Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

18.Токсикология пәніне қысқаша анықтама беріңіө, токсикология ғылымының міндеттерін тұжырымдаңыз

Токсикология(грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:

• әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология;

• ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді.

Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы – медициналық токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы:

• токсикологияның міндеті – химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін;

• клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісін;

профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын ала сақтандыру шараларын зерттейді.

Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды.Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Өлкелік паталогия институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби патологиялық сектор ашылғаннан кейін басталды. Қазақстанда токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар: О.С.Глозман, Б.Атшабаров, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева, Е.А.Біртанов, т.б.

Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар:

- теориялық;

- профилактикалық (гигиеналық);

- клиникалық;

Теориялық токсикология — экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады.Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады.

Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар.

Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.

Шығуы бойынша токсиканттар :

• Өндірісте пайдаланылатын индустриялық улар : органикалық еріткіштер (дихлорэтан), отын (метан, пропан, бутан), бояғыштар (анилин), хладагенттер (фреон), химреагенттер (метил спирті), пластификаторлар және т.б.

• Аулышаруашылық зиянкестерімен күресу кезінде қолданылатын улы химикаттар : хлороргникалық пестицидттер (гексахлоран, полихлорпинен), фосфорорганикалық инсектицидтер ( карбофос, хлорофос, фосфамид, трихлорметафос- 3, метилмеркаптофос), сынаптың органикалық заттары (гранозан).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]