
- •1."Токсин" ұғымына қысқаша анықтама беріңіз, токсиндік заттардың негізгі топтарын атап көрсетіңіз
- •2.Токсикология ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •3.Экотоксикологиялық зерттеулердің дауына себепші болған практикалық проблемаларды атаңыз
- •4.Организмге түрлі токсиканттардың әсер етуі барысында "өткір" немесе "созылмалы" улану орын алуы мүмкін, уланулардың осылайша бөліну себебін түсіндіріңіз
- •5.Токсиканттар адам мен жануарлар организміне әртүрлі жолдармен енеді, токсиканттың организмге ену жолын оның қасиеттерімен байланыстырыңыз
- •6.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •7.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларды асырауға қойылатын талаптарды атап шығыңыз
- •8.Токсикологиялық экспериментті жоспарлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз
- •9.Организмде улардың әсерінен пайда болған өзгерістердің біліну кезеңдерін көрсетіп, оларға қысқаша сипаттама беріңіз
- •10.Улы заттардың организмге тыныс жолдары арқылы ену прооцесін қысқаша сипаттаңыз
- •11.Ксенобиотиктердің организм ішінде тасымалдану жолдарын және дене мүшелерінде жинақталу ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •12."Токсикокинетика" ұғымына анықтама беріңіз, токсикокенетикалық көрсеткіштерге қысқаша сипаттама беріңіз
- •13.Улану кезіндегі емдік-профилактикалық шараларды атап, емдік диеталардың маңызын түсіндіріңіз
- •14.Созылмалы улану кезіндегі улардың кумуляциялану түрлеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ластаушы заттардың техногендік көздеріне қысқаша сипаттама беріңіз
- •16."Биологиялық ластану" ұзымына анықтама беріңіз, бологиялық ластанудың себептерін атаңыз
- •17.Токсиндік қасиеті бар газ тәріздес бейорганикалық қоспалар мен қышқылдардың шығу көздерін және қолданылу салаларын сипаттаңыз
- •18.Токсикология пәніне қысқаша анықтама беріңіө, токсикология ғылымының міндеттерін тұжырымдаңыз
- •19.Токсикометрия ғылымын заттардың улылығы мен қауіптілігін бағалайтын токсикология ғылымының саласы ретінде сипаттаңыз
- •20.Экотоксиканттардың әсері организмдердің жасына, жынысына тәуелді болатыны белгілі, себептерін түсіндіріңіз
- •21.Токcикометрияда опаттық (леталдық) дозалар және нәтижелі (эффективті) дозалар ұымдары қолданылады, солардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз
- •22.Эксперимент барысында токсиканттарды жануарлар организміне ауыз арқылы енгізуге байланысты ережелерді тұжырымдаңыз
- •23.Токсикометриялық критерийлер неге негізделген деп ойлайсыз, токсикалық эффект көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз
- •24.Токсикалық қасиеті бар заттарды жіктеу әдістерін тұжырымдаңыз, токсиканттардың негізгі топтарына (кластарына) анықтама беріңіз
- •25.Токсикалық қасиеті бар заттарды гигиеналық классификация бойынша топтарға жіктеңіз
- •26.Су көздерін ластаушы токсиканттарды кластарға жіктеңіз
- •27.Буланғыш (ұшқыш) токсиндік заттарды кластарға жіктеңіз
- •28.Токсиндік заттардың организмде таралуының кеңістіктік, уақыттық және концентрациялық факторларын мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •29.Улардың биологиялық субстратпен әсерлесу механизмін сипаттаңыз, улардың организмге әсер етуіндегі рецепторлардың маңызын түсіндіріңіз
- •30.Токсикалық заттардың аралас әсерінің негізгі түрлерін (типтерін) сипаттаңыз
- •31.Қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуінің себептерін түсіндіріңіз
- •32.Ауыр метелдардың "физиологиялық маңызы бар" және "тек токсикалық маңызы бар" металдар болып бөліну себебін түсіндіріңіз, олардың өкілдерін атаңыз
- •33.Ауыр металл қорғасынның токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •34.Ауыр металл сынаптың токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •35.Ауыр металл кадмийдің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •36.Ауыр металл мышьяктің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •38.Ауыр металл мырышқа физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •39.Ауыр металл қалайыға физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •40.Ауыр металл темірге физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •41.Экотоксикология ғылымының өзге жаратылыстану ғылымдарымен байланыстылығын сипаттайтын сызба нұсқа құрастырыңыз
- •42.Экотоксикологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •45.Токсикологиялық эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға белгі тағу (маркировка) әдістерін кесте түрінде клтіріңіз
- •48.Тубазид препаратының токсинділігін зерттеу кезінде төмендегідей нәтижелер алынған. Беренс әдісі бойынша осы препараттың ld 50 мөлшерін есептеп шығарыңыз:
- •49.Беренс әдісі бойынша токсикантың ld 50 мөлшері мына формула бойынша есептеледі: ld50 ;
- •50.Ксенобиотиктердің организмде өзгерістерге түсу және залалсыздану сатыларын кесте түрінде келтіріңіз
- •52.Ксенобиотиктердің әртүрлі топтарының троптық органдарда жинақталу ерекшеліктерін көрсететін кесте құрастырыңыз
- •53.Йодтың радиоактивті изотобының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54.Цезийдің радиоактивті изотоптарының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
14.Созылмалы улану кезіндегі улардың кумуляциялану түрлеріне сипаттама беріңіз
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар: Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкін.
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы — өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
тұрмыс химикаты;
өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
әскери улаушы заттектер.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
аллергия тудыратын заттар;
мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;
канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі — өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензинмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.
Созылмалы улану деп – зиянды заттардың төмен концентрацияда немесе аз дозада ұзақ әсер етуі нәтижесінде пайда болатын ауруды атайды. Егер, мұндай әсер бір мәрте қысқа уақытта көрсетілген болса, онда улану белгілері байқалмайды. Қандай да бір улану эффекиін туындататын заттың ең төмен концентрациясы төменгі шекті (пороговый) концентрация деп атайды. Өткір улану туындататын заттың порогті концентрациясысозылмалы уландыру тудыратын заттың концентрациясынан жоғары болады.