
- •41.Ресей мемлекет азаматы Радкеевич...
- •42.Пәкістан азаматы к.Қр аумағында белгілі бір маң. Бар ғимаратты...
- •44. Бір топ жастар Астана қаласының...
- •45. Алматы қаласы Бостандық аудан прокуроры Абдралиев...
- •49. Өзбекстан азаматы қр......
- •50. Кбт университетінің бір топ студеннтері террористік мақсатты...
- •52. 18 Жасқа толған Қуанышқа.....
- •55. Әскери құпия обьектіні фотосуретке....
- •56. Қазақстан кемесі шетел мемлекетінің....
- •59. 14 Жасар Петров көшеден атылмаған.....
49. Өзбекстан азаматы қр......
ҚР – ның ҚК-нің 330- бабы бойынша ҚР-ның мемлекеттік шекарасынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатсыз (визасыз) әдейі заңсыз өту- екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Яғни бізге берілген жағдайда Өзбекстан азаматының жасаған әрекетінде қылмыстық белгілеріне қоғамға қауіптілігі, қылмыстық заңға тікелей қайшылығы , шетел азаматының кінәлілігі және де жазаланатыны белгілі. Қылмыстың объективтік жағынан қарағанда рұқсатсыз, заңсыз, әдейі шекарадан өткендігі. Осы себеппен ҚР-ның ҚК-нің 330-бабы бойынша жазалауға толық себеп бар.
50. Кбт университетінің бір топ студеннтері террористік мақсатты...
Террористік мақсатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террорлық топ құру) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 233-2-бабы бойынша сараланады. Қылмыс объектісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар болып табылады. Қылмыс объективті жағынан алғанда белсенді әрекет арқылы-террористік қылмыстарды жаау үшін топ, ұйым н/е оған басшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Террористік ұйымға террористік іс-әреккеттерді жүзеге асыру үшін құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы ұйымдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-әрекетті жүзеге асыратын болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.Ал террористік топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған немесе оған басшылық еткен, оған адамдар тартқан және ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстың субъективті жағы-тікелей қасақаналық. Қылмыс жасаған адам- ҚР-ның ҚК-нің 15-бабына сай, жасы 14-ке толған адам. 15жастағы топқа басшы ретінде сайланған жасөспірім ересектермен бірдей қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
51. Көшеде кетіп бара жатқан......
. Ж. мен Т. жасаған әрекеттерін ҚР ҚК-нің ерекше бөлімінің баптарымен саралайтын болсақ, 257-бапта көрсетілгендей бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып табылады. Нақ осы жағдайда қылмыстың тікелей обьектісі – қоғамдық тәртіп, қосымша обьектісі – қарттың денсаулығы, ар-намысы мен меншігі болып табылады. Обьективтік жағынан бұзақылық қоғамды анық құрметтемеуін білдіреді, яғни Ж. мен Т. есімді азаматтардың қоғамдық ортада демалып жүрген азаматтарға тиісуі, оларды жәбірлеп иеліктеріндегі көліктерінің дөңгелектерін пышақпен жарып тастауы. Қарттың денсаулығына зиян келтіріп, материалдық шығын келтіруі. Қылмыс субьективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істелінген. Қылмыстың субьектісі – жалпы жасы 16-ға және 14-ке толған есі дұрыс адам болып табылады. ҚК – тің 257-бабының 3-тармағында бұзақылықтың аса қауіпті түрі – атыс қаруын,пышақты, кастеттерді қолдану әрекеті үшін жауаптылықты белгілейді