Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салта е-бизнес 1-2 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.42 Кб
Скачать

5) Электронды ақша ж/е төлем карточка/ы арасындағы айырмаш-қты ата:

Электрондық ақша – электрондық түрде ұсынылатын және айналыста жүретін төлем қаражаты. Электрондық ақшаның айналымы есеп айырысуға қатысушы тараптардың құпиялығына кепілдік береді: сатушы мен сатып алушы, банкілер мен олардың клиенттері арасындағы ақпаратты кодтау және оны автоматтық өңдеу құралдарын қолдана отырып, компьютерлік желі, байланыс жүйелері арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылады. Электрондық ақшаны дайындау (шығару) кезінде пайдаланылатын және олардың айналымын тәртіптейтін криптография хаттама/дың тұрақтылығына, құпиялықтың сақталуына кепілдік болады.

Төлем карточкалары көмегімен эксклюзивті сервистерге рұқсат ала аласыз. Жеке менеджер қосымша қызметтердің бірнеше қатарын  ұсынады, операцияларыңызға қолдау көрсетіп, бақылауға алуды қамтамасыз етеді, тәуекелді жояды және есеп айырысудың максималдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

VISA Electron – картаны дүниежүзі бойынша пайдалануға мүмкіншілігі бар қол жетерлік және ыңғайлы құрал. VISA Electron электронды құрылғыларда қызмет көрсетеді: банкоматтарда және POS-терминалдарда.

VISA Classic – Қаз-нда ж/е шетелдерде ең танымал төлем картасы. Карта жүрген елдің валютасында қолма-қол ақша алуға және есеп айырысуға мүмкіндік береді.

VISA Gold – алтын карта, картаны ұстаушылар бүкіл дүние жүзі бойынша пайдалануға және айтарлықтай жеңілдіктер алу мүмкіндігіне ие.

А) Төлем карталары эмитенттері: Қазақстанның және де Қазақстандағы шет ел банктарының барлығы жатады.

Электронды ақша эмитенттері: Wooppay, qiwi, yandex, epay және т.б

Қазақстан Республикасының рези­денті болып табылатын кез келген екінші деңгейдегі банк электрондық ақшаның эмитенті болуға құқылы екендігі Заңмен реттелген. Бұл ретте әрбір банк бизнес-стратегияны, элек­трондық ақша жүйесі жұмысының және инфрақұрылымын ұйымдастыру­дың үлгісін таңдау жөніндегі шешімді өз бетінше қабылдайды. Әрбір банк тек ішкі нарықтағы сауда операцияларына қызмет көрсетуге бағытталған өзінің электрондық ақша жүйесін құ­руға немесе тиісті шарттық қатынастар орната отырып, шетелдік компания­лардың жү­йелерін қоса алғанда, қолданылып жүр­ген өзге жүйелердің бірімен ықпал­дасуға құқылы. Шетелдік эмитенттер шығарған электрондық ақ­шаның түр­лі елдердің юрисдикция­сындағы ше­тел­дік жеке төлем жүйе­лері құнының электрондық бірліктері болып табыла­тындығын түсіну қажет.

В) Төлем карталарымен де, электронды ақшалармен де төлем жасап, сауда жасаған ыңғайлы. Уақыт үнемдеу, салықтың аз болуы, шығынның аз болуы осының бәрі электронды сауда жасаудың артықшылығына жатады. Төлем карталары мен электронды ақшалардың тиімділігінің айырмашылығы бар. Төлем карталарынан қолма қол ақша алуға болады, ал электронды ақшаны қолма қол ала алмаймыз. Электронды ақшаның артықшылығы ол төлем жасағанда уақытты үнемдеу болып табылады. Ал төлем карталарымен төлегенде

бұл процесс бірнеше уақытқа созылуы мүмкін: карта иегерінің аты жөнін жазу, тағы да басқа мәліметтер жазу деген сияқты. Осы төлем жүйелерінің екеуінің де адамдарға пайдасы зор.

6) Е-бизнес ж/е дәстүрлі бизнестің маркетингтің құрал/ң ай-лығын түсіндір:

А) Электронды құжат айналымы (EDI) – өзара келіскен ережелер б/а құрылымданған ақпаратты электронды айырбастау.

Ең бірінші рет EDI 20 ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында темір жол және көлікпен тасымалдау саласында қолданыла бастады. 1968 жылы берілген индустрия үшін EDI стандартының жұмыстарына арналған United States TDCC комитеті құрылды. Кейін стандарттың кеңеюі мен дамуы жұмыстарымен ANSI айналысты.

EDI-дің базалық принциптері:

  • стандарттылық

  • құрылымдылық

1970: Электронды ақша аудару EFT – шотты дебеттейтін және кредиттейтін қаржылық мекемеге ережелер немесе өкілеттіліктерді беру арқылы терминалдан, телефоннан немесе дискеттен өзгертілетін құралдарды аудару.

1990: Интернетті коммерциялау, dot-coms форматы компаниясының және интернет старт-аптар кезеңі

Кезең

Кезең атауы

Драйверлер

1995-2000

Инновация

Технологиялар

2001-2006

Консолидация

Бизнес

2006-future

Пере

Сатып алушылар, пайдаланушылар, қоғам

Осы жағдайларды қарастыра отырып қазіргі уақыттағы е-бизнес Пере даму сатысында екендігін аңғарамыз.

В) SEO (Search Engine Optimization) іздеу оптимизациясы – белгілі-бір іздеу сұраныстары арқылы іздеу жүйелерін беру нәтижесінде веб-сайт бағдарын жақсартуға арналған іс-шаралар жиыны. Веб-сайт шығару реті б/а жоғары тұрған сайын оны қараушылар саны артады және бағытталған маркетингтік іс-шараларда қажетті іс-әрекеттердің орындалу үлесі де артады.

SEO іс-шараларының артықшылығын бағалау:

  • қараушы назарын аудартудың құны арқылы,

  • іздеу нәтижесін шығаруда веб-сайттың белгілі-бір бағдарының уақыт мөлшері арқылы,

  • конверсия мәні, яғни сатып алушылардың қарапайым қараушыларға шаққандағы саны арқылы.

Контекстті жарнама және РРС (PPC – pay per click).

Контекстті жарнаманың түпкі мағынасы, белгілі бір тақырыбы бар жарнамалы хатымен текст, баннер немесе rich-media баннері таңдалып көрсетіледі.

PPC өз кезегінде – жарнама беруші ж/е оның жарнамалық хатына жақын сай келетін жарнаманы таңдай отыра сайттарда орналастыруына болатын интернет үлгі.

Әлеуметтік желілердегі маркетинг, SMM және әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарындағы өрлеу, SMO – әр түрлі типтегі интернет-қоғамдарда сайт, тауар, қызмет, бренд, тауар белгісі, тіпті адамның өрлеуіне бағытталған іс-шаралар жиыны.

Ереже бойынша, өрлеу (Facebook, MySpace, Vkontakte, LinkedIN) әлеуметтік желілер, блогтар мен тақырыптық форумдар қоғамында жүзеге асады.

С) Мінез-құлыққа негізделген маркетинг

Сатып алушылар өз талғамдарының әр-түрлі “іздерін” қалдырады. Жүргізілген сатып алулар талдауы сатып алушылардың жасырын талғамдарын анықтауға мүмкіндік береді және көбіне маркетингтік зерттеу нәтижелеріне қарағанда ақпараттың сенімдірек қоры болып табылады.

Cookie – тексттік файл болып табылады және компьютерге орнатылған браузердің жұмыс директориясында орналасқан.

Мінез-құлыққа негізд-н маркетингті жүзеге асыратын ақпараттық технология/

Cookies келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:

1. Сервер Cookies-де орналасқан ақпаратты оқи алады және оны талдау негізінде сол не басқа әрекеттерді жасай алады.

2. cookies-ді пайдалану барысында онлайн дүкен/де тапсырыстарды рәсімдейтін функцияларды жиі құрады. Мұнда, пайдаланушы тек оны қызықтыратын заттарды белгілейді, сосын барлық таңдалған заттарға бірден тапсырысты рәсімдейді.

3. Әрбір тіркелген пайдаланушының жеке профилін жөнге салғанда.

4. Cookie құрылымын интернеттегі жарнамалық бизнесте қолдану.

Клиенттермен қарым-қатынасты басқару CRM – әрбір клиентпен тікелей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін АЖ болып табылады.

7) E-mail маркетинг жұмыс істеу принципін сипаттаңыз:

E-mail маркетинг жұмыс істеу принципі

Қазіргі кезде интернет қызметін қолданушылар интернет-маркетиннгті спам деп санайды, алайда қате түсінік. Ақпаратты таратудың бұл түрі интернеттегі қызмет көрсету аясында қандай да бір фирманың жұмысы үшін біршама маңызды боп келеді. Сонымен қоса ол көп шығынға ұшыратпайтын және тиімді әдіс болып келеді.

Сатушы мен тұтынушы еш кедергісіз бір-бірімен байланысып, уақыттарын үнемдей алады. Сонымен бірге мұндай маркетингтік жіберулер екі жақтың да келісімімен жүзеге асады, яғни спамның пайда болуына себеп болмау үшін.

А) DNS-сервер — тиiстi хаттама бойынша сұрау салулар DNSқа жауаптары үшiн қолайлы қосымша. DNS сонымен бiрге - сервермен қосымша iске қосылған хост деп атай алады.

DNS-сервердің басты міндеті домендік есімдерді IP-адреске н/е кері трансляциялау болып келеді.

Мәліметтерді бір біріне жіберу және олар түсінікті болу үшін компьютерлерге ортақ түсінікті тіл болу керек. Осыны протокол қамтамасыз етеді, яғни комп-лі желінің протоколы д-міз желі арқылы комп-ң өздеріне түсінікті тілде бір бірімен байланысуы. Email маркетингте протоклдың рөлі маңызды, себебі мәліметтерді бір біріне дұрыс жіберуде басты жұмыс атқарады.