Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

11.Ксенобиотиктердің организм ішінде тасымалдану жолдарын және дене мүшелерінде жинақталу ерекшеліктерін сипаттаңыз

Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер (детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.

Көптеген жағдайларда ксенобиотиктер тірі ағзаларға түскеннен кейін оның жағымсыз әсерлерінің биотрансформациясынан уытты метаболиттер пайда болады. Көптеген ксенобиотиктер де, ағзаға түсе отырып биотрансформацияға ұшырайды және метоболит түрінде бөлініп шығады. Ксенобиотиктердің метаболизміне 30-дай фермент қатысады. Оның 2 фазасы бар: 1) модификация - функциялық топтар түзіледі немесе босатылады. 2) конъюгация - функциялық топтарға басқа топтар мен молекулалар қосылады. Көп жағдайда ксенобиотиктер метоболизмі осы ретпен жүріп отырады, бірақ ксенобиотик молекуласында функциялық топ болатын болса, ол бірден конъюгацияға ұшырап кетеді. Әдетте 2 кезеңі, әсіресе бірлесе әсер етсе молекулалардың гидрофилділігі, белсенділігі мен улылығын төмендетеді. Үшінші кезені бұл енді – метаболизм емес, ксенобиотиктердің тіршілігі - ксенобиотиктің өзі мен оның метаболиттерін байлап тастап, клеткадан, соңынан организмнен шығарылып тасталуы Биотрасформацияның негізіне, көп жағдайда, молекулалардың энзиматикалық түрленуі жатады. Бұл құбылыстың биологиялық мәні – химиялық заттектің ағзадан шығаруға ыңғайлы формаға айналуы, сонымен қоса, оның әсер ету уақытының қысқаруы.

Мысалы, алифатикалық және ароматикалық қатарлардың органикалық қоысылыстары көбінесе, жұтылатын ауа түрінде бүтіндей бүйрек және асқазан мен ішек жолы арқылы бөлінеді. Ауыр металдар, ережеге байланысты, негізінен асқазан мен ішек жолы арқылы шығарылады. Майлы және тері бездерінің өзегі арқылы бөліну аз ғана мәнге ие. Кейбір улар (қорғасын, кобальт және т.б.) бала емізетін ананың сүтіне жиналуы мүмкін. Көптеген өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, тұрмыста пайдаланатын улы заттар иммундық жүйені уландырады. Бұл заттардың аз мөлшерінің енуінің өзі ағзаның иммундық қорғаныш реакциясының бұзылуына әкеп соқтырады.. Иммундық жүйенің негізгі қызметі қандағы, лимфа тамырларындағы бөгде заттарды оқшаулау, залалсыздандыру, болмаса жою. Иммунотоксиндікті екі заңдылықта қарастырады: ол ксенобиотиктің өзінің иммундық жүйені зақымдауы, екіншісі ксенобиотиктің зақымдаушы уыттылық механизмдерінің әсеріне иммундық жүйенің қатысуы. Иммунотоксиканттарға өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, тұрмыста пайдаланатын улы заттар қатары жатады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]