Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

27.Буланғыш (ұшқыш) токсиндік заттарды кластарға жіктеңіз

Барлық ұшқынды заттардың төрт топқа бөліп қарастыратын жіктеуі.

І. Тұншықтырғыштар:

а) қарапайым тұншықтырғыштар, олардың әсері организмге енетін ауа құрамынан оттегін ығыстыру (азот, сутегі, гелий).

б) химиялық әсер етуші тұншықтырғыштар организмге ауамен оттегі жеткілікті мөлшерде түскенімен қандағы және тіндердегі газ алмасуы бұзылады (көміртегі тотығы, синильді қышқыл).

ІІ. Тітіркендіргіштер: - тыныс алу жолдарымен тікелей өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіреді, бұл асқыну реакцияларының дамуына септігін тигізеді (аммиак, қостотықты азот, күкіртті газ т.б.)

ІІІ. Ұшқын есірткілер және оларға туыс заттар: қанға түскеннен кейін әсер етеді. Жедел әсерлерінен наркоз тудыра отырып, нерв жүйелеріне тигізеді. Физикалық-химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерлеріне сүйене отырып авторлар бұл топты 5 топшаға бөледі:

Айқын зардабы жоқ есіртпе заттар (азот закисі, майлы қатардың көмірсутектері, эфирлер).

Зиянды әсерін ең алдымен ішкі органдарға тигізетін заттар (галогенді туындылар, майлы қатардың көмірсутектері).

Ең алдымен қантүзуші органдарға әсерлері бар заттар (хош иісті көмірсулар).

Нерв жүйелеріне тигізетін әсерлері басым заттар (алкоголдер, майлы қатардың күкіртті қоспалары).

Қанға және қан айналымына әсері басым азоттық органикалық қоспалар (анилин, нитробензол).

ІV. Органикалық емес және металорганикалық қоспалар.

Бұл топқа жоғарыда аталған топтарға енбеген және әртүрлі әсерлері бар заттар жатады, (сынап, қорғасын, фосфор, металорганикалық қоспалар, мышьяк және фосфорлы сутегі т.б.). Белгілі бір жақтарынан бұл заттар протоплазмалық уларға жатуы мүмкін.

28.Токсиндік заттардың организмде таралуының кеңістіктік, уақыттық және концентрациялық факторларын мысалдар арқылы түсіндіріңіз

29.Улардың биологиялық субстратпен әсерлесу механизмін сипаттаңыз, улардың организмге әсер етуіндегі рецепторлардың маңызын түсіндіріңіз

Жалпы ортақ у-дан басқа, кейбір у-лар мүше мен жүйелерге қатысты жеке әсер етеді.  Мысалы, иiс газ (COHb ) гемоглобинге өте ұқсас, соның әсерінен карбоксигемоглобинді екеуі түзеді.  Марганец болса арнайы түрде  жүйке жүйесiнің жұмысын бұзады. Көп өндiрiстiк у-лар аллергиялық реакциялар шақыру қабiлет бар.

Гематологиялық әрекеті.

      Өткiр улануда, яғни токсиндік заттардың организмге әсер ету механизміне байланысты жалпы гематологиялық реакциялар пайда болады. Ең бірінші  ақ қанда өзгерiстер көрiнедi: нейтрофильді лейкоцитоздың  солға жылжуымен, эозинопения, лимфопения, моноциттердiң санының өсуі. Қанының ерекше өзгерiстерiнiң астында оның құрамы жағынан  мынандай бұзылуларды түсiну керек, яғни  өндiрiстiк ортаның белгiлi бір  зиянды факторының әрекеті нәтижесінде (бензол, қорғасын тағы басқалар). Бұл ретте қанның  аурулары дамиды - қан лейкозы, қаназдық, қанның ұюының бұзылуы.

Тыныс  мүшелерiнiң  бұзылуы.           Көбiнесе тыныс мүшелерiнiң бұзылуы  улағыштық заттардың өткiр ингаляция әсерiнен пайда болады. Бұдан өткiр улы бронхотрахеита, өткiр улы бронхит, өткiр улы өкпенiң домбығуы, өткiр улы пневмонияның дамуы мүмкін.

Бауырдың   және несеп  шығару жүйесiнің бұзылуы.            Бауырдың  және барлық несеп шығару жүйесiнің бұзылуы гепатотроптық улардың әрекеті кезінде байқалады (хлороформ, төрт хлорды көмiртек көмiртек). Бұл улар әрекеті салдарынан токсикалогиялық  гепатит  дамиды. Несеп шығару жүйесiнің бұзылуы толығымен у-дың химиялық құрамына, бүйректің жағдайына және жалпы организмге байланысты. Кей топ заттары (қосылу, ерiткiштер, мышьяктiң қосылу , металдар) токсикалогиялық нефропатияны туғызады. Кей басқа топтар (хош иiстi амин) зәр щығару органдарында ісіктердің пайда болып, дамуына елеулі әсерін тигізеді. У-дың  әрекетін анықтау үшiн ,токсикалогиялық заттар уланудағы жоғарғы шегіне жетуі арқылы. 

Химиялық күйiктер.             Химиялық күйiктер терiнiң кiлегейлi қабығына химиялық жолмен белсендi түрде әсер етеді. Күйiктiң дәрежесi химиялық белсендiлікке байланысты болады және заттың улылығы, оның шоғырлануы, температура, әсердiң ұзақтығы, сонымен бiрге сезгiштiгіне байланысты. Күйiктер негізінен төрт дәрежелі болады. Бірінші дәрежелі күйiк қызарумен, терiнiң кiшкентай iсiгiмен бейнеленедi және науқастықпен. Екiншi дәрежелі күйiктерiнде көпіршіктер пайда болады және іріңдеуі мүмкін.Үшiншi дәрежелі күйiктерде терең зақымданулар салдарынан  ткань учаскелерінде (некроздар ) жансыздануының бөлiмшелерi пайда болады. Төртiншi дәрежелі күйіктерде терiнiң барлық жері ғана емес,сонымен қатар терең жататын ткань учаскелерінде де зақымданулары байқалады. Сiлтiлі тұзды, азотты, күкiрттi тағы басқа қышқыл, хром ангидридi(NaOH, KOH), сонымен бiрге қоюланған ерiтiнді NH4OH, терiге тап бола, химиялық күйiктерді шақырады және де сiлтiлiк күйiктер сiлтiнiң сабындауымен май, терi қабаттарын және ақуызды заттарды ерітеді. Химиялық заттармен күйген кездерде, теріге жабысу қабілеті бар (сары фосфор, смола) салдарынан жалпы организмнің улану қаупі бар.

3 таблица

Жалпы факторлар тізімі

Жалпы факторлар, у-ға байланысты:

- физико-химиялық құрамы;

- токсикологиялық дозасы және биоорталықтарындағы концентрация;

- токсикологиялық рецептормен байланысу;

- биоорталықтардың бөліну ерекшеліктері;

- химиялық тазалығы ;

Қосымша факторлар,нақты «токсикологиялық жағдай»;

- организмге түсу жылдамдығы, түрі;

- кумуляция және улы заттарға уйреніп кетуі;

- басқада улы заттармен байланысы.

Негізгі факторлары, уланған адамның белгілері:

- сезімталдығы;

- жалпы салмағының, қоректенуінің және физикалық ауырпалықтың өзгерісі;

- жастағы ерекшеліктері;;

- биоритмдардың әсері;

- аллергияның және токсикоманияның дамуы мүмкін;

- жалпы ауру адамның денсаулық жағдайы;

Қосымша факторлары:

- сыртқы ортаның температурасы мен ылғалдылығы;

- барометриялық әсері;

- шу мен вибрация;

- ультракүлгін сәулелері және т.б..

Зиянды заттардың әсерін жою жолдары:

1. Удың химиялық құрылымын өзгертуі. 

2. Депоға (қандағы мөлшері азаяды) жиналу (сүйекте, бүйректе, бауырда, жүйке жүйесінде)   3. Ағзадан шығарылу (тыныс алу, асқорыту жолдары арқылы, бүйрек, тері, бездері арқылы) 

Кейбір органикалық қосылыстар жартылай тыныспен шығарылады; 

Ауыр металдар асқазан жолы және бүйрек арқылы шығырылады; 

Май және тер бездердің ролі аз шығаруда. 

Кейбір улар (Pb, Co) ана сүтімен де шығыу мүмкін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]