Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety (1) (Автосохраненный).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
229.89 Кб
Скачать

1 билет

«Отан – отбасынан басталады»

Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні.

Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.

СӘЛЕМ - СӨЗДІҢ АНАСЫ

Күнделікті өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне жылы лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем – сөз басы, сөз анасы. Ол – ұлттық тәрбиеміздің негізі, әліппесі десе де болғандай. Қазір сәлемдесудің түрі көп, десек те ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Мұсылманша «саған бейбітшілік тілеймін!» дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (сіздің үйіңізге де бейбітшілік тілеймін!) деп жауап берген жөн. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады. Демек, сәлемдесуде үлкен мән бар. Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

Алыстан әжеңіз келді. Амандасыңыз, хал-жағдайын сұраңыз.

Сәлеметсіз бе, әже? Қалыңыз қалай? Деңсаулығыңыз қалай? Аурып журген жоқсыз ба? Немен келдіңіз? Қалай жеттіңіз? Жол сізге ауыр болған жоқ па? Зейнетақы алдыңыз ба? Жолдан шаршаган шығарсыз жатып демалып алыңіз !

2 Билет

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы

Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.

Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.

Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.

- Ассалаумағалейкүм!

- Уағалейкүмассалам!

Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.

Сәлеміне қарап, кісіні таны

Сәлемдесу –адамдардың бір-біріне құрмет білдіруі, достық пейіл танытуы. Әр адам күнделікті тірлігін бір- бірінің амандығын сұрасудан, бір-бірімен сәлемдесуден бастайды.

Амандасудың өз әдебі бар. Амандасатын адамыңның көзіне қарау керек. Күлімсіреп, ақ жарқын, жылы шырай танытқан жөн. Шынайы, сыпайы, достық пейілмен амандасқан дұрыс. Сәлемдесу кезінде аздап иіледі. Жас адам үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда қаттырақ иіледі. Иіліп сәлемдескенде дене тік қалпында қалып, қол екі жаққа түсіріліп, өкшелер бір-біріне тиіп тұруға тиіс. Сәл иілу дегеніміз басты аздап еңкейтіп тағзым ету. Қатты иілу де басты еңкейтуден басталады да, сонан соң кеудені июге көшеді. Әдетте баяу, байсалды және сабырлы иілу керек. Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту керек. Сыпайы, достық пейілмен, жылы шырайлы сәлемдесуге нақ солай жауап қайырады. Сәлемдескенде ешқашан дауыс көтермеу, сабырсызданбау керек. Ал қыр көрсете, менменси, даусын өзгертіп, бет-аузын құбылтып амандасу — әдепсіз адамның қылығы.

Әріптесіңізбен танысыңыз

- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім?

- Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?

- Мен де осы университетте оқимын. Есімін – Айдар. Сіз қай факультетте оқисыз?

- Мен филология факультетінде оқимын. Ал, сіз ше?

- Мен инженер-құрылыс факультетінде оқимын. Сіздің мамандығыңыз қандай?

- Журналистика. Сіздің мамандығыңыз ше?

- Жылу энергетикасы мамандығы.

- Мен сабаққа кіремін, Айдар. Танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыз.

- Мен де қуаныштымын, Аяулым. Хабарласып тұрайық. Сау болыңыз.

3 Билет

Отбасы

Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.

Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.

Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».

Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.

Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.

Қасиетті қара шаңырақ

Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.

Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады осы жағдайды сипаттап беріңіз?

Салт–дәстүр бойынша, құдалар бірін–бірі құдалыққа шақырады. Құдалар кетердің алдында бір–біріне «киіт» береді. Бұрынғы кезде бай отбасыларда жігіттің әкесіне берілетін «киіт» – бір табын жылқы, көптеген қымбат шапандар болған. Қыздың жағынан келген құдаларға да «киіт» беріледі. Қазіргі уақытта қызға «қалың мал» берілмейді, бірақ «киіт беру» салты мен басқа салт–дәстүрлер сақталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]