
- •Автоматтандырылған басқару жүйелерін информациялық және математикалық қамтамасыз ету.
- •Айнала ағу шығынын өлшеу құралдары.
- •Автоматтандырудың технологиялық болжаулары.
- •Дифференциалды манометрлер.
- •Жағу дабылы стандартталған ток және пневматикалық аспаптар.
- •Қыздыру құрылғыларын автоматтандыру құралдары.
- •Құрал-жабдықтардың ферродинамикалық жүйесі.
- •Қысымның айнымалы ауытқу әдісі бойынша шығынды өлшеу.
- •Қысымды және тітіркенуді өлшеу тәсілдері.
- •Материал санының тахометрлік көрсеткіштері.
- •Монометрлік термометрлер.
- •Металлургиялық өндірісінің автоматтандыруындағы даму тенденциялары.
- •Өлшеулерді дистанциялық беру қондырғысы бар қысымдық қондырғылар.
- •Өндірістік үрдістерді автоматтандырудың комплексті жүйелері.
- •Сұйықтық монометрлері.
- •Серіппелі манометрлері.
- •Булағыштың эстремалды сипаттамасы
- •Температураны өлшеудің әдістері, техникалық құралдары және жүйелері.
- •Температураны өлшеуге арналған аспаптарды эксплуатациялау және құрылғылау ерекшеліктері.
- •Шығынды және денгейді өлшеу аспаптарын эксплуатациялау ерекшеліктері.
Қыздыру құрылғыларын автоматтандыру құралдары.
Қыздырғыш (Нагреватель) — электр тогын, сұйық немесе газ сияқты энергия тасушыны қолданып, металды қыздыруға қолданылатын құрылғы
Дилатометрлік термометрлер. Әрекеті қатты денелердің жылулық кеңеюіне негізделген термометрлер, дилатометриялық деп аталады. Олар екі негізгі түрде дайындалады: өзекшелі және биметалды.
Өзекшелі дилатометриялық термометрдің әрекет принципі (сур.) түтіктер мен өзекшелерді қыздыру кезінде олардың сызықтық кеңею коэффициенттерінің әртүрлі болуы салдарынан ұзарудың әртүрлігін пайдалануға негізделген. Биметаллды дилатометрлік термометр түрлі металдардан тұратын бүкіл ұзындығы бойымен пісірілген екі тілімшеден тұратын серіппе (немесе тегіс) түрінде сезімтал элементке ие болады. Ішкі тілімше, сыртқымен салыстырғанда сызықты кеңеюдің үлкен коэффициентіне ие болады, сондықтандақыздыру кезінде мұндай серіппе бұралады.
Қызған денелердің толық сәулеленуін (интегралды) өлшеу үшін радиациялық пирометрлер қолданылады. Шынайы дененің Тр радиациялық температурасы деп қара дененің, оның сәулеленудің толық қуаты Т температурада шынайы денемен сәулеленетін толық энергияға тең температура аталады.
радиационды пирометрлерде сезімтал элемент ретінде термобатарея пайдаланылады. жылу ағыны термобатареяның термоэлектрлік түрлендіргіштерінің жұмысшы қосылықтарында бақылауға алынатын қыздырылған дененің температурасын белгілейтін қыздыру дәрежесіне қарай шоғырланады немес фокустеледі. Ең көп тарағандарға бұрындары пирометрлер “РАПИР” түріндегі болған. Қазіргі уақытта олар стационарлы пирометрлік түрлендіргіштердің агрегаттық кешенмен және АПИР-С, Raynger-ST сәулелену пирометрлерімен ауыстырылды. Олар толық сәулеленудің термоэлектрлік (ППТ) және жартылай сәулеленудің пирометрлеріне (ПЧД) бөлінеді. Біріншілерінде терможұптардың батареялары, екіншілерінде - германийлік немесе кремнийлік фотодиодтар пайдаланылады.
Сұйық термометрлер. Кеңейтудің сұйық термометрлермен температураны өлшеу материалдағы қабықша мен сұйықтың көлемдік кеңеюінің коэффициенттері айырмашылығына негізделген. Жұмысшы зат ретінде көбінесе сынапты немесе этил спиртін қолданады, кейбір жағдайларда толуол, эфир, пентан және т.б. Сұйық манометрлі термометрлерінде температурадан тәуелді терможүйедегі қысымнын өзгеруі келесі өрнекпен анықталынады: ∆Р=β∆t/μ, мүнда ∆Р-қысымнын өзгеруі; β-сұйықтын көлемді кенею коэффициенті,1/0С; ∆t-температуранын өзгеруі, 0С. Осы өрнектен терможүйедегі сұйықтын қысымынын өзгеруі қыздыру кезінде температуранын сызықты функциясы болып табылады. Сондықтанда олардын біркелкі шкаласы болады.
Құрал-жабдықтардың ферродинамикалық жүйесі.
Ферродинамикалық өлшеуіш (ферродинамический измерительный прибор) – екі (қозғалатын және қозғалмайтын) және одан да көп катушкалардың токпен электрдинамикалық әрекеттесуіне негізделген аспап. Ф.ө.а. негізінен техникалық қалқанды (сирегірек тасымалды) амперметр, вольтметр және ваттметр (көрсететін, өздігінен жазатын) түрде жиілігі 50 ... 500 Гц айнымалы ток тізбегінде (сирегірек түрақты ток тізбегінде) өлшеу үшін пайдаланылады. Ф.ө. а. негізгі қасиеттері: айналдыру моменті үлкен, сыртқы магниттік өрістің әсері аз, селкіл қозғалысқа, дірілге және т.б. механикалық әсерлерге тұрақты, магниттелу қисығының сызықты болмауының, сонымен қатар гистерезис пен тагнит өткізгіштегі шығындардың әсерінен болады. Өлшеу шегін ток не кернеу трансформаторы көмегімен кеңейтуге болады. Фазалар ығысу бүрыштары мен жиілікті өлшейтін аспаптарда пайдаланатын ферродинамикалық логометр кеңінен таралған.