Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety (1) (Автосохраненный).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.89 Кб
Скачать

9 Билет

Қымыз – қазақ халқының қасиетті сусыны

Қымыз – қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті сусыны. Қымызды қазақтар сусын ретінде де, өкпе ауруына ем ретінде де қолданған. Қымыз расында да өкпе ауруының алғаш басталған кезінде, сондай-ақ операциядан соң ауру қалдықтары толық жойылу үшін де қолданылған. Кейде науқастардың жағдайы жақсарған соң дәрі қабылдағысы келмейді. Сондай жағдайда ауруды қайта қоздырмау үшін де қымыз ішу аса пайдалы болады.

Қымыз өндірісі соңғы жылдары ауылды жерлерде, мал өсіретін шаруашылықтарда жақсы дамып келеді. Қымыз әбден өңделіп, санитарлық тексерістерден өткеннен соң ғана сатылады.

Салауатты өмір сүрудің ережелері

1. Аурулардың болуына көбінесе табиғат та, коғам да кінәлі емес, тек адамның өзі ғана кінәлі. Оған себеп - жалқаулық, қомағайлық, немесе қисынсыз әдеттер.

2. Дені сау болу үшін адамның өзі ұдайы және айтарлықтай күш жұмсауы керек. Адамның қазір жетілгендігі сонша, ол денсаулығын әрқашан дерлік өзі-ақ қалпына келтіре алады.

3. Денсаулық мықты болу үшін адамға мынадай төрт шартты бүлжытпай орындау қажет: дене еңбегі, тамақ ішуді, уақытты дүрыс пайдалану, шынығу және демала білу. Оның бесінші шарты - бақытты өмір сүру!

4. Адам өзін тамақ ішуде шектеуі керек. Салмағыңызды бір қалыпты сақтаңыз.

5. Мінез-құлықтың да салмақты болғаны дүрыс.

Ұлық болсаң, кішік бол

Қазақ халқында мынадай ұлы бір сөз бар «Ұлық болсаң-кішік бол». Сенің бойныңда лидерлік қасиет болса да, сен кішіпейіл болуың қажет, адамгершілігің мол болуы керек. Өйткені ол,лидерлік, қасиет мәңгілік болмайды. Сен сол дәрежеге кімнің көмегімен жеткеніңді ешқашан ұмытпауың керек. Сен бойнымда сондай қасиет бар деп үлкенді,кішіні құрметтемеуіңе болмйды, керісінше құрметтеп,соларға көмектесуің керек

10 Билет

Тәуелсіздік жолында

Қазақ жерінің тарихы өте ежелден басталады. Ал қазақ халқының дербес мемлекет болуы, бұл ХV ғасырдың ортасы. Керей және Жәнібек хандар құрған Қазақ мемлекеті өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұдан соң да қазақ жерінде халық қамын ойлаған хандар аз болған жоқ. Олар елдің тәуелсіздігі үшін елін, жерін қорғап, соғыста жаумен шайқасты. Хақназар, Тәуекел, Жәңгір, Кенесары хандар сондай шайқастарда болды. Демек, олар болашақ ұрпақтың бақыты, үшін күресті. Қасым, Тәуке, Абылай хандар да бүкіл өмірін халқына арнады. Орыс отаршылдығы кезінде Қазақстан Ресейге бағынды. ХХ ғасырдың басында отаршылдыққа қарсы Алаш қозғалысы ұйымдастырылды. Кеңес тұсындағы отаршылдыққа қарсылық 1986 жылығы Желтоқсан көтерілісінде көрінді. Бұл жастардың тәуелсіздікке ұмтылуы болатын. 1991 жылы қазақ елінің тәуелсіз болуы – сан ғасырлық күрестің жемісі. Қазақ халқы – тәуелсіздік үшін күрескен, азаттыққа лайықты халық. Оны нығайту жолында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Біздің міндетіміз – сол тәуелсіздігіміздің нығаюына үлес қосу. Еліміздің басты байлығы – кеңпейіл халқы және шексіз даласы. Ал, ең басты құндылығы – тәуелсіздігі.

Менің туған қалам

Мен Кокшетауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Кокшетаудың орны ерекше.

Кокшетау қала ретінде XIX ғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Копа жағалауы – кокшетаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Кокшетауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді.

Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде, Кокшетаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану - басты мақсатым.

Ұлттық мұражайдан қазақ қолөнері шеберлерінің жұмыстарын тамашаладыңыз. Оқытушыңызға сол туралы әңгімелеңіз.

Қазақстанда 3 мұражай болды. Қазір 50-ден аса мұражай, олардың ішінде өлкетану, тарихи-мемориялдық, әдеби-мемориялдық, тарихи революциялық, этнографиялық мұражайлар бар. Қоғамдық негізде жұмыс істейтін жүздеген мұражай бар.

Алматыда орталық мемлекеттік мұражай 1929 жылы құрылған. Қазақстан денсаулық сақтау және медицина тарихи мұражайының 12 залында, 10 мыңға жуық экспонат бар. Қазақстанның орта ғасыр ғылым медиктерімен таныстырады. Денсаулық сақтау ісінің және медицина ғылымның дамуы жөнінде материалдар мол қамтылған.

Республикада мемориалдық мұражайлар көп. Әсіресе М.О.Әуезовтың,С.Мұқановтың, Семейдегі А.Құнанбаевтың (мемориалдық мұражайларының), Қаскелеңдегі Жамбылдың мемориалдық мұражайларының ғылыми мәні бар. Алматыда кітап мұражайы бар, онда 530 мыңнан аса экспонат қойылған. Барлық облыс орталықтарында тарихи-өлкетану мұражайлары ұйымдастырылған. Ақтөбеде өлкетану мұражайы 1929 жылы мектеп мұражайының негізінде құрылды. Қорында өте көп экспонат бар. Олар қазақтың көне тарихынан дерек береді, даму жолдарын белгілейді, халқымыздың революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрін, облыс еңбекшілерінің табыстарын насихаттайды.

Ақтөбе қаласында қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұлованың мемориалдық мұражайы бар. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында өзінің тарихын баяндайтын мұражайы бар. Осындай мұражайлар орта оқу орындарында, мектептерде ұйымдастырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]