Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

19.Токсикометрия ғылымын заттардың улылығы мен қауіптілігін бағалайтын токсикология ғылымының саласы ретінде сипаттаңыз

Кез-келген зияды заттың токсиндік кӛрсеткішін есептеп шығару,оның қауіптілігін анықтау-токсикометрияның міндетіне жатады.

Токсикометрия-удың токсиндік және қауіптілік деңгейін зерттейтін әдістердің жиынтығы.

Токсиндік эффект зиянды заттардың түрлі мӛлшерде және концентрацияда әсер етуіне қарай жеке және басқа да мүшелердің зақымдануына,тіпті организмнің барлық қимыл мүшелеріне әсер етіп,тіпті ӛлім жағдайына да апаруы мүмкін. Ұзақ уақыттар бойына бейімделу процесін тек жеке заттарға қатысты айту қалыптасқан,оның организмдегі уға қатысы жӛнінде тіптен ескерілмеді.Қазірде лайықты жағдайда қысқа уақыт аралығына кез-келген зиянды заттарға бейімделу процесі жүреді.Удың созылмалы әсеріне бейімделуді дамыту үшін,оның концентрациясы қарсы бейімделу реакциясын тудыра алатындай,бірақ доза организмді тез және қауіпті зақымданудан сақтайтын шектеулі шамада болуы керек.

Удың бейімделу кӛрсеткіші арнайы және арнайы емес болуы мүмкін.Арнайы бейімделу белгілеріне табалдырық концентрациясының жоғары болуы,CL so, DL r.o затын енгізгеннен кейінгі ӛлімнің сиреуі немесе жануарлар ӛлімінің тіптен болмауы .Арнайы емес белгілеріне:интоксикацияның ӛзгерген кӛрсеткішін қалпына келтіру ,экстремальды әсерге тӛтеп беру,түрлі функциональдық сынақтар жатады.Бейімделу процесінің тоқтауы улану белгілерін тудыратын патологиялық жағдайға әкеп соғады. Ӛндірістік улану қауіпті,орташа,созылмалы түрде болады.Қауіпті улану кӛпшілікке бірдей болады да,апатты жағдайларда туындайды.Улану белгілері: 1/удың қысқа уақыт аралығында әсер беруі-бір кезекте ғана болуы мүмкін.

2/удың организмге кӛп мӛлшерде түсуі-ауадан жоғары концентрацияда түсуі,қателесіп ішіп қою,тері қабатының қатты ластануы. 3/Удың әсер еткен уақыты мен бірнеше уақыттан кейінгі клиникалық белгілердің білінуі-бірнеше сағатқа созылады/латентті кезең/. Қауіпті улану екі фазадан тұрады:бірінші-арнайы емес/бас ауруы,әлсіздік,жүрегі айну/;екіншісі-арнайы белгілердің байқалуы/азот тотығымен уланудағы ӛкпедегі белгілер тәрізді. Созылмалы улануда удың әсері бірте-бірте байқалады.Олар организмдегі удың жиналуынан /материальды кумуляция/ немесе ӛзгерістер туғызатын/функциональды кумуляция/ дамиды.Белгілі бір у түрімен созылмалы және қауіпті уланған жағдайда айырмашылық болады.Мысалы,бензолмен қауіпті жағдайда уланғанда-нерв жүйесіне зақым келіп,наркотиктік әсер береді,созылмалы түрінде-қан айналымына әсер етеді.

Созылмалы және қауіпті түрлерімен қатар уланудың орташа түрі де кездеседі.Бұл жағдайда да улаудың сол белгілері байқалғанымен улану жәй жүреді және ұзақ уақытқа созылады.

20.Экотоксиканттардың әсері организмдердің жасына, жынысына тәуелді болатыны белгілі, себептерін түсіндіріңіз

Токсикoлогиялық тәжірибені бастамастан бұрын зерттеудің негізгі мақсаттарын, зерттеу объектісін, заттекті енгізу әдісін таңдап, тәжірибе ұзақтығын белгілеу қажет. Тәжірибеге арналған жануарларды таңдағанда келесідегі факторлар ескеріледі (жануарлардың түрлері) сезімталдылық, жасы және жынысы.

Сезімталдылық әртүрлі түрге жататын жануарлардың белгілі бір уға деген сезімталдылығының әртүрлі болуы.

Токсикометрия көрсеткіштерін анықтау кезінде тәжірибені жануарлардың екі түріне жүргізген дұрыс (тышқан, егеуқұйрық).

Өлімге ұшырататын орташа фазаны анықтауды ұрғашы сонымен қатар еркек жыныстарға да жүргізілуі керек, өйткені олардың LD50 мөлшерінде өзгешеліктер байқалады.

Сонымен қатар, таңдалған жануарлар басқа тәжірибеге қолданылмаған болу керек және ешқандай формокологиялық препарат енгізілмеген болу керек.

Пайдаланылатын жануарлар саны статистикалық анализ жасауға жеткілікті болуы қажет.

Әдетте, әрбір дозаға 8-10 жануардан құралған топ пайдаланады. Таңдалған жануарлардың массасы жыныстық жағынан жетілген даралар массасына сәйкес болуы тиіс (тышқандарда- 18-20г., егеуқұйрықтарда- 180-240г.).

Токсикологиялық тәжірибе барысында келесінде кезеңдерді бөліп қарастыруға болады:

  • Тәжірибеде шарттарына сай жануарларды таңдау;

  • Бақылау, ауру жануарларға корантин жариялау;

  • Зерттелетін көрсеткіштердің бастапқы мәндерін анықтау;

  • Көрсеткіштері (ортаға айқын) өткір түрде оның бөлінетін жануарларды тәжірибеден шеттету.

  • Топтарға бөлу;

  • Топтар ортадағы айқын өзгешеліктердің бар жағын статистикалық жағынан тексеру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]