
- •41.Ресей мемлекет азаматы Радкеевич...
- •42.Пәкістан азаматы к.Қр аумағында белгілі бір маң. Бар ғимаратты...
- •44. Бір топ жастар Астана қаласының...
- •45. Алматы қаласы Бостандық аудан прокуроры Абдралиев...
- •49. Өзбекстан азаматы қр......
- •50. Кбт университетінің бір топ студеннтері террористік мақсатты...
- •52. 18 Жасқа толған Қуанышқа.....
- •55. Әскери құпия обьектіні фотосуретке....
- •56. Қазақстан кемесі шетел мемлекетінің....
- •59. 14 Жасар Петров көшеден атылмаған.....
52. 18 Жасқа толған Қуанышқа.....
жасы 18-ге толған Қуаныштың әрекетін ҚР ҚК-нің 326-бабы бойынша қылмыс құрамын көрсететін болсақ қылмыстың тікелей обьектісі – әскерге шақырылу тәртібі болып табылады. Обьективті жағынан алғанда қылмыс әскери қызметтен босату үшін заңды негіздер болмаған кезде, яғни біздің жағдайда Қуаныштың өзінің денсаулығының жарамайтындығын сылтауратып, әскери тіркеу бөлімшесіне бармай және ол жайында хабар бермеуі және нақ осы әрекеттің қатарынан үш рет қайталануы болып табылады. Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыс субьектісі арнаулы – ҚР-ның әскери қызметті өтеуге міндетті шақыру жасына толған, әскери қызметке жарамды деп танылған, одан босатылуға заңды негізі жоқ азаматтар болып табылады.
Егер Қуаныш тергеу органы істі сотқа бергенге дейін әскерге шақыру пунктіне өз еркімен келген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылар еді. Нақ осы жағдайда істің сотқа берілуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
53. Марат деген азамат Алматы қаласындағы....
ҚР ҚК-нің 237-бабы бойынша азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру, сол сияқты осындай топты басқару болып табылады. Қылмыстың тікелей обьектісі – қоғамдық қауіпсіздік, яғни саудагерлерге шабуыл жасау мақсатында топ құру, осы топқа соттылығы бар азаматтарды тарту. Қосымша тікелей обьектісіне – адамдардың өмірі (саудагерлер), денсаулығы, меншігі, басқа да мүдделері. Обьективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: 1) азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құру; 2) осындай топты басқару; 3) тұрақты қарулы топқа қатысу; 4) бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болсада қарулануы. Біздің қарастырып отырған жағдайда осы әрекеттердің жиынтығы бойынша көрініс тапты. Қылмыстық заңға қайшылығымен және қоғамға қауіптілігімен сипатталды.
54.Көше төбелесі кезінде Криворучка .....
Қарастырылып отырған жағдайда, яғни көше төбелесі кезінде Криворучка есімді азаматтың бұзақылық ойларымен Е-ге қырын тұсынан екі рет пышақ салуы ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағы бойынша бұзақылық ниетпен адам өлтіру болып табылады. Сондай-ақ ҚК-тің 257-бабының 3-тармағында бұзақылықтың аса қауіпті түрі – атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекеті үшін жасалған бұзақылық үшін жауаптылық белгілейді делінген.
55. Әскери құпия обьектіні фотосуретке....
ҚР-ның ҚК-нің 166-бабы бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса,яғни біздің жағдайда шетел азаматының жауаптылығы оның Әскери құпия обьектіні фотосуретке түсіру, шпиондық әрекет арқылы мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді жинады. Осы орайда шетел азаматының жауаптылығы мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.