Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

12."Токсикокинетика" ұғымына анықтама беріңіз, токсикокенетикалық көрсеткіштерге қысқаша сипаттама беріңіз

Токсикокинетика- ағзада улы заттармен жүретін процестерді зерттейді. Токсикокинетика. Ағзаға тері және АІЖ арқылы енеді. Пероральдық улану кезінде шектен өте нашар сіңіріледі, сондықтан оның мөлшері өзгермеген қалпы нәжіспен шығады. АІЖ сынаптың тұздары NaCl қатысуымен ериді және хлор-альбуминаттар түзеді. Белоктармен көп байланысады. Hg ағзадан зәрмен (40%), нәжіспен (30-35%), сонымен қатар сілекей (20-25%), тер, сүт бездерімен шығарылады. Hg сульфиді түрінде бүйректе, бауырда, өт қапшығында, аз мөлшерде мида, бұлшық еттерде, миокардта жиналады. Қорғасынның токсикокинетикасы . Тыныс жолдары арқылы тез сіңеді,асқазан шырышымен 2 сағатта және жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде 24сағатта 4-12-30% дозасы сіңіріледі, қалған мөлшері нәжіспен шығады. Қанда және басқа ағза сұйықтықтарында қорғасын дифосфат, дифософоглицерат, кальций және хлормен аралас тұздар,белоктармен орг.комплекстер, жұмсақ тіндер мен сүйектерде – Са и фосформен комплекс түрінде кездеседі. Қанда эритроциттер құрамында және плазма белоктармен болады (көбіне g-глобулинмен).Жинақталады 1.гипофиз, НПЧ, құйымшақ жүйкесінде,бүйректерде; >2. Өкпе, бауыр, сан сүйектері,қан; >3. Жүрек, көк бауыр,жұлын, қалқанша без, жуан ішек ; >4. Ми діңгегі, асқазан, қуық,бұлшық ет, жіңішке ішек, тері, шаш . Жазық сүйектерге қарағанда қуыс сүйектерде Рb көп болады. Күйзеліс, ацидоз, инфекция немесе лихорадка,катаболиттік стероидтар түзілуі,препараттар комплекстері нәтижесінде қорға жиналуы күшейеді. 2-3 аптада зәрмен дозаның 50% және нәжіспен 1:2, сонымен қатар өтпен шығады. (энтерогепатикалық айналым). Зәрде 2 формасы Рb, бірі – табиғи хелат. Тіндерден Рb ион түрінде,сонсоң байланысқан , Рb орг.комплекстер түрінде шығады. Рb биоэлементтер қатарына жатпайды,бірақ су және тағам құрамымен адам ағзасына түседі. Адам тікелей Рb жұмыс істемесе,тәулігіне 0,05-2г Рb (орташа 0,3 мг) сіңіреді. Сондықтан қорғасынды оң сапалық анализ кезінде сандық анықтау қажет. «Қалыпты» Рb ( мг 100 г мүшеге) бауырда 0,130; бүйректе 0,027; қуыс сүйектерде 1,88; асқазан және ішекте 0,022 и 0,023. для людей, Рb жұмыс істемейтін адамдар үшін зәрде «қалыпты» 30-40мкг/л, жұмыс істейтіндер үшін – 200мкг/л, қанда – 60мкг%. ЛД Рb барлық қосылыстар үшін бірдей емес. Әсіресе балалар сезімтал болады.

13.Улану кезіндегі емдік-профилактикалық шараларды атап, емдік диеталардың маңызын түсіндіріңіз

Емдік-профилактикалық тамақтану организмнің әр түрлі у әсерінен туындайтын бұзылыстарға тұрақтылығын арттырады. Құрамында күкірті бар (цистеин, метионин) нәруыздар мен бірқатар аминқышқылдарының профилактикалық маңызы зор. Құндылығы жоғары құрамында цистеин, метионин мөлшері көп азықтар -творог, студень, казеин және оның гидролизаты. Тамақ рационындағы майдың көп мөлшерде болуы ас қорыту жолында кей улардың (қорғасын, көмірсутектер) тез сіңірілуін қамтамасыз етеді, интоксикация үрдісін нитробензол, тринитротолуолмен күшейтеді. Майға бай тағам бауырдың гепатоксикалық улармен зақымдалуын күшейтеді, сондықтан да уланған кезде майлы заттарды жеуге шектеу қойылады. Көмірсулық тамақтану режимі бауырда гликоген мөлшерін жоғарылатады, сәйкесінше организмнің фосфор, хлороформ, цианды қосылыстардың әсеріне тұрақтылығын жоғарылатады. Минералды заттардың ішінде кальцийдің маңызы зор. Оның организмде жетіспеушілігі организмнің көптеген уларға әсіресе фторидтердің әсеріне тұрақтылығын төмендетеді. Тағамдағы кальцийдің жоғары мөлшері интоксикация үрдісінің жүруін жеңілдетеді. Темір препаратын қабылдау күкіртті, цианды натрий және т.б. қанға әсер ететің улардың әсерін бәсеңдетеді. С витамині қорғасынның аз еритін қосылыстарын тез еритін және организмнен тез шығарылатын түрге ауысуын қамтамасыз етеді. Қорғасынның улы қосылыстары улылығы төмен қорғасын аскорбатына айналады. В тобының витаминдері бензол, сынап, қорғасын, фтор, күкірт көмірсутекпен улануды бәсеңдетеді. В1, В6, В12 витаминдері азотты, күкіртті, сірке қышқылды және басқа да қышқылдармен, хлорорганикалық байланыстармен, дихлорэтанмен, фенол, мышьяк, этил спиртімен уланғанда, ал В12 синильді қышқылмен, В1 -метил спиртімен уланғанда пайдаланылады. К витамині бензол, қорғасын, фтор, антикоагулянттармен (гепарин, фенилин) уланғанда интоксикация үрдісіне әсер етеді. Никотин қышқылы (РР витамині) хлорорганикалық қосылыстар, этил спиртімен уланғанда пайдаланылады. Д витамині кадмийлі интоксикация әсерінен сүйек зақымдалуының алдын алады. Құрамында нәруыз, май, көмірсу, минералды тұздары бар сүтті күнделікті азық рационында пайдалану организмнің көптеген уларға қарсы тұрақтылығын жоғарылатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]