
- •1."Токсин" ұғымына қысқаша анықтама беріңіз, токсиндік заттардың негізгі топтарын атап көрсетіңіз
- •2.Токсикология ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз
- •3.Экотоксикологиялық зерттеулердің дауына себепші болған практикалық проблемаларды атаңыз
- •4.Организмге түрлі токсиканттардың әсер етуі барысында "өткір" немесе "созылмалы" улану орын алуы мүмкін, уланулардың осылайша бөліну себебін түсіндіріңіз
- •5.Токсиканттар адам мен жануарлар организміне әртүрлі жолдармен енеді, токсиканттың организмге ену жолын оның қасиеттерімен байланыстырыңыз
- •6.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға қойылатын талаптарды көрсетіңіз
- •7.Эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларды асырауға қойылатын талаптарды атап шығыңыз
- •8.Токсикологиялық экспериментті жоспарлауға қойылатын талаптарды сипаттаңыз
- •9.Организмде улардың әсерінен пайда болған өзгерістердің біліну кезеңдерін көрсетіп, оларға қысқаша сипаттама беріңіз
- •10.Улы заттардың организмге тыныс жолдары арқылы ену прооцесін қысқаша сипаттаңыз
- •11.Ксенобиотиктердің организм ішінде тасымалдану жолдарын және дене мүшелерінде жинақталу ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •12."Токсикокинетика" ұғымына анықтама беріңіз, токсикокенетикалық көрсеткіштерге қысқаша сипаттама беріңіз
- •13.Улану кезіндегі емдік-профилактикалық шараларды атап, емдік диеталардың маңызын түсіндіріңіз
- •14.Созылмалы улану кезіндегі улардың кумуляциялану түрлеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ластаушы заттардың техногендік көздеріне қысқаша сипаттама беріңіз
- •16."Биологиялық ластану" ұзымына анықтама беріңіз, бологиялық ластанудың себептерін атаңыз
- •17.Токсиндік қасиеті бар газ тәріздес бейорганикалық қоспалар мен қышқылдардың шығу көздерін және қолданылу салаларын сипаттаңыз
- •18.Токсикология пәніне қысқаша анықтама беріңіө, токсикология ғылымының міндеттерін тұжырымдаңыз
- •19.Токсикометрия ғылымын заттардың улылығы мен қауіптілігін бағалайтын токсикология ғылымының саласы ретінде сипаттаңыз
- •20.Экотоксиканттардың әсері организмдердің жасына, жынысына тәуелді болатыны белгілі, себептерін түсіндіріңіз
- •21.Токcикометрияда опаттық (леталдық) дозалар және нәтижелі (эффективті) дозалар ұымдары қолданылады, солардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз
- •22.Эксперимент барысында токсиканттарды жануарлар организміне ауыз арқылы енгізуге байланысты ережелерді тұжырымдаңыз
- •23.Токсикометриялық критерийлер неге негізделген деп ойлайсыз, токсикалық эффект көрсеткіштеріне сипаттама беріңіз
- •24.Токсикалық қасиеті бар заттарды жіктеу әдістерін тұжырымдаңыз, токсиканттардың негізгі топтарына (кластарына) анықтама беріңіз
- •25.Токсикалық қасиеті бар заттарды гигиеналық классификация бойынша топтарға жіктеңіз
- •26.Су көздерін ластаушы токсиканттарды кластарға жіктеңіз
- •27.Буланғыш (ұшқыш) токсиндік заттарды кластарға жіктеңіз
- •28.Токсиндік заттардың организмде таралуының кеңістіктік, уақыттық және концентрациялық факторларын мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •29.Улардың биологиялық субстратпен әсерлесу механизмін сипаттаңыз, улардың организмге әсер етуіндегі рецепторлардың маңызын түсіндіріңіз
- •30.Токсикалық заттардың аралас әсерінің негізгі түрлерін (типтерін) сипаттаңыз
- •31.Қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуінің себептерін түсіндіріңіз
- •32.Ауыр метелдардың "физиологиялық маңызы бар" және "тек токсикалық маңызы бар" металдар болып бөліну себебін түсіндіріңіз, олардың өкілдерін атаңыз
- •33.Ауыр металл қорғасынның токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •34.Ауыр металл сынаптың токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •35.Ауыр металл кадмийдің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •36.Ауыр металл мышьяктің токсикалық ерекшеліктерін сипаттаңыз, табиғи ортадағы мөлшерін, ластау көздерін көрсетіңіз
- •38.Ауыр металл мырышқа физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •39.Ауыр металл қалайыға физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •40.Ауыр металл темірге физиологиялық маңызы бар микроэлемент және қоршаған ортада кең таралған токсикант ретінде сипаттама беріңіз
- •41.Экотоксикология ғылымының өзге жаратылыстану ғылымдарымен байланыстылығын сипаттайтын сызба нұсқа құрастырыңыз
- •42.Экотоксикологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •45.Токсикологиялық эксперимент барысында пайдалынылатын жануарларға белгі тағу (маркировка) әдістерін кесте түрінде клтіріңіз
- •48.Тубазид препаратының токсинділігін зерттеу кезінде төмендегідей нәтижелер алынған. Беренс әдісі бойынша осы препараттың ld 50 мөлшерін есептеп шығарыңыз:
- •49.Беренс әдісі бойынша токсикантың ld 50 мөлшері мына формула бойынша есептеледі: ld50 ;
- •50.Ксенобиотиктердің организмде өзгерістерге түсу және залалсыздану сатыларын кесте түрінде келтіріңіз
- •52.Ксенобиотиктердің әртүрлі топтарының троптық органдарда жинақталу ерекшеліктерін көрсететін кесте құрастырыңыз
- •53.Йодтың радиоактивті изотобының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54.Цезийдің радиоактивті изотоптарының пайда болу көздерін және канцерогендік қасиеттерін сипаттайтын кесте құрастырыңыз
30.Токсикалық заттардың аралас әсерінің негізгі түрлерін (типтерін) сипаттаңыз
Токсикалық заттардың аралас әсері дегеніміз –организмге бірдей жолмен түсетін бір немесе одан да көп улы заттардың бір уақытта немесе бірінен кейін бірі әсер етуі. Улы заттардың аралас әсері келесідей түрлерге жіктеледі:
1. Бірлескен ұқсас әсер –ксенобиотиктердің қасиеттері әр түрлі, бірақ олардың әсер ету рецепторлары бір. Мысалы, есірткі, ароматты көмірсутектер, тітіркендіргіш газдар әсер еткен кезде суммалық сипатта әсер етеді (суммалық эффект).
2. Бір-біріне тәуелсіз әсер –мұндай жағдайда әрқайсысының қасиеттері әр түрлі, әсер ету механизмі де бір-біріне тәуелсіз. Мұнда улану эффектісі бір-біріне байланыссыз болғандықтан, оларды қосып есептемейді. Өйткені эксперименттегі жануарлар улағыш заттардың біреуінен ғана өлімге ұшырауы мүмкін.
3. Синергизм –улағыш заттар бір-бірінің әсерін күшейтеді.
4. Антогонизм –синергизмге керісінше, бір-бірінің әсерін бәсеңдетеді.
1981 жылы Денсаулық сақтау ұйымының эксперттері улардың біркелкі әсеріне мынадай анықтама береді:
1. Аддитивті әсер. Егер улы заттардың бірлескен әсерінің нәтижесі сол улардың әрқайсысының жеке-жеке әсерінің суммасына тең болса, мұндай әсер аддитивті әсер деп аталады.
2. Потенциалдау. Егер улы аралас әсері солд улардың жеке-жеке әсерінің суммасынан жоғары болса, бұл потенциалдаушы әсер деп аталады.
3. Антогонизм. Егер улағыш заттардың аралас әсері сол улардың жеке-жеке әсерінің суммасынан кем болса, мұндай әсер антогонистік әсер деп аталады.
31.Қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуінің себептерін түсіндіріңіз
Ауыр металдар дегеніміз - тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см³) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары ағза үшін зиянды. Олар тағам, ауа, су арқылы ағзаға түскенде, ыдырамайды, кейбір органдарда (бүйрек, буын, бауыр т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шкаладан аспауы керек. Олар биологиялық белсенді және токсинді. Ауыр металдардың табиғи ортаға түсуі табиғи (тау жыныстары мен минералдардың үгілуі, эрозиялық процестер,жанартау атқылауы) және техногенді (пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, жанармай жағу, көлік, ауылшаруашылығының әсері) болып екіге бөлінеді. Өндіру мен өңдеу табиғи ортаның металдармен ластанудың күшті көзіне жатпайды. Бұл өндірістердегі ластанушы заттардың қалдығы жылуэнергетика қалдықтарынана әлдеқайда аз. Атмосфера ауасында ауыр металдар органикалық және бейорганикалық қосылыс,шаң-тозаң және газ тәріздес түрінде болады. Осы орайда қорғасын, кадмий,мыс,мырыш аэрозольдері субмикронды диаметрі 0,5-1 мкм б-лшектерден6никель және кобальт аэрозольі ірі дисперсті бөлшектерден тұрады (1 мкм аса). Металлургия өндірісінде Ауыр металдар қалдықтарыкөбіне ерімеген күйде болады. Ауыр металдармен ластану – жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий және т.б. Ауыр металдардың жергілікті, аймақтық, ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әртүрлі (металл бөлшектерді жоңқалау,коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетика қондырғыларының, т.б. қондырғылары); олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетіне таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы. Ауыр металдардың 80% микроэлементтер қатарына жатады. Ауыр металдардың өсімдік пен жануар ағзасында артық мөлшерде жиналуы олардың ағзасында тіршілік үшін жүретін маңызды процестерге қауіп төндіреді. Бұл ауыр металдардың су, топырақта қалыпты болу қажеттілігін түсіндіреді. Қоршаған ортаға ауыр металдар екі жолмен түседі: 1) табиғи жолмен, 2) техногендік көздерден. 1) Ауыр металдардың қоршаған ортада таралуының табиғи көздеріне біріншіден тау жыныстары жатады. Мұнда жер қабатындағы мантияның жоғарғы беті, базальт, шөгінді тау жыныстары, мұхит суы, жер жүзіндегі тірі ағзалар ауыр металдардың табиғи таралу жолы болып табылады. 2) Ауыр металдардың техногендік көздерден түсуі. Ауыр металдар қоршаған ортаға түрлі химиялық қосылыстар түрінде адамның іс әрекеті нәтижесінде қоршаған ортаға араласып түседі Қазіргі таңда топырақтың ауыр металдармен ластануы кең таралған. Топырақтың антропогендік өзгерісі үрдісінде олардың технологиялық қалдықтармен ластануы маңызды рөл атқарады. Ластаушы заттардың негізгі тобын ауыр металдар құрайды, олардың негізгі бөлігі индустриалдық кәсіпорындардың шығарылымдарымен тропосфераның төменгі қабаттарына түсіп, аэралдық жолмен көшіп-алмасып, топырақтың беткі қабаттарына шөгеді. Кеңістіктегі ластаушы металдардың жайғасуы өте күрделі және көптеген факторларға байланысты болады. Алайда кез - келген жағдайда да топырақ ауыр металдардың техногендік бөлігінің басты қабылдаушысы және жинақтаушысы болып табылады.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде ауыр металдарға қоршаған ортаны ластаушы заттар және токсиканттар ретіндегі ерекше мән берілуі бекер емес. Жоғарыда айтылғандай ауыр металдар барлық тірі организмдермен қатар қоршаған ортаға аса зиянды болып табылады. Олардың шектен тыс мөлшері зақымдаушы әрі уландырушы эффект тудырады. Қазіргі заманғы өнеркәсіптік шаруашылықтың дамуына байланысты ауыр металдардың қ.о.ға бөлінуі күн санап артып келеді. Сондықта олармен улану қауіп те жоғары. Осындай уланулар алдын алу үшін барлық экологиялық талаптарды ұстану қажет.