Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китай грамматика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.07 Кб
Скачать

27

. Қытай иероглифтеріндегі  бихуалардың жазылу тәртібі қалай.

Каллиграфиялық белгіні қабылдау — дәстүрлі қытай мәдениетінде эстетикалық қана емес, сонымен қатар этиканың ерекше бір саласы ретінде қарастырылады. Қытайлықтар иероглиф белгілердің каллиграфиясына (қалай жазылуына қарай) қарап, автордың ішкі жан дүниесінің қандай күйде болғандығын, оны жазған адамның мінез-құлқын анықтайтын болған. Каллиграфияға осынша мән берілгені соншалық, оны өнердің жеке саласы деп те қарастырған. Қытай каллиграфиясының әдемілігі — оның пластикалық элементтерінің әсерлілігінде, табиғи тепе-теңдіктің сақталуында, әдемі орналасуында. Кескіндеме өнерінің туындыларын бағалауда да каллиграфияға үлкен мән берілген. Каллиграфияны би өнерімен теңестіру өнер адамдарының байқампаздығын, талғампаздығын байқататын сияқты. Өйткені мұз айдынындағы билердің өзі де «мұз каллиграфиясына», яғни бишілердің мұз айдынындағы іздері арқылы бағаланады ғой. Иероглифтердің жазылуына осыншама жоғары талаптардың қойылуының сыры оның табиғатпен үндестік табуына байланысты сияқты.

Қытай тілінде 40,000 астам мисол бар, бірақ 400 буын ғана бар,және 4 тон бар.

Қытай иероглифтерінің жазылуының негізгі жеті ережесі бар:

1)бірінші горизанталь сызықтар одан кейін вертикаль сызықтар жазылады

2)бірінші солға түрілген сызық(откидная влево) одан кеиін солға түрілген жазылады(откидная вправо)

3)иероглиф жоғарыдан төменге қарай жазылады

4)және солдан оңға қарай жазылады

5)бірінші иероглифтің сыртқы жағы одан кейін ішіндегі жазылады

6)"мемлекет" 国guó, "күн" 日rì деген иероглифтерде бірінші ішіндегі элементтер соңынан сыртындағы элементтер жазылады

7)бірінші иероглифтің ортасында тұрған элементтерді жазу керек,соңынан солдан оңға элементтерді жазу керек

28. Қытайдың мифтік аңыздарында айдаһар нені білдіреді?

Айдаһар мифтік аңыз жануары, Қытайдың нышаны болып табылады. Ерте заманда айдаһар патша билігінің белгісі болып саналды, ал қазір ол – бақыттың белгісі.

Дәстүрлі қытай бейнелеу өнерінде оны қанатты айдаһар кейпінде кескіндеу басым. Дамыған мифологиядалунның бес түрі бар: хуанлун – орталықтың сары айдаһары, цинлун – шығыстың жасыл айдаһары, чилун – оңтүстіктің қызыл айдаһары, байлун – батыстың ақ айдаһары, сюань-лун – терістіктің қара айдаһары. Сондай-ақ олар сыртқы келбетіне қарай да ажыратыла береді, мәселен, цзяо – балық қабыршақты, ин – қанатты, цю – мүйізді, чи – мүйізсіз және де ат басты, жылан құйрықты лун бейнесі кездеседі; кейбір аңыздарда суда өмір сүретін лунма ("ат-айдаһар") туралы, лунның атқа және бұқаға айналуы туралы айтылады.

Қытай айдаһары Лун – қытай мәде­ние­тінің қалыптасуында негізгі рөл ат­қарған мифологиялық жануар. Тіпті кейбіреу­лер оны мифтік бейне ретінде танудан бас тартады. Олардың мәлімдеуінше, Лун – қы­тайлардың арғы атасы. Яғни кейбір хань­дықтар өздерін айдаһардың ұрпағы­мыз деп санайды. Бүгінде жылан, кесірт­келерді айдаһардың тікелей ұрпағы деп қадірлей­тіндер де аз емес. Мифологиялық аңыз­дарға сенсек, Лун – ең алғашқы ай­даһар. Оның тоғыз баласы бар екен. Әр ба­ласы әкесі Лунның бір-бір қасиетін сақ­тап қалыпты-мыс. Мысалы, бірінші ұлы Биси ауыр көтергенге құмар болыпты. Сон­дық­тан оның бейнесі үй салғанда ті­реулер­ге кескінделеді. Екінші ұлы Чивэнь жұтқан­ды ұнатады. Оның бейнесі үй ша­ты­ры­ның ұшар басына салынады. Мұны үйге ба­ғытталған жағымсыз энергияны жұтып алсын деген ниетпен жасайтын кө­рінеді. Биань өте шымыр, алып, білекті және әділ болған. Оның бейнесі түрме қақ­паларын­да тұрады. Бася – судың пірі. Оның бейне­сін көпірлердің тіреуінен бай­қауға болады. Қысқасы, тоғызы тоғыз қырлы... Кейіннен олар да жан-жаққа тарап, жер әлемнің түрлі түкпірін мекен ететін бол­ған. Тұрғылықты жеріне қарап қы­тай­лар оларды төрт негізгі топқа бөлген. Тянь­лун – аспан айдаһары. Құдайлардың ты­ныш­тығын қорғап, өздері арбаға жегіліп, олар­ды тасып жүреді. Фуцанлун – байлық ай­даһары. Яғни жер асты мен үстіндегі пай­далы қазбалар мен бағалы темір-тас­тарды қорғаушы. Дилун – жер айдаһары. Ол жер, су, өзен көлдердің пірі болған. Ин­лун – ауа райының, табиғаттың пірі. Күн­нің тұтылуы мен ашылуы, жауын-ша­­шын секілді құбылыстар осы айдаһардың кө­ңіл күйіне байланысты болыпты деседі. Қытай мәдениеті айдаһар ұғымымен тікелей байланысты. Көгілдір экраннан талай көрген айдаһар биінсіз ешқандай қытай мейрамы өтпейді. Қытай жыл санағы да айдаһардан басталады. Өйткені айдаһар адамзат өмірінің бастамасы са­налады. Қытай жерінде тойланатын ең ұлы мереке – Чуньцзиені өткізгеннен кейін «Айдаһар басын көтерді» деген шағын мейрам тағы бар. «Айдаһар басын көтерді» жыл жа­ңарды, бүкіл тылсым-тіршілік қайтадан басталды дегенді білдіреді. Айдаһардың алғашқы бейнелері осыдан 8000 мың жыл бұрын қалыптасқан деседі кейбіреулер. Яғни айдаһар тарихы Қытай елінің тарихын да тереңге тартады. Ол әртүрлі кейіпке ене алатын қасиетті жануар болған дейді деректер. Басы түйені, мүйізі бұғыны, көздері қоянды, мойны жыланды, тырнағы бүркітті, қол-аяғы жолбарысты еске салады. Ал денесі балықтыкіндей қа­быр­шақты... Міне, осының бәрі жиылып, айдаһардың толық бейнесін танытады.