
- •Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)
- •17. Көне түріктердің шығу тарихы (деректерді талдау, тарихнамасы, қалыптасуы мен даму тарихы).
- •21. Түркі халықтарының түп тамыры және мәдениеті, тарихы-жекелеген деректерді талдай отырып ерекшелігін ашып көрсету.
- •Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)
- •33. Егемендік алған түркі мемлекеттерінің даму жолы, экономикалық дағдарысы, нарықтық даму жолына сипаттама беріңіз.
- •49. Хазар қағанатында сауданың орнын анықтаңыз.
49. Хазар қағанатында сауданың орнын анықтаңыз.
Х— ортағасырлық түркі тілді халық.Еңбертер-С.А. Плетнева. Хазары, Заходер Б. Н. Каспийский свод сведений о Восточной Европе,Кёстлер А. Тринадцатое колено: Крушение империи хазар и её наследие Л. Н. Гумилёва о Хазарии, Владимир Петрухин, Хазары: между Русью и иудеями Комментарий о хазарах В. Ф. Минорского по сообщениям арабских авторов,Артаманов –История Хазар,Петр Голден-Орижин оф зэ Хазарэс. Хазарлардың саудасы туралы негізгі еңбек ол-Вернандскийдің-«Древняя Русь» . Хазарлар үшін IX—Xғғ сауданың орны ерекше болды. VIIIғ 2-жарт- IX ғ басында халықаралық сауданың қайнар уақыты болды.Негізгі рольді атқарғандар еврейлік саудагерлер — рахдониттер болды. Хазарлардың экономикасы Европалық мемл жүрг сауда арқылы дамыды. Хазарлар Дунай, төменгі Еділ бойымен Қара теңіздің солтүстік жағалауы дейінгі сауда жерлерін қадағалап отырды. Орталық Еділ мен Оки жерлеріндегі сауда жолдары Хазар қағанатына қарасты еді. Закавказье,Каспий,Алдыңғы және Орталық Азия мемл-не хазар сауда жерлерін баспай өту мүмкін емес еді. Қағанатта транзиттік сауда жүргізілді-олар Русь пен Болгариядар товар алып,оларды Карпий теңізі арқ жіберіп отырған.Ең бағалы товарлар Грециядан,Кавказдан әкелінген.Товар сақтайтын жері Итильдің бір бөлігі-Хазеран болған. Сауда орталығы болып-Итильдің өзі болды. Сауданың дамуына қарамастан зазарлар көшпелі өмірін жалғастырды,және негізгі халықаралық саудамен иудейлер мен мұсылмандық қоғамдар айналысты. Хазарлар тон мен құл сатумен әйгілі болды. Өздері сыртқа шығ экспортты-ол қой болды. Жалпы Хазарлар туралы айтатын болсақ,х ронология-650-969 жж. Мамандардың есептеуінше Шығыс Еуропада 4 ғ-да ғұн шапқыншылығынан кейін пайда болған. 6 ғ-дың 60-жылдары Батыс Түрік қағандығына бағынды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін Солт. Кавказ бен Қара т. жағалауында 7 ғ-дың орт қарай Хазар қағандығын құрды.Астанасы-Семендер,сосын Итиль . Хазарлар 10 ғ-дан бастап өз ішінде жікшілдікке ұшырап, әлсіреп кетті. Осыны пайдаланған көршілес Киев Русі мен басқа да түркі тілдес ұлыстар оғыз, печенег, т.б. тарапынан шапқыншылыққа ұшырап, 10 ғ-дың соңына қарай, тарих сахнасынан мүлдем жойылды. Сауда саттығына оралатын болсақ, хазарлармен сауда жолында Русь князьдігі қақтығысқа шығады. 969ж Итильдің күйреуінен ,хазарлар сауда жолдардағы үстемдігін жоғалтты,оған қоса өз жерінен айрылды. Ширваншах Мухаммед ибн Ахмед ал-Яздинің русстермен жүргізілген келісімдер арқылы, хазардар өз жерәне орналды,Итиль қайтадан қалпына келтірілді,бірақ жаңадан – Саксин деп аталды. Хазарлар Русьтердің құрамына кіріп кетеді-және біраз бойы Хазарлық русь деген атқа ие болып, олармен жақсы қарым қатынаста болады. оны біз кейбір араб деректерінен көреміз, Мысалы, ал-Гарнати- Саксин хазарлары жазда шатрларда тұрса, қыста ағаш үйлерде тұрады. Хазар қағанаты толығымен құлағаннан кйін,,оның орнына Таматарха князьдігі орнайды
50 |
Хазарлардың Византиямен, Киев Русімен қарым-қатынастарын көрсетіңіз. |
. Хазар қағанаты – Батыс түрік қағанатының ыдырауынан кейінгі төменгі Еділ бойы мен Солт.Кавказдың шығыс бөлігінде 7ғ.ортасында құрылған алғ.феодалдық мем.Хазар елі тікелей екі халифатпен,олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен шекаралас болды.Русьтардың Еділбассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славиян әлеміне шабуылдап өткен еді.9ғ.Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аймақта Русьтар құрған мем. Болды. Русьтар 910-915ж. Камадия Каспи теңізіне ,Хазарға Святослав шапқыншылықтарын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені тарихтан мәлім.Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943-944ж.жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказмұсылмандарының бас қаласы - Бердьев,сондай-ақ хазарлар тұрған жерлер тонауға түсіп,қираған.Святославтың 3 жорығы 965ж. Хазар қағанатына қарсы бағытталды.Бұдан соң біррнеше жылдар бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жермен орыстардың қол астында болды.Бірақ көп уақыт өтпей орыстар өздері жаулап алған жерді тастап кетедіде,Хазар қағанаты қайта қалпына келеді.Русьтар үшін бұл кетіс сәтті болады,өйтпегенде орыстар мұсылман әлеміне еріксіз тап болар еді.Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святослав тың басқа жердегі әрекеттеріне назар аудару керек.Оның нормандарға жәнеБат.Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипат алады.Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.964-965ж.Святосав Еділге қарсы жорық жасап,Хазар қағандығын талқанддайды.
|
|
51 |
Қимақтардың шығу тeri мен орналасу аймағын анықтаңыз. |
Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдыңсолтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Аралжағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз жәнеЕнисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар.Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған.
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ- тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады
52. Қьпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтiк және ру-тайпалық құрылысын көрсетіңіз.
Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді
Қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланысты этникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне қарай XI ғасырдын 2-ширегінің басында «Оғыздар даласы» (Мафазат әл-гузз) деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) деген атау пайда болды. Маңғыстауды, сондай- ақ оған жапсарлас жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтар Хорезмнің солтүстік шегіне жақындап келді. Сол арқылы қыпшақтардың саяси ықпалы едәуір кеңейді. XI ғасырдың ортасында құмандардың негізгі бұқарасы мен билеуші токсоба және бұржоғлы руларының қол астындағы қыпшақ тайпаларының үлкен топтары оңтүстік орыс және Қара теніз өңірі далалары мен Византияшекараларына дейін қоныс аударды. Осы оқиғалардың нәтижесінде қыпшақ тайпаларының жері этноаумақтық екі бірлестікке: Еділ өзені бөліп жатқан Шығыс қыпшақ және Батыс қыпшақ бірлестіктеріне бөлінді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ ұлысы ханының билігінде болды.
Қыпшақ хандығының саяси негіздері қыпшақ және қуман тайпаларының едәуір топтарьшың Шығыс Дешті Қыпшақға орталықтан аулақтау ниеттерімен жасаған қоныс аударуынан кейін XI ғасырдың орта шенінде едәуір нығайды. XI ғасырдың екінші жартысынан XII ғасырдың бірінші үштен біріне дейін қыпшақ хандарының саяси бірлігінде де біршама тұрақтылық байқалады, солардың ішінен деректемелерде ен елеулі екі билеуші — «құдіретті» билеуші және «ең үлкен құрметке ие патша» бөліп айтылады. Бұл айтылғандар қыпшақтардың этно- әлеуметтік қауымында ерекше ықпалы бар билік иелері жоғарғы хандар болған деп санауға мүмкіндік береді.
Қыпшақ хандарының билігі әкесінен баласына мұраға қалып отырған. Елбөрілі әулеттік ру саналған, хандар солардан шыққан. Тарихшы Джузд- жани (1260 жылдан кейін қайтыс болған) қыпшақ ханынын әлеуметтік руы туралы мынадай құнды мәліметтер келтіреді: жас кезінде Қазақстан аумағы- нан Үндістанға монғолдардан қашып барған «(ұлы) ханның асқан ұлы ұлығы», Дели сұлтанатында ол «Елбөрі ханы және имектердің шахы» ретінде белгілі болды. «Ұлық-ханның әкесі де, — деп жазады одан әрі Джузджани, — Елбөрі тайпасының арасында күшті кісі болған және хан атағымен аталған», ал оның атасы Елбөрі Абар-ханның ұрпағы саналады. Демек, Абар-хан қыпшақтардың әулеттік елбөрі (елбөрілі) руының генеалогиялық негізін қалаушыдан басқа ешкім де емес.
Осыған байланысты Махмұд Қашғаридың қыпшақтар арасындагы Табар-хан есімді тұлға туралы мәліметі назар аудартады. Алайда ол Табар-хан жөнінде ешқандай қосымша мәліметтер келтірмейді. Ал барлық жағынан алып қарағанда, Табар-хан мен Абар-хан бірақ адам. Осыны негізге ала отырып, Табар-хан (немесе Абар-хан) XI—XIII ғасырдың басындағы Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болған деуге болады.
Орда деп аталған хан ордасында ханнын мал-мүлкі мен хан армиясын басқарған ханның басқару аппараты орналасты. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандары ертедегі түріктердің дәстүрлерін ұстанып, екі қанатқа: ордасы Жайық өзенінде, Сарайшық қаласы орнында орналасуы ықтимал оң қанатқа және ордасы Сығанақ каласында (Сырдарияда) орналасқан сол қанатқа бәлінді. Неғұрлым күштісі он қанат болды. Дұрысына келгенде, хандықтың орталығы Торғай далаларында болса керек. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйелеріне ерекше мән берілді, өйткені олар кешпелі тұрмыстың ерекшелігін көрсетті және көшпелі тіршілік әдісі үшін ең табиғи және қолайлы болды. Үстемдік еткен ақсүйек топтарының қатаң иерархиялық жүйесі (хандар, тархандар, югурлар, басқақтар, бектер, байлар) айқын көрсетілді, сонымен қатар рулар мен тайпалар да өздерінің әлеуметтік маңызы жағынан бөлінді. Орталық Азияның көшпелі мемлекеттерінде рулар мен тайпалардың қатаң иерархиясы қоғамдык және мемлекеттік дамудың негізгі принцип болды.
Қыпшақ хандығында мемлекеттік істер жүргізіліп, ақсүйектер көршілес және алыстағы елдердің билеушілерімен хат жазысып отырды. Жазба деректерде қытай, үнді, ұйғыр ғұламалары мен данышпандары қатарында, қыпшақтан шыққан оқымыстылар да аталады. Қыпшақтардың мұсылман дініне тартылуы олардың мәдени-әлеуметтік дамуының жоғары деңгейін көрсетеді.
XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақтақыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.
Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды..
53. Түрік селжұқтар. Еуропа мен Азияның қатар қоныстанып жұрген жерге көшпелі қауымның бір бөлігін құраған түрік-селжұқ сұлтанының қалыптасуы, отырықшы мәдениетпен етене араласуы және оларды өз үрдісімен байыта отырып жан-жақты дамуы кейіннен үлкен империяға айналуы – еуропалықтардың Американы ашуымен пар-пар. Бүгінгі тәуелсіздік жағдайында түркілік тұтастықты, үзілген байланысты қалпына келтіру жағдайындағы бірден –бір дамыған мемлекет – Түркия екендігі белгілі. Әлем халқының бір-біріне жақындасып түсінісуі жолында мемлекеттер арасында қарым-қатынас елеулі роль атқарады. Орта ғасырларда түркілену процесінің кең жайылуымен байланысты Селжұқ ұрпағының Шығыс Рим территориясында үлкен күш-қайрат жұмсау арқылы өз мемлекетең қалыптастыруы Еуропалық және орыстық көзқарас бойынша жаулап алушы есебінде тараса, мұсылман әлемі үшін олар өз тамырын кеңге жайған, Батыстан төнген қатерге өз бастарын тіккен жауынгер халық есебінде де көрінеді.
Гильом де Рубруктың шығысқа саяхаты кезінде Селжұқ сұлтаны Кей-Кубарты Кен –ханның сарайынан көргендегі жайында айтады.Түрік-селжұқтар қалыптасқан Византия империясының территориясы ғасырлар бойы Шығыс пен Батыстың көз алартушыларын өзіне тартқандығы белгілі. Бұған басты себеп Византияның территориялық жағдайы еді. Византия тұрған жер ежелден Шығыс пен Батысты жалғастырып тұрған «Алтын көпір» болатын. Селжұқ әулеті (1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы ата мекені Оңтүстік-батыс Қазақстан аймағы мен Сырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пен Қаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғыз тайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияның төменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж. Зарафшан мен Нұрата тауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды Тоғрылбек (1038 — 63) пен Шағрыбек (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алп-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах (1072 — 92), Санжар (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды.
54. Жошы, Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейін құрылған түрік халықтары мен мемлекеттерін атап, сипаттама беріңіз. Жошы ұлысының орнына кұрылған мемлекеттер: Алтын Орда мен Ақ Орда. Алтын Орда — Басындамоңғол — кейінірек түркіленген— 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейінМоңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады. 1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен,Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница жәнеМухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей ханқайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венанытастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды. 1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды.Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. 15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастыңәскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқастаталқандаған Едіге билікті қолға түсіріп,Ноғай Ордасын құрды. 1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарғабөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы,Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады. Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді. Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басындаҚырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығыжалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаныоны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді. Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел. 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер,қарлұқтар. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды.Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кездеМаңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
Шағатай ұлысының орнына құрылған мемлекеттер: Моғолстан мен Темір мемлекеті.
Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады. 14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді. Әмір Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Ә. Т-дің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемл. (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Ә. Т. 1370 — 90 ж.Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Ә. Т-дің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Ә. Т. мемл-нің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Ә. Т-дің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Ә. Т. Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид Қ) тұтқындады. Ә.Т-дің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя —Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Ә. Т. 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Ә. Т-дің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Ә. Т. өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемл. ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Ә. Т. есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Ә.Т-дің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Ә. Т. қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Ә. Т-дің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.
55 |
Еділ-Жайық бойы және Солтүстік Кавказ бен Сібірдегі түркілер және олардың Ресеймен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз. |
Еділ-Бұлғарлардың қоныстануы және Русьпен қарым-қатынасы. 9 – 10 ғ-ларда бұлғарлардың бір бөлігі Еділ өз-нің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15 ғ-дың 1-жартысында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. Орыс патшалығының 1545 – 52 жылдардағы басқыншылығынан кейін Қазан хандығы Ресейге бағынды. 1708 ж. Қазан губ-сы құрылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты Татарстан халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты қарқын алды. Халықтың сана-сезімін ояту бағытында татар зиялылары ағартушылық бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылардың атқарған қызметі өзіндік маңызға ие болды. Қазан қ-ндағы “Мухаммадия” медресесі Ресейдегі түркі-мұсылман жұртшылығы арасындағы ең танымал оқу орнына айналды. 19 ғ-да Қазанда баспа ісі дамып, татар, башқұрт және қазақ тілдеріндегі кітап шығару ісі қанат жайды. 20 ғ-дың бас кезінде Ресейде өрбіген азаттық қозғалысы барысында тек татар ғана емес, отарлық езгідегі барлық түркі-мұсылман халықтарының мүддесін қорғауға Ю.Акчурин, С.Мақсұдов, Ә.Ибрагимов секілді қайраткерлер белсенділік танытты. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Татарстан жерінде ұлттық-мәдени автономия құруға қадам жасалып, бұл құрылымның Миллет меджлиси (Ұлттық жиналыс) атты парламенті мен Милли идаре (Ұлттық басқарма) деген жоғары атқару органы құрылды. Алайда ұлттық-мәдени автономияның аяғынан нық тұруына кеңес өкіметінің орнығуы кедергі келтірді.