
- •Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)
- •17. Көне түріктердің шығу тарихы (деректерді талдау, тарихнамасы, қалыптасуы мен даму тарихы).
- •21. Түркі халықтарының түп тамыры және мәдениеті, тарихы-жекелеген деректерді талдай отырып ерекшелігін ашып көрсету.
- •Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)
- •33. Егемендік алған түркі мемлекеттерінің даму жолы, экономикалық дағдарысы, нарықтық даму жолына сипаттама беріңіз.
- •49. Хазар қағанатында сауданың орнын анықтаңыз.
21. Түркі халықтарының түп тамыры және мәдениеті, тарихы-жекелеген деректерді талдай отырып ерекшелігін ашып көрсету.
І.Б. з. б. III мың-ң бас Еуразия даласывда, Қазакстан мен Орта Азия жерінде, теменгі Еділ мен Алтайда, Батыс Сібір мен Шығыс Азияда алтайлық тайпалар өмір сүрді. Бүл тайпаларды "алтайлық" деп шартты түрде ғана атайды; олардың мекендеген жерлері Алтайдың шығысын, Сібірдің керемет кең оңтүстігін, Енисей мен Тынық мүхиттың арасын, Монғол, Манчжурияны және қазіргі Кытайдың солтүстік провинцияларын қамтыған еді.Алтайлықтарға б. з. б. II мың арилік тайпалар келіп араласа бастады.арилер казіргі Иран жерінен шыгыс елдеріне немесе Алтай тайпаларының жеріне көшіп келген.
Б. з. б. 1800—1600 жж шығыс Азияға келіп қоныстанып, Қазақстан мен оңтүстік Сібірде орналаскан жеріне қарай, Енисейде Андрон елді мекеніне байланысты аңдроновтар мэдениетін қүрады. Андроновтар мэдениетінің дамуы 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте кезең (б. з. б. XVIII—XVI ғғ), 2) өркендеген кезең (б. з. б. Х-ХШ ғғ), 3) кейінгі кезең (б. з. б. ХІІ-Х ғғ).Кеңес ғалымдарының зерттеуімен соңғы 40 жыл ішінде шамамен аңдроновтардың 150 мекені мен көптеген бейіттері ашылды. Олардың қоныстанған жерлерін тек Батыс Сібір мен жоғарғы Енисей аңғарынан ғана емес, Тянь-Шаньнан, Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, ал кейбір андроновтарға тэн белгілерді Солтүстік Пэкістан жерлерінен табуға болады. Соған қарамастан, андроновтардың түп тамыр мекеніне Қазақстандағы жэне Орал өңіріндегі жерлер жатады. Андроновтарда түрғын үйлер де көп кездеседі. 1 — 1,5 метр қалындыкта евдеген ағаштардан екі қабатгы немесе пирамида тәріздес шатырлар салынған.Андроновтар мәдениетін зерттеуші археологгар арқылы білетініміз — бейіттерден табылған түрлі қарулар: қола шокпар, садақ пен ок, кола балталар жэне кола кылыштар табылған.Соңғы зертгеулерге карасақ, арилер б.з.б. I мыңжылдықтьщ басында Қазақстан мен Орта Азияда өз тіршіліктерін аяктаған.
Сактардын ескі зираттары, оның ішінде патшалардың топтануы Талас, Шу, Іле жағалауларында қырғыз жэне Жонғар Алатауының бөктерлерінде, Кеген мен Нарынкоддың таулы аймақтарында, содан соң, Еділ мен Дунай аралығынан табылған.
Ежелгі текстің сақтар туралы дерек беретін екі тобы белгілі- Ахеменид патшасының сына жазу үлгісімен Геродоттан басталған грек-рим авторларының шығармалары. Геродоттығ хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен катар жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне саяхат жасаған жэне шығысқа сапар шегу мэселесі туралы мөлімет жинаған Қаратеңіз гректерін атайды. Мүны Орта Азиялыктардың сол кездегі "мекендеу әлемі"— Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай жазбалары толыктыра түседі.
Массагет, яксарт тайпалары Кек теңіздің, Арал теңізінің солтүстік жэне шығыс-солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналаскан. Ерте заманда Сырдария "Яксарт" деп аталған. Дайлар (немесе дахилар) тайпасы Сырдарияның төменгі жағына, Көк теңіз қолтығына орын тепкен.
Каспилер тайпасы Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. Памир — Алтай тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың сілемдеріне дейінгі, солтүстікте Балқаш көліне жэне Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас езенінің жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған.
Исседондар тайпасы: Іле мен Шу өзендерінің өн бойын, оның шығыс жағындағылары Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты мекендеген.
Аримаспалар тайпасы исседондардың солтүстік жэне шығыс-солтүстік жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде түрған.
Сарматтар мен савроматтар тайпасы Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Еділ өзеніне дейінгі, солтүстікте Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде түрғаны белгілі.
Геродотта скифтердің әскери эдет-ғүрыптары былайша суреттеледі: Скифтер алғашқы олтірген жауының қанын ішеді де, өлген қарсыласының басын патшасына экеледі.
|
22. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениетіне сипаттама беріңіз. Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылыкпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттык пен қолөнер катар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағүн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың калдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жок. Түркі дөуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғғ.) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимак-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының мәдениетін айтуға болады.
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экон. және этн.-мәдени жағынан Батыс Түрік қағандығы құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады. 6 – 7 ғ-лардың 1-жартысына сәйкес келетін көзелер Жетісу жеріндегі қыстақ, кенттердің, қалалардың (Жамбыл, Ақмешіт, Аспара, т.б.) орындарында жүргізілген археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып, ыдыстардың көпшілігі қолдан жасалғаны анықталды. 6 ғ-дың 2-жартысы мен 9 ғ. материалдары Оңтүстік Қазақстандағы қала жұрттарынан (Отырар, Сайран, т.б.) табылды. Көзелер құмыра жасайтын ұршықтарда (станок) жасалған.
23 |
Түрiк қағанатының құрылуын талдаңыз. Түрік қағанаты (552-603 жж.) Қазақстан жерлері VІ ғасырда күшті держава – билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік энтонимі ең алғаш аталуы қытай жылнамаларында кездеседі. Шежірелерде түріктер Қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік бөліктеріне жыл сайын шапқыншылық жасап тұрғандығы айтылады. 546 жылы тирек тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшаланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын тирек армиясына шабуыл жасап күйрете жеңіске жетеді. Осы мемлекеттің ойрандалған орнында олар Түрік қағанатын құрады. Бұл этникалық - әлеуметтік бірлестіктің атасы Бумын қаған болады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңіп, билеушілері Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Сөйтіп аварлардың күш қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады. 553 жылы Бумын қаған қаза табады, оның орнына таққа інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескінің мұрагері Мұқан қаған, оның лақап аты Нанту болады. Мұқан қаған (552-554 жж.) билік құрған уақытта Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Бұл жылдары түріктердің батысқа жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктердің түпкі атасы Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552-553 жылдары түріктер «Батыста идті (эфтал) бағындырады». Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы одан арғы саясаттың негізі болады. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелігі Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан болатын. Түрік қағанатындағы әлеуметтік қайшылықтар және мал індеттерінің күшейіп ашаршылықпен ушыға түсуі, Сүй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618 жж.) Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінуіне әкеліп соғады.Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына біршама саяси тәуелді болды. Билік түріктердің қаған руы ашиналардың қолында болған еді. Батыс қағанатының орталығы Суяб (Жетісу) болды. Аумағы Қаратаудың Шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Сонымен қатар Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқант, Маймург, Кеш, Нахшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль және Айдхой) отырықшы егіншілік мұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған жоғарғы билеушісі әскербасы болды. Алғашқы кезде қаған тағына мүрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатына шұмұқ (ашна) фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп өзара күрес тудырып бұзылып отырды.Қаған мемлекетінің ішкі және сыртқы істеріне басшылық етіп, дәулеттік шонжарларға сүйеніп ру басшыларын сайлады. Қағанатта қоғамдық экономикалық қатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығуы арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар – ябғу, шад және елтебер - қаған руының өкілдеріне тиесілі еді. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тарқандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған. Мал өсіретін ерікті қауым мүшелері қағанаттың қарауында болған. Бағыныштылық әрқашан алым-салым төлеумен қатар жүріп отырған. Бағындырылған тайпалардан құлдар тобы қалыптасқан. Түріктердің көрші тайпаларға шапқыншылық жасауының себебінің бірі құлдар алу болған. Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында топтардың құрылуы және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. |
24 |
Түрiк қағанатының қоғамдық құрылысы, басқару жүйесіне сипаттама беріңіз. |
Басты билік- қағанның қолында, ол тек билеуші ғана емес, сонымен қатар әскербасы, билеп-төстеуші болды.. Әскербасы деген аспекті көбінесе Шығыс Түрік қағанатына тәуелді болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашна фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп ұзаққа барған жоқ. Қаған ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етіп, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратцияларға сүйенді. Отқызметтерін-бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер- тайпа бастыөтары мен өкілдері-жергілікті ақсуйектер сословиесінің басты түрегі болды. Тағы да бір категори-үй-қаған. Деректеме оны былай деп сипаттайды:үй-қаған деп атайды. ондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да өз басшыларын үй-қаған деп атаған. Қоғамдық құрылысында, билеуші топтан басқа бұқара халық болды. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақсүйектер мен бағынышты тәуелді тайпалар болды. Будун-қара халық болып табылады. Бағынышты тайпалар мен қарапайым көшпелі ұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай болса да, басты міндеткерлік-әскери міндеткерлік болды. Бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық-жауынгері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді.Адам шығынының ең көбі-бағынышты тайпалардан көп адам қатысады, соғыстың негізгі ауыртпашылығы вассалдарға түседі. Көбінесе, алдыңғы шепке қойған, вассалдарды. Тат- ертедегі түрік жазулары бойынша бұл термин Батыс түріктерге тәуелді болған жетісу аймағанда отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындар деп көрсетілген. . Білге қаған ескерткішінің мәтіндерінде, Орхон-енесей жазбаларында, бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Негізгі еңбектер,Гумелев Л« Древние тюрки». Ганиев Р.Восточно-тюрское государство.Бичурин»Собрание азии».
25
Түрiктердiң далалық империясындағы өзгерiстер: саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын талдаңыз.
26)Зороастризм. Орта ғасырларда түркітілдес халықтарында діни идеологиялық ахуал өте күрделі еді. Бір жағынан, ертеден келе жатқан дәстүрлі діні — Тәңірге табыну, шаманизм болса, екінші жағынан, бұл өңірде зороастризм дінінің, буддизмнің, христиандықтың ықпалдары болды.
Бұл діннің негізін Заратуштра деген адам салған. Кейіннен зороастризм діні ирандықтардың, ауғандықтардың ресми дініне айналған. Бұлар да орта ғасырларда зороастризмнен мұсылмандыққа көшкен.Зороастризм дінінің негізгі табынатын, мінәжат ететін стихиясы — от, бір сөзбен айтқанда, отқа құлшылық ету діні.
Несториандық бағыттағы христиан діні. Түркітілдес халықтарда V ғасырда несториандық бағыттағы христиан діні де аздап таралды. Римдік діндар Нестор Христосты "Құдай емес, — адам, Құдайдың жердегі өкілі ғана" дегені үшін Шығыс Рим империясынан қуылған еді. Христиан дінінің осы несториандық ағымы VII—VIII ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерінде христиандық шіркеулерді көптеп салған. Алдымен христиандықты қабылдаған қарлұктар болған, шіркеулер Тараз, Мерке, Қойлық, Жамұқат, Науакент, Фараб, т.б. қалаларды қазғанда табылды. XIV ғасырда қазақ жерінен жүріп өткен Вильгельм Рубрук Қойлық қаласында (Іле жазығы) қасиетті Матвейдің монастыры болғанын хабарлайды.Нестордың ізін қуушы сириялық христиандар еді. X—XI ғасырларда христиан дініне керейлердің, наймандардың біразы кіргендігі жөнінде тарихи деректер бар. IX ғасырдан бастап қазақ жеріне орныққан мұсылман діні христиандықты ығыстыра бастады. Христиан шіркеулері көп жерде мешітке айналдырылды. Кей жерлерде христиандық пен мұсылмандық қатар өмір сүрді. Тіпті, кейде христиан католиктеріні ел басқарушы мұсылман халифтер тағайындады. Бірақ монғолдардың жаулап алу кезеңінде (XIII ғасырда) христиан дінінің ықпалы қайта күшейді.
Буддизм. Ортағасырларды түркі халықтарына буддизм діні де енген. Бұмын қағанның ұлы Мақан қаған будда дінін қабылдап, буддалық насихат кітаптарды түркі тіліне аудартқаны белгілі. Бұл жұмыс Таспар қаған кезінде де жалғасқан. Түркі кағандарын буддизмнің: "Адам өлтірме, өтірік айтпа, ұрлық жасама, қызулы ішімдік ішпе" деген уағыздары қызықтырған болса керек. Будда храмдары (ғибадатханасы) Жетісу жерінде Акбешім, Краснореченск ортағасырлық қалаларында, Сайрамда (Испиджаб) табылды.
Манихей. Түркі қағанаты заманында Орталық Азия мен Қазақстан жерінде манихей діні де таралды. Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Оның қасиетті қағидалары "Бал ашу кітабында" жазылған. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм, ол бойынша дүниеде екі түрлі күш бар, оның бірі — адалдық күші де, екіншісі — арамдық (жауыздық) күші. Өмір осы екі қарама-қарсы күштердің күресінен тұрады. Манихей діні жаман пиғылды күштерді құртуға бағытталған. Манихейлік дін адамды аскетизмге тәрбиелеп, бұл дүниедегі қызықтардың бәрінен бас тартуға шақырды. Олардың ілімі бойынша, үйленуге, бала сүюге, ыстық қанды хайуанаттардың етін жеуге болмайды. Тек суық қанды жәндіктер — бақа мен жыланның етін жеуге болады, негізінен, шөп тағамдарын ғана жеуге шақырды.
27 |
Ортағасырдағы көшпелi халықтар туралы еуропалық және алдыңғы азиялық жазба деректер – түп деректерді талдай отырып ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталыңыз. |
Негізінен ортағасырлық көшпелі халықтар туралы еуропалық жазба деректеріне - Аммиан Марцелин, Йордан,Прокапий Кесарийский, грек тарихшысы Зосима және Проспер Тиро жазып қалдырған деректерді айта аламыз. Олар негізінен ғұн, авар және өзге де көшпелі халықтар жайлы деректер қалдырып кетті.
Аммиан Марцелин – Римнің соңғы ірі тарихшысы, Римнің құлауы кезеңімен тұспа тұс келетін уақытта өмір сүрген. Ол «Өткен ғасырдың оқиғаларының 31 кітабы» атты еңбегін жазды. Өз еңбектерінде көбінесе өз заманында , сол кезде дәл болып жатқан оқиғаларды баяндап, жазған. Римнің идеологы Аммиан – Юлиянды ерекше атап өтіп, оның ұлылығы мен кемшіліктері де жайлы жазды. 31 кітабынан кейін ол «История» атты еңбегін жазады. Дәл осы еңбекте жалпы ғұндар жайлы және қоныс аудару туралы , Каталаун шайқасы да жайлы жазып кеткен. Оның еңбегін алғаш орыс тіліне украин ғалымы Кулаковский атты ғалым 1906-1908 жылдар аралығында аударған.
Жалпы ғұндар жайлы жазғаныбойынша: әҒұндар – өзінінң асқан жабайылығымен белгілі. Сәби дүниеге келген кезде, нәрестенің бет терісін тіліп қояды, олардың ойынша бұл бет түгінің өспейтініне сенген , қартайғанға дейін сақал-мұртсыз, түрлері сұрқия болып қала берді. Дене бітімдері өте ірі келген, тіпті 2 аяқты аңға теңеп қойса болады. Мұндай түрлеріне қарамастан , өздері өте шыныққан және от, адамға тән тамақты қажет етпейді. Түрлі шөп тамырлары мен малдың шикі етімен тамақтанады, оның өзін аттың арқасына өз аяғының астына салып қояды. Еш уақыт баспанада тұрмаған, керісінше жабық жерден қашып, алыс жүреді. Денесін аңдардың терісімен немесе тышқан терісінен тігілген киімдікиеді. Және сол киім шіріп бітпегенше, шешлмейді. Аяқтарына ешкі терісінен жасалған аяқ-киім киеді. Кейін ол аяқ терісіне жабысып, 2 тері секілді болып қалады. Күні түні ат үстінде отырып, тамақ ішеді,шайқасады, ұйықтайды. Бірақ олардың әскери мықтылығы жайлы айтып өтпесе болмайды. Ат пен садақты ерекше меңгерген. Және де жауды арқанмен ұстап алып, ат үстінен құлатады. Ешбір мәдениеті жоқ, сенімдері мен діні жоқ, алтынға құмар жабайы тайпа « деп жазып кетеді.
Екінші бір тарихшы – Йордан. Йордан – гот тарихшысы, гот көсемінің хатшысы болған деп те жазады. Оның еңбегінің бірі болып «Сокровища хранителей» деп деп аталады .Бұл Юстинианның заманына дейінгі жазылған тарихи оқиғаларды қамтиды. Және де тағы бір айтулы шығармасы ол –«О происхождений и деяний гето» немесе оны «Гетика» деп те атайды. Бұл еңбектің маңыздылығы өте зор. Йорданның ғұндар мен өзгң де көшпелі халықтар жайлы жазып қалдырған сипаттаулары бар. «Ғұндар қорқыныш сезімін тудыратын. Олардың бет -әлпеті өте ұсқынсыз еді. Адам кейпіндегі, жануар секілді жабайы болып келген». Оның Каталаун шайқасы да жайлы мағлұматтар жазып кеткен. Онымен қоса ғұндар басшысы Атилла да жайлы жазған.
Прокопий Кесарийский – византиялық белгілі тарихшы. 6 ғасыр шамасында өмір сүрген. Прокопий негізінен славян тайпалары жайлы мәлімет қалдырып кеткен. Және қазіргі күнге дейін бұл мәліметтердің маңыздылығы мен тура, нақты жазылған мағлұмат болып табылады. Сонымен қатар ол ғұндардың шыққан тегі, жері де жайлы біршама мағлұмат қалдырып кеткен. Ол ғұндарды масагеттердің ұрпағы деп жазады.
Ал грек жазушысы Зосиманың айтуынша: «бұрын белгісіз болған халық, қазіргі ғұн аталатын немесе патшалық скифтер деп аталатын халық, Дунай бойындағы скифтерге шабуыл жасап, Византияға қашқан бөлігін де қырып салады. Сонымен бірге Фракия, паннония және Фесалияға да жойқын шабуылдар жасады»,-деп жазған.
Аквитания жерінен шыққан белгілі рим тарихшысы Проспер Тиро, Халықтар Шайқасы жайлы өзінің хроникасында соғыс нәтижесі және ғұн билеушісі Атилла жайлы жазып кетеді. Ол: «Бұл соғыста жеңген және жеңілген ешкім болмады. Бірақ Атилла мен оның әскері қаншалықты мықты болғанмен, оларөз елдеріне қайтуға мәжбүр болды. Және осыны негізге ала тұрып ғұндардың осалдық көрсеткенін көреміз» деп жазған.
Б.з.д. 1-мыңжылдыктың басында Орталық Азияны мекендеген тайпалар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, скифтікмәдениетке ұқсас мәдениетті игеріп, арбалы көлікпен кәшіп-қонып жүрді. Ежелгі Қытай жазбаларында Қытайдың солтүстік шығыс жағын мекендеген жундер (цяндар) туралы айтылады. ытай тарихнамашысы Сыма Цянь (Б.з.д.145—86жылдары) Орталық Азияны б.з.д. VII—ғасырларда мекендеген Солтүстіктегі көршілерін жундер деп атайды.
Б.з.д. V ғасырдың соңында бұрынғы жундердің орнына Орталық Азияда көшпенділердің күшті бірлестігі — ғұндар (қытайша "сюнну") мен юэчжилер пайда болды. Юэчжилер — шығыс скиф (сақ) тайпаларына жатады. Олардың құрамында үйсіндер де болған. АумағыТянь-Шаньнан бастап, Орталық және Батыс Монғолия, Жоңғария, Алтай өңірі, Шығыс Түркістанды қамтыды.
Орталық Азия көшпенділері құдіретті тайпа бірлестігіне жатады. Бань Гу юэчжилердің ғұндардан да күшті болғандығын айта келіп:
'Ұлы иузу елі (үлкен юэчжи) — түтін саны 400 мың; әскері 100 мың, олар көшпенді мемлекет, мал жайылымы жағдайына карай көшіп-қонып жүреді, әдет-ғұрыпы ғұндарға ұқсас', — деп көрсетеді.
Б.з.д. III ғасырдың соңында олар Ганьсу провинциясының оңтүстік-батысын иемденген. Ғұндардың соққысынан б.з.д. 174 жылдан кейін батысқа кеткен юэчжилер Бактрияны бағындырды, кейіннен Бактрия жерінде Кушан патшалығы пайда болды.
Б.з.д. IV ғасырда қытайлықтар өздерінің қарсыластарының арасында ғүндарды алғаш рет атайды. Ғүндар б.з.д. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында 24 тайпалар одағынан тұрған Еуразия кұрлығындагы бірден-бір ірі мемлекетке айналады. Шығысында Тынық мұхитынан бастап, батысында Тарбағатай тауларына дейін кең құлаш жайып жатты.
Б.з.д. IV—III ғасырларда ғұндардың жауынгерлік күш-қуатынан сескенген қытайлықтар олардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Және де бір деректерде: « Юечжилер ғұндардан күші көбірек болған, және сюннулерге жек көріншпен қараған» деген де дерек бар.
Осы екі жақ деректерді салыстырып айтатын болсақ, еуропалық тарихшылар және олардың қалдырған дерек көздерінен біз олардың ғұндарға деген аса жек көрінушілігін және ызасын көре аламыз. Ғұндарды адам кейпіндегі ұсқынсыз жануарлар деген де сөздер жызлды. Ал Азиялық деректерде де ғұндарға жақсы көзқараспен қараған жоқ. Бірақ еуропалықтарға қарағанда ғұндардың мықтылығын, көрегендігін жасырмады. Және соларға қарсы қытай қорғанын салғаны да жайлы жазылды. Сондықтан екі дүниенің де жалпы көз қарасы бірдей болғанымен, ара арасында айырмашылықтар болып тұрды.
28 |
Түрiктер тарихындағы монғолдар дәуiрiн сипаттаңыз. |
Моңғол империясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады. Моңғолдар ұлы держава болды. Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Ұлан-байтақ өңірлерді жаулап алған Шыңғыс хан өлерінің алдында өзінің төрт ұлына ол жерлерді бөліп береді.Төлеге (кіші ұлы)- кіндік Моңғолияны;Шағатайға - Жетісу мен Әмудария маңын (Мәуереннахр), Шығыс Түркістанды;Үгедейге - Алтай, Тарбағатай, Батыс Моңғолия жерлерін береді.Жошы (үлкен ұлы) үлесіне- Ертістен батысқа қарай бүкіл Дешті-Қыпшақ жерін қоса Оралға дейін, Жетісудың солтүстік бөлігі, Арал Каспий маңындағы жерлер тиді.
Бұл бөлінген жерлер ұлыстар деп аталды. Барлық ұлыстардың орталығы Қарақорым болды. Бұлардың ішінде ең ірісі – Жошы ұлысы, кейінгісі – Шағатай ұлысы.Ұлыс билеушілерінің қолына біртіндеп бүкіл билік толығымен көшіп, империя бірнеше дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының басты себебі, халық бұқарсының моңғол езгісіне қарсы күресі, жаулап алған елдердегі билік берік еместігі , өзара жалғасқан қырқыстар, экономикалық байланыстардың, мәдени-тарихи дәстүрлердің болмауы еді. Және енді ұлыстар Қарақорымға бағынбайтын болды.
Шыңғыс хан құрған алып империя аумағының басым бөлігі Жошы ұлысына қарады. Алғашқыда ұлыс территориясы Ертістен Еділге дейінгі, Сібірден Сырдарияға дейінгі жерлерді қамтыды. Қазақстан жерінің басым бөлігі осы ұлыстың құрамында болды. Жошы хан өлгеннен кейін мирасқоры Батый жорықтары нәтижесінде ұлыс аумағын Алтайдан Дунайға дейін созды. Бұл ұлы мемлекет Алтын Орда мемлекеті болды.Енді бұл мемлекет те 1266 жылдан бастап орталық билікке бағынбай өзі жеке мемлекет ретінде қалыптасты. Басында моңғол — кейінірек түркіленген— 1240 жылдары Русь княздіктері жауланып алынғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина,Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен жәнемоңғол Ильхандар династиясының қол астындағы Персиямен шектесіп жаты. Бұл мемлекет те 2 ғасырдан астам уақыт өмір сүріп кейін бірнеше дара мемлекеттерге ыдырап кетті. Ыдырау себептеріне:
Этникалық құрамы әр түрлі халықтар бір мемлекетте тұра алмады;
Шаруашылығының өркендеуі нашар болды;
Билік үшін талас күшейді;
Езілген халықтың азаттық күресі күшейді.
Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі – XIV ғасырдың екінші жартысы. Ақ Орда, Хорезм, Еділ бұлғарлары т. б. Дербес мемлекеттер пайда болды. Бұлардың барлығы бұрын Алтын Орданың құрамында, кейіннен Алтын Орданың қазақстандық бөлігінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттер билік жүргізген.
Енді осы ыдыраған мемлекеттерге тоқталып кетсек. XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталық, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет – Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, крейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары. Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды.
Моғолстан мемлекеті (XIVғ. ортасы-XVI ғ. басы)
XIV ғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы дербес екі иелікке – шығыс және батыс бөліктерге бөлінді. Шағатай ұлысы қоныс еткен Мәуеренахрдың батыс бөлігінде 50–60 жж. феодалдық ыдыраушылық әрекеті жойылып, Әмір Темір мемлекеті құрылды. Ал оның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті орнады.
Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.