Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Теория меню.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38.83 Кб
Скачать

Теория меню

1. Қылмыстық құқығының ұғымы, міндеттері жүйесі, көздері және қағидалары, қылмыстық заң түсінігіне құқықтық баға беріңіз.

2. Қылмыс түсінігі, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері, қылмыс құрамдарын талдау арқылы мазмұнын түсіндіріңіз.

3. Қылмыстық құқықтағы іс әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар, орынды тәуекел, аса қажеттілік мазмұнын ашу.

4. Қылмыстық құқықтығы қылмысқа қатысу, қылмысқа қатысудың субьективтік және обьективтік белгілері және қатысушылардың жауапкершілігі.

5 .Қасақана қылмысты жасаудың сатылары, қылмысқа дайындалу, қылмыс жасауға оқталу, аяқталған қылмыстардың түсінігі.

6. Қылмыстардың көптігі, ұғымы, оның жекелеген қылмыстардан айырмашылығы, қылмыстардың әлденеше рет жасалуы, қылмыстардың жиынтығы, қылмыстардың рецедиві.

7 .Қылмыстық құқықтағы жазаның ұғымы және оның мақсаты, жазаның белгілерінің түсінігін беріңіз.

8. Жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлардың мазмұнын ашу.

9. Шартты түрде соттау және жаза өтеуді кейінге қалдырудың қылмыстық құқықтағы орны, қасақаналық ұғымы, қылмыстық құқықтығы орны, субьективтік және обьективтік белгілерін анықтау.

10 .Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің және оларды жазалаудың ерекшеліктері.

11. Қылмыстық жауаптылықтан босату ұғымы және түрлері, қылмыстардың жекелеген санаттарын жасағанда қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы жағдайлары.

13 .Жазадан босату. Соттылықты жою және алу. Жазаның өтелмеген бөлігін жазаның жеңілдеу түріне ауыстыру, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде босатудың мазмұнын ашу.

15. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары ұғымы, түрлерін қылмыстық құқықтық талдау.

16.Қылмыс субьектісінің ұғымы, түрлері, есі дұрыстық, шектеулі дұрыстық, мас күйінде жасалған қылмыс үшін жауапкершілік, арнайы субьект.

17. Қылмыстың субьективтік жағының мазмұны, қылмыстың ниеті мен мақсаты, кінәнің қосарланған аралас формасы, қателік және оның түрлері.

18 .Қылмыстың обьективтік жағының үғымы, оның маңызы, қоғамға қауіпті әрекет және әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардап, себепті байланыстың үғымы.

19 .Қылмыстың обьектісінің түсінігі, түрлері, қылмыстың заты қылмыстық құқықтағы орны.

20 .Қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күштерін талдау, қылмыс жасаған адамды ұстап беру, қылмыстық заңға түсініктеме.

21. Жеке адамға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері. Өмірге қарсы қылмыстар. Адам өлтіру. Адам өлтіруді саралау ерекшеліктері.

22 .Адам ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамды саудаға салудың түсінігі. Қорқыту.

23. Адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік мқндеттерін тиісінше орындамауы. Клиникалық зерттеулер жүргізудің және профилактиканың диагностиканың емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерімен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу үшін қылмыстық жауаптылық.

24. Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыстар: соз ауруын жұқтыру. Адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ,ЖҚТБ) жұқтыруы. Заңсыз аборт жасау. Науқасқа көмек көрсетпеу. Қауіпті жаңдайда қалдырғаны үшін қылмыстық жауаптылық.

25 .Адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері: зорлау. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері. Жыныстық қатынас жасауға, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету. Жас балаларды азғындау.

26 .Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері. Балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтарын теріс пайдалану. Еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан әдейі жалтару.

27 .Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту. Кәмелетке толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу құпиясын жария ету.

28. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейін жаза тағайындау. Жазаны орындаумен қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

29. Бейбітшілікке және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі және түрлері. Қылмыстық іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі. Қылмыстық қол сұғушылықтың обьектісінің және затының ерекшеліктері. Обьективтік жақтың белгілері. Қылмыстың субьективтік жағының ерекшеліктері, олардың ниеті мен мақсаты. Қылмыстың субьектісі.

30. ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар. Мемлекетке опасыздық және шпионаж. Мемлекеттік құпия қылмыстың заты ретінде. Шпионаждың затының ерекшеліктері. Мемлекетке опасыздықтың нысандары. Шпионаждың түрлері және оның ерекшеліктері. Шетел мемлекетінің, шетел ұйымының, шетел мемлекетінің өкілінің түсінігі. Аяқталу кезеңі. Қылмыстың субьективтік жағы. Мемлекетке опасыздықтың субьектісі. Мемлекетке опасыздықтың шпионаждан, мемлекеттік құпияны жариялаудан айырмашылығы. Қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.

31. Бөтен мүлікті ұрлау. Ұрлаудың белгілері. Ұрлаудың обьектісі және заты. Ұрлаудың обьектісі және затының қылмыстық-құқықтық белгілері. Ұрлаудың обьективтік белгілері. Әрекет ұрлаудың затын өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына не айналдыру ретінде. Ұрлаудың нәтижесі обьективтік жақтың элементі ретінде. Зиянның түсінігі және түрлері. Ұрлаудың аяқталу кезеңі. Ұрлаудың субьективтік белгілері. Қасақаналық. Ұрлаудың субьектісі. Ұрлаудың нысандары және түрлері.

32 .Экономикалық қылмыстардың жалпы тәртібіне қарсы қылмыстар. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерліктің обьективтік және субьективтік жақтарының ерекшеліктері. Заңсыз кәсіпкерліктің әдістері. Аталған іс-әрекеттің құрамының сараланған белгілері. Заңсыз кәсіпкерлікті басқа ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату.

33 .Сыртқы сауда қызметі тәртібіне қарсы қылмыстар. Контрабанда. Контрабанданың түсінігі. Контрабанданың нысандары. Контрабанданың заты. Қылмысты жасаудың әдістерінің сипаттамасы. Қылмыитың обьективтік және субьективтік жақтары. Қылмыстың аяқталу кезеңі. Контрабанданың сараланған және аса сараланған белгілері.

34 .Коммерциялық сатып алу. Кәсіпкерлік қызмет аясындағы сыйақының заңсыздығының түсінігі және құқықтық сипаттамасы. Коммерциялық сатып алу құрамының түрлері. Коммерциялық сатып алудың заты. Коммерциялық сатып алу – заңсыз берудің обьективтік жағы. Сатып алу немесе қызмет көрсету затын беруге байланысты әрекет. Беру негізі – қызмет жағдайына байланысты берушінің мүддесіне әрекет (әрекетсіздік) жасау. Субьективтік жақ. Сараланған белгілер. Коммерциялық сатып алудың затын заңсыз алудың обьективтік жағы. Алудың әдістері. Қылмыстың субьективтік жағы. Қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.

35 .Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Террористік акт. Обьективтік жағы. Қоғамға қауіптілік белгісі. Сараланған белгілері. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы негізі. Террористік қызметке көмек көрсету. Қылмысты жасауға көндіру, тартудың түсінігі. Терроризмді қаржыландыру. Қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары.

36. Есірткі заттар, жүйкеге әсер ететін заттар, уытты умен заңсыз әрекеттерді құрайтын халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды, уытты уды заңсыз алу, сақтау, тасымалдау, дайындау, өңдеу. Есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін заттардың айналымы ережелерін бұзу. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттардыұрлау немесе қорқытып алу.

37. Экологиялық қылмыстардың түсінігі және белгілері: экологиялық, құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік. экологиялық қылмыстардың түрлері және олардың ҚР ҚК басқа тарауларында орналасқан, қол сұғушылықтың қосымша обьектісімен (қоршаған орта, азаматтардың экологиялық құқығы, табиғат обьектілері) көрсетілген қылмыстармен ара қатынасы. Қылмыстың затының ерекшеліктері – қоршаған орта және оның элементтері, қауіпті заттар, қалдық және т.б.

38. Қозғалыс қауіпсіздігі және көлікті пайдалану ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар. Қозғалыс қауіпсіздігі және теміржол, әуе және су көлігін пайдалану ережелерін бұзу. Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Халықаралық ұшу ережелерін бұзу. Обьект және обьективтік жағы. Субьективтік жағы.

39 .Пара алу. Пара беру. Параның заты. Пара алудың обьективтік заты. Пара затын алу бойынша әрекет (әрекетсіздік). Саралау белгілері. Пара берудің түсінігі. Делдал арқылы пара беру. Пара беруші үшін қылмыстың аяқталу уақыты. Ниеттің мазмұны. Пара берудің субьектісі. Пара бергені үшін қылмыстық жауаптылықтан босату.

40. Іс бойынша өндіріске қатысушы тұлғалардың өміріне, денсаулығына, ар – намысы мен адамгершілігіне қарсы қылмыстар. Әділсоттылықты немесе алдын ала тергеуді жүзее асырушы тұлғалардың өміріне қол сұғу. Әділсоттылықты немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырумен байланысты қоқан – лоққы немесе зорлық әрекеттер. Бұл қылмыс құрамдарының субьектісі және субьективтік жағы.

Есеп меню

41.Ресей мемлекет азаматы Радкеевич...

42.Пәкістан азаматы К.ҚР аумағында белгілі бір маң. Бар ғимаратты...

43. С.Шелпеков Алматы қаласының тұрғыны Н.-ды кепілге ала отырып, шарт ретінде 2млн доллар ақша талап етті. Нәтижесінде мемлекет тарапынан азамат Н.-ды босатуға байланысты қарсы талап негізінде Шелпеков Н.-ды өз еркімен босатып жіберді.

44. Бір топ жастар Астана қаласының...

45. Алматы қаласы Бостандық аудан прокуроры Абдралиев...

46.ҚР-ның құқық қорғау органдарының бірінде қызмет атқарып жүрген О. Есімді азамат....

47 есеп Қазақстанға қызметі азаматтарға зорлық... 48. Жас студенттер атты қоғамдық бірлестік Алматы қаласының.....

49. Өзбекстан азаматы ҚР......

50. КБТ университетінің бір топ студеннтері террористік мақсатты...

51. Көшеде кетіп бара жатқан......

52. 18 жасқа толған Қуанышқа.....

53. Марат деген азамат Алматы қаласындағы....

54.Көше төбелесі кезінде Криворучка .....

55. Әскери құпия обьектіні фотосуретке....

56. Қазақстан кемесі шетел мемлекетінің....

57.Алматы – Анкара рейсі жолаушылар....

58. Шетел азаматы жасанды ақша жасағаны....

59. 14 жасар Петров көшеден атылмаған.....

60. Николаев кешкі мезгілде көшеден бір әйелді...

41.Ресей мемлекет азаматы Радкеевич...

Тікелей объектісі- ҚР-ның басқару тәртібі, Мемлекеттік рәміздердің беделі.Қ-ң заты- ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері-Ту, Елтаңба, Әнұран.Қ-ң объективтә жағы- ҚР-ң Мемлекеттік Рәміздерін, яғни Туды, Әнұран, Елтаңбаны қорлау арқылы сипатталады.Қорлау-Мемлекеттік Тулы, Мемлекеттік Елтаңбаны жария түрде жұлып тастау, өртеу, таптау, жою және бүлдіру, оларға әдепсіз сөздер айтып, суреттер салып сайқымазақ ету сияқты әрекеттер жатады. Мемлекеттік әнұранды қорлауға оның мәтініндегі сөздерді бұрмалап келемеж ету, Әнұранның мазмұнын көрінеу бұрмалау, оны қорлайтын жаман сөздер қосып айту сияқты әрекеттер жатады. Қылмыстық әрекеттер жария түрде жүзеге асырылады. Қылмыс формальді құрамға жатады. Ол заңда көрсетілген заттарды қорлау әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған болып табылады. Қылмыс субъективті жағынан алғында тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлә адам мемлекеттік рәміздерді қорлайтынын сезеді және соны істеуді тілейді. Қылмыстың субъектісі болып- 16-ға толған адам болып табылады. ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін Ресей азаматы Радкеевич ҚР-ның ҚК-ң 317-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс үшін қолданылатын жаза-200-1000 а.е.к. дейінгі мөлшерде н/е сотталған адамның 2-10 айға дейінгі кезеңдегі жалақасының немесе өзге табыс мөлшерінен айыппұл төлеу, не екі жылға дейінгі мөлшерде бас бостандығын шектеу, не 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға болады.

42.Пәкістан азаматы к.Қр аумағында белгілі бір маң. Бар ғимаратты...

Пәкістан азаматы К. ҚР Қылмыстық Кодексінің 233 бабы бойынша айып тағуға болады және оның жасаған әрекетінде қылымыстың мынадай белгілері кездеседі: қоғамға қауіптілік, заңға қайшылық, кінәлілік.

Қылмыстың объектісі қоғамдық қауіпісіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен қатар азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік емес сезім мүдделері.

Обьективті жағы жарылыс жасау, өрт қою, не өзге де іс – әрекеттер жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Заңда көрсетілген қылмыс зардабы орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады. Қылмыс құрамы формальды құрам. Субьективті жағы тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субьектісі 14-ке толған есі дұрыс кез келген адам. Жоғарыда аталған қорқыту мақсатында жасалған іс-әрекеттер 4 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жазаны ауырлататын мән жайлар: қылмыстың бірнеше рет қайталануы, екі немесе оданда көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасаумен өрт қою арқылы құрылыстар мен ғимараттарды жою, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су көлігіне жылжымалы темір жол құрамын сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өміріне қол сұғу.

43. С.Шелпеков Алматы қаласының тұрғыны Н.-ды кепілге ала отырып, шарт ретінде 2млн доллар ақша талап етті. Нәтижесінде мемлекет тарапынан азамат Н.-ды босатуға байланысты қарсы талап негізінде Шелпеков Н.-ды өз еркімен босатып жіберді.

Бұл қылмыс бойынша адамды кепілге алу қылмыс болып табылады.

Қылмыстың тікелей объектісі – кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективті жағынана адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау ретінде көрініс табады.

Кепілге алу – кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бас бостандығынан айырып, қолға түсіру б.т.

Кепілдік ретінде ұстау – адамды үз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдлану арқылы айырып, бас бостандығынан айыру.

Қылмыс құрамы- формальдық. Қылмыс адамды бас бостандығынан айырылғаннан бастап аяқталған деп саналады. Субъективті жағынан тікелей қасақанылықпен жасалды. Кінәлі адам адамды заңсыз кепілге алғанын біледі, сезеді және соны тілеп әрекет істейді.

Қылмыстың субъектісі 14ке толған кез келген есі дұрыс адам.

Бұл жерде Шелпеков Н.-ды өз еркімен босатты. Кепілге алынған адамды өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адам, егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.