Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
toksikologia_jauap (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
348.67 Кб
Скачать

1."Токсин" ұғымына қысқаша анықтама беріңіз, токсиндік заттардың негізгі топтарын атап көрсетіңіз

Токсин (грек. (toxikos)- улы ) – биологиялық у. Токсикология(грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар.

Шығуы бойынша токсиканттар :

1. Өндірісте пайдаланылатын индустриялық улар : органикалық еріткіштер (дихлорэтан), отын (метан, пропан, бутан), бояғыштар (анилин), хладагенттер (фреон), химреагенттер (метил спирті), пластификаторлар және т.б.

2. Аулышаруашылық зиянкестерімен күресу кезінде қолданылатын улы химикаттар : хлороргникалық пестицидттер (гексахлоран, полихлорпинен), фосфорорганикалық инсектицидтер ( карбофос, хлорофос, фосфамид, трихлорметафос- 3, метилмеркаптофос), сынаптың органикалық заттары (гранозан).

Токсиндік әсеріне байланысты:

- төтенше токсинді (смертельная концентрация менее 1 мг/л или токсодоза менее 1 мг/кг, т.е. вызывает смерть у 50% пораженных);

- жоғарғы токсинді(смертельная концентрация составляет 1-5 мг/Л или 1- 5 мг/кг соответственно);

- қатты әсер ететін токсиндер(смертельная концентрация 6-20 мг/л или 1-5 мг/кг соответственно);

Токсиканттардың негізгі топтары:

1.Организм сұйықтығында еритін токсиканттар. Оған көптеген моновалентті катиондар (литий, натрий, калий, рубидий) және кейбір аниондар.

2. Липофильді токсиканттар

3. Коллоидты бөлшектерді құратын токсиканттар, кейін олар арнайы ретикулоэндотелиальді жүйе жасушаларымен мүшелерді және ұлпаларды басып алады.3 және 4 валентті катиондар (лантанум, цезий, хафний) мүшелер мен теріге жайылады.

4. Сүйектегі және ұлпа құрамындағы заттармен құрамдаса алатын токсиканттар.2 валентті катиондар (кальций, барий, стронций, радон, бериллий алюминий, кадмий,қорғасын).

Улардың әсер етуі жалпы резорбтивті немесе тікелей болуы мүмкін. Жалпы әсер етуі қанға удың сіңірілуі нәтижесінде пайда болады. Мұндағы жағдайда салыстырмалы таңдау жиі болады. Сол дене мүшесінің ерекше зақымдануы болады. Мысалы, марганецпен уланған нерв жүйесі ,бензолмен уланған — қан айналым мүшелерін айтуға болады.

Тікелей әсер етуде удың тиген жерінде ұлпаның зақымдануы,ісу,тері және шырышты қабаттың іріңдеуі – әсіресе, қышқыл және сілтілік ерітінділермен және бумен жұмыс жасау барысында туындайды. Тікелей эсер ету түрі нерв талшықтарының рефлекторлық реакциялануы және ұлпа ыдырау барысындағы өнімдерді сорып алуға қатысты жалпы құбылыстармен сипатталады.

2.Токсикология ғылымының қалыптасуының негізгі кезеңдерін көрсетіңіз

Токсикология(грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы:әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді. Әскери және сот токсикологиясы клиникалық токсикология мен патологиялық анатомияның мәліметтерін негізге алады. Өнеркәсіп, өндіріс, әсіресе, химия өнеркәсібінің дамуына байланысты токсикологияның кәсіптік улану немесе өндірістік улану деген жаңа салалары пайда болды. Токсикологияның ең маңызды саласы –медициналық токсикология. Ол жалпы, клиникалық және профилактикалық болып бөлінеді. Жалпы: токсикологияның міндеті – химиялық заттардың токсикология әсерінің жалпы механизмін; клиникалық токсикология – уланған адамдарға диагностика қойып, оларды емдеу әдісін; профилактикалық токсикология – улануды болдырмау үшін алдын ала сақтандыру шараларын зерттейді. Улы заттар туралы алғашқы деректер ежелгі Рим дәрігерлері ДиоскоридҮлкен ПлинийПлатон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды. Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Өлкелік паталогия институты (қазіргіГигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби патологиялық сектор ашылғаннан кейін басталды. Қазақстанда токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар: О.С.Глозман, Б.Атшабаров, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева, Е.А.Біртанов, т.б. «Токсикология негіздері» пәні студенттерді жаңа әдістермен, токсикология ғылымдарының негіздерімен, ғылыми жетістіктермен, токсиметрия заңдылықтарымен, токсикологиялық заттарды зерттеу әдістерімен, тағамдық биотехнология, тағамдық және микробиологиялық медициналық өндірісі жайлы токсикология мәнін үйретеді. Студенттердің алған білімі болашақта ғылыми зерттеу орындарында өндірісте жұмыс істеуге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]