Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

21.Токcикометрияда опаттық (леталдық) дозалар және нәтижелі (эффективті) дозалар ұымдары қолданылады, солардың айырмашылықтарын түсіндіріңіз

Опаттық дозалар-LD,LC

Эффективті дозалар-ED,EC

Заттектің токсиндік эффектісін бағалайтын критеррилер LD0, LD16,LD50,LD84,LD00 деп белгілейді.

Әсер етуші заттың дозалары улы заттың массасының жануарлардың массасына қатынасы арқылы өрнкетеледі.Улы заттардың концентрациясы-улы заттың көлем бірлігіне қатынасы түрлерінде өрнектеледі

Мг/кг

Мл/кг 14 тәулік

Улы заттардың концентрациямен оның эффектілілігімен тәуелділігі график түрінде көрсетіледі(екі график саламыз)

1-ші жасырын кезең. бір сағаттан кейін байқалады

2-ші продромалдық кезеңі-уланудың белгісі байқалады,нағыз улану байқалмайды

3-ші қарқынды біліну кезеңі

4-ші уланудың белгілері толық білінбейді

5-ші эксперименттілігі жануарлардың опат болуы немесе уланудан айығуы мүмкін

Көптеген жағдайларда удың метотоксикалық әсері болуы мүмкін.Мұндай әсерде уланғаннан кейінгі зардаптары.

22.Эксперимент барысында токсиканттарды жануарлар организміне ауыз арқылы енгізуге байланысты ережелерді тұжырымдаңыз

Экологиялық физиология саласында зерттеушілердің актуальды мәселесі болып тірі ағзаның қоршаған орта факторларымен экологиялық қатынастарының әр түрлі аспектілері табылады. Ауыр металдар иондарының басым бөлігі қоршаған ортадан ағзаға негізінен су арқылы түсетінін атап өткен жөн. Ағзаға су арқылы тікелей барлығы түседі. Оның құрамында адам мен жануарлар ағзасының функциональды жүйесіне әсер ететін: ауыр металдардың ионы, нитраттар және т.б болады. Соның ішінде ең тұрақты қосылыстар бұл – ауыр металдардың қосылыстары. Республикамызда мұнай-газ және металлургиялық өндірістің дамуы нәтижесінде өзендердің мырыш және мыспен жаппай ластануы байқалуда. Ластаушы заттардың ішінде өндірістік зоналардың

жер асты суларын ластайтын көбінесе қорғасын, мырыш, марганец, фтор, кадмий, селен, нитраттар мен нитриттер болып табылады. 20-дан астам созылмалы аурулар адам ағзасына сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуінен, соның ішінде ағзаға ауыр металдар тұзының жиналуы әсерінен деп есептелінеді. Олардың осындай әмбебаптық әсерін түсіндіру үшін, ағзаның иммунды-физиологиялық көрсеткіштеріне мырыш және қорғасын тұздарының әсерін зерттеу мақсаты қойылды.

Обьект ретінде массасы 200-210 г, үшайлық жастағы ақ түсті егеуқұйрықтардың екі жынысының да 50 түрі алынды. Лабораториялық егеуқұйрықтарды 5 эксперименттік және 1 бақылау тобына бөлді. Егеуқұйрықтарды улауды, ауыз суы үшін мырыш және қорғасын тұздарының шекті мүмкіндік концентрациясын (ШМК) 25 есе асырудан бастады, ары қарай

улау мөлшері ШМК-дан 50, 75, 100 есе болды. Ауыр металл тұздарымен (Zn2+) қаныққан су арқылы жануарлардың барлық тобы 10 күн ішінде 100 мл мөлшерде өңеш арқылы дәнекерленді. Жануарладың жағдайы көз мөлшерімен бақыланды (тері жамылғысының түсі, белсенділігі және т.б арқылы), қан жағдайының иммунды өзгерісін келесі әдістеме арқылы жүргізді: қойдың

эритроциттері (Е-РОК) бар спонтанды Е-розеткотүзілу әдісі, ерте Т- лимфоциттерінің (РЕ-РОК) жалпы санын К.Neraw. H.Fudenderq әдісі арқылы жүргізді, В-лимфоциттерінің EAG-POK жалпы санын анықтауды комплементарлы ЕАС-розеткотүзілумен жүргізілді. Қанды таза ыдысқа жинап тез арада гепаринзирледі. Горяев камерасының көмегімен, лейкоциттердің жалпы мөлшерін есептеу үшін гепаринзирленбеген қанды да жинап алды. Сонымен, мырыш тұзымен уланған егеуқұйрықтар қанының иммунограммасы мен қорғасын тұзымен уланған егеуқұйрықтар қанының иммунограммасы сәйкес болды. Нейтрофилеза мен лимфопения фонында лейкопения тіркелді. Нейтрофильдер ядроларының уытты түйіршіктілігімен

және гиперсигменттілігімен сипатталды. Бірақ металл тұзы мөлшерін ШМК- дан 75-100 есе асырып улаған жануарлар тобының барлығы да 6-18 күн ішінде өліп қалғанын айта кеткен жөн. Лимфоциттердің сандық қатынастарын сараптағанда егеуқұйрықтардың қанындағы лимфоциттердің мөлшерінің төмендеуі байқалды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]