15 Билет
Мен қазақ елінің патриотымын
Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.
Мен өз елімнің патриотымын. Өз Отанымды, ұлтымды, ана тілімді шексіз сүйемін. Саналы да, білімді болып өсіп, Қазақстанның ары қарай гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Мен өз елімді мақтан етемін.
Патриоттық сезім неден басталады
Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.
Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.
Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.
Өзіңізді патриотпын деп есептесеңіз, қандай іс әрекеттеріңізбен түсіндіретінізді ауызша баяндап беріңіз.
Әр елдің патриот азаматы, өз елінің тарихын, өз елінің тәуелсіздігін алу жолында жанын аямай курескен ата-бабаларын, қаһармандарын біліп, қастерлеуі керек. Мысалы менің қазіргі патриоттық борышым ол, осы жоғары оқу орынын жақсы бағалрға бітіріп, жақсы бір маман иегері болуым керек. Және сол мамандық бойынша жұмыс істеп Еліме аз да болса көмегім тиуі керек. Сонда мен өзімнің кішкентай болса да еліме деген патриоттық сезімім бар екенін дәлелдеген боламын.
