Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety (1) (Автосохраненный).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.89 Кб
Скачать

17 Билет

Елордасы – Астана

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында ортағасырлық Бозоқ қаласының орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды. Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған.

Менің туып өскен жерім

Мен Кокшетауда тұрамын, ол менің туған қалам, кіші Отаным. Сондықтан туған өлкемді қадірлеп, мақтан тұтамын. Мектебім де қаланың орталығында орналасқан. Мен үшін Кокшетаудың орны ерекше.

Кокшетау қала ретінде XIX ғасырдан таныла бастаған. Өзіндік тарихы бар туған қаламның бүгінгі көрініс көз тартарлық. Копа жағалауы – кокшетаулықтардың, қонақтардың демалыс орны. Жыл барысында өткізілетін дәстүрлі мерекелер осы жағалауда орналасқан орталық алаңда ұйымдастырылады. Кокшетауды мәдени орталық ретінде көпшілік мақтаныш етеді.

Мынадай бақытты өмірде, тыныштығы жарасқан қазақ жерінде, Кокшетаудай көркем қалада өсіп келе жатқаныма ризамын. Келешекте өмірден өз орнымды тауып, кірпіш болып қалану - басты мақсатым.

Көкшетау – Ақмола облысының әкімшілік орталығы.

Сіз курстастарыңыз арасында Астана қаласы туралы баяндама дайындасаңыз, қандай мәселелерге басты назар аударар едіңіз? (Если вы среди сокурсников приготовите доклад об Астане, то на какие главные проблемы вы бы обратили внимание)

Қазақстан Республикасының астанасы-Астана. Астана қаласы 1832 жылдан Ақмола қаласы деп  аталып келді. 1961 жылы Н.С.Хрущевтің ұсынысымен ол «Целиноград» деп аталды. 1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа  қол қойды. Сөйтіп, енді Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды. 1998 жылы Ақмола қаласын Астана қаласы деп өзгертті. Аз уақыттың ішінде Астана қаласы көрікті қалаға айналды. Қаланың ортасында ағып өтетін Есіл өзенінің екі жағындағы қалың өскен қамыстың орны қала халқы демалатын жағажайға айналды.  Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ үйі, Еуразия  университетінің жаңа корпусы, Жастар сарайы, көп қабатты жаңа үйлер мен ғимараттар бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылған. Әсем Есілдің оң жағасында салынып жатқан жаңа сұлулығы ерекше. Мұндағы салынып жатқан құрылыстар алыстан көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты Астана тұрғындарын, жақын, алыс шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады. Астананаң болашағы әлі алда. Ол Еуразиядағы ең әсем, сұлу, әйгілі қала болмақ. Астана-Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік,экономикалық мәдени орталығы. 1998 жылдың 10-шілдесінде  Қазақстан Республикасының жас астанасының тұсау кесер тойы болды.  Қазір Астана-Егеменді Қазақстан Республикасының астанасы болып саналады. Астана 20-шы ғасырдың ең жас астанасы ретінде тарихқа енді. Ол өте көркем қала.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]