
- •1.Төлем шлюзі не екенін түсіндіріп, келесі сұрақтарға жауапберіңіз:
- •3.(2013 Жылғы қыркүйегінде 2012 жылғы)Қазақстандағы қолма-қол жасалмайтын төлемдер нарығының даму перспективасын бағалаңыз :
- •4.Қр Президенті Ұлттық банкке электрондық төлемдер мен банкоматтарды біріктіретін бірыңғай процессингтік орталық (бпо) құру жөнінде ұсыныстарды жасап шығаруға тапсырма берді.
- •5.Электронды ақша және төлем карточкалары арасындағы айырмашылықты атап өтіңіз:
- •9.Электронды төлем жүйелері қандай талаптарға жауап беруі тиіс:
- •11. Төлем карталары негізінде е-қауіпсіздік мәселеріне талдау жасаңыз.
- •12. 3 Деңгейлі модель негізнде е-бизнестің архитектурасына талдау жасаңыз.
5.Электронды ақша және төлем карточкалары арасындағы айырмашылықты атап өтіңіз:
А. Қазақстандағы электронды ақша және төлем карточкалары эмитенттерін атаңыз.
А.Электрондық ақша -желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны беруді жүзеге асыру үшін компьютерде орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Төлем карточкалары-ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі.
А.Қазақстандағы электронды ақша эмитенттері екінші деңгейлі банктер мен коммерциялық емес кредиттік организациялар.Төлем карточкалары эмитенттері Екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпочта» АҚ: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, Diners Club International және China Union Pay халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Сондай-ақ, нарықта жергілікті жүйелердің карточкалары: «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ – Altyn Сard, «БТА Банкі» АҚ – SmartAlemCard және «Ситибанк Қазақстан» АҚ – Қазақстан Ситибанкінің жергілікті карточкасы ұсынылып отыр.
Қазақстандағы электронды ақша және төлем карточкалары эмитент типтері бойынша бөлуге болады:
-банктік әмбебап-банктермен және қаржылық ұйымдармен шығарылатын;
-жекеменшіктік – өз компаниясының сауда жүйесінде есеп айырысуды жүргізу үшін сол коммерциялық компаниямен шығарылатын карточкалар;
-American Express және Dinners Club сияқты ұйымдардың карточкалары;
В. Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Төлем карточкаларының артықшылықтары.Халықаралық каточкалар арқылы Интернет желісінде сауда жасау. Ыңғайлылығы және қауіпсіздігі-сауда жасағанда санаулы секундтарда-ақ төлем жасауға болады.Кемшіліктері Электронды ақша кемшілігі Ең басты кемшілігі, э-ақшаның қауіпсіздігінде. Ақша виртуалды жүйе бойынша жұмыс атқаратын болғандықтан хакерлердің ақшаны өз шотына аударып алу мүмкіндігі бар. Электронды ақшаның тағы бір ең үлкен кемшілігі – ақшаңыздың виртуалды болуы. Жаһанды жалмаған дағдарыстың шығуына осы виртуалды ақшаның шектен тыс көбейіп кетуі де өз үлесін қосты. Бүкіл әлемнің қаржысын басқарып отырған Федералдық Резерв Банкі бір күнде тақырға отырғызып кетуі мүмкін екендігін де естен шығармаған жөн. Артықшылықтары интернет арқылы сауда-саттық жасау оңтайлы әрі тез. • Ақшаны есептеп, қалғанын қайтып беруге кететін уақыт үнемделеді. • Қалтада жүріп түсіріп алу, жыртып алу, бүлдіру секілді қиыншылықтан құтыласыз. • Жасанды ақшаға ұрынып қалудан сақтайды. • Ешқашан ескірмейді, өзінің сапасын жоғалтпайды. • Үлкен сомадағы ақшаны сақтау үшін арнайы сейф алудың еш қажеті жоқ. • Шығыны қағаз ақша жасауға кететін шығынға қарағанда аз.
6. Е-бизнес және дәстүрлі бизнестің маркетингтің құралдарының айырмашылығын түсіндіріңіз:
А. Е-бизнестің даму эволюциясының диагрммасын келтіріп, е-бизнес қандай даму сатысында екендігін анықтаңыз.
В. Е-маркетингтің кез-келген 3 арнасын атап өтіп, салыстырмалы талдау жасаңыз.
С. Мінез-құлыққа негізделген маркетинг деген не және осы құралды жүзеге асыратын ақпараттық технологияларды атаңыз.
А. E-бизнес деп – табыс табу мақсатында ішкі және сыртқы байланыстарды қайта құру үшін жақанданған ақпараттық желілердің мүмкіндіктерін пайдаланатын іскер белсенділік аталады . Енді электрондық сауданың дәстүрлі түрінен айырмашылығын он сатылы ерекшелігі бойынша анықтайды, яғни: - сатып алушыларды өзіне бейімдеу әдісі.Тұтынушыларды дүкенге бейімдеу тәсілі үлкен мәнге ие. Ол сауданың дәстүрлі түрінде 4 кезеңмен сипатталады:
- тұтынушыны жарнама арқылы еліктіру, мұнда дүкен орналасқан орын аса маңызды болып табылады;
- тұтынушығы дүкен сөрелерінің ерекше, әрі ұйымдастыру жолдарымен әсер ету;
- дүкенге кірген тұтынушыны сауда алаңындағы тауардың орналасуы және оның ыңғайлы, тартымдылығы;
- тұтынушының қажетті тауарды таңдауы кезінде сауда алаңындағы кеңесшілер көмегі арқылы тауарды таңдау.
Ал, электронды саудада жоғарыда аталған сатылар басқаша ұйымдастырылады:
Біріншіден - электронды сөрелер. Тауар туралы жарнамалық ақпарат электронды дүкендер сөрелерінде орналасады. Бұл қай жерден қай тауарды алу керектігін қамтамасыз ететін қысқа және түсінікті түрі болып табылады.
Екіншіден – тұтынушыға психологиялық әсер етуі. Электронды саудада сатушылар сатып алушыларға психологиялық әсер ете алмайды. Мысалы, электронды саудада сатушы сатып алушыға өз келбетімен, сауаттылығымен, көркемділігімен және жағымды дауысымен әсер ете алмайды.
Үшіншіден - тауар туралы ақпарат беру. Қарапайым сауда үрдісінде тауармен жеке танысу қалыптасады. Ал электронды саудада тұтынушы тауар туралы сипаттамасы мен ақпараттық анықтамасын оқу арқылы танысады.
Төртіншіден - сауда жасау. Қарапайым сауда жасау кезінде тұтынушы тауарды жеке сатып алады.Ал электронды саудада сатып алушы тіркеуден өтіп, Интернет арқылы тапсырысты рәсімдейді.
В.Е-маркетиг каналдары:
SEO іздеу оптимизациясы-нәтижесінде нақты іздеу сұраныстары бойынша іздеу жүйелерін беретін веб-сайт позициясының жақсаруына бағытталған шаралар кешені. SEO тиімділігін мыналарды білу арқылы бағалауға болады:-кіріп көрушілердің назарын аудартудың бағасын ;-конверсияны білу. Контекстік реклама және РРС- Интернет маркетингтің көшбасшыларының бірі, әйгілі құралдардың бірі. Котнтекстік рекламаның мәні- жарнамалық хабарлама таңдамаланып көрсетілетін болады,яғни қызығушылықтары сәйкес келетіндерге. РРС- интернет маркетингтің оның жарнамалық хабарламаның тақырыпшасына сәйкес келетіндей қылып таңдап алынатындай, сайтта жарнама тарататын моделі. Медиа контент- медиа контенттің көмегімен алға басу, мысалы, видеороликтер, презантациялар, аудиоролик т.б. С.Сатып алушылар іздерінің қалауларынша әртүрлі іздерді қалдырады.Жасалған сауданы талдау жасырын қолданушылардың қалауын идентификациялауға мүмкіндік береді, және маркетингтік зерттеулерге қарағанда, сенімді ақпарат көзі болып табылады. Оларды жүзеге асыратын ақпараттық құралдар: cookie-жарнаманы нысаналауға қолданылады, мақсатты аудиторияны анықтауға. Клиенттер қатынасын басқару(CRM)-әрбір клиентпен тура қатынас жасауды жүзеге асыратын құрал, яғни әрбір клиентке мекеменің ақпараттық жүйесінде маркетингтік профиль құруға мүмкіндік береді.
7. E-mail маркетинг жұмыс істеу принципін сипаттаңыз:
А. Е-mail маркетинг қызметіндегі хаттамалар мен DNS серверінің ролін сипаттаңыз.
В. E-mail маркетинг басқа е-маркетинг құралдарымен салыстырғанда артықшылығын атап өтіңіз.
С. E-mail маркетинг қызметіндегі CRM жүйесінің ықпалын сипаттаңыз. А. Е-mail маркетинг-бұл интернет желілік нарығын зерттеудегі, сондай-ақ қазіргі технологиялардың және байланыс технологияларының көмегімен тауарларды сатудағы және тиімді өрлеудегі қажетті шаралар кешені. Электрондық почта мәліметтерді желі бойынша реттеуші протоколдар және осы протоколдарды жүзеге асырушы, қолданушыға сәйкес интерфейсті ұсынатын программалық құралдар жиынтығы. Протокол- әртүрлі желі қатысушыларының мәліметтер алмасуын анықтайтын ережелер жиынтығы. Simple Mail Transfer Protocol- TCP бойынша хабарламалар жіберуге арналған протокол. Post Office Protocol 3- желіде почталық хабарламаларды қабылдауға арналған протокол. Екі протоколдар да клиент командаларының реттілігін сервердің үн қатуын реттеуші. Барлық командалар анықталған ережелер бойынша. Клиенттер және сервер арасында мәліметтер алмасу TCP/IP бойынша SMTP үшін 25 порты және POP3 110 порты арқылы жүзеге асады. Клиенттердің адресі жіберушінің почталық серверін тауып алу үшін DNS-серверде тіркеледі. Почталық агент жеке және SMTP және POP3 протоколдарын жүзеге асырады және ол өз кезегінде сізге хаттарды жазу және оқу үшін ыңғайлы интерфейс ұсына отырып, почталық серверге сіздің атыңыздан сәйкес командаларды жібереді.
В. E-mail маркетинг басқа е-маркетинг құралдарымен салыстырғанда артықшылығын атап өтіңіз.
Дәстүрлі маркетинг тәсілін қолданғаннан гөрі өте үлкен аудиторияға тауарды ұсыну мүмкіндігі. Нақтылап анықтау және мақссатты аудиторияны тарту. Жұрт алдында тұратын жарнамаға қаражат құртудың керегі жоқ. Науқанның және бюджеттің өлшемділігі және болжамдылығы. Осы және басқа науқанның бағасы қанша және нәтижесі қалай болатындығын нақты айтуға болады.
С. E-mail маркетинг қызметіндегі CRM жүйесінің ықпалын сипаттаңыз.
Клиенттермен қатынасты басқару(Customer Relationship Management - CRM). Клиенттермен қатынасты басқару клиенттермен тура қатынасты қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді ұсынады. Нақты уақыт режимінде жаңартыла алатын, кәсіпорынның ақпараттық жүйесінде әрбір клиент үшін маркетинтік көрініс құруға мүмкіндік беретін дистрибьютерлердің әрбір клиентпен жеке байланысы.
8. Виртуалды дүкендерде сауда жасайтын қазақстандықтардың саны күн сайын артуда. Халықаралық компанияларға сенетін болсақ, Қазақстан телекоммуникация нарығы қарқынды даму үстінде. Алайда Казнетті мұқият зерттесек, интернет-дүкендердің 70% Алматыда, 20% —Астанада, тек қалған 10% республиканың басқа қалаларында тіркелген.
А. онлайн-дүкенін ұсынатын бағалардың офлайн-дүкендерімен салыстырғанда бағаларының төмен болатындыңын түсіндіретін 3 экономикалық концепциясын келтіріңіз.
В. Бағаның төмен болуымен қатар, е-бизнес қоғамға тағы қандай 3 пайдасы бар?
С. Қазақстанның басқа қалаларында е-бизнес даму үшін қандай мәселелер шешілуі тиіс?
А.Онлайн дүкендердің офлайн дүкендерден арзан болу себептері: Біріншіден офлайн дүкендерде дүкенді жалдауға қаржы керек, екіншіден жұмысшыларға әрқайсысына айлық тқлейді, үшіншіден жалға алынып отырған ғимаратқа да салық төлейді, сатып алушыларды қызықтыру үшін дүкенді әрлеугеде біраз қаражат кетеді. В. Көптеген адамдарға үйде отырып жұмыс жасауға мүмкіндік береді, яғни дүкендерді аралап физикалық күш кетірмей- ақ. Екіншіден жолдарда тығынның азаюына, ауа ластануының азаюына, үшіншіден ауылдық жерлердегі тұрғындарға қолжетімсіз тауарлаға қолжеткізуге мүмкіндік, және тауарды үйде отырып әртүрлі дүкендермен салыстыра отырып таңдау. С. Қазіргі таңда интернет-сауда Қазақстанның үлкен екі қаласы Алматы мен Астанада жақсы дамыған. Ал басқа аймақтарында қолданушылар саны аз. Оның себебі біріншіден, басқа аймақтар астаналардан интернетке енуден артта қалып отыр, екіншіден Қазақстанның географиялық жағдайына байланысты, тауарды жеткізу қиын ауа райы жағдайында, жолдарда қиынға соғады. Әрине Қазпочта арқылы тауарды жеткізуге болады, бірақ оның жұмысы ұзаққа созылып отыр. Сондықтан жаңадан ашылып отырған тауар жеткізуші операторларды қолдау керек. Олар тек қана жеткізуді емес, сондай-ақ тауардың қауіпсіздігіне, брендіне сақталуына жауап беру керек. Тауар аймаққа жеткізілгеннен кейін тапсырыс жасаған адамның қолына түсу үшін әр оператормен бірге курьер жұмыс жасау керек.