Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салта е-бизнес 1-2 блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
274.42 Кб
Скачать

21) Royal Bank

А. Осы жағдайда интрент-банкингтің бизнес-архитектурасы қандай талабы Азаматтың шағымының орынды екендігін дәлелдеді?

Бизнес архитектураның ізін таба алу талабы Азаматтың шағымының орынды екенін дәлелдеуге көмектесті. Банктің осы қызметі банк иегерінің қайда, қандай транзакция жасағанын біліп отырады. Клиентке керек кезде бұл операциялар тізімін көрсету керек. Азаматтың дәл осы уақытта Алматыда бензин станциясында картамен төлегендігі оның шағымын дәлелдеуге көмектесті. Және де банктің Sequrity — қауіпсіздік — жеке мәліметтерді қорғау және авторизацияланбаған әрекеттерден қорғау талабы орындалмаған.

В. Е-бизнестің архитектурасының осы талабына түсініктеме беріңіз?

Traceability- ізін таба алу. Бизнес транзакцияның қашан және қайда жасалған жөнінде ақпаратпен қамтамасыз етуі тиіс.

С. Royal Bank ұсынған Интернет-банкинг қай фундаментальды бизнес-модельге сәйкес келеді?

Royal Bank ұсынған Интернет-банкинг B2C және B2B модельдеріне сәйкес келеді. Себебі ол жеке тұлғалармен де, компаниялармен де келісім шартқа отырып өзінің қызметін ұсына алады.

Business-to-Consumer (B2C) моделі.

B2C моделі компаниялар және жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Бұл компаниялардың тауарларды клиенттерге тікелей интернет арқылы сату сияқты көрініске ие. Мұндай сайттар онлайн каталогтағы тауар не қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынады. B2C моделі онлайн-банкинг, саяхат жасау сервистері, денсаулық сақтау жөніндегі ақпаратпен қаматмасыз ету сияқты бизнес түрлеріне ие.

Business-to-Business (B2B) моделі.

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау, сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.

22) «Казахтелеком»

А.Майклом Раппа (Michael Rappa)   ұсынған классификация негізінде табысқа бағытталған модельдердің қайсысы  «Kazakhstan Online»  қызметіне тән?

Бұл бренд өзінің өндіріп отырған продукциясын клиенттерге ұсынады, сол себепті де бұл Майклом Раппа   ұсынған классификация негізінде табысқа бағытталған модельдердің ішінде өндіріс моделіне тән.

Өндіріс моделі / Тікелей моделі (Manufacturer (Direct) Model) Осы модель аясында өндіруші сайт арқылы клиенттермен тікелей ұарым қатынас жасайды, каналы дистрибьюция каналдарын қысқарту [Dell Computer].

B. «Kazakhstan Online» қызметінің сәтті жүзеге асуы ел экономикасына қандай пайда әкеледі?

Бүгінде “Казахтелеком” АҚ корпоративті сатылым дирекциясы ҚР телекоммуникация нарығындағы корпоративті сегменттің көшбасшы компаниясы.

Осы уақытқа дейін “Казахтелеком” АҚ КСД өз тұтынушыларына үш түрлі сауда маркаларымен қызмет көрсетті:

«Kazakhstan Online» (деректерді таратудың ұлттық желілерінің қызметтері); 

«J-Run» (цифрлық телефонды бизнес-желі қызметтері);

«Kulan» (спутниктік бизнес-желі қызметтері).

Ал енді, қазіргі уақытта дирекция өз тұтынушыларына бір сауда марка - жаңартылған марка «Kazakhstan Online» тарапынан қызмет көрсетуде.

«Kazakhstan Online» қызметі шағын орта бизнестің дамуына үлкен септігін тигізеді. “Казахтелеком” АҚ КСД ең жаңашыл телекоммуникациялық қызметтердің толық спектрін – телефониядан деректерді жіберуге/Интернетке қолжетімділік және ҚР-ның барлық аймағы бойынша спутниктік байланыс қызметтерін ұсынады. КСД-ның негізгі артықшылығы тұтынушының талғамына байланысты әр түрлі аймақтарда әр түрлі байланыс түрлерін орналастыруға болады. Дирекция телекоммуникация нарығындағы үш нәтижелі ендірілген жобаны біріктіреді: цифрлық телефонды бизнес-желі қызметтерін, деректерді таратудың ұлттық желілерінің қызметтерін және спутниктік бизнес-желі қызметтерін.

Дәл осы идея – бір провайдерден тұтынушы үшін барлық телекоммуникациялық қызмет түрлерін біріктіру – ребрендинг жүргізу негізіне келді: енді дирекцияның барлық қызметтері бір сауда марка «Kazakhstan Online» арқылы жүргізіледі. Бұл экономикалық тұрғыдан пайдалы.

С. «Kazakhstan Online» қызметі қандай фундаментальды бизнес-модельге сәйкес келеді?

«Kazakhstan Online» қызметі B2C және B2B модельдеріне сәйкес келеді. Себебі ол жеке клиентерге трафиктерін ұсынғандай, басқа да осындай қызмет көрсететін компанияларға да өзінің трафиктерін сата алады.

Business-to-Consumer (B2C) моделі.

B2C моделі компаниялар және жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Бұл компаниялардың тауарларды клиенттерге тікелей интернет арқылы сату сияқты көрініске ие. Мұндай сайттар онлайн каталогтағы тауар не қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынады. B2C моделі онлайн-банкинг, саяхат жасау сервистері, денсаулық сақтау жөніндегі ақпаратпен қаматмасыз ету сияқты бизнес түрлеріне ие.

Business-to-Business (B2B) моделі.

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау, сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.