Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор)))) туркский мир.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
234.97 Кб
Скачать

Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)

Алтын Орда ыдырап, Ақ Орданың әлсіреуі нәтижесінде Қазақстанда бой көтерген мемлекеттік құрылымдардың бірі – Ноғай Ордасы еді. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан XIII ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл жағдай әмір Едіге тұсында 1396–1411 жылдары жалғасып, оның баласы Нұр ад-дының (1426–1440) кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы басты тайпа маңғыттар болды. XIII ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша басшысы түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы пайда болған.

Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы созылып жатқан жалпақ дала мен құмды, таулы жерлерді мекендеді. Оның халқы солтүстік батыста – Қазанға, оңтүстік шығыста – Арал, Атырау өңірлерінің солтүстігіне, Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі жерлерде көше-қонып жүріп мекендеді. Сыр бойындағы қалалар мен қамалдардың бірқатары осы Ноғай Ордасына қарады. Оның орталығы – Жайықтың төменгі сағасындағы Сарайшық қаласы.

Ноғай Ордасының негізін қалаушы Едіге болып саналады. Ол XIV ғасырдың соңы – XV ғасырдың басында 15 жыл Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. 

Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иелігіндегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20- жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиян-кескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі ұрыстар үнемі болып тұрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.

Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)

XIII-XV ғасырлардағы Батыс Сібір. Сібірдің жерінде біршама түрік тайпалары мекен етті. Батыс Сібір алдымен Жошы ұлысына, кейіннен Шайбани хандығына қарайды. Батыс Сібірдің орталығы – Тұра қаласы. 1428 жылы Батыс Сібірді Әбілқайыр басып алды.Көшім тұсындағы Сібір хандығы. Территориясы: Батыс Сібір, Орал өңірі, Ертіс, Тобыл өзендерінің алабыҚұрамындағы тайпалар: керей, қыпшақ, найман, арғын, жалайыр, ханты, мансы т. б.Астанасы: Искер қаласы.

1563 жылы хан тағына Көшім отырды. Алты ұл тайпасынан шыққан Көшім 1510 жылы Ноғай ордасында дүниеге келген.

. Көшімнің кезінде Сібір хандығында көптеген қамалдар мен бекіністер, ғимараттар салынады. Көшімнің тұсында Сібір халқы ислам дінін қабылдайды. Сібір хандығында, негізінен, сауда мен аңшылық дамыды.

Жоғарғы билеуші – хан, хан кеңесі – диван, кеңесшілер – аталықтар, уәзірлер – қараша Сібір-Ресей қатынасы. Сібір ханы Көшім Ресейдің шығысқа қарай ұмтылуына кедергі жасауға тырысты.

1598 жылы орыс әскерлеріне қарсы ұйымдастырылған шайқаста Көшім жеңіліп, Шығыс Қазақстан жеріне қашады. Сібір хандығы осылай Ресей империясының құрамына кіреді.

\

29. XX ғ. Бірінші жартысындағы түркі тілдес халықтардың тарихы. ХІХ-ХХ ғғ.басында Ресей империясының қол астында бұғауланып отырған халыққа өз тәуелсіздігін алу арманға айналғандай болды. Патшаның 1916 ж.шілденің 22-сінде шығарған жарлығы бойынша \түркістанның генерат губернаторлығының осы аймақтың басшысы болып Куропаткин тағайындалды. Куропаткин Ташкентке келгеннен кейін Түркістан өлкесінің еліне белгілі жарлығын шығарады. Онда ол патшаның әмірі бойынша жер-жерде жұмысқа алудың тәртібін жариялады. Жұмыс халық үшін ауырлықтар әкеліп, халықтың еріксіз бас көтеруіне әкелді. 1916 ж көтеріліс шығыс халықтарына орталық саясатқа қарсы ұзақ дәуірге созылған күресінің жалғасы биік тұғыры болды. Соғыс зардаптары Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтардың жерін тартып алудың үдей түсуі, дәстүрлі шаруашылықтың күйзелісі мен құлдырауы өлкенің тоналуының күшейе түсуі орыстандыру саясатының асқына түсу осының бәрі халық наразылығынң шегіне жетті. Жергілікті халыққа қарсы жазалау саясатының күшейуі қазақ, қырғыз, өзбек, бұраатна халықтарды қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықты орындау әдістері мен репрессиялар қоғамның барлық топтарын көтеріп қарсылыстың жалпы ұлттық сипатын тудырды. Енді, түркі тілдес халықтың бірі- ӨЗбекстан мемлекетіне тоқталсаӨзбекстан. 20 ғ-дың басында орыс шаруаларын Орта Азияға қоныс аударту басталды. Экон. және әскери стратег. мақсатты көздеген патшалық Ресей Орта Азия, Орынбор-Ташкент т. ж-н сала бастады. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс елдің қоғамдық-саяси өміріне өзгерістер алып келді. “Шура-и-Ислам”, “Шура-и-Улема” ұйымдары, “Жас бұхаралықтар” қозғалысы пайда болды. Діни және түрікшілдік қозғалыстары күшейді. 1917 жылы 28 қарашада Қоқан қаласында құрылған Мұстафа Шоқай бастаған Түркістан автономиясын көп ұзамай большевиктер күшпен таратты. Ташкентте, т.б. ірі қалаларда жергілікті гарнизон солдаттары мен негізінен славян ұлты жұмысшыларын өз жақтарына шығарып алған большевиктер т. ж. бойларында Кеңес үкіметін орнатты және 1918 ж. РКФСР құрамында Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын жариялады. Бірақ ірі қалалар мен әскери бөлімдер жоқ жерлердің барлығында жергілікті халықтың қолдауына сүйенген басмашылар қозғалысы күрт күшейді. 1920 жылы Ішкі Ресейдегі Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері басмашылар қозғалысын күшпен басты. Көп ұзамай Хиуа және Бұхар хандықтарында да Кеңес өкіметі күшпен орнатылып, халық толқулары Қызыл Армия тарапынан қатыгездікпен жанышталды. 1924 – 25 жылдары Орта Азия елдерінде ұлттық межелеу жүргізіліп, КСРО құрамында Өзбек КСР-і құрылды. 1937 жылы қабылданған Өзбек КСР-і Конституциясы КСРО тарағанша қолданыста болды. 2-дүниежүзілік соғысқа өзбек халқы да белсене араласты. 1991 жылы 31 тамызда өткен Өзбек КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сессиясы елдің атауынӨзбекстан Республикасы деп өзгертіп, 1 қыркүйекте елдің тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.

Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.

  • 1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты.

1929 жылы әр түрлі труппалар негізінде Самарқанда алғашқы Өзбек драма театры құрылды. Қазіргі кезде Өзбекстанда онға жуық драма театры, 2 опера және балет театры, 2 Балалар мен жасөспірімдер, қуыршақ театрлары жұмыс істейді. Кино өнері де жақсы дамыған. 1924 жылы “Бухкино” серіктестігі құрылып, 1925 жылы “Өзбек мемлкино” тресі мен “Шарқ юлдузи” кинофабрикасы ашылды. 1937 жылы “Акт” атты тұңғыш дыбысты фильм түсірілді.

30.Кеңіс одағының құрамындағы түркі халықтарының тарихы

Азамат соғысы аяқталғаннан кейін бұрынғы Ресей империясынығ территориясында 1920-1925 жжт.түркі халықтары 5респ.бірнеше автономиялық республикалар әзірбайжан, бұхара, хорезм, түркмен, өзбек республикалары болды. Бұл респ.РСФСР мен арнаулы шарттар жасап өздерінің мем.басқау органдарын құрды. Ол жеңістері конституцияларында баян етілді.1920 әзірбайжан қызыл армиядан жеңіліс тапқаннан кейін КСР болып жарияланды. 1924 ж Орта Азияда қлттық мем.жағынан межеленіп, бөліну жүргізілді.1924 ж 27 қазанда КСРО ОАК шешімімен түркмен КСР құру туралы қаулы алды. 1924 ж.14 қазанда тәжік халқына АКСР құқығы берілді. Тәжік АКСР құру 1924 ж 27 қазақнда ОАК сессиясында заңдастырылды. 1926 ж желтоқсанда тәжік АКСР кеңестерінде 1 ұүрылтай сьезі тәжік АКСР н құрды.Заман талабы қазақ халқының мемлекеттініг құруды қажететті. Жүзеге асыруға қажетті шаралар : халыөтың бұрынғы территориялық тұтастығын қалпына келтіру, қазақ жерлерін бір республика құрамына біріктіру. Арнаулы комитетт құрылып республика шекарасын белгілеумен айналысты. Қостанай аймағын респ.құрамын қосу қажеттігін Байтұрсынов пен Сералин жан-жақты дәлелдеді. Батыс Сібңрңге еніп келген Ақмола мен Семей облыстарын өлке құрамына енгізу мәселесі 5 рет қаралып Бөкейханов Байтұрсынов Ермеков Сералиндердің деректемелерінен кейін ғана шешілді. Қазақ АКСР-і құрамынан халқы негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы бөлінді. Республика аумағы 2.7млн шаршы шақырым. Халқы 5млн23мың адам оның ішінде қазақтары 61.1процент. 1925 ж 15-19 сәуір Ақмешітте Кеңестердің б.кіл қазақстандық 5сьезінде қырғыз-қызық атауы берілді. 1936 ж.9 ақпанда ҚазақАКСР-і орт.атқару комитеті қаулысымен қазақтар атауы берілді.

.

ХХ ғғ.басында Ресей империясының қол астында бұғауланып отырған халыққа өз тәуелсіздігін алу арманға айналғандай болды. Патшаның 1916 ж.шілденің 22-сінде шығарған жарлығы бойынша \түркістанның генерат губернаторлығының осы аймақтың бңрлңгң саналатын \куропаткин тағайынданлды. Куропаткин Ташкентке келгеннен кейін Түркістан өлкесінің еліне белгілі жарлығын шығарады. Онда ол патшаның әмірі бойынша жер-жерде жұмысқа алудың тәртібін жариялады. Жұмыс жұмыс халық үшін ауырлықтар әкеліп, халықтың еріксіз бас көтеруіне әкелді. 1916 ж көтеріліс шығыс халықтарына орталық саясатқа қарсы ұзақ дәуірге созылған күресінің жалғасы биік тұғыры болды. Соғыс зардаптары Столыпин реформасы кезінде жергілікті халықтардың жерін тартып алудың үдей түсуі, дәстүрлі шаруашылықтың күйзелісі мен құлдырауы өлкенің тоналуының күшейе түсуі орыстандыру саясатының асқына түсу осының бәрі халық наразылығынң шегіне жетті. Жергілікті халыққа қарсы жазалау саясатының күшейуі қазақ, қырғыз, өзбек, бұраатна халықтарды қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықты орындау әдістері мен репрессиялар қоғамның барлық топтарын көтеріп қарсылыстың жалпы ұлттық сипатын тудырды.

31

ХХІғ. Түркі тілдес халықтар тарихына сипаттама беріңіз.

Түркі елдерінің кеңесі – 2009 жылы, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен құрылған еді. Бүгінде бұған төрт мемлекет – Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан елдері мүше. Посткеңестік мемлекеттердегі түркі елдері санатындағы – Түркіменстан, Өзбекстанның одан бойын аулақ салып жүрген жайы бар. Бүгінгідей айтулы жиынға Түркі кеңесіне мүше елдердің басшылары – Абдолла Гүл, Нұрсұлтан Назарбаев, Ильхам Әлиев, Алмазбек Атамбаев келді. Сонымен қатар, Түркіменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сапар Тойлиев ат басын бұрса, Өзбекстан ешқандай өкілін жібермеген екен. Кезінде Түркияның президенті Тұрғыт Өзал «Түріктің түріктен өзге досы жоқ» деген еді. Өткен ғасырдың басында Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов армандаған үлкен Түркістан идеясының жүзеге асуына бүгінде мүдделілер де, оны қаламайтындар да түркітектестер арасында баршылық. Кейбір геосаяси жағдаяттардың салдарынан бұл жиынға мүдделі болса да, келе алмайтындар да бар. Ғасырлар бойы Ресейдің бұғауынан бұлқынып шыға алмай отырған Башқұртстан, Татарстан, Дағыстан секілді түркі мемлекеттерінің де бұл жиынға ашық түрде қатысуы мүмкін емес. Дегенмен, ата-бабаларымыз аңсаған үлкен Түркістан идеясының алғашқы іргетасы қаланды деуге де болады. Бұл ретте бүкіл түркі елдері бір шаңырақ астында бас қосып, үлкен бір держава құруды аңсаудың қажеттілігі шамалы. Тек түркі тектестердің өзара қарым-қатынасының нығайып, сауда айналымының өсіп, рухани бірліктің күшейгені қажет. Елбасы дәл осы мәселеге орай Түркі мемлекеттерінің «Түркі әлемі» атты брендті әлемге паш етуі қажеттігіне тоқталды:

– Ұйым экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Өзара ынтымақтастық пен бірліктің артуы «Түркі әлемі» атты ортақ брендті жер-жаһанға танытып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Түркітілдес елдердің Саммитінде түркі дүниесінің өзара бірлігі, сауда қарым-қатынасы, мәдени рухани байланысы негізгі әңгіменің арқауы болды. Мәселен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркітілдес елдердің орта жалпы ішкі өнімі 1 триллион 150 миллиард долларға жетіп отырғанына қарамастан, сауда айналымының көңіл көншітерлік емес екендігіне тоқталды. 

– Бүгінгі күні тәуелсіз 6 түркітілдес мемлекеттің ортақ жалпы ішкі өнімі 1 триллион 150 миллиард долларға жетіп отыр. Осыған қарамастан, елдер арасындағы сауда айналымы әлеуетімізге сай емес. Мәселен, 2012 жылғы деректер бойынша, Қазақстанның түркітілдес елдермен сауда көлемі небәрі  8 миллиард доллар болды. Қазақстанның жалпы сыртқы саудасында 5 түркітілдес елдің жиынтық үлес салмағы 6 пайызға да жетпейді, – деді Қазақстан Президенті.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев «ХХІ ғасыр түркі әлемінің ғасыры болады» дегенді айтты сеніммен. 

– Біздің елдердің мүмкіндігі өте зор, ортақ іс-қызмет, Ортақ іс-шаралардың Кеңесі секілді әріптестіктің маңызды форматы бар. Біз барлық позитивті тенденцияларымызды күшейтуіміз керек. Меніңше, бүгінгі саммит осы мақсаттарға қызмет етуі керек әрі табысты нәтижелерге қол жеткіземіз деген сенімдемін. Біздің тамырымыз тым тереңнен тартады. Мейрамдарымыз ортақ, тіліміз ұқсас. Демек гуманитарлық сала біздің қарым-қатынасымыздың негізі болып саналады. Соның арқасында біз бүгінгідей деңгейге жетіп отырмыз, – деді ол. 

32

ХХІғ. Түркі тілдес халықтардың қоғамдық құрылысы, саяси, экономикалық және мәдени дамуын талдаңыз.

XXI ғасырда Түркі тілдес тайпалар дерлік империалистік мемелекеттерден өз тәуелсіздіктерін алып,дербес мемлекет болды. Алдымен,Орта Азиядағы мемлекеттерге тоқталсақ.Түркменстан Республикасындағы үлкен лауазым иесі, әрі атқарушы биліктің басшысы — елдің президенті.

Ал Халық маслахаты елдегі халық билігінің ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Оның құрамы 2 мың адамнан артық. Осы органның да төрағасы президент.Елдегі заң шығарушы орган Меджилис деп аталады. Оның құрамында 5 жыл мерзімге сайланатын 50 депутат бар.

Түркіменстанда азаматтық қоғамның да атрибуттары бар. Кәсіподақ, ақсақалдар кеңесі, Мақтымқұлы атындағы жастар одағы, Горбансолтан әже атындағы әйелдер одағы, дін жөніндегі кеңес және т.б. мемлекеттік бюджеттің есебінен жұмыс істейді.

Елде бір-ақ саяси партия тіркелген. Демократиялық партия деп аталатын оның құрамында 100 мыңнан артық мүше бар.Мемлекет қазба байлықтарға бай,мемлекеттің кірісінің көп бөлігін мұнай мен газ,және мақта өнеркәсібіне тиесілі.Бүгінгі таңда 40-қа жуық кен орындары игерілуде. Турікмендердің тілі туркі тілінің огыз тобына жатады, Турікмендердің дінге сенушілері — мусылман-суниттер.

Сонымен, Түрікмен халқының улт больш қалыптасуына оғыздардан басқа Сақ, Дай, Массагет, Сармат, Алаи тайпалары ежелгі Мардазн, Парфия мемлекеттерінің да ықпалы болды. Түрікмен халқының мәдениеті.

Б.з.б. мыңыншы жылы осы күнгі турікмен жерінде еішшшікпен шугылданған тургыңдар тау-кен ісі, мегаллургия, керамика өндірісі гидротехника саласындағы техникалъгқ білімге ие болған. Олардьщ аспан шырақтарының қозғалысы, уақытты санау жуйесі, біршама математикалық ережелер жайьщда тусініктері болған3.

Б.з.б. I мыңыншы жылдың ортасынан бастап Мүргаб өзенінде ірі плотиналар мен бөгендер пайда бодды, жер суландырудың курделі жүйесі салынған. Соңғысы туралы IX—X ғасырда араб географтары жер суландырудьщ ең сенімді жүйесі ретінде жазды. Грек және Рим ғалымдарының еңбектерінде (Геродот, Страбон) Түрікменияның суландыратын жерлері аса қүнарлы аймақ ретінде сипатталады. Түрікмения жер аумашн Птоломей картаға түеірген. IX—XI ғасырда Орта Азия Шыгастың ғылыми орталықтарының бірі. бодды. Осы уақытта Түрікменияның Орта ғасырлық қалаларыңда (Мерв, Гурганджа, Ниса т.б.) астрономиялық обсерваторші, «Даналық үй кітапханалар болды'.

Орта Азия ғалымдары басқа халықтардың мәдениетіне (соның ішінде Араб мәдениетіне) өз үлесін қосты.

Орта ғасырлық шығыстың ірі ғалымдары Мүхаммед ибн Мүса әл-Хорезми (IX ғ.), Әбу әл-Марвази, Әл-Хабаш, Әл-Хасиб (VIII—IX ғ.), Әбу Райхан Мүхаммед Бируии (X—XI ғ.), Ан-Насауи (XI г.), Әл-Хазани (XII ғ.) болды.

йбн Сина (X—XI ғ.), Омар Хаиям (XI—XII ғ.), Ас-Самани (XII ғ.), Яқут (XII—XIII ғ.), Әл-Джурджа (XII г.), Мүхаммед әл-Джагмини (XIII ғ.). Кази-Заде ар-Ру-мидің аттары Түрікменияның орта ғасырлық қалаларымен байланысты. Солтүстік Хорасан қаяаларының (Мерв, Дан-данхан, Ниса) атты жоғары сортты жібек, зығыр мен мақта маталарын және кілем тоқумен даңққа бөленді2.

Түрікменияда архитектура мен бейнелеу онері дамыды, түрікмен халқы — коне мәдениеттің мүрагердері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]