- •1."Токсин" ұғымына қысқаша анықтама беріңіз, токсиндік заттардың негізгі топтарын атап көрсетіңіз
- •2.Токсикология ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •3.Экотоксикологиялық зерттеулердің дауына себепші болған практикалық проблемаларды атаңыз
- •4.Организмге түрлі токсиканттардың әсер етуі барысында "өткір" немесе "созылмалы" улану орын алуы мүмкін, уланулардың осылайша бөліну себебін түсіндіріңіз
- •5.Токсиканттар адам мен жануарлар организміне әртүрлі жолдармен енеді, токсиканттың организмге ену жолын оның қасиеттерімен байланыстырыңыз
- •6.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •7.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларды асырауға қойылатын талаптарды атап шығыңыз
- •8.Токсикологиялық экспериментті жоспарлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз
- •9.Организмде улардың әсерінен пайда болған өзгерістердің біліну кезеңдерін көрсетіп, оларға қысқаша сипаттама беріңіз
- •10.Улы заттардың организмге тыныс жолдары арқылы ену прооцесін қысқаша сипаттаңыз
- •11.Ксенобиотиктердің организм ішінде тасымалдану жолдарын және дене мүшелерінде жинақталу ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •12."Токсикокинетика" ұғымына анықтама беріңіз, токсикокенетикалық көрсеткіштерге қысқаша сипаттама беріңіз
- •13.Улану кезіндегі емдік-профилактикалық шараларды атап, емдік диеталардың маңызын түсіндіріңіз
- •14.Созылмалы улану кезіндегі улардың кумуляциялану түрлеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ластаушы заттардың техногендік көздеріне қысқаша сипаттама беріңіз
- •16."Биологиялық ластану" ұзымына анықтама беріңіз, бологиялық ластанудың себептерін атаңыз
- •17.Токсиндік қасиеті бар газ тәріздес бейорганикалық қоспалар мен қышқылдардың шығу көздерін және қолданылу салаларын сипаттаңыз
- •18.Токсикология пәніне қысқаша анықтама беріңіө, токсикология ғылымының міндеттерін тұжырымдаңыз
- •19.Токсикометрия ғылымын заттардың улылығы мен қауіптілігін бағалайтын токсикология ғылымының саласы ретінде сипаттаңыз
- •20.Экотоксиканттардың әсері организмдердің жасына, жынысына тәуелді болатыны белгілі, себептерін түсіндіріңіз
- •21.Токcикометрияда опаттық (леталдық) дозалар және нәтижелі (эффективті) дозалар ұымдары қолданылады, солардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз
- •22.Эксперимент барысында токсиканттарды жануарлар организміне ауыз арқылы енгізуге байланысты ережелерді тұжырымдаңыз
- •23.Токсикометриялық критерийлер неге негізделген деп ойлайсыз, токсикалық эффект көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз
- •24.Токсикалық қасиеті бар заттарды жіктеу әдістерін тұжырымдаңыз, токсиканттардың негізгі топтарына (кластарына) анықтама беріңіз
- •25.Токсикалық қасиеті бар заттарды гигиеналық классификация бойынша топтарға жіктеңіз
- •26.Су көздерін ластаушы токсиканттарды кластарға жіктеңіз
- •27.Буланғыш (ұшқыш) токсиндік заттарды кластарға жіктеңіз
- •28.Токсиндік заттардың организмде таралуының кеңістіктік, уақыттық және концентрациялық факторларын мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •29.Улардың биологиялық субстратпен әсерлесу механизмін сипаттаңыз, улардың организмге әсер етуіндегі рецепторлардың маңызын түсіндіріңіз
- •30.Токсикалық заттардың аралас әсерінің негізгі түрлерін (типтерін) сипаттаңыз
- •31.Қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуінің себептерін түсіндіріңіз
- •32.Ауыр метелдардың "физиологиялық маңызы бар" және "тек токсикалық маңызы бар" металдар болып бөліну себебін түсіндіріңіз, олардың өкілдерін атаңыз
- •33.Ауыр металл қорғасынның токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •34.Ауыр металл сынаптың токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •35.Ауыр металл кадмийдің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •36.Ауыр металл мышьяктің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •38.Ауыр металл мырышқа физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •39.Ауыр металл қалайыға физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •40.Ауыр металл темірге физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •41.Экотоксикология ғылымының өзге жаратылыстану ғылымдарымен байланыстылығын сипаттайтын сызба нұсқа құрастырыңыз
- •42.Экотоксикологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •45.Токсикологиялық эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға белгі тағу (маркировка) әдістерін кесте түрінде клтіріңіз
- •48.Тубазид препаратының токсинділігін зерттеу кезінде төмендегідей нәтижелер алынған. Беренс әдісі бойынша осы препараттың ld 50 мөлшерін есептеп шығарыңыз:
- •49.Беренс әдісі бойынша токсикантың ld 50 мөлшері мына формула бойынша есептеледі: ld50 ;
- •50.Ксенобиотиктердің организмде өзгерістерге түсу және залалсыздану сатыларын кесте түрінде келтіріңіз
- •52.Ксенобиотиктердің әртүрлі топтарының троптық органдарда жинақталу ерекшеліктерін көрсететін кесте құрастырыңыз
- •53.Йодтың радиоактивті изотобының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54.Цезийдің радиоактивті изотоптарының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
15.Ластаушы заттардың техногендік көздеріне қысқаша сипаттама беріңіз
Техногенді ластанған жағдайда ауылшаруашылығына қарасты жерді мелиорациялау ролі ұлғаяды және күрделенеді. Мелиорацияны іске асырудың бағыты, мелиорацияланатын агроландшафттылардың экологиялық қауіпсіздігінің тұрақтылығын жасау және экологиялық таза ауылшаруашылық өнім алу болып табылады. Ең актуальды проблемалардың қатарына агроландшафттар мен су экожүйесіне түсетін жүктемелерді төмендетуін қамтамасыз ететін, ғылыми дәлелденген мелиорацияның режимдері жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларды және техникалық шешімдерді жасау жатады.
Ластандырушы элементтер қоршаған ортаға адамның техногендік әрекеті нәтижесіңде жиналады. Мысалы, ауыр металдардың топырақ жамылғысында шоғырлануы ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді, топырақ-тың химиялық құрамын өзгертеді. Болашақта ауыр металдардың өте көп шоғырлану салдарынан үлкен территориялар техногендік шөлдерге айналуы мүмкін. Улы заттар биологиялық тізбектер арқылы және атмосферадан адам ағзасына түсіп, оның денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді.
16."Биологиялық ластану" ұзымына анықтама беріңіз, бологиялық ластанудың себептерін атаңыз
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға енуі. (СЫЗЫП КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ)->Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) және механикалық Ластану (агенттердің өз арасындағы Ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді.
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылардың шектен тыс көбеюінен пайда болады. Биологиялық ластанудың себебі: құрамында органикалық заттектері бар залалсыздандырылмаған ауылшаруашылық және тұрмыстық ақаба сулардың табиғи ортаға түсуі; БЛ қауіпті эпидемиялық ауруларды тудыруы мүмкін. Мысалға, 1994 ж. Дағыстанда тырысқақ ауруының жаппай таралу себебі- құрамында тырысқақ қоздырушысы болған тазартылмаған тұрмыстық ақаба сулармен ауыз судың ластануы болды. Ауылшаруашылық жануарлардың өліктері Биологиялық ластанудың көзі бола алады. Сондықтан оларды арнайы жерлерде терең көмеді немесе арнайы өндіріс орнында өңдейді. Онда жоғары температура әсерінен ауру тудырушы микроағзалар өледі, ал жануар массасынан сабын жасайтын май алынады, шикізаты былғары өнеркәсібінде, мал азықтық қоспалар жасауда пайдаланылады.
17.Токсиндік қасиеті бар газ тәріздес бейорганикалық қоспалар мен қышқылдардың шығу көздерін және қолданылу салаларын сипаттаңыз
Газ тәрізді бейорганикалық қосылыстар атмосфера құрамындағы су буларымен қосылғанда қышқыл жаңбырар түзеді. Соның салдарынан қышқыл жаңбырдың түсуіне әкеліп соғады. Қышқылды жаңбыр – атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (пҺ<5,6) болатындығы ауа құрамында өндіріс қалдықтары (мыс., СО2, НО2, ҺЦл, т.б.) мөлшерінің көптігіне байланысты. Осындай жауын-шашын түскен топырақ пен су айдындарының қышқылдығы артып, соның нәтижесінде қоршаған ортаның экожүйесі деградацияға ұшырайды. Атап айтқанда, су айдындарындағы балықтар мен су жануарлары жаппай қырылып, топырақ құнарсызданып, жеміс-жидек пен көкөніс және орман ағаштары өспей, солып қалады..Атмосфера құрамына еңген өндіріс қалдықтары күкірт диоксиді және азот оксидтері ондағы ылғалмен әрекеттесіп күкірт және азот қышқылдарын түзеді.Соның әсерінен жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады.Әдетте рН 5,6 кем болса жауын- шашын «қышқыл жаңбыр» деп аталады.
Негізінде, қышқыл жаңбыр күкірттің және азоттың атмосферадағы химиялық және физикалық реакцияларының әсерінен туындайтын құбылыс. Нәтижесінде күкірт (H2SO4) және азот (HNO3) қышқылдары түзіледі. Соңынан соң бу немесе қышқылдың молекуласы бұлттың тамшыларына араласып, құрғақ немесе жаңбыр түрінде жерге түседі. Бірақ адамның өмір тіршілігі, іс - әрекеті атмосфераға күкірт пен азоттың қосындысының көптеп шығуына ықпалын тигізуде.
Қышқыл жаңбырының табиғатта, адамның араласуынсыз-ақ, бұрын да болғандығы белгілі, ондайда күкірт пен азот өрттің, вулканның т.с. табиғи құбылыстардың әрекетінен атмосфераға көтеріліп отырған.
Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне барып түсуі мүмкін. Сондықтан бұл бүгінде халықаралық мәселеге айналып отыр. Мысалы: Қазақстан үшін өз жерін ластану пайызы өз күкіртінің құрылымынан – 46 пайыз, азот құрылымы бойынша – 22 пайыз құрайды. Қалған пайызы өзге мемлекет аумағынан келеді.Азот пен күкірт атмосфераға шыққан соң бірден реакцияға түсіп, қосынды құрамайды, арада 2,8.....10 тәулік өтуі мүмкін. Осы екі арада ауадағы ластаушы заттар мыңдаған шақырымдарға кетеді.
Қышқыл жаңбыр, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Мысалы: Ауадағы ластар және қышқыл жаңбырлар металконструкциясының тот басуын жылдамдатады, ғимараттардың, ескерткіштердің бұзылуына әкеліп соғады, топырақ пен судың қышқылдығын (РН) өзгертіп, топырақтың құрылымын бұзады, оның өнім беру қасиетін төмендетеді, өсімдіктердің жойылуына ықпал етеді. Тұщы судың ашық қоймаларының сапасын төмендетеді, тірі организмдердің құруына әкеледі.
