
- •Автоматтандырылған басқару жүйелерін информациялық және математикалық қамтамасыз ету.
- •Айнала ағу шығынын өлшеу құралдары.
- •Автоматтандырудың технологиялық болжаулары.
- •Дифференциалды манометрлер.
- •Жағу дабылы стандартталған ток және пневматикалық аспаптар.
- •Қыздыру құрылғыларын автоматтандыру құралдары.
- •Құрал-жабдықтардың ферродинамикалық жүйесі.
- •Қысымның айнымалы ауытқу әдісі бойынша шығынды өлшеу.
- •Қысымды және тітіркенуді өлшеу тәсілдері.
- •Материал санының тахометрлік көрсеткіштері.
- •Монометрлік термометрлер.
- •Металлургиялық өндірісінің автоматтандыруындағы даму тенденциялары.
- •Өлшеулерді дистанциялық беру қондырғысы бар қысымдық қондырғылар.
- •Өндірістік үрдістерді автоматтандырудың комплексті жүйелері.
- •Сұйықтық монометрлері.
- •Серіппелі манометрлері.
- •Булағыштың эстремалды сипаттамасы
- •Температураны өлшеудің әдістері, техникалық құралдары және жүйелері.
- •Температураны өлшеуге арналған аспаптарды эксплуатациялау және құрылғылау ерекшеліктері.
- •Шығынды және денгейді өлшеу аспаптарын эксплуатациялау ерекшеліктері.
Қысымның айнымалы ауытқу әдісі бойынша шығынды өлшеу.
Қысымның асқынуы айнымалы расходомер көмегімен шығынды өлшеу әдісінің негізіне өткізгіш құбырда жергілікті тарылу жерінен өтетін заттың потенциалды энергиясын (статикалық қысым) өлшеуден тұрады. стандартты тарылатын қондырғылар ретінде диафрагмы, сопла, Вентури сопласы, Вентури құбырлары қолданылады.
Егер тарылатын қондырғы арқылы сығылатын ауа (газ немесе бу) өтетін болса, онда қысымның төмендеуі салдарынан оның көлемі үлкейеді. Бұл ағын жылдамдығының өсуіне әкеледі және сығылмайтын ортаның жылдамдығы үлкен бола түседі, нәтижесінде қысатын қондырғыда қысым асқынуы үлкейеді.
Индукциялық расходомер. Тоқ өткізгіш таза сол сияқты қатты ластанған сұйық, ерітінді, пульпа, балқыған металдар мен қорытпалар және т.б. индукциялық (электрмагнитті) расходомерлер кең таралуға ие болды.
Бұл расходомерлер тамақ өнеркәсібі үшін ерекше маңызға ие болады көптеген сатылатын өнімдер – сыра, түрлі шырындар, қант сиробының, сұйық ашықтының, сүт және т.с.с. шығынын өлшеуді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қысым аспаптарын эксплуатациялау.
Сұйықтардың, газдардың және булардың қысымы көптеген технологиялық процестер барысын сипаттайтын маңызды параметрі болып табылады. Жоғарғы бет бойымен бьір беткей бөлінген күшпен сипатталады.
Қысымды абсолютті Рабс және артық Рарт ажыратады. Абсолютті қысым күй параметрі болып табылады және абсолютті нольден, яғни қысымның толық жоқтығында саналады. Артық қысым тұйық көлемдегі абсолютті қысым мен қоршаған ортаның үлкен абсолютті қысымы арасындағы айырмашылық болып табылады. Қоршаған ортаның абсолютті қысымы болып атмосфералық қысым Ратм табылады, демек,
Рарт= Рабс- Ратм .
Қоршаған ортаның абсолютті қысымымен және тұйық көлемдегі кіші абсолютті қысым арасындағы айырмашылық қозу деп немесе вакуум Рвак деп аталады:
Рвак= Ратм- Рабс .
Қысым мен қозуды өлшеуге арналған аспаптар әдетте әрекет ету принципі бойынша және өлшенетін шама түріне қарай жіктеледі.
Қысымды, қозуды және қысымның асқынуын өлшеу үшін аспаптары әрекет ету принципі бойынша келесідей негізгі топтарға бөлінеді:
1.Сұйықтық
2.Жүктіпоршынды
3.Деформациялық аспаптар
4.Электрлік аспаптар
5. қысымды өлшеудің арнайы принциптері пайдаланылатын аспаптар (жылулық, электрразрядты, тұтқырлық және т.б.).
Өлшеу шамаларының түріне қарай аспаптар бөлінеді:
а) абсолютті және артық қысымдар, сондай-ақ қысымның әртүрлігін өлшеуге арналған манометр-аспаптарға;
б) қозуды (вакуумды)өлшеуге арналған вакуумметр-аспаптар;
в) артық қысым сияқтыларды, сондай-ақ вакуумды өлшеуге арналған мановакуумметр-аспаптар;
г) кіші (40 кПа дейін) қысымды өлшеуге арналған аспаптар -напоромерлер (микроманометрлер;
д) кіші (40 кПа дейін) қозуды өлшеуге арналған-тягомерлер (микроманометрлер);
е) тартушы-ағынды өлшеуіштер (микроманометрлер)- кіші қысым мен қосуды өлшеуге арналған аспаптар (20 кПа дейін);
ж) дифференциалды манометр, қысымның асқынуын (ек іқысымның әртүрлігін) өлшеуге арналған -аспаптар;
з) барометрлер- атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспаптар.
Микроманометрлер. Өте кіші қысым мен қозуларды өлшеу үшін иілген түтікті микроманометрлер қолданылады. Қалтқылы дифманометрлер әрекет ету принципі бойынша тостағандыларға ұқсас, бірақ қысымды өлшеу үшін оларда тостағанда сұйықтың мөлшерін өзгертуге болатын қалтқы пайдаланылады
Сақиналы дифманометр қысымның асқынуын, сонымен қатар кіші қысымдар мен қозуларды өлшеу үшін қолданылады. Бұл аспаптың әрекет етуі “сақиналы таразы” принципіне негізделген.
Жүкті-поршынды аспатар әртүрлі манометрлерді тексеру мен бөліктеу үшін пайдаланылады. Оларда сұйықпен (маймен) толтыру үшін цилиндрге берілетін өлшенетін қысым белгілі жүк салынатын жүк алаңымен және поршн массасымен теңестіріледі.
Кедергі манометрлері. Бұл топтың аспаптардың әрекетті сыртқы қысым әсерінен сезімтал элементтің элекр кедергісінің өзгеруіне негізделген. Принципті датчикті үлкен пьезокоэффициентті (мысалға, манганин) кез келген металл немесе жартылай өткізгіш атқара алады. металдық датчиктердің пьезокоэффициенті кішкентай, сондықтан оларды жоғары және аса жоғары 3 ГПа дейінгі қысымдарды өлшеу кезінде қолданған жөн. жартылай өткізгіш датчиктер әлсіз 10 МПа аспайтын қысымға дейін қолданыла алады.
Мембранналы-сыйымдылықты манометр. Бұл аспаптардың әрекет принципі тегіс конденсатордың қаптамалары арасындағы қашықтықтың өзгеруі кезіндегі, оның сыйымдылығының өзгеруіне негізделген. Олар 10-2 дан 10 Па дейінгі төмен абсолютті қысымды өлшеу үшін үлгілер ретінде қолданылады.
Пьезоэлектрлік манометрлер. Олардың әрекеті салынған қысым әсері астынан электр зарядтарды туғызу кейбір кристалдық заттардың қасиетіне (кварц, турмалин, сегнеттік тұз, барий титанаты және т.б.) негізделген. Пьезоэлектрлік манометрлер тез ауысатын қысым -кавитация, жарылыс және т.с.с. процестерді зерттеу кезінде қолданылады.
Жылуөткізгіш манометрлер. Бұл аспаптарда абсолютті төмен қысымдарда (немесе терең вакуумда) молекулалардың еркін жүгіру ұзындығы жүйенің геометриялық өлшемдерімен тең болуына негізделеді
Иондаушы аспаптар. иондаушы аспаптар әрекеті (вакуум өлшеуіштің) газдағы қысымнан иондық тоқ күшінің тәуелдігіне негізделген. Аспаптар иондаушы газдың тәсілі бойынша ажыратылады. Көбінесе иондаушы вакуумметр зерттелетін объектіге жалғанған манометрлік шамнан және өлшеу қондырғысынан тұрады. Манометрлік шамдармен өте төмен қысымды өлшеуге болады: 0,1-1,0 нПа.