
25 Билет
Ұлттық дәстүр
Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.
Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.
Қасиетті қара шаңырақ
Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
«Мәдениет», «Мәдени», «Мәдениетті» сөздерінің айырмашылықтарын түсіндіріп беріңіз?
мәдениет — адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері, адамдық өркениеттің белгілі бір саласыныц жетілу деңгейі.
2.Мәдени- Мәдени құндылықтарға құлықтылық және эстетикалық идеалдар, өзін ұстаудың нормалары мен үлгілері, тілдер, жергілікті тіл ерекшеліктері мен сөйленістер, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, тарихи жер аттары, ауыз әдебиеті, көркемдік кәсіп пен қолөнер, мәдениет пен өнер шығармалары,тарихи-мәдени маңызы зор мәдениет қызметінің ғылыми зерттеу тәсілдері мен нәтижелері, аумақтың тарихи-мәдени қатынасында ғажайып болып табылатын ғимараттар, құрылыстар кіреді.
3. Мәдениетті. Мәдениеттілік[1] – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы — мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениеттілік адамның тарихи даму барысында сұрыпталып алынған, мәдени-рухани әлемге лайықты қасиеттерден құралады. Көпшілік ортада әдеп сақтау, әдеппен сөйлеу, көргенділік таныту, жан мен тән тазалығы, мұның барлығы Мәдениеттілікке жатады. Мәдениеттілік адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық-эстететикалық, заңи, саяси, тағыда басқа талаптардың орындалуын білдіреді. Дәстүрлі қазақ қоғамында адам бойында Мәдениеттіліктің қалыптасып, дамуына ерекше көңіл бөлінген. Мәдениеттілік жөніндегі көзқарастар кемел адам ұғымымен үндестік тауып, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің қалыптасуы арнасында дамыды Бұл қасиет бойында бар адам – ол мәдениетті.