Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория меню.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38.83 Кб
Скачать

44. Бір топ жастар Астана қаласының...

Иә,жасалған жария әрекеттер қылмыс құрамына жатқызуымызға себеп бола алады. ҚР Конституциясына сәйкес ҚР Президенті-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,ел ішіндегі жіне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.Сондықтан Президенттің ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасауды ҚР ҚК –нің 318-бабы бойынша қылмысты саралаймыз:

Тікелей обьектісі: ҚР Президентінің басқару қызметіне байланысты ар-ұжданы мен қадір-қасиетін қорғау жөніндегі қатынастар.

Обьективтік жағы: ҚР Президентін жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу арқылы сипатталады.

Субьектівтік жағынан: тікелей қасақаналықпен және әр түрлі ниетпен жасалады.

Субьектісі: 16-ға толған адам.

Қылмыс құрамы:Формальды болып табылады және ол ПРезидентті жария түрде қорлау немесе оның ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын әрекет жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыс үшін қолданылатын жаза: 200-700 а.е.к.дейінгі мөлшерде айыппқл салуға,180-200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

45. Алматы қаласы Бостандық аудан прокуроры Абдралиев...

Қылмыстың тікелей объктісі – прокуратура органдары туралы заңымен белгіленген қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар.

Объективтік жағынан қылмыс – осы қадағалау актілерін орындауға байланысты болады. Қылмыс құрамы – материалдық.

Субъективтік жағынан –тікелей немесе қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі адам прокурордың заңды қызметіне кедергі жасағанын немесе оның заңды талаптарын орындамағаның ұғады, сезеді, солай бола тұрса да заң талаптарын орындалмайды.

Субъектісі – 16 жасқа келген кез келген адам.

Прокураторлық қадағалау актілеріне осы органның наразылық қаулысы немесе басқадай ұсыныстары жатады. Прокуратура органдарының қызметіне кедергі жасауға осы мекеменің заңды құқықтарын жүзеге асыруға ашық түрде қарсылық білдіруі жатады. Мысалы, қажетті құжаттарды көрсетуден, беруден бас тарту, қылмысты істі оқып танысуға бермеу, дер кезінде тексерілуге жататын іс-қағаздары туралы заңымен белгіленген қызметіне байланысты қоғамдық қатынастар.

46.ҚР-ның құқық қорғау органдарының бірінде қызмет атқарып жүрген О. Есімді азамат....

Бұл қылмыс болып табылады. Себебі, ресми құжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды әр түрлі тәсілдермен бөтен адамға ақы алып немесе тегін беруді осы заттарды заңсыз өткізу деп атаймыз. Қылмыс құрамы формальдық. Заңда көрсетілген әрекеттер ресми құжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды алған немесе өткізген уақыттан бастап қлмыс аяқталған деп танылады.

Тікелей объектісі ресми құжаттар мен мемлекеттік наградаларды айналымға заңды түрде шығу тәртібін қамтамасыз ететін басқару қызметі б.т.

Объективтік жағынан алғанда қылмыс ресми құжаттарды немесе мемлекеттік наградаларды заңсыз алу немесе заңсыз өткізу арқылы көрініс табады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.

Қылмыс субъектісі- 16-ға толған адам.

Ресми құжаттар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес органдар арқылы беріледі немесе осы органдарға бағытталады. Ресми құжаттар материалдық тәртіппен растала отырылып, жеке тұлғалар арқылы берілуі мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалар Президент жарлығымен беріледі.

47 есеп Қазақстанға қызметі азаматтарға зорлық... К.К-тiн 337 бабы бойынша кызметi азаматтарга зорлык жасаумен немесе олардын денсаулыгына озге де зиян келтiрумен уштаскан, не азаматтардын азаматтык мiндеттерин орындаудан бас тартуга байланысты арекеттер жасауга дiни бiрлестиктер куру жане басшылык жасау негiзiнде дiни негiздеги партияны зансыз куру кылмысты iстеуге жатады. Обьективтiк жагынан белсендi арекет куйiнде зансыз дiни немесе когамдык бiрлестик куру, оган басшылык жасау аркылы жузеге асырылады. Осы iс-арекеттер орын алган сон кылмыс аякталган деп танылады, ойткенi ол материалдык-формалдык курамга жатады. Субьективтiк жагынан кылмыс тiкелей касаканалыкпен жузеге асырылады. Кылмыс субъектiсi-зансыз бiрлестик курган Ауганстаннан келген М. деген 16 жаска толган азамат. Бiрлестик курып оган басшылык жасау-осы кылмыс курамынын ауырлататын турi болып табылады. Дiни бiрлестiктердi-Дiн iстерi аганттiгi тiркейдi.

48. Жас студенттер атты қоғамдық бірлестік Алматы қаласының.....

Қылмыстың тікелей обьектісі жиналыстарды, көше шерулерін демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібі. Субьективтік жағы тікелей қасақаналықпен жасалынады. Заңда белгіленген тәртіпті бұзатынын сезеді. Белгілері: құқыққа қайшылық, кінәлілік, жазаланушылық, қоғамға қауіптілік. Яғни, бұл әрекеттер жиналысты, митингіні, пикетті, көше шеруін, демонстрацияны ұйымдастыру тәртібін бұзу арқылы көрініс табады.

Бұл қылмыстан алдын алу үшін белгіленген митинг, шеру, демонстрацияны, пикетті, жиналысты өткізу орнын, белгіленген мерзімін, мақсатын тиісті қаланың, астаның, ауданның жергілікті атқарушы органға өтініш беру арқылы реттелінеді.

Қылмыс Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы Заңыңда бекітіледі. Талаптар жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген датасынан кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептелінеді.