Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практическая эндодонтия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
24.58 Кб
Скачать

Жылы бөлшектелген гуттаперчамен обтурациялау

Бұл әдісте гуттаперчаның қыздырылған ұсақ бөлшектері (Webster, 1911) қолданылады. «Чикаго-техника» деген атпен белгілі. Әдіс келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Плаггерді таңдау (жұмысшы ұзындығынан 3 мм қысқа).

  2. Гуттаперча штифтін жұмысшы ұзындығынан 1 мм қысқа етіп таңдау және енгізу.

  3. Штифті рентгенологиялық бақылау.

  4. Штифті шығару және ұшын 3 мм кесу; кесілген ұшын жылы плаггердің ұшына салу.

  5. Силерді өзекке енгізу.

  6. Гуттаперчаны спирт шамында қыздыру және өзекке енгізу (38-сурет).

  7. Плаггермен қысу және айналдыру.

  8. Апикалды тесіктің обтурациясын рентгенологиялық бақылау.

  9. Бүкіл өзекті қыздырылған гуттаперча бөлшектерімен толтыру.

Көрсетілген әдісте хлороформ немесе галотанда жұмсартылған гуттаперча қолданылуы мүмкін.

Қыздырылған гуттаперчаны бүйірлеп және тік нығыздау

Бұл әдісте жылытылған плаггердің электронды аналогы – батареясы бар қолмен жұмыс істейтін ұштықты температуралық конденсатор қолданылады (Endotec). Жұмыстың басы гуттаперчаның бүйірлеп нығыздалуын қайталайды; негізгі және бір-екі қосымша штифті қолмен жұмыс істейтін спредер арқылы бейімдейді. Кейін қыздырылған Endotec спредерін өзектің бүкіл ұзындығына енгізеді және сағат тілі бойымен қозғайды. Суытылғаннан кейін сағат тіліне қарсы қимылдардың көмегімен өзектен шығарады. Қосымша штифтті енгізгеннен кейін аспапты қайтадан өзекке енгізеді, іске қосады және 10-15 сек ішінде спредерді қимылдатады. Одан кейін суық плаггермен тік нығыздау, келесі штифті енгізу үшін қыздырып, бүйір нығыздау жүргізеді.

Гуттаперчаны термомеханикалық тығыздау

Бұл әдісті 1979 ж. McSpadden ұсынған. Бұл кезде арнайы аспап – McSpadden тығыздағышы немесе пішіні кері Н-файлға ұқсайтын гутта-конденсор қолданылады. Әдіс өзекте гуттаперчаның 8000-10000 айн/мин жылдамдықта пайда болған жылудың әсеріне негізделген. Гутта-кон денсордың жұмысшы бөлігі өңделген өзектің ұзындығынан 1 мм кіші болуы керек, ал мөлшері – соңғы апикалды файлдың мөлшеріне сәйкес келеді. Гуттаперча штифті соңғы апикалды файлға қарағанда 1 не 2 мөлшерге үлкенірек таңдайды. Силер мен гуттаперча штифтін енгізгеннен кейін аспапты өзекке тірелгенше дейін (3-4 мм тереңдікке) енгізеді және айналдырады (қысымсыз). Шамамен 1 секундтан кейін гуттаперча жұмсарады да, айналып тұрған аспап тағы 1 секундқа бүкіл жұмысшы ұзындыққа жеңіл енеді. Жұмсарған гуттаперча тығыздалғаннан кейінгі өзектен шығатын аспаптың жиектерімен нығыздалады. Өзектің сауыттық бөлігінде жиі конденсордың үлкен бөлігін қолдануға тура келеді.

Осыған ұқсас Quickfill жүйесі α-фазалы гуттаперча қойылған аспаптарды (гуттакомпакторларды) қолдануды ұсынады.

Ультрадыбыстық жұмсартылған гуттаперчаны қолдану

Бұл әдісте штифтпен өзекке салынған эндодонтиялық аспапты(файл) салқындатусыз ультрадыбыс көмегімен белсендіру арқылы гуттаперча штифті жұмсаруы болады. Бұл жолмен қыздырылған гуттаперча өзекте жеткілікті түрде тығыздалады. Соңғы нығыздалуды қолмен жұмыс істейтін плаггермен жүргізеді.