Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

8.Токсикологиялық экспериментті жоспарлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз

Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. XIX ғ. Екінші жартысы мен XX ғ.басында токсикологияда өндірістік зиянды заттардың тәжірибеге алынған жануарларға,соның ішінде егеуқұйрық пен тышқандарға жүргізілді.Токсикологияға эксперименттік әдісті француз ғалымы Клод Бернар енгізген.Токсикологиялық тәжірибе бастамастан бұрын зерттеудің негізгі мақсаттарын,зерттеу обьектісін,заттекті енгізу әдісін,тандап тәжірибе ұзақтығын белгілеу қажет.Тәжірбиге алынған жануарларды таңдағанда келесідей факторлар ескеріледі:сезімталдық,жасы және жынысы,әртүрлі топқа жататыфн жануарлардың белгілі бір уңа деген сезімталдығының әр түрлі болуы.Токсикометрия көрсеткіштерін анықтау кезінде тәжірибені жануарлардың 2 түріне жүргізген дүрыс.Өлімге ұшырататын орташа дозаны анықтауда ұрғашы сонымен қатар еркек жыныстарға да жүргізу керек,өйткені олардың LD50 мөлшерінде өзгешеліктер байқалады. Сонымен қатар таңдалған жануарлар басқа тәжірибеге қолданылмауы және де фармокологиялық қоспа заттардың әсеріне ұшырамауы керекПайдаланатын жануарлар саны статистикалық аналық жасауға жеткілікті болу керек.Әдетте, әр бір дозаға 8-10 жануардан құралған төл пайдаланылады. Таңдалған жануардың массасы жыныстық жағынан жетілген даралар массасына сәйкес болуы тиіс.Токсикологиялық тәжірибеге барысында келесідей кезеңдерде бөліп қарастырауға болады.

Тәжірибе шарттарына сай жануарларды таңдау,

Бақылау, ауру жануарларға карантин жариялау.

Зертх-қ көрсеткіштердің бастапқы мәндерін анықтау

Көрсеткіштері өткір түрде оның бөлінетін жануарларды тәжірибеден шеттеу

Топтарға бөлу

Топтар арасында айқын өзгешіліктер бар-жоған статистикалық жағынан тексеру.

Егеуқұйрықтардың басты ерекшеліктері олар жұқпалы ауруларға төзімді және көп ұрпақ береді. Оларды жақсы желдетілген,жарық жекілікті, біркелкі температура бар бөлмеде ұстайды. Бөлме ылғалдылығы 40-45% аспауы керек.егеуқұйрықтарды толығымен металдан жасалған,тот баспаитын немесе мырыштан жасалған,тормен қапталған клеткада ұстайды.

9.Организмде улардың әсерінен пайда болған өзгерістердің біліну кезеңдерін көрсетіп, оларға қысқаша сипаттама беріңіз

Удың организмге күрделі әсер ету арқылы түрлі потологиялық үрдістерді тудыруы мүмкін: асқыну, дистрофиялық өзгерістер, безгек, аллергия, іштің пайда болуы, ұрықтың даму үрдісінің бұзылуы(тератогенез), тұқым қуалау ақпаратының зақымдалуы. Потологиялық үрдістердің дамуы көп жағдайда шығу тегі басқа улы заттармен құрылысы бойынша ұқсас организмнің химиялық заттары арадағы бәсекелестікке байланысты туындайды.

Организмнің табиғи жолмен химиялық заттардың орнын басу немесе ығыстыру арқылы ксенобиотиктер биохимиялық реакциялардың қалыпты жұмысын бұзады, ал бұл өз кезегінде клетка, ұлпа, тіптен толықтай организмнің құрылыс мен қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Ксенобиотиктердің потологиялық жататын ең кең таралған және де айқын байқалатын формасы асқыну. Суда және майда жасы еритін ксенобиотиктер тікелей мынадай нүктелерде асқыну тудырады: теріде, көздің сілемейлі қабаты, жоғары тыныс алу жолдарында, ас қорыту жүйесінде (күшті қышқыл, сілтілер, ауыр металл). Тұншықтырғыш газдар қантамырлардың өткізгіштік қасиетін бұзады, ал бұл өкпенің ісінуін тудырады. Бауыр циррозына әкеп соқтыратын асқынуларды мышьяк, фосфор, қорғасын, хлорланған көмірсутектер тудырады. Көптеген өткір және созылмалы интоксикация нәтижесінде бүйрек,бауыр, миокард, бас миы мен жұлында дистрофия п.б. Тез арада дене температурасының өсуімен сипатталатын безгек ауада тез тотығатын мыс, сынап, кобальт, никель және цинк буларымен демалғанда туындайды. Қазіргі кезде организмнің сезімталдылығы мен аллергияны тудыратын бірнеше мың қарапайым химиялық заттар мен жүз, мыңдаған органикалық байланыстар анықталды. Молекулалық массасы төмен химиялық аллергендер организмде нәруыз тасымалдағыштармен коньюгацияланып, антигендер қасиетіне ие болады.

Ароматтық аллиндер, нитро нитрозоқосылыстар организмде өзгеру нәтижесінде күшті аллергендер түзеді хиноидты, бензохиноидты байланыстар айқындалған аллергияның қасиеттерге ие байланыстар мышьяк, сынап, кобальт, никель, хром, органикалық оксидтер,пероксидтер, т.б.

Жүйке жүйесіндегі өзгерістер. Улар жүйке жүйесіне 4түрлі әсер етеді:

  1. спецификалық емес(электролиттік емес, органикалық ерітінді)

  2. нерв клеткаларының спецификалық зақымдануы(көмірсутек, қорғасын, тетраэитлқорғасын, сынап)

  3. медиоторлық алмасуды спецификалық шектеу(фосфорорганикалық пестицид)

  4. екінші реттік әсер, қан айналымының бұзылуы мен гипоксия жағдайларымен сипатталады(көміртегі оксиді, тұншықтырғыш газлдар)

Тыныс алу мүшелерінің зақымдалуы. Тітіркендіргіш заттардың газы, шаңы, буы тудырады. Суда жақсы еритін улар мен ірі шаң жоғары тыныс алу жолдарын зақымдайды, ұсақ шаң бронхылар, бронхиолалар, мыс, марганец, кадмий өкпенің токсикалық ісінуін, токсикалық пневмонияға әкеп соқтырады.

Жүрек қантамыр жүйесіндегі өзгерістер. Вегетативті қантамырлар диофункция миокард дистрофиясы, ошақтық оргаикалық зақымдалулар түрінде көрініс табады. Вегетативті қан тамырлы өзгерістер нейтропты улар, тетроэтилқорғасын және т.б. улармен уланғанда п.б. миокард дистрофиясы қорағысн байланыстарының әсерінен п.б.

Зәр шығару және жыныс жүйесінің зақымдануы. Бүйректің зақымдануы хлортүзуші көмірсутектер, қорғасын, сулема ал қуықтың зақымдануы амид түзуші бензолмен уланғанда п.б. Бензол,қорғасын, көмірсутек оксиді кей пестицидтер авариальді менструальді циклдің бұзылуына әкеп соқтырады. Сперматогенездің бұзылуы алкоголь, қорғасынмен уланғанда п.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]