Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор)))) туркский мир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
234.97 Кб
Скачать

33. Егемендік алған түркі мемлекеттерінің даму жолы, экономикалық дағдарысы, нарықтық даму жолына сипаттама беріңіз.

Түркия Республикасы- Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан. 2001 ж Турция экономикалық дағдарысқа ұшырайды. Ұлттық өнім бағалары 9,5% қысқарды,2002 ж экономика дәрежесі 7,1% өсті, және сонымен жыл сайын проц көрсеткіш өсіп тұрды- в 2003 г. – 5,9%, в 2004 г. – 9,9%, в 2005 г. 5% вместо ожидаемых 7%. Жалпы түркияның валютасы-түрік лирасы, халықаралық организациялары ВТО,ОЭСР,Экономикалық активті тұрғындар-25,27 млн, жұмыссыдардың дәрежесі 8,8%

Инфлянция-8,5%, негізгі өнімдер(отрасль)-тоқыма, хром,көмір,мыс өндіру, Экспорт бойынша әріптестері- Германия 11,3 %, Великобритания 8 %, Италия 7,9 %, США 6 %, Франция 5,4 %, Испания 4,4 %,импорт бойынша әріптестері- Россия 12,8 %, Германия 10,6 %, Китай 6,9 %, Италия 6,2 %, Франция 5,2 %, США 4,5 %, Иран 4 %, Қазақстан Республикасы — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.2013 жылдың ортасына елдегі тұрғындар саны - 17 010 000 адам [5], бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²). Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге. 1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —    1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да қүжаттар қабылданды“Қазақстан — 2030” багдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздіц басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Өзбекстан Республикасы- Орталық Азияда орналасқан мемлекет.Жер аумағы – 442,4 мың км2.Халқы – 24,6 миллион .Ақша бірлігі – сум. Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет. Өз тәуелсіздігін 1991 ж 31 тамыз алды. Экономикасы туралы айтсақ, 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты. 1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады. 1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді. Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Тәжікстан Республикасы Орталық Азиядағы мемлекет. Жер аумағы – 143,1 мың км2. Халқы – 6,579 миллион .Ақша бірлігі – сомони. Тәуелсіздігін 1991 ж 9-қыркүйекте алды.Электр энергетика өндірісі – Тәжікстан индустриясының басты салаларының бірі. Электр энергиясы негізінен Ресейге, Түрікменстанға және Иранға шығарылады. 2002 жылы Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы 1 млрд. 73,6 миллион долларды құрады. Тәжікстан экспортының 55%-ын алюминий құрайды. 2002 жылы 226,2 мың т алюминий сыртқа жөнелтілді. Тәжікстан тау-кен өндірісінің негізгі өнімдері – қорғасын-мырыш, сүрме-сынап, вольфрам-молибден, висмут кендері, алтын және флюорит. Машина жасау және металл өңдеу кәсіпорындары тоқыма станоктарын, ауыл шаруашылық машиналарын, тоңазытқыш, электртехникалық қондырғылар, трактор бөлшектерін, т.б. шығарады. Химия өнеркәсібінен минералдық тыңайтқыштар өндірісі дамыған. Құрылыс материалдары өндірісінен цемент-шифер комбинаты, темір-бетон және бетон конструкциялары зауыттары, гипс, алебастр, әктас зауыттар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында мақта егуге ерекше көңіл бөлінген. Мақта экспорты сыртқы айналымның 14,1%-ын құрайды. Егістік алқаптың 64,5 мың га жеріне жеміс-жидек, 21 мың га жерге жүзім отырғызылған.

Түрікменстан — жер көлемі 488,1 мың км² алып жатқан Орталық Азиядағы мемлекет. Тәуелсіздігін 1991 ж 27 қазан.Экономиканың барлық саласында мемлекет үстемдік етіп отыр.Мұнда Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрі де бар. Жерінің 80 % мұнай мен газ бар. Осы уақытқа дейін олардан 144 кен орны табылған.Газдың болжамды қоры 21-23 трлн м³, ал мұнайдікі 12 млрд тоннаға жуық делінеді.Жоғары технологияға негізделген ондай кәсіпорындар саны қазір 63-ке жеткен. Жыл сайын бұл елде 158 млн м² мақта-мата бұйымдары мен 82 мың тонна жіп иіріледі. Осы өнімдерін Түркіменстан әлемнің жоғары дамыған 30-дан артық еліне шығарып тұрады. 2006 ж. екі елдің арасындағы тауар айналымы $153,3 млн көлеміне жетті. Бұл 2005 ж. салыстырғанда 2,2 есе артық. Соның ішінде экспорт $20,7 млн, ал импорт $132,6 млн құрады.

34) Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті.

Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б.з.д. II ғасырдан басталып, б.з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.

Ғүндар Еділден өтіп, алдарына сармат-аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азияльщ ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Олар Доннан Дунайға дейінгі ежелгі готтарды Дунайдың арғы жағына ығыстырды. Кейін готтар (герман тайпалары), остготтар (шығыс готтар) да ғұндармен одақтасуға мәжбүр болды. Ғұндар Керчь бұғазы арқылы өтіп, Босфор патшалығын талқандады. Бүкіл Қара теңіз жағалауынан Днестрге дейін аралық ғұндардың қол астына көшті.

376 жылы ғұндар Рим империясы шекарасына тақап келді. V ғасырдың 30-жылдарында ғұн басшысы Румыния және Венгр жерінде мемлекет басына келгеннен бастап мемлекет күшейіп, әлемге әйгілі болды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін кұрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті.

Рим империясы әскерлері мен 250 мың Аттила әскерлері арасында Шалон қаласы түбінде шайқас болды. Ол Рим империясының кейбір аудандарын басып алды. VI ғасырда Еуропада Аттила бейнесі кескінделген алтын, күміс ақшалар шығарылған.

Батыс готтар ғұндармен бірігіп Ежелгі Рим империясына үлкен қауіп төндірді. Сонымен қатар тайпалардың антропологиялық түс-келбетінің өзгеруіне әсер ете отырып, түркі тілінің таралуына ықпал жасады. Түркі тілінің жергілікті диалектісі қалыптасты

Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.

Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . Бұл қоныс аудару Қазақстанға өзінің үлкен әсерін тигізді. Ол, біріншіден, жергілікті сақ, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай жылжуына немесе орын ауыстыруына әсер етсе, екіншіден, ол тайпалардың антропологиялық жағының өзгеруіне әсерін тигізген, үшіншіден, түркі тілінің таралуына және оның жергілікті диалект болып орнығып нығаюын күшейтеді. Соңғы екі жағдай б.з. V ғ. Қазақстанға түркі тайпаларының жаппай келе бастауы тереңдей түсті

35

451 жылғы Каталаун даласындағы халықатарың қақтығысына түсініктеме беріңіз.

Каталаун шайқасы —451 ж.маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзбж.) КаннНаполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады.

451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскерТрирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды.Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франция) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар менЕділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды.Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет».Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi.Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын.Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды.Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi.

Тюрингия арқылы Еділ әскерiменПаннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды».

Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды.

Шайқастың нәтижесін қай жағынан қарасақ та, бұл «халықтар шайқасы» Батыс Еуропадағы 5 ғасырдың ең ірі және шығыны ең көп болған қантөгісті ұрыстардың бірі болып табылады.

Йорданның анықтамасы бойынша шайқаста 165 мыңнан астам екі жақ әскерден де адам шығыны шықты. Ал Идацидің айтуы бойынша тіпті 300 мың адам шығыны болды деп жазады. Атилла толығымен жеңілген доқ, бірақ Галлияға қайтуға мәжбүр болды. Келесі 452 жылы ол Солтүстік Италияға шабуыл жасап, Аквилея қаласын басып алып, Миланды құлатады. Бірақ сол жылдары болған індет ауруы мен Византия әскерінің келуі Атилланы Италияны қалдырып кетуіне мәжбүр болады. Бүкіл Еуропа Атилла әскеріне қорқынышпен қарап, оны «құдай қахары» деп санады. Ал Каталаун шайқасы ортағасырлық шығармаларда өркениетті әлемнің варварлық әлемді ығыстырып шыққан ерекше оқиға деп сипатталды.

36

36

Оңтүстiк-Шығыс Еуропадағы түpкi халықтарының құрылуындағы ғұндардың рөлiн анықтаңыз.  

Ғұн, Авар, Хазар қағанаттары да өз заманында орта азияда өмір сүріп, тіршілік етіп Европа елдеріне солтүстік пен шығыс ж.е батысқа дейін шапқыншылық жорықтар ұйымдастырған үлкен держава болды. Олардың өмір сүрген кезеңдері Ғұндар б.з.д.ІІ-ІY ғғ., Аварлар YІ-ІХғғ, Хазарлар YІІ-ІХ ғғ.ғундар осы ғасырлар аралығында кавказ жерлерін мекендеген түркі тілдес тайпалар. Олар 2ғ. Орта азиядағы жергілікті угро-сармат тайпаларының жерін басып алып,б.э.2ғ.70 жж шығыс европа жерлерін жаулап алады. Олар волга мен рейн өзендерінің арасында үлкен мемлекеттілік құрды.ғұндардың орталығы кейінірек аварлар негізгі орталығы болған панноне өңірі болды. оларда феодалдық қатынастар көшпелі мал шаруашылығымен,әскери өнермен тікелей байланысты болды. негізсі саяси режимі әскери-аристократиялық жүйе болды. ел басын «тіңірқұты» д.ат. оған мемлекеттік бүкіл басқару аумағы мен басқару міндеті, соғыс болған жағдайда іскерге жетекш.ету, сыртқы саяси билік жүктелді. Мемлекеттің басқа да жоғарғы басшылығын сайлауды туыстық қатынас шешуші мінін сақтады. Олар тіңірқұтының ағайындары, жақын адамдары болды.Авар қағанаты мен ғұндардың тарихы өте байланысты себебі ғұндар аварлардың арғы атасы, хундардан аварлар шықты деген деректер бар. Олар да көшпенді халық болды. жоғарғы билік халық жиналысында таңдалып алынды. Оны «қаған» д.ат. қағанның сенімді өкілі тудун болды. ол қағанаттың бөлек аудандарында билік жүргізді. Оларда билікте иерархиялық билік жүрді. Одан кейін елде тархандар, содан тайпалар мен рулардың көсемдері елде билік жүргізді. Негізгі шар.көшп.мал шаруашылығы, іскери іс болды. Хазар қағ.түркі тілді шығыс дағыстандағы көшпелі халық. Олардың шығу тегіндегі ір түрлі көзқарастың бірі ғұндардың бұтағынан тараған дейді. Оларда елді басқару ісі ғұндар мен аварлардікіне өте ұқсас яғни мұра ретінде қалдырылып отыратын қағанат династиясы. Қағандықты биархей нем. Бек басқарды. Олар Хғ.бастап көшпелі мал шар.нан. жарт.көшп.мал шар.көшті.қысты күндері көшіп қонып жүрмей тұрақты мекендерде тұрды.Ғұн. Хазар, авар қағанаттары өз кезегінде бір аумақтан екінші аумаққа көшіп жүрген түркі тапалық бірлестіктері деп айтсақ қателеспейміз. Себебі олардың ілеум.саяси, шар, мідени, тұрмыстық, ікімш.басқару, ішкі діни ұстанымдары бір-біріне өте ұқсас жіне сол кездердегі түркілік дәстүрлер. .Симокатаның «Тарих»,Иордан «Гетика»,Г.Турский «История франков», «Тайная история»,А.Касядов,Ф.Кесаринский «Война с готами»,Ю.Эвеский «Тарих».Сонымен қатар ежелгі славиян жылнамалары,Сагалар «Бақсы заман жылнамалары»

37

Ерте орғасырлар кезеңіндегі түркі мемлекеттеріне сипаттама беріңіз.

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса күрделі бетбұрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрылды.Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмудәрияның жоғарғы ағысына дейін жетеді.  Қазақстан да осы қағандықтың құрамына кірді. Бұл мемлекет туралы жазба деректер  Түрік империясының өз тілінде VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бұл ескерткіштер түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі  Орхон өзені маңайынан табылғандықтан “Орхон-Енисей” жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер – VII-VIII ғасырлардағы түркі ру-тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының тұсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлыптастағы жазулар.

Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі.  Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кейде, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған.

Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін тұтқынға алып, өз армиясына қосып алды. 552 жылы көктемде  түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуандарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын құрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған  553 ж. қаза табады. Оның мұрагері  Мұқан-қаған (553-572жж.) билік құрған жылдарда  Түрік қағанаты  Орта Азияда саяси үстемдікке ие болды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып тұрды.

Бір тілде сөйлеген түркі халқының құрамында оғыз, қарлұқ, қырғыз, түргеш, ұйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астам ру-тайпалар біріккен.  Бұл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.Түріктер әуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерлерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ құрып, 587 ж. Бұхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді.Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы  Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Византия Боспорды қайта жаулап алады. 581-618 жылдары Солтүстік Қытайдың  қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж.  қағанаттың екіге - Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.Батыс түрік  қағанаттың астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы Мыңбұлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан  және Орта Азияның Самарқанд, Бұқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеуші, бүкіл жердің иесі болды. Жоғарғы лауазымдар – жабғы, шад және елтебер қаған әулетінен шыққандарға берілді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі еңбекші халық  – “қара бұдын” (қара халық) деп аталды. Жегуй қаған  (610-618 жж.) мен оның інісі -  Түн-жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін кеңейтеді. Батыс түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен өрістеді

38. Түркiлердiң пайда болуы туралы аңыздарға тоқталыңыз.  Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі.

39

Tүpiктep жужандардың (аварлар) қол астында, Tүpiк тайпалық одағының нығаюы, Оғыздарды бағындыру мәселелеріне сипаттама беріңіз.

Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды.Сонымен, түркі тілдес тайпаларының ішіннен шыққан теле тайпа Жетісуда мемлекетінің негізін құрып, көрші мекендерді өзіне бағындыру үшін саясат жүргізеді.1 мыңжылдықта Евразияның аймағында этникалық өзгерістер болады. Түркі тілдес тайпалар басымдық алды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Оның мұрагері - Қара-Ыстық-хан - билігі бір жылға толмай, қайтыс болады. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға Солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

40

Мұған-қағанның билiгi тұсындағы жағдайға сипаттама беріңіз.

МҰҚАН ҚАҒАН (554 572)– Түрік қағанатының дәуірлеу кезеңі болды. Қағанаттың шекарасы шығысында Ляюдуннан, оңтүстігінде Моңғол құмынан Бйкал көліне дейінгі жерді алып жатты.  Мұқан қаған билігі кезінде аварларды, енисей қырғыздарын, қидандарды, қытайдың Ци мен Чжоу мемелекеттерін бағынышты етіп қойды. Тек Чжоу мемлекеті ғана түрік қағанына жыл сайын 100 мың топ торған торқа төлеп тұрған . Осы кезде атты әскердің саны 100 мыңға жетті,. Мұқан қағанның бастапқы билік жүргізу кезінде басты бәсекелесі-авар лар болды, Мұқан өз кезегінле аварларды куйрете жеңіп, авалардың көп бөлігі Корея, Солтүстік Қытай, кейбіреулері батысқа қоныс аударды. Өз құрамына біренше тайпаларды қосып, Еділ бойында, Азов, Солтұстік Кавказ жерлеріне қоныстанып, Византиямен іргелес болып, Дунай маңында өз мемлекетін құрды.

Мұқан қаған сонымен қатар Оңтүстік сібір, оңтүстік-батысында Маньжурияны басып алды. Түрікерге ең ұтымды болған шайқас – батысқа бағытталған шайқас болды.552-554 жылдары түріктер Батыс идті, басып алады. 563-567 жылдары орта Азия эфталиттерін басып алды. Отырықшы аудандардың байлығын иемдену – түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы арғы саясатының негізі болды. Өзінің әскерінің орасан зор да икемді құрамына қарамастан, түріктерге одақтас керек болды. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін тиімді болды. Эфталиттерге васалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазы бар теңгелер көрсетеді. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хусрау I Анушерван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы толық иемденеді, эфталиттер әлсірей бастайды.  563-567жж. эфталит патшалыпын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан.

Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Түркі мемлекетінің басында – қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) – «ягбу» титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) – Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген – бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы – оғыз деп аталатын.

41. Түрiктердің Қазақстанды, Орталық Азияны, Солтүстік Кавказды жаулап алуын қарастырыңыз Бичурин Н. Я., Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена, Кляшторный С. Г., Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии, Гумилев Л. Н., Древние тюрки-еңбектерінде түріктердің Қазақстанды,Орт Аз,Кавк жаулап алуы қарастыр. Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар эфт-ға вассалдық тәуелді болған болған сасанилік Иранмен әскери одақ құрады.Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті. Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде Иранға қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға) шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576 жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Естеми өлгеннен кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. 604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар. Батыс қағанатының орталығы -Жетісу жеріндегі Суяб қаласы болды .Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ өңірі мен Терістік Кавказ далаларына дейінгі жер Қағанат қарауына көшеді. Түркі мемлекетінің басында – қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) – «ягбу» титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) – Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген – бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы – оғыз деп аталатын. Қағанның жазғы ордасы Мын бұлақ (Түркістан каласына жақын) деген жерде болған. 610-618 жж. Жегуй қағанмен оның інісі Тунжабғы қаған /618-630 жж./ билеген кезде қағанаттың күш қуаты таси түседі. Тохарстанмен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік батысына дейін жылжытып кеңейтеді.  Мұндай кең - байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түнжабғы елде саяси-басқару реформаларын жүргізген. Кейбір аймақтарды өз қолында үстау үшін мүмкін болған айла-тәсілдерді пайдаланған. Мәселен, Орта Азиядағы ірі қала Самарқандты қарауында ұстау үшін қаған оның билеушісіне өзінің қызын әйелдікке берген. Шығыс Түркістан мен Орта Азия елкелеріндегі билеушілеріне шад деген атақтар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Түрік қағанаты әлеуметтік түрғыдан алғанда, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, екінші жағынан, оларға бағынышты, тәуелді тайпалар болып екіге бөлінді. Бағынышты тайпалар алым-салық төлеп тұрған. Қағанаттың басында жоғары билеуші, әскер басшысы, барлық жердің иесі қаған болған. Елдегі барлық билік оның туыстары арқылы жүргізілді. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар - жабғы, ұлық, шад  және елтебер-қаған әулетіне ғана тән атақ-түғын. Сот қызметін бүйрық берушілер, тархандар жургізді. Қағанаттың негізгі халқы малшы қауым мүшелері, оларды «қара буын», («қара халық», «тобыр») деп атаған

42

42) Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).

Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған. Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».

Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.

Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.

Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.

Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.

43. Мемлекеттік бірдестіктердің пайда болуы, Ұлы булгария,Хазар қағанаты, Он-оқ будун Ұлы Бұлғария — Батыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін 7 ғ-дың 1-жартысында Азов (Азау) т-нің маңы мен Батыс Кавказда құрылған бұлғарлар тайпасының мемлекеті. Негізін Кубрат (Құбырат) хан қалады. Ол Византияменодақтасып, аварларға қарсы күрес жүргізді. Соның нәтижесінде Қара т-дің солт. және шығыс жағалауын жаулап алып, Фанагория қ-н Ұлы Бұлғарияның астанасы етті. Кубрат 640 жылға дейін билік жүргізіп, батыл қолбасшы ретінде танылды.

Ұлы Бұлғарияда қолөнер мен сауданың дамуына кең мүмкіндіктер жасалды. Кубраттан кейін оның ұлы Ботбай билік жүргізді. Хазарлар мен аландар бірлесіп, Ботбай билік еткен кезеңде Ұлы Бұлғарияға шабуылды үдете түсті. Осындай шабуылдардан әлсіреген Ұлы Бұлғария хазарлар билігін мойындауға мәжбүр болды. Осыдан соң Аспарух бастаған бұлғарлардың бір тобы Дунай бойына көшіп, онда Болгария мемлекетінің негізін қалады. Бұлғарлардың екінші тобы Еділ бойына көшіп, онда Еділ Бұлғариясы атты мемл. құрды.

Он оқ бодун (бодун – халық, қауым, тайпа) – Батыс Түрік қағанатындағы негізгі этникалық-саяси ұйытқы – «ән-тайпаның көне түрік тіліндегі аталуы. Он оқ бодунға бес-бес тайпадан тұратын дулу және нушиби одақтары енген. Олардың жері – «ежелгі усун жерінде», яғни Қаратаудың шығысынан Жоңғарияға дейінгі аймақта орналасты. Он оқ бодунның құрамындағы дулулар мен нушибилердің шекаралары Шу өзенінде болды. Шу өзенінен шығысқа қарай алып жатқан қағанат иелігінде дулулар, ал Шудан батысқа қарайғы аймақтарда нушибилер мекендеді. Он оқ бодун атауының шығу тарихы мынадай: 7 ғасырда басына дейін Түрік қағанатында тақ және оны мұрагерлену мәселесі тек қана Ашина әулетінің еншісінде болып келді, ал Батыс Түрік қағанатында 7 ғасырда басынан бастап таққа Ашина әулетінің өкілдері тек дулу немесе нушиби тайпалық одақтарының қолдауымен ғана келе бастайды. Бұл Он оқ бодунның саяси беделін өсіреді. Батыс Түрік қағанатындағы билік үшін күрестер ашиналықтардың саяси-құқықтық ықпалын кемітіп, оларды Он оқ бодунға тәуелді етсе, керісінше Он оқ бодунның бектері мен көсемдерінің рөлін өсіреді. Олар Ышбар Төліс шадты (634 – 639) Батыс Түрік қағанатында реформа жасауға көндіреді. Реформа бойынша дулудың бес тайпасы мен нушибидың бес тайпасының әрқайсысына бір-бірден он бек тағайындалады және ол бектер Ашина әулетінен емес, жергілікті ру-тайпа көсемдері арасынан шығады. Ол бектердің әрқайсысы Ашина әулетінің шадымен, яғни текті ханзада (сұлтан) дәрежесімен теңестіріледі. Әрбір тағайындалған бекке биліктің символы ретінде бір-бір жебеден беріледі де, олардың тайпалары «Он оқ бодун» немесе «Он оқ тайпасы» деген атауға ие болады.

хазар қағанаты VІІ ғасырдың орта тұсында Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін  төменгі Еділ мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде пайда болған феодалдық мемлекеттік құрылым. VІІІ ғасырдың басына дейін хазарлардың астанасы  Дағыстан жеріндегі Семендер, одан кейін төменгі Еділдегі Итиль қаласы болады. VІІ ғасырда хазарлар Азау (Азов) төңірегіндегі болгарларды, Дағыстан шегіндегі савирларды бағындырған; ал Кавказ Албаниясы хазарларға салық төлеп тұрған. VІІІ ғасырда хазарлар Солтүстік Кавказды, Азау аймағын, Қырым жағалауларын және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі далалық және орманды жерлерін иемденген. 735 жылы Каспий жағынан басып кірген арабтар Хазар қағанатының әскерін қиратып жеңеді. Осыдан кейін қаған мен оның төңірегіндегілер мұсылман дінін қабылдайды.

Сегізінші ғасырда Хазар қағанаты мен Византия арасында тығыз қарым-қатынас орнауы христиандықтың таралуына қолайлы жағдай тудырды. Хазар қағанаты жерінде митрополия – діни орталық ашылып, жеті эпархия пайда болды. VІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасыр басында қағанаттың тізгінін ұстаған Обадия иудаизмді мемлекеттік дін деп жариялады.

Хазар қағанатының әлсіреуін көздеген Византия хазарларға қарсы айналасындағы көшпенділерді айдап салып отырды. Бірақ Хазар қағанатына ең үлкен қатер орыс мемлекетінен келді. 913-914 және  943-944 жылдарда орыс әскерлері Каспий жағалауындағы елдерді қырғынға ұшыратты. Х ғасырдың ақырында Хазар қағанаты өмір сүруін тоқтатты.

Көне заманда дүниені дүрліктіргендей болып көрініп, бас-аяғы үш ғасырдан сәл ғана артық өмір кешіп, тағдырдың тәлкегіне ұшырап ғайып болған Хазарияның мән-жайына қанықтыратын зерттеудің бірі – С.А.Плетневаның «Хазары» деген монографиясы. Бұл мемлекеттің шығу тарихын кеңінен сөз ете келіп, С.А.Плетнева «Хазар өздерін Түрік қағанатының тікелей мұрагері, өздерінің билеушісін қаған, мемлекетін қағанат деп атаған» дейді. Хазария қағанатының аз уақытта қыруар аймаққа билік жүргізіп, күшті мемлекет орнату сырын зерттеуші хазарлар құрамына оларға тілі жақын көптеген түркі тайпаларының бірігуінен деп түсіндіреді.

Алыс, жақын көршілерімен соғыста көбінесе жеңіске жетіп, «бағы» өрлей бастаған Хазарияны әлсірету, бірлігін бұзу үшін дұшпандарды түрлі әдіс-айла қолданудан іркілмеген. Олар Хазария мемлекетінің этностық жағынан құрандылығын, көпдінділігін, мемлекет билеу жүйесінің әлсіздігін пайдаланып, алуан арам әрекетке барған. Сондай тәсілдің бірі – Хазария мемлекетінің беделді адамдарын, әсіресе елді билеуші әулеттің өкілдерін кейде түрлі сый-сияпатпен алдарқатып, енді бірде құдандалы болу арқылы христиан не еврей дініне  кіргізудің өзі сырт күштердің асындай жүйелі, мақсатты, жат әрекеттерінің жемісі. Ол замандағы күшті империя – Византия да жауынгер көшпенді халықтардың арасына іріткі түсіріп отырған. Өзінің қарақан басының пайдасы үшін елінің дәстүрін, ғұрпын сатып кететін дүниеқоңыз жандарды іздеп, оларды бірте-бірте құрған торларына түсіру арқылы қарсыластарының шебін ыдырату христиан елдеріне мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілген еді.

Мемлекеті де, халқы да, тілі де жоғалған осы жұрттың тарихы, кәсібі, дәстүрі, тілі, діні, қалалары жөнінде түрлі тілдерде жазылған еңбектер бар. Мәселен, М.И.Артамановтың «Очерк древнейшей истории Хазар» (1937), С.А.Плетневаның «Хазары» (1976), М.Павичтің «Хазарский словарь» (2000) еңбектерінде де кезінде айбыны асқан Хазарияның басы таудай тарихының аяғы қылдай болуының нақты себептері баяндалған.

. 44.Түрiктердiң шаруашылығы, тұрмысы, дiнiне сипаттама беріңіз

Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — ша- мандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады. Ұмай ана Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай - от басы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!». Отқа табыну Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Византия тарихшысы Менандр түрік қағаны Дизабұлға елші Земархтың келуін сипаттай келіп, былай деп жазады: «Түріктердің осы тайпасының ішінен кесел біткенді аластай аламыз деп өзіне-өзі сенетін біраз адам Земархқа келді де, римдіктердің өздерімен бірге ала келген заттарын бір жерге үйді, одан соң ливан ағаштарының бұтақтарын лаулатып жағып, скиф тілінде әлдебір тағылық сөздер айтып сыбырлап, дабылдарын ұрғылап, үйіліп жатқан заттарға қайта-қайта төнді. Шытырлап жанып жатқан бір бұтақты ортаға әкеліп, құтырына айғайлап, кәрін төгіп, ойнақтаған жын-шайтанды қуғандай болды. Жұрт бұл адамдарға жын-шайтанды аластап, бізді кесел- пәледен құткарады деп сенеді; өздерінше барлық кеселді аластадық деп сенген олар Земархтың өзін осы оттан өткізіп, өзімізден де пәле-жаланы алас- тадықдеп сенгендей болды». Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген. Қалалардың жұрттарын қазғанда қой мүсіндері шығады, олардың осы жануарларға табынумен байланысты екені даусыз. Отырар алқабындағы Көк-Мардан қаласының орнынан VI—VII ғасырлар қабатынан от жағу үшін тақыт орнатылып, қошқармүйіз түрінде жапсырмасы бар қуыс жасалған ғибадатхана қазылып алынды.Ұлы» тастың құдіретті.Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарих- шылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген. Деректемелерде жерлеу ғұрпының сипаттамалары сақталған, өлген адамды биіктеу жерге тігілген киіз үйге қойған. Туыстары құрбан- дыққа әкелген қойлары мен жылқыларын табалдырықтан асырып қойған да, сонан соң киіз үйді жеті рет айналып өткен. Үйді айналып, есік алдынан өткен сайын беттерін тілгілеп, жылайтын болған; сонан соң белгіленген күні өлген адамның атын, киімдері мен заттарын алып, оларды өлген адамның денесімен бірге өртеген.Алдыңғы орта ғасырларда будда дінінің негізгі миссионерлері рөлін соғдылар алды. «Бодисатва» деген сөз парсы, ұйғыр, қытай тілдеріне соғды тілінен енген. Шығыс Түркістандағы буддалық түрік мәтіндерінің терминдеріне жасалған талдау олардың соғдылар арқылы келгенін дәлелдейді. Бұдан бұрын атап өтілгеніндей, VI ғасырдан бастап түріктер будда дінінің күшті ықпалына ұшырады. Сюань-Цзян батыс түрік қағанының будда дініне ізгі көзқараста болғанын жазады. Зерттеушілердің пікірінше, VII ғасырдың бірінші жартысында батыс түріктердің кейбір билеушілері будда дініне көшеді немесе будда дініне қамқоршылық етеді. Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісуда будда діні едәуір кен таралды. Мұны бірінші кезекте будда ғибадатханаларының, монастырьларының табылуы дәлелдейді. Кездейсоқ табылған заттар ішінде үнді бұйымдары: буддалар мен будда дініне тон алтын жалатылып, асыл тастармен ою-өрнек салынған қола және күміс мүсіншелері ұшырасады. Орта ғасырлардағы белгілі қала Испиджабтың - Сайрамның қираған жұртына жақын жерден табылған жер асты монастыры археологтардың жақында ашқан жаңалыктарының қатарына жатады.Үңгірдегі монастырь кешендерінің ертедегі үлгілерін Үндістаннан іздестіру керек, онда үңгірдегі сәулет өнерінің дәстүрлері Маурья кезеңінде, Мағадхада және соған жақын жерде (қазіргі Бихарда) дамыған. Батыс Үндістанның ертедегі үңгір ғимараттары монастырлар болған. Әрбір монастырь бір немесе бірнеше чатьядан — мінажат орындарынан және бірнеше вихара — монахтар тұруға арналған жайлардан тұрған. Испиджабқа жақын жерден ашылған жайлардың вихаралар болуы мүмкін.Несторийдің ілімі 431 жылы Эфес соборында айыпталып, несториандар аяусыз құдалана бастады. Құғындаулар нәтижесінде олар Шығыска қашуға мәжбүр болды. Азияның алыстағы аймақтарының несториандармен байланысты болғаны қайран қалдырады. Олардың қолониялары мен сауда факториялары Жерорта теңізінің жағалауынан «Аспан империясына» дейін созылып жапы. Таулар мен ойпаттар арқылы өткен бұл жол бойындағы алқаптардан христиан мәдениетінін ескерткіштері табылды. Метрополияда да, отарларда да соғдыларға христиан дінінің таралуы соғдылардың сирия жазуымен танысуына жеткізді. Сирия жазуы христиан-соғдылардан ертедегі түріктерге жетті; бұл жазуды ұйғырлар қабылдады: «...сириялықтар дүние- жүзілік ғылым мен мәдениетке зор үлес қосты. Олар Шығысты дүние- жүзілік мәдениет дамуының көне замандағы жетістіктерден бастау алған сарынына қосты».Жібек жолының бойымен келесі бір дін — манихей діні таралған. Ол III ғасырда Иранда пайда болып, тез арада Италиядан Қытайға дейін көп мөлшерде әдептілер тапты. Ол жалпы алғанда зороастрашылдық пен христиан дінінің қосындысы болатын. Христиан дінінен манихей діні — мессианшылдықты, ал зороастрадан ізгілік пен зұлымдықтың, жарық пен қараңғылықтың күресі идеясын алған. Манихей дінінің Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінде, бірінші кезекте, отырықшы тұрғындар арасында өз жақтаушылары болды. Тұрфан алқабынан табылған манихейлік «Екі негіздің қасиетті кітабы» деген шығарманың ертедегі ұйғырша қолжазбасында бұл кітап «он оқ елінде (нанымды) ояту үшін» «Арғу, Талас (Алтын Арғу—Талас-улуше, Талас-улуше)» қаласында жазылды делінген. Бұл арада белгілі Тараз қаласы айтылып отыр. Жетісудыңтағы бірқатар қалаларында— Баласағүнда, Жікіл-Балықта манихей мекендері болтаны мәлім. Таразды қазған кездетабылған, манихейлік астралдық құдайлар нышаны болып саналатын айы бар, әйел бейнеленген қола медальонды манихейлік жәдігерлер қатарына жатқызған жөн. Қазақстанның ортағасырлық қалаларының тұрғындары арасында тағы бір дүниежүзілік дін—зороастра дінінің өкілдері болған, ол дін б. З. Б. VII — IV ғасырларда ежелгі Иран аумағында қалыптасты. Оның ғұрыптық практикасына Ғаламның төрт элементін — суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу тән. Зороастра ескерткіштерін Орта Азиядан, Сырдария қалалары мен Жетісудан аңғаруға болады. Бұлар — мұнара сияқты құрылыстардың қалдықтары, оларды от жағатын мұнаралармен байланыстыру қажет. Олар Қостөбе және Қызылөзен қалалары орнының топографиясында сақталған. Алайда Орта Азия мен Қазакстанда зороастра дінінің канондық түрінен айырмашылығы бар ерекше нұсқасы таралған. Ол жергілікті табынушылық діндермен, атап айтқанда, отқа, текке, бабаларға, жануарларға — қойға, жьшқыға, түйеге табынумен тығыз араласып кеткен. 

. 45. Түргеш қағанаты (704–756 жж.) Түрік тектес түргеш тайпалары VI-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал VII-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек "Тоныкөк” жазуында айтылған. Түргеш қағанаты халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Талас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған.

Түргеш қағанаты 704–756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бұл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі – 699–706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы – Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы – Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 ұлысқа бөліп, олардың әрқайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

Түргеш қағанатында Үшелік өлгеннен кейін билік оның баласы Сақал-қағанға көшті. Оның ел билеген кезі 706–711 жылдар. Қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Батыста түргештер соғдылармен бірігіп арабтарға қарсы күрес жүргізді. 711 жылы Шығыс түрік қағаны Қапаған Жоңғария жерінде түргештерге соққы беріп, Сырдариядан өтті. 712–713 жылдары арабтарға қарсы түріктер, соғдылар Шаш (Ташкент) қаласы тұрғындары және ферғаналықтар бірігіп күш көрсетті. Мәуеренахрдағы араб иелігіне төніп отырған қауіпті түсінген Күтеиб Шаш қаласын өртеді, 714 жылы ол Испиджабқа шабуыл ұйымдастырды.

Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетеді, олар қолдаған Сұлу тархан қаған болады. Түргеш қағанаты Сұлу қағанның (715–738 жж.) тұсында қайта күшейе бастады. Бұл кезде өкімет қара түргеш тайпаларының қолына көшіп, мемлекет орталығы Талас (Тараз) қаласына ауысты. Айлалы саясаткер және күшті әскери қолбасшы Сұлу екі майданда: батыста арабтарға қарсы, шығыста Батыс түрік қағандары мирасқорларын қолдаған Тан империясымен күрес жүргізді. 723 жылы түргештер Ферған қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп, арабтарға күйрете соққы берді. Арабтар 732 жылы өз әскерлерін біріктіріп, түргештерді қирата жеңіп, Бұхара қаласын басып алды. 737 жылы Сұлу арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып, Тохарстанға дейін жетті, бірақ кейін жеңіліп қалды. Қайтып келе жатқанда, оны өзінің әскери басшысы Баға-тархан өлтірді. Сұлу қаған қаза болғаннан кейін билік үшін "сары” және "қара” түргештердің арасында ұзаққа созылған күрес жүрді. Түргеш мемлекеті өз ішіндегі күрестің нәтижесінде едәуір әлсіреді, мұны Тан (Қытай) империясы ұтымды пайдаланды. 751 жылы Тараздың қасындағы Атлах қаласы жанында Зияд-ибн-Салых бастаған араб әскерлері мен Гао-Сяньчжи басқарған Қытай әскерлерінің арасында 5 күнге созылған қырғын соғыс жүрді. Қытайлықтарға қарсы оның тылындағы қарлұқтар көтерілді. Нәтижесінде Қытай әскерлері жеңіліске ұшырады. Әбден әлсіреген Түргеш мемлекеті 756 жылы құлады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оның көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Мұндай ұзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономикалық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді.

46. Ұйғыр қағанаты. Ұйғыр қағанатының қытаймен, қарлұқтармен және басқа да түpкi тайпаларымен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз. Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. '''Ұйғыр қағандығы''' (745 — 840) — Орталық Азияныңшығыс бөлігінде түркі тілдес тайпалар құрған ортағасырлық мемлекет. Селенга, Орхон, Толаөзендері бойында орналасқан. 8 ғ-дың бас кезінен бастап яглакар руы бастаған тоғыз-оғыз тайпалар одағы Шығыс түрік қағандығына қарсы өз тәуелсіздіктері үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бірте-бірте олар бір мемлекетке бірікті. Жаңа мемлекет Ұйғыр қағандығы деп аталды. 744 ж. Шығыс түрік қағандығының әскерін күйрете талқандаған олар саяси әскери билікті тұңғыш рет өз қолдарына алды. Шығыс түрік қағандығының орнына жаңа мемлекет — Ұйғыр қағандығы пайда болды. Оның астанасы — Орхон өз. бойындағы Қарабаласағұн қ-на орналасты. Алғашқы қаған Пэйло (746) болды. Оның кезінде қағандық аумағы Алтай тауларынан Үлкен Хинганга, Саянжоталарынан оңт-те Гоби шөліне дейін созылды. Пэйло өлгеннен кейін оның баласы Мойыншор таққа отырды (746 — 759). Ол мемлекетті нығайтып, Орта Азиямен және Қытаймен қарым-қатынас орнатты. Мойыншор Тываны өз қол астына қаратты. Ұйғыр қағандығының әскери және саяси қуатының артқаны соншалық 757 ж. Қытайдасоғдылық Ань Лу-шань бастаған көтерілісшілер бас көтергенде Қытай императоры Мойыншордан көмек сұрады. Ұйғыр қағандығы түркі тектес көшпелі тайпалардың одағынан тұратын ортағасырлық мемлекет болды. Бас билік қағанның қолында шоғырланды. Халық негізінен мал ш-мен және егіншілікпен айналысты. Қала, бекініс, елді мекен салу дами түсті. Қолөнер кәсібі өрге басты. Сирия алфавиті негізінде ұйғыр жазуы пайда болды. Ұйғырлардың бір бөлігі буддизм дінін қабылдаса, 8 ғ-дың аяғынан манихей дініне көше бастады. Дегенмен, халықтың негізі тәңіршілдікті ұстанды. Ұйғыр ақсүйектерінің өзара қырқысулары мен тайпалардың қағанның билігіне қарсы күресі салдарынан 8 ғ-дың аяғында қағандық әлсіреді. Ақыры 840 ж. Енисей (Енесай) қырғыздарының соққысынан күйреді. Ұйғырлардың бір бөлігі (15 аймақ) Алтай мен Тарбағатайаралығындағы Қарлұқ қағандығына қашты. Қалғаны Шығыс Түркістан мен Ганьсу аймағына қоныс аударды. Ұйғыр қағандығы жүз жылдай Қытайдың Орт. Азияға шығуына күшті кедергі болды. Қарым-қатыныстары. Қарлұқтар мен ұйғырлардың аралығындағы шекара 745 ж. әскери қақтығыстар нәтижесінде белгіленген болатын. Түріктерді талқандағаннан кейін қарлұқтар ұйғырларға қарсы түркештермен одақтасты, бірақ жеңіліп қалды. Осының салдарынан қарлұқтардың Қара Ертістегі қоныстары Ұйғыр қағанатының құрамында қалып қойды. Ұйғырлар қарлұқтар мен түркештерді өкшелей қуалады, қуып жетіп, олардың барлық дүние-мүліктерін тартып алды. Түпкі материал бұдан әрі "үш әулие" туралы еске алмайды; сірә, бұл жолы олардың шаруасын бітірген болар. Жазудың бұдан арғы тексті қатты бүлінген. Тек 753 ж. басмалдармен және қарлұқтармен кескілескен шайқастардың одан әрі жалғасқандығы, оларға қандай да бір түріктердің, мүмкін 650 ж. Алтайда жасырынып қалғандарының арасынан келіп қосылғандығы ғана аңғарылады. 755 ж. қара соғыс ұйғырлардың толық жеңісімен аяқталды. Ұйғырлар қарлұқтардың Сауыр мен Тарбағатайға дейінгі шығыс қоныстарын басып алды. Бұл кезде қоныстары Төменгі Еділ бойына дейін жайылған печенегтер ұйғырларды батысқа қарай одан әрі жібермеді. Аталмыш жауынгер халық көршілерінің бәрімен: хазарлармен, қыпшақтармен және гуздармен жанжалдасып қалған еді. Соңдықтан олардың арасындағы қиян-кескі соғыс бір минут та тынбады. Мұның өзі ұйғырлар үшін пайдалы болды, оларға батыс шекараларын орнықтырып алуға мүмкіндік берді. Қидандардың өз еріктерімен бағынуы Ұйғыр қағанатының шығыс шекарасын нығайта түсті, ал Ань Лушаньнің көтерілісі және одан кейін Қытайға жасалған жорықтар оңтүстіктегі шеткергі жерлерді соғыс олжалары есебінен байытты. Қырғыздар 758 ж. дейін қарсылық көрсеткен солтүстік қана қалды. Жеңіліске ұшырап, бағынғандарымен қырғыздар өздерін-өздері басқаруын жоғалтпады. Олардың басшысы ұйғыр ханынан "Кэхань" деген қосымшасыз "Білгі-тонг-еркін" құрметті атағын алды. Сірә, бұл арада кіріптарлықтың қандай да бір түрі болған тәрізді, қауымдардың (оғуздардың) және соғыс тұтқындары — құлдардың ерікті мүшелерінен құралған қоғамда феодалдық қатынастарды іздестіруге сылтауратпау үшін оны тәуелділік деп атауға болмайтын еді. Табиғи шекараларға жеткеннен кейін солтүстік пен батысқа қарайғы жаңа территорияларды басып алушылық тоқтатылды. Ұйғырлардың өздері елдеріне қосылып алынған тайпаларды "қонақтар" деп атады; түріктерді жеңулерін өз елдерінің екінші рет көтерілуі деп қарады, "тақта отырған хан халықты өз балаларындай басқарды" немесе ол "өз жұмыртқаларынан балапандар шығаратын ұябасар тауық сияқты" деп есептеді. Олардың көз алдымызға елестеткен гүлдену және рахат-береке суреттерінің бояңқыралып жіберілгендігі сөзсіз.

47. Ұйғырлардың шаруашылығы

Ұйғырлардың үйлері өзендер мен көлдердің жағасына салынып, дуалмен қоршалды. Әр елді мекеннің өз мешіті, дүкендері мен шағын базарлары болды. Ұйғыр болысын сонау Қытайда Іле өлкесінде тұрған кездерінде сайланған болыс биледі. Басқару жүйесінде сонымен қатар ақсақалдар (старшындар), қазылар (судьялар), онбасы мен елубасы атты билік өкілдері де болды.Ұйғырлар негізінен тау етегіндегі егіншілікке неғұрлым қолайлы жерлерге орналасты. Егістік жерлерді суландыру үшін бұрынғы ескі арықтарды жөндеді және жаңа арық-каналдар қазды. Кейбір каналдардың ұзындығы 40 шақырымға дейін жетті.Ұйғырлар негізінен көкөніс, дәнді дақылдар өсірумен айналысты. Олардың егіс далалары шағын бола тұрса да алуан түрлі дақылдардың 4-5, ал неғұрлым ауқатты отбасылары 12 түріне дейін екті. Дәнді дақылдар арасында бидайдың, арпаның, тарының және сұлының үлесі көбірек болды. Суы мол жерлерде күріш өсірілді. Сондай-ақ майлы дақылдар (қара сора, кендір, қыша) егілді. Жоңышқа егу де елеулі көлемде болды. Ұйғырлар сонымен қатар бау-бақша екті, жібек құртын өсірумен айналысты. Ұйғырлардың аулаларында жеміс ағаштары көп өсірілді. Мал шаруашылығы қосалқы кәсіп сипатында болды. Жұмыс көлігі ретінде өгіз, жылқы және есек ұстады.Сыртқа барып жұмыс істеуде жук тасу кәсібімен көбірек айналысты. Ұйғырлар алыпсатарлықты да кәсіп етті. Олар Верныйдан Ташкентке тауар алып барып сатты. Олардың қалалар мен селоларда түрлі қолөнер кәсіпшіліктері де дамыды. Жаркент пен Верный қалаларында тұратын ұйғырлар етік тігумен, темір ұсталығымен, зергерлікпен, сабын қайнатумен, т.б. әр түрлі кәсіптермен айналысты. Бай ұйғырлар кейін қазақтар мен орыс шаруаларынан және жергілікті қазақтардан жер телімдерін жалға алып отырды. XX ғасырдың бас кезінде ұйғырлардың су диірмендері, темір ұстаханалары, май шайқайтын, былғары жасайтын, тон тігетін және тері илейтін шағын зауыттары болды. Олардың дүкендері, асханалары, күріш ақтайтын шеберханалары да бар еді. Атақты бай ұйғырлардың бірі Верный уезінің Жаркент болысында тұратын Уәли Ахун Юлдашев болды. Оның бір өзі 10 мың десятинаға жуық жерді жалға ала алатын. Ол сонымен қатар астық саудасын да өз монополиясына айналдырып үлгерді. У.А. Юлдашев Англиядан алдырған пароходын Іле өзеніне алғашқылардың бірі болып жүргізді.

48. ҮІ-ҮІІІ ғғ. Авар қағанатына сипаттама беріңіз

Авар қағанаты б.з.6-9 ғ.Шығ.Еуропада Түркі тілдес тайпаның қарсаңында пайда болған.Авар тарихына қатысты дерек М.Протектор мен Ф.Симокатаның «Тарих»,Иордан «Гетика»,Г.Турский «История франков», «Тайная история»,А.Касядов,Ф.Кесаринский «Война с готами»,Ю.Эвеский «Тарих».Сонымен қатар ежелгі славиян жылнамалары,Сагалар «Бақсы заман жылнамалары»Нестр атты монах жазған. Бірінші қаған- Баян қаған. Қаған-жоғарғы билікті өз қолында ұстады,құрылтайда қағанды халық сайлады,Авар қағаны Баян қаған туралы Авар тарихынан саяси мысал келтіретін болсақ ;Оңтүстікте Аварлар Шығыс Рим,яғни Византия империясына шабуыл жасайды,шабуыл соңында Авар қағаны мен Византия қағаны Юстиниан арасында келісім жасалады бұл келісім бойынша Византия Авар қағанатына Дунай шекараларын басқа көшпелі тайпалардан қорғайтындығы үшін жылдық салым төлеуге мәжбүр болады,осыдан кейін өз күшіне сене бастаған түрік көшпелілері Византияға үлкен талаптар қоя бастайды,олар қоныстануға жаңа жерлер сұрайды және жылдық салым мөлшерін көбейтуді талап етеді,562 жылы Баян қаған шекара маңы,яғни Дунай жерлерін бөліп беру туралы өтініш жасайды,Деректерге сүйенсек бұл жерді алған соң Баян қаған Византияға қарсы жорықтар ұйымдастырған көрінеді,өзінің билік құрған кезінде елде өте беделді саяси билік жүргізді. Авар дәстүрлі қоныстануы - дос досқа жиі іргелес үй(тастардың, тайқы шатырмен, әншейін екі- немесе уш қабатты) және жаугер мұнаралардан деген құрал- бекініс. Барлық қоныстанулар оңтүстікке деген бағытталған. Қоныстанудың орталығында әншейін аудан орналастырылды, қоғамдық жиылыстың жерімен болып табылады;мешіт орналасты. Авар отбасысының өмірі бір бөлмеде ылғи өтіп отырды. Бөлменің ең маңызды элементімен оның орталығында ол- отан болған. Аварларда фольклор дамыган (ертегі, мақал, түрлі әндер - сыршыл) болды. Дәстүрлі аварлар аса-таяқтар - чагана(ысқы), чагур(ішекті), лалу(сыбызғының көрінісі).Баяғыда, барлық авар халқы, басқа тәуелді сословиенің, "бо"(< *bar < *?war) халық-қосын ұсынды. Сол жай-жапсар биік талаптарды рухани-физикалық дайындыққа бас-басы әлеуетті "бодулав"(ана бол- "әскери міндетті", "ополченца") көрсетті, қарамастан және, табиғи, бас культивирова делінді.Тілі - авар солтустик кавказ отбасының нахско-дагестан тобына қарайды,топтар солтүстікке және оңтүстікке деген диалекттерге болинеди, бұл ішінара баяғы - Аварии Хунзахс хандық және "азат қоғамдар" сәуле түседі. Бірінің ішіне алады, хунзахский және күншығыс, екіге - гидатлинский, анцухский, закатальдық, карахсайдық, андалальсалдық, кахибсалдық және кусурсалдық; кезеңдік жағдай батлухский диалектті қарызға алады. Жеке диалекттің және диалектілік топтардың арасында арада бүтіндікте фонетикалық белгіленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]