықаралық аренадағы орны мен рөлін консервацияға қарай ұмтылысын көрсетеді. Осы жағдайда конфронтацияық мүдделер пайда болады.

Сәйкесінше, халықаралық конфликт, халықаралық шиеленісті жасаушы деструктивтілік қызметімен, өзінің жағымдық жақтары, яғни ескертуші рөлін, халықаралық аренадағы күштер арасаламағының өзгеруін көрсетеді, басқаша айтқанда, коммуникативті-ақпараттық функцияны өзгертеді.

Халықаралық конфликтінің негізінде әр түрлі мемлекеттердегі немесе олардың ұйымдарының мүдделер қайшылығы жатыр, яғни конфликтінің функционалды түрде белгілі қайшылықты шешу жатыр. Конфликтінің шешу ретінде кең масштабтты ұлттық-мемлекеттік мүделердің орындалуы бола алмайды, алайда жақтардың біреуі халықаралық конфликтіні шешуде мүдделердің және олардың қатысушыларының өзара тиімді баланысына келуі орындалады, алайда онда да оның қатысушыларының мүдделері сәйкес келме бермейді.

Себебі, кейбір жағдайларда, әсіресе қарулы күрес фазасында, мүдделер балансы жайлы айтылмайды да, ол кезде бір жақтың мүддесін басып тастау басым болады. Осындай жағдайда халықаралық конфликт өзінің шешімін таппайды, тек латентті фазаға қарай өтеді, оның қажетті мүмкіндіктері бірінші жағдай туындағында шиеленісуі әбден мүмкін.

18. Халықаралық қатынастардағы Қазақстанның рөлін саралаңыз. Мемлекеттің саясаты біртұтас әлеуметтік жүйені көрсетеді және өздігінен ұйымдасу ерекшелігіне ие, жоғары күрделіктегі жүйе қатарына кіреді. Жүйенің өздігінен ұйымдасуы деп, құрылымдық және функционалдық қатынастарын бір жүйеге келтіру нәтижесіндегі тұрақтандыру қабілеті түсіндіріледі.

Сыртқы саясаттың өзіңдік жүйелік жағдайын сақтай алуы, оның құрылымының беріктілігімен, яғни оның элементтері арасындағы қатынаспен аңықталады. Сыртқы саясат барлық мемлекет саясатының жүйе астары, халықаралық сахнадағы мемлекеттін ұлттық мүдделерді іске асыруындағы міндеті, болып табылады. Оның дамуы мен қызмет етуі осы жүйенің заңдылықтарына байланысты.

Сыртқы саясаттың негізгі құрылымдық элементтері мыналар болып табылады:

  • Сыртқы саяси идеялар мен көзқарастар;

  • әлеуметтік-саяси институттар;

  • сыртқы саяси қатынастар;

  • сыртқы саяси қызмет;

бұл сыртқы құрылымының элементтері, мемлекеттің саясатының құрылымдық элементі болып табылады.

Сол себептен, мемлекеттік саясат, сыртқы саясаттың барлық жүйесіне және оның элементтеріне ықпал етеді.

Бірақ та, халықаралық қатынас жүйесінің ерекшелігі мен сыртқы саясаттағы ықпалының өзіндік ерекшелігі, мемлекеттің сыртқы саясатының қызмет ету сипатына өз белгісін қалдырады.

Жүйені талдау, әр жүйенің (оның ішінде сыртқы саяси) екі сәті бар екенін көрсетеді:

  • консервативті және динамикалық;

  • тұрақтылық және даму;

Сол себептен, сыртқы саясат жүйесінің табиғатын ғана түсіндіру триадасы жеткіліксіз: кіру-шығу жағдайын, статикадағы жүйені бейнелейтін.

Динамикалық дамып жатқан жүйені қарастыру (оның ішінде ішкі саяси), берілген схеманы қайта байланыс элементіменен толықтыруды қажет етеді. Сыртқы саясат жүйесіндегі қайта байланыс екі қызметті іске асырады:

1. бағалап- реттеуші;

2. себепті- қозғалысты.

қызметіне байланысты қайта байланыстың мынадай түрлерін бөледі: жағымды және жағымсыз.

Жүйенің әрекет етуінің негізгі заңы, оның динамикалық тепе-теңдігің, тұрақтылықты ұстап тұруда. Жағамсыз қайта байланыс саясаттағы консерватизмге әкелуі мүмкін, ал жағымды қайта байланыс жағдайы оның динамикалық тепе-теңдігі мен тұрақтылығын ұстап тұруда.

Сыртқы саясат құрылымы мыналардан тұрады:

  • сыртқы саясат субъектілерінен (мемлекет, мемлекеттің билік органдары, арнайы мемлекеттік және қоғамдық институттар, мемлекеттер тобы, басқа мемлекеттер ішіндегі бөлек әлеуметтік институттар).

  • Сыртқы саяси мақсатқа жету құралы (мемлекеттің саясатты жүргізу үшін өзіңд құралдары).

  • Сыртқы саясаттың мақсаттары (оның субъектілері арқылы аңықталатын).

  • Сыртқы саяси қызмет жүзеге асырылатын жағдай (яғни, халықаралық жағдай, ол сыртқы саясат құрамына кірмейді, бірақ та оның әрекет етуіне ықпал етеді).

Осы жоғарыда айтылғандарға орай, мемлекеттің сыртқы саясаты, сыртқы саяси көзқарстар жүйесін, сыртқы саяси қатынастар және сыртқы саяси қызметті көрсетеді, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-саяси институттарымен жүзеге асырылады. Бұл жүйедегі негізгілер болып, сыртқы саяси (халықаралық) қатынастар тұрады. Олар: саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми-техникалар байланыстар мен халықтар, мемлекеттер және біріккен мемлекеттер арсындағы өзара қарым-қатынастарды көрсетеді.

Мемлекеттің сыртқы саясатының көп деңгейлілігі сыртқы саяси қағида түрінде іске асады. Екінші, сыртқы саяси стратегиялар және сыртқы тактика. Бұл берілген категориялар саяси ғылымда жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Бұл бір категорияны, екінші бір категориямен ауыстыруды жиілетуде.

19.Халықаралық қатынастардағы әдіс мәселесі.

20.Халықаралық корпорациялар және олардың халықаралық қатынастардағы тигізетін ықпалы. Халықаралық корпорациялар (капитал бойынша халықаралық) және трансұлттық (капиталдың ұлттық иеленуі тән), бір жағынан, тез дамушы халықаралық экономикалық қатынастардың өнімі болып табылады, ал екінші жағынан, оларға әсер етудің күшті механизмін көрсетеді. Халықаралық экономикалық қатынастарға белсенді әсер ете отырып, халықаралық (трансұлттық) корпорациялар (ТҰК) жаңа қатынастарды қалыптастырады, олардың қалыптасқан формаларын өзгертеді. Дәстүрлі халықаралық еңбек бөлінісі негізінде халықаралық өндіріс үдерісінде белсенді қатыса отырып, ТҰК жаңашыл халықаралық еңбек бөлінісінің негізінде өзіндік ішкіфирмалық халықаралық өндіріс жасады. Әсіресе бұл халықаралық өндірістің  ішкіфирмалық нұсқасы заманауи халықаралық корпорацияларға негіз болып табылды. Трансұлттық корпорациялар (ТҰК) – бұл шетелдік активтері бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және саудалық-өткізу қызметі бір мемлекет шегінен шығады. АҚШ-та корпорация деп акционерлік қоғам саналады, ал көптеген заманауи ТҰК американдық компаниялардың экспансиясы нәтижесінде пайда болғандықтан, бұл термин барлығына бірдей болып кетті. Әр түрлі елдерде филиалдар мен еншілес компанияларды құру арқылы трансұлттық корпорациялардың құқықтық режимі іскерлік белсенділікті қамтамасыз етеді. Бұл компаниялар өнім өндірісі қызметі мен дайын өнімді өткізудің дербес қызметтеріне, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға, тұтынушыларға қызмет көрсетуге және т.с.с. ие. Жалпы олар құрылтайшы-ел өкілінің акционерлік капиталына меншік құқығы бар бірыңғай ірі өндірістік кешенді құрайды. Сонымен қатар филиалдар мен еншілес компаниялар базаланған елдің артықшылықты ұлттық қатысуымен аралас болуы мүмкін. Көпұлттық корпорациялар (КҰК) – бұл өндірістік және ғылыми-техникалық негізде елдер қатарының ұлттық компанияларын біріктіретін халықаралық корпорациялар. Мысал ретінде "Роял Датч Шелл" англо-голландық концерні келтіріледі, ол 1907 жылдан бастап қызмет етуде.  Бұл компанияның заманауи капиталы 60:408 пропорциясында беріледі [3]. Көпұлттық корпорацияның мысалы болып, барлығына белгілі Еуропадағы ABB (Asea Brown Bovery) швейцарлық-шведтік компаниясы табылады. Ол машинақұрылысы мен электронды инженерияда маманданады. ABB ТМД елдерінде бірнеше бірлескен кәсіпорындарға ие. Еуропадағы жетекші КҰК-ға англо-голландық "Юнилевер", "Филипс" және т.с.с. жатады.  Халықаралық құқық көзқарасынан, көпұлттық корпорациялардың айрықша қасиеттері болып табылады:

  1. көпұлтты акционерлік капиталдың болуы;

  2. көпұлтты басқарушы орталықтың болуы;

  3. шетелдік филиалдар әкімшілігін жергілікті жағдайларды білетін кадрлармен жабдықтау.

Трансұлттық компаниялар мен көпұлттық корпорацияларды қатысты түрде халықаралық корпорациялар (ХК) деуге болады. Бұл акционерлік кәсіпорындар ұйымдастырушылық құрылымы бойынша көпсалалы концерн болып табылады. Оларды келесідей жіктеуге болады:

  • үлкен өнім бөлігін өндіретін кәсіпорындармен горизонталды-интеграцияланған фирмалар (АҚШ-тағы автомобильді өнеркәсіп, «fast food» жүйесі);

  • соңғы өнімді өндіруде маңызды сатыны бірыңғай бақылау мен бір меншік иесін біріктіретін, вертикалды-интеграцияланған фирмалар (мұнай өнеркәсібінде: өндіру – бір елде, өңдеу – басқа елде, соңғы мұнай өнімдерін сату – үшінші елде);

  • Диверсификацияланған (әртараптандырылған) фирмалар – вертикалды және горизонтальды интеграцияланған фирмаларды қосады (Nestle тамақ өнімдерін өндірумен, косметикамен, шараптарды сатумен, ресторан бизнесімен айналысады; «Вольво» автомобильден басқа катерлерге моторларды, авиациялық қозғалтқыштарды, тамақ өнімдері, тіпті сыра шығарумен айналысады). 

21.Қазақстан-Ресей қатынастары және олардың ТМД тұрақтылығы үшін маңыздылығына салыстырмалы талдау жасаңыз. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді. Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.

22.ХХ ғ. негізгі халықаралық жанжалдар. Кариб дағдарысы. 1959 жылдың бірінші қаңтарында Кубадағы ұзақ азаматтық соғыстан кейін коммунистік патизандар басшылығындағы Фидель Кастромен президент Батистаның өкіметін құлатады. АҚШ өзінің маңайында коммунистік мемлекеттің пайда болуынан қауіптенеді. 1961жылға қарай американдық президент Джон Кеннеди өз отанын «Кастроның қолынан» азат етуге ұмтылған кубалық эмигранттарға көмек беруге келісім береді. Бұның нәтижесі кубалық күрескерлер отрядтарының кочинос бұғазына орналастырулыныың сәтсіз аяқталуы болды. Бұл оқиға Кастроны Мәскеуден тірек іздеуге итермелеп, 1962 жылдың күзінде Кубада 42 ядролық ракета және ядролық қарударды тасымалдауға көмектесетін құрылғылар орналастырылады. Ракеталарды орналастыру құпия жүргізіледі, бірақ қыркүйектің өзінде-ақ АҚШ өкіметі сезіктене бастайды. 4 қыркүйекте президент Джон Кеннеди 150 км қашықтықтағы кеңестік ядролық ракеталарға АҚШ көзін жауып қарап тұра алмайтындығын баяндайды. Жауап ретінде Хрущев Кеннедиді ешқандай кеңестік ракеталар немесе ядролық зарядтар Куба территорисында жоқ және болмайтындығына сендіруге тырысады. Кубада американдықтармен табылған құрылғыларды ол кеңестік зерттеу құрылғылары деп атайды. Бірақ 14 қазанда американдық барлау ұшағы ракеталарға арналған алаңдарды суретке түсіріп алады. Аса құпия жағдайда АҚШ жауапты шараларды талқылай бастайды.Генералдар тез арада кеңес ракеталарын әуеден жарып жіберіп, аралға теңіз әскерімен басып кіруді бастауды ұсынды. Бірақ бұл Кеңес Одағымен соғысқа әкелуі мүмкін еді. Бұл соғыстың аяқталу салдарының қандай болатындығына қатысты нақты ой болмағандықтан американдықтарға бұл шешім ұнамады. Сондықтан Джон Кеннеди жұмсартылған әрекеттерге кірісуді жөн көрді. 22 қазанда ұлтына жолдауында ол Кубада кеңестік ракеталардың табылғандығын жариялады және КСРО-дан оларды қысқа мерзімде әкетуді талап етті. Кеннеди АҚШ-тың Кубаның әскери-теңіз блокадасын құруды бастағандығын айтты. 24 қазанда КСРО өтініші бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі жиналды. Кеңес Өкіметі бұрынғыша ракеталардың жоқтығын атап өтті. Бірнеше күннен соң АҚШ-тың қалайда болса ракеталарды жоюдан бет бұрмайтындығы мәлім болды. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге Кубада мықты кеңестік қару бар екендігін мойындап хат жібереді. Сонымен қатар президентті КСРО АҚШ-қа шабуылдауды мақсат етпейтіндігін айтады. Никита Хрущев Джон Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамау міндеттемесін өз мойынына алуды ұсынады. Бұл КСРО-ның қаруды алып кетуінің алғышарты ретінде анықталады. Сөйтіп бейбітшілікке алғашқы қадам жасалады. Бірақ 27 қазан Кубаның «қараңғы сенбісіне» айналады. Бұл күндері Кубаның әуесінен қорқыту мақсатымен тәулігіне екі рет американдық ұшақ эскадрильялары ұшырылып отырды. Дәл сол күні кеңестік әскер зенитті ракетамен барлаушы ұшақтардық бірін құлатады. Ұшақ пилоты Андерсон қайтыс болады. Жағдай шарықтау шегіне жетіп, АҚШ президенті екі тәуліктен соң кеңестік ракеталық базалардың бомбалануы мен аралға әскери шабуылды бастауды шешеді. Көптеген американдықтар ірі қалаларды жақын арадағы кеңестік соққыдан қауіптеніп тастап кетті. Әлем ядролық соғыс қарсаңында тұрды. Бірақ жексенбіде кеңестік өкімет американдық талаптарды қабылдауды ұйғарды. АҚШ президентіне ашық жолдау жіберіледі. Кубадағы ракеталарды әкету кубалық өкіметпен ақылдасусыз қабылданады. Бұл әдейі істелуі мүмкін, себебі Фидель Кастро ракеталардың әкетілуіне қарсылық білдірген. Халықаралық жағдай 28 қарашадан бастап қалпына келе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын әкетеді. 20 қарашада АҚШ аралдың теңіз блокадасын алып тастайды. Кариб дағдарысы бейбіт түрде шешімін тапты, бірақ ол әлемнің болашақ тағдыры жайлы ойға себеп болды. Жалпы алғанда, Кубадағы дағдарыс әлемге АҚШ пен КСРО-ны сыртқы саясаттарында өзара жол берулерге баруға итермелеп тек оң әсерін тигізді деуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]