11 Билет
Менің Отаным – Қазақстан
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Оңтүстігінде – Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдері, солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандары, шығысында – Алтай тауы, батысында – Каспий теңізі мен Орал таулары орналасқан.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.
Қазақстан Республикасы экономикасы қарқынды дамуына – ондағы қазба байлықтардың молдығы ықпал етіп отыр. Елдің орталығында қара және түсті металургия, батысында мұнай және газ, шығысында алтын, күміс қорлары мол. Сонымен бірге, Қазақстан бидай өндіруден әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарында.
Елдің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы – оны үлкен халықаралық бедел деңгейіне жеткізіп отыр.
Менің сүйікті шығармам
Астана – Қазақстан Республикасы астанасы. Бұл қала экономикалық, мәдени және саяси орталығы. Астанада Үкімет үйі, Парламент, Жоғары сот, министрліктер үйі, “Бәйтерек” монументі, Бейбітшілік пен Ынтымақтастық сарайы орналасқан. Астанада шетелдер қонақтар көп келеді. 1998 жылы жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
Біздің астанамыз Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Астанада бас теміржол және көлік жолдары бар.
Астана - өте әдемі қала.
Астана – біздің мақтанышымыз!
Астанада соңғы жылдары салынған ғимараттарды сипаттап беріңіз?
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.
12 Билет
Тәуелсіздік тұғыры
Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл ұлттар – егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы, елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.
Тәуелсіздік шежіресін
1991 жылғы 25 қазанда Қазақстан егемендік жөнінде декларация қабылдады.
1991 жылғы 16 желтоқсанды Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.
1992 жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Осы айда Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерін бекітті
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілі.
1994 жылы Қазақстанның мемлекеттік марапаттары бекітілді.
1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
1997 жылғы 11 шілдеде Тілдер туралы заң қабылданды.
1998 жылғы қарашада мемлекет астанасы Ақмола қаласына көшті.
2010 жылғы желтоқсанда Астанада Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымының саммиті өткізілді.
2011 жылғы қаңтар-ақпан айларында VII қысқы Азия ойындары Астана, Алматы қалаларында өткізілді.
Әрбір Қазақстан азаматының парызы қандай деп білесіз?
Кез-келген адам нағыз азамат бола алмайды. Ең алдымен, сенің халқыңа пайдаң тиіп, ел жұрттың алдында беделің болып, «нағыз азамат» деген атқа лайық болу қжет. Елімізде тұратын адмдардың барлығы Республикмыздың азамты және азаматшасы болып саналады. Бүгінгі жастар еліміздің барлық жағынан дамуына аз да болса .үлес қосуы, патриот болуы қажет. Нағыз азамат қара басын ойламай көптің қамын ойлау керек. Тағы да ең үлкен парыздың бірі ол Республикамыздың «Ата Заң»-ын, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуі қажет.
