Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

41.Экотоксикология ғылымының өзге жаратылыстану ғылымдарымен байланыстылығын сипаттайтын сызба нұсқа құрастырыңыз

Экотоксикология пәнаралық сипаттағы сала. Ол бірнеше саланы біріктіреді. Қоршаған ортадағы химиялық заттектердің тірі организмдерге, олардың популяцияларына және экожүйеге әсерін зерртейді.

Ең алғаш экотоксикологияны ғылыми бағыт ретінде 1969 жылы қоршаған орта туралы проблемалар бойынша халықаралық ғылыми комитет отырысында жеке ғылым саласы ретінде қаланған. 1975 жылы бұл ғылымға жеке ғылым саласы ретінде анықтама берілген.

Бұл сала тірі организмдердің шығу көздерін, таралуын, қоршаған орта өзгерістерін, тірі организмге әсерін зерттейді. Көптеген қоректік тізбектер адмға келіп тірелетіндіктен, адам оның зертеу объектісі болып табылады.

Экотоксикологияның негізгі бағыттары:

Экотоксиканттардың шығу көздерін зерттеу,олардың табиғатта таралу жолдарын, топырақта, суда, атомосферада, өсімдіктер денесінде, жануарлар денесінде, қоректік тізбек бойымен өткенде өзгеріске ұшырауын зерттеу, нәтижесінде пайда болатын жаңа заттектердің қасиеттерін зерттеу;

Тірі организмдердің әртүрлі систематикалық топтарына әсер ету ерекшеліктерін зерттеу;

Организмдердің жауап реакцияларын зерттеу, (мұндай жауап реакциясы жасуша деңгейінде, мүше деңгейінде, дара организм, популяция және деңгейінде болуы мүмкін.)

Экотоксиканттардың зиянды әсерін бағалау көрсеткіштерін жасау;

Организм үшін қажетті, бірақ қоршаған ортаға артық мөлшерде түсіп жатқан заттардың токсиндік әсерінің механизмдерін зерттеу.

Экотоксканттардың қоршаған ортаға түсуінің гигиеналық регламенттерін жасау;

Экотоксиканттардың қоршаған орта объектілеріндегі түрлері мен мөлшерін анықтау әдістерін жасау.Сондай ақ экотоксиканттар әсерінен ауруға ұшыраған адамдарды диагностикалық емдеу және профилактикалау жолдарын зерттеу.

Негізінде жоғарыда атап кеткендей, токсикология ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. XX ғасырдың басында зиянды өндірістік заттардың тәжірибелік жануарларға әсері зерттеле бастады. Көбінесе, тышқандар мен егеуқұйрықтар алынған. Токсикологияға экспериментальдық тәсілді француз физиологы Клод Бернар енгізген болатын. 1915 жылы 22 сәуірде Бельгияда немістер алғашқылар болып уландырушы зат ретінде хлорды пайдаланған. Осы уландырушы заттан бірінші дүниежүзілік соғыста өлген адамдар саны миллионға жеткен болатын.

Экологиялық токсикология немесе экотоксикология ғылыми бағыттағы жеке ғылым саласы. Қоршаған ортадағы зиянды химиялық заттардың әсерін, олардың тірі организмдерге және олардың популяцияларына әсерін зерттейді.

Экотоксикология - өндірістік уларды зерттейтін пән болып табылады.Ол өндірістік улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады. Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады. Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған - қан айналым мүшелерін айтуға болады. Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.

Экотоксикология - пән улардың ағзаға әсер етуін, қауіптілігі мен зияндылық деңгейін, гигиеналық тазалық сақтау нормативтерін шараларын ұйымдастырып нұсқау беріп отырады. Өндірістік улар қатарына көп өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.

Токсикология уланудың күшті және созылмалы түрін зерттейді.Гигиеналық токсикология химиялық заттардың қауіптілігін анықтап,одан қорғану жолдарын қарастырады.Экологиялық бағыттылығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]