Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety (1) (Автосохраненный).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.89 Кб
Скачать

6 Билет

Студенттің бос уақыты

Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.

Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.

Біз уақытты қадірлей білеміз бе?

Әр адам өмірде жақсы көретін кімен шұғылдану қажет. Себебі өмір деген тек біреу, ал оны қалай өткізу әр адамның өз қолында. Бос уақытты, әрине, ең алдымен сүйікті адамдарына арнау керек. Одан соң сүйікті ісіне яғни хоббині болуы керек. Өмірде әр нәрсені үйренген жөң. Мысалы: тоқу, сурет салу, би билеу, өлең айту т.б. Бос уақытта міндетті түрде спортпен айналысу керек. Себебі деңсаулық адамның өмірінің кепілі.

Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Сіз өзіңіздің анаңызды сағынып жүрсіз. Досыңызға анаңызды қалай сипаттап айтар едіңіз?

Әрбір Ана сәбиінің дені сау болып, жақсы азамат болып өскенін қалайды. Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын Ананың сенімін ақтау қажет. Ол үшін біз жақсы оқып, үлгілі тәртібімізбен, спорттағы, өнердегі жетістіктерімізбен көзге түсуіміз керек. Мен Анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол балабақшада тәрбиеші болып істейді. Оның жұмысы өте қиын да, қызықты. Біз анам екеуміз әр түрлі тақырыпта әңгімелесеміз. Мен қандай сұрақтар қойсам да анам жауап береді. Әсіресе мен кішкентай кезімдегі қылықтарымды еске түсіргенді ұнатамын. Анам мені еркелетіп, құшағына алып, маңдайымнан иіскеп тұрады. Мен Анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін!

7 Билет

Студент бос уақытында не істегені жөн

Бос уақытта мен жаттығуға барамын. Ағылшын тілі қурсқа барамын.Достармен тамақ пісіремін. Дүкенге барамын. Уй жұмысы істеймін. Өз достарымен телефонмен сөйлесемін. Базарда жеміс-көкөніс аламын.

Менде бос уақытым аз болады, өйткеі мен іссіз отырмаймын; күн тәртібі тығыз.

Ұлылардың хоббиі

Әр адамның өзіне тән ерекшеліктері болады. әсіресе, қызығушылық қасиеттері. Мысалы атақты Наполеон Бонапарт қалайы солдаттардан коллекция және сағат жинаған. Ал француз кардиналы Ришелье темекі тартатын мүштектерді қалаған. Егер ол біреуден өзгеше мүштек көрсе, қанша болса да, ақша жинап сатып алған. Атақты дипломат Уинстон Черчиль ойыншық әскерлерді жинауды әдетке айналдырған. Ал қатал канцлер Бисмарк градусникті жинауды жөн көрген. Орыстың бірінші коллекционері болып есептелетін атақты І Петр сирек кездесетін ақша түрлерін, қару-жарақ түрлерін, минералдар жинап, осы жиналған бұйымдар негізінде Кунсткамера мұражайы ұйымдастырылыпты. Рональд Рейган әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинауға әуес болса, жұбайы Нэнси діни мерекеде бір-біріне сыйлайтын түрлі-түсті жұмырқаларды жинаған. Михайл Булгаков өзі барған театрының билетін сақтаған. Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев оттықтан (зажигалка) топтама жинаса, Ғабең – Ғабит Мүсірепов көзі тірісінде неше алуан таяқ жинаған.

Сіз туристік компанияның өкілі ретінде шетелдік қонақтарға еліңіздегі қасиетті орындарды қалай таныстырар едіңіз

Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықта да ғылыми-экологиялық туризмді дамытудың алғышарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]