Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

50.Ксенобиотиктердің организмде өзгерістерге түсу және залалсыздану сатыларын кесте түрінде келтіріңіз

Ксенобиотиктер (Ксенобиотики) (грекше xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектер. Ксенобиотиктер биоталық айналымға кірмейді, әдетте, адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады. Оларға пестицидтер, минерал тыңайтқыштар, жуғыш заттектер (детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады. Қоршаған табиғи ортаға түскен соң олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдерді өлімге душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін. Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.

52.Ксенобиотиктердің әртүрлі топтарының троптық органдарда жинақталу ерекшеліктерін көрсететін кесте құрастырыңыз

Ксенбиотиктердің мөлшерін төмендетудің арнай технологиясының бірі троптың органдарын өңдеуге жіберу.

Cd үшін жануарлар бүйрегі мен бауырын қабылдамайды.

Hg бүйрек, бауыр, ми

Pb сүйек ұлпасы, бүйрек, бауыр.

Жанурлардың қанын толық ағызады.

Балықтың троптық орнгандары ішек қарны, желбезегі, қабыршағы, сүйегі, басын жояды. Балықтың фильесін өңдейді.

Өсімдіктердің троптық органдары сабағы және жапырағы.

Астық өнімдері үшін кебегі және ұрығы.

Өңделген өнімдер тағы бақылаудан өтіп барып сатылымға жіберіледі.

53.Йодтың радиоактивті изотобының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз

Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элементГалогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутаритдитцент минералдарындамұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырлардакездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спиртэфиркүкірткөміртекхлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғарытемпературада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыштотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлорменнатрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстарымедицинада, металл өндіруде (титанцирконгафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.

54.Цезийдің радиоактивті изотоптарының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз

Цезий(лат. Caesіum), Cs — элементтердің периодтық жүйесінің Қ тобындағы хим. элемент, ат. н. 55, ат. м. 132,91; сілтілік металдарға жатады. . Цезийді 1860 ж. неміс ғалымдары Г.Кирхгоф және Р.Бунзен спектроскоп. жолмен ашқан. Ол сирек элементтер қатарына жатады. Цезийдің екі минералы (авогадрит, поллуцит) белгілі. Иондаушы сәулелену жоғары дамыған ағзаларға, бірінші кезекте – адамға аса күшті әсер етеді. Оған микроағзалар төзімдірек келеді. Эксперименттік зерттеулер белсенділігі 3,7-1014 Бк (10 мың Ки) гамма сәулеленудің (кобальт-60, цезий-137) қуатты көздерінің қасында жоғарғы топтағы бірде-бір өсімдік немесе жануар тірі қалмайтындығын көрсеткен. Түрлі радинуклидтердің организмге әсері аса сан алуандығымен ерекшелінеді, әйтсе де жалпы алғанда, оларға мутагенді және бластомогенді эффект тән. Мысалы, 131-иодтың аз мөлшерінде қалқанша бездің қызметі бұзылады, ал көп мөлшерінде – зиянды ісіктер түзіледі.

Цезийдің зардаптары:

-Ғаламдық жауындар. 1995 жыл бойында цезий – 137 концентрациясы 0-0,42 Бк/кв м шамасында ауытқиды. Ал жалпы β – белсенділік айына 0,4-0,9 Бк/кв м өзгереді. Бұл республика халқына қауіп туғызбайды. Ауадағы радиоактивті аэрозольдердің мөлшері рұқсат етілетін мөлшерден артық емес. Жуырға дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл газ, күкірт оксиді, азот болған.

- Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері радионуклиттік ластануға көп көңіл бөлінуде. Чернобыль апаты Ресей Федерациясының  көптеген аймақтарының экологиялық жағдайына әсер етті. 1992 жлдың науырыз айында цезиймен 11 облыс ластанған. Жалпы цезиймен ластанған жерлердің ауданы 5210 км кв. Негізінен біздің аймақта радионуклидтік ластанудың 2 көзі бар. Олар: цезий-137, стронция-90. Стронцийдің топырақта қалыптасуы ең алдымен ионды зат алмасумен байланысты, ал цезийдің қалыптасуы ионды сорбезия процестерімен байланысты.

Қоршаған ортаға цезийдің бөліну кезінде, радионуклеид жақсы ерітінді күйде болады.

Сол күйде цезий – 137 өсімдіктер тез өз бойларына сіңіріп алады. Сосын радионуклид топырақтарда әр түрлі процестерді жалғастырады. Радиануклиттердің өсімдіктерде жиналуы топырақ пен өсімдіктің түріне байланысты. Қышқыл топырақтарда радионуклиттер өсімдіктерде көбірек жинақталады. Топырақтын қаншалық қышқылдығы аз болса, радиануклиттерді өсімдіктерге енуі соншалық төмен болады. Сондықтан да топырағына байланысты строций 90 мен цезий 137 өсімдіктерде 10-15 есе өзгеруі мүмкін. Тың аймақтарда, жайылым жерлерде, цезий 0-5 см аралық қабатта орналасады. Ал аударылған жерлерде цезий 132 беткі қабаттарында болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]