Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shporlar_sotsiologia 222222.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
249.34 Кб
Скачать

36. Инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелері. 38. Әлеуметтік инженерия және өндірістің әлеуметтік қорлары.

40. Инженерлердің кәсіби мобильдігі.

Әлеуметік явженерлік жәве июксверлік ерекшсліктсрі

Инженерлік еңбек көптүрлі ақыл ой еңбектерінің арасында көрнекті орын алады. Оғанқоғамдьщ өндіріс жүйесіндегі оның ролін көрсетіп, сапалык және сандық бірқатар сипаттар тән7 Әлеуметгі - инженериялык қызметтің шекаралары социолог - приюіадник функцияларыньщ екі блогымен анықталады. Біріншісі келесілерді қайталамасыз етумен байланысты:

-1 ұйымдық жобалау және құру; кадрларды таңдау, орналастыру және жылжыту; мақсатты мәселелерді шенгу үшін жеке адамдарды және өзінді ұйымдастыратын әлеуметтік топтардың механизмдерін қолдану.

Екіншісі келесілерді қамтамасыз етумен байланысты:

әлеуметтік топтар мен қоғамньщ әлёуметтік бүтіндігін қолдану;

әлеуметтік үйымдар жүмысшыларына қойылатын талаптар мен нормалардың сақталуы.

Әлеуметтік процестерге комплексті эсер ету, үйымның менеджін жасауда, еңбектің өнімділігін көтеретін, әлеуметтік кернеулікті томендету үшін қабылданған жүйенің қүндыльщтары негізінде адамдардың мінез-қүлкын бағалауда және баскаруда жиі қолданылатын техникалар мен әдістемелер, ерекше процедуралық ережелер ретііще социотехника көмегімен іске асырады.

11.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары.Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.         О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.         Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.         Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.         Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.

Қоғам оның негізгі белгілері

Қоғамның қалай,қандай жағдайларда пайда болуы туралы бұрынғы және қазіргі ғылыми болжамдарда бір ойды түйіндейтін шешімдер жоқ.Дегенмен де, барлық оқымыстылар,әдеттегідей,қоғамның қажетті белгісін – саналы  және ерікті адамдардың жиынтығы ретінде бөліп көрсетеді. Тарихи және әлеуметтік ғылымдардың тұжырымдарына қарағанда, жеке тұлғалардың адамзат қоғамына бірігуін , олардың ортақ мақсаттарының негізінде болатындығы анықталады.Жалпы алғанда , мақсатсыз қоғам болмайды.осындай тұжырымдарға мүлдем қарсы келмейтін жағдайлар, бір қоғамда бірнеше мақсаттар, біріне-бірі ұқсас не қарама-қайшы болулары мүмкін. Әр адамның алдына қойған жеке мүддесі болады. Ол қоғамдық ортаға қанша бейімделгенімен, оның жеке мүддесі сақталады. Сондықтан, жалпы мүдде жеке адамның мүдделеріне әділетті түрде қайшы келуі мүмкін. Ең маңыздысы, сол мүдделердің қайсысының басымдылығында. Қоғамның ұйымшылдығы, мүшелерінің жалпы және жеке мүдделерінің үйлесуіне байланысты.Олардың мүдделерінің сәйкес келмеуі қоғам өмірін тұрақтандырмайды.

Қоғам – мүдделердің өзара сәйкестігі негізінде құрылады, ал олардың орындалуы, жеке адамдардың өзара қарым-қатыныстарына байланысты болады. Яғни, бірігіп жұмсаған күштің нәтижесінде, жеке адамның жете алмайтын мақсаттарына жетуге болады. Мысалы, К.Маркс қоғамды «адамдардың қарым-қаттынасының жемісі» — деп қысқа анықтаған.

Бірақ,ондай мүдделері бір-біріне сай адамдардың жиынтығы, бірігіп қоғам болмайды. Дегенмен,бәрі бірдей бір-бірімен қарым-қатынастағы адамдардың жиынтығы, жалпы мүдделердің негізінде қоғам құрмайды. Қоғам – деп айтуға тек, адамдардың, бір-бірімен қарым-қатынасы ғана емес, олардың мүдделеріне сай, тұрақты және объективтік сипаттағы адамдар жиынтығы болуы қажет. Мұндай қоғамдық қатынастар, қоғамдас адамдардың өз мәніндегі жұмыстарын қамтамасыз етеді, оның ұдайы өндірісімен өзін-өзі дамытады.

Қоғам, қалай болса солай, не болмаса, күштеумен біріккен адамдардың жиынтығы емес. Адам қоғамсыз,әлеуметтік қатынастарсыз уақыт өткен сайын еркімен маңызды бағалылығынан айырылады. Бұл жөнінде К.Маркстің, адамның мәні, оның қоғамдық қатынастарының жиынтығында деген ойына ешбір талас жоқ.

15. Қазақстандағы орта таптың қалыптасуы: нәтижесі мен проблемалары.  Орта тапқа қоғамдағы әр түрлі әлеуметтік топтардың мамандықтардың өкілдері жатады. Олар – ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты да, сенімді қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құнды қағаздар, қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл таптың адамдары «жақсы өмірге қажырлы еңбектің, күш – жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады» дегенді басшылыққа алады. Бұл жерде айта кететін бір жағдай – орта тпатың да өз ішінде жіктелетіндігі. Олар жоғары орта тап: орта таптың орташасы: төменгі орта тап.

Қазақстандағы әлеуметтік саясат 1.

Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.  Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты. Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен  және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз  етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды. Қазіргі уақытта Қазақстандағы әлеуметтік проблемалар әлеуметтік тұрақсыздық пен жұмыссыздық ,

халықтың әл-ауқатын нашарлығы, халықтар арасындағы ұлттық ара қайшылықтар, қылмыстың көбею,суицид,

діни ағымдардың күрт көбейіп етек алуы ,жастар арасындағы нашақорлық болып табылады. Жұмыссыздық қазіргі заманғы дамудың басты зардабы болып тұр.  Танымал экономист Янош Корнаидың пікірінше: «Құрылымдық жұмыссыздық – капитализмге терең енген механизмнің өнімін нәтижесі. Капиталистік экономиканың инновациялық үдерісі мен динамизмі, шумпеторлық жасампаз бұзылым жұмыс орындарын үнемі ашады және бір мезгілде жояды». Оның пікірінше құрылымдық жұмыссыздық еңбек ресурстары саласында сұраныс пен ұсыныстың келісімділігі проблемасы байқалған кезде фрикциондықпен толығады. Бұл екі құбылыс– экономиканы құрылымдық қайта құру және сұраныс пен ұсыныс келісіміндегі кедергілер тоғысқан кезде еңбек нарығында жұмыс күшінің тапшылығы мен молдығы бір мезетте туындайды. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық – жаһандық ауқымда ғана емес, дамып келе жатқан Қазасқтанда да өршіп келе жатқан мәселе болып отыр. Нашақорлық есірткіге құмарлық дерті ретінде қылмыстық істер жасауға бастар жол болып табылады. Нашақорлық дертінің әсерінен кейбір жеке қылмыстардың   жасалуы нашақорлықтың қоғамдық қауіптілігін көрсетеді. Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімге төнетін қауіп-қатердің бірі-құрамына жаңа дәстүрлі емес діни қозғалыстар керетін деструктивті діни бірлестіктер. Посткеңестік қоғамның идеологиясыздандырылуы коммунистік идеологияның күйреуінен кейін орын алған діни қайта өрлеудің, жаңа діни немесе жалған діни қозғалыстардың пайда болуына әкелді. Экономикалық қауіпсіздік саласында мұндай діни қозғалыстар адамдардың материалдық игілігіне, олардың мүліктеріне қол сұғады, яғни олардың іс-әрекеті шын мәнінде халықтың ақша қаражатына ие болуына, алаяқтыққа келіп тіреледі. Діни қозғалыстар басшыларының баюның кең тараған әдістерінің бірі- әртүрлі оқыту курстары мен семинар- Қоғам және білім берудің бір-біріне тәуелділігі.

Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.

Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен     оқытудық  үздіксіз         процесі. Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім  және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге      асырады.

Білім беру мазмұны — оқушылардың меңгеруі, олардың жан-жақты дамуы үшін негіз қамтамасыз ететін, олардың ойлауын, танымдық қызығушылығы мен еңбек іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ететін білім, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге эмоциялы құнды қатынас жүйесі. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол             берілмейді. Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.

Қазақстандағы алеуметтік саясат 2.

Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар, мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - «Қазақстан-2030» бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл әлеуметтік мемлекет қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, � �леуметтік мемлекет немесе әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп қараст ыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау тудырмасы анық. 

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.

Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты мемлекет - бұл  адам мен азаматтың  құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.ІҚұқықтық мемлекеттің мәнін  қарастыруда оның негізгі  екі жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады:1) мазмұнды  жағы - адам  мен  азаматтың құқықтары  мен бостандықтарын  мейлінше толық  көлемде  қамтамасыз  етуден тұлға үшін құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан  көрінеді;2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да жатады:- билікті  заңсыз  пайдалануды болдырмау  мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;- заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай   отырып   қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы мүмкін емес;- мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;- қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;- азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.

   Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті.

Қазақстандағы дін жағдайы

Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді. Мемлекет – дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахуалға шолу жасайық:

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) –философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист; логика және музыка зерттеушісі; әлемнің екінші ұстазы, Әл-Фараби «Қайырымды қала» атты еңбегінде «адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді» деп тұжырымдай келіп, Қайырымды қаланың келбетін аша түсу мақсатында адамдар қоғамдастығы шоғырланған қалаларды классификациялап бөледі. Қайырымды қалада алдарына іс-әрекеттің өзара жәрдем көрсете білу мақсатын қойған қоғамдастығы бар қала халқы ғана бақытқа жете алады. Әл-Фараби шынайы бақыт жолында ынтымақтастық жолы ерекше дейді (Қараңыз: Мекежанов Б.У. Әл-Фарабидің адамдар қоғамдастығы жайындағы классификациясы // «Әл-Фарабидің шығыс халықтарының мәдениеті мен ғылыми тарихындағы орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы, 1994. – 3 б.).

Ізгі қала бес түрлі адамдардан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден және байлардан. Ең құрметті адамдар санатына даналар, пайымдағыш адамдар, маңызды істерде беделді болатын адамдар жатады. Олардан кейін діни қызметкерлер мен шешендер, атап айтқанда, дін уағызшылары, сөз шеберлері, ақындар, музыканттар, хатшылар және солар сияқтылар да солардың тобына жатады. (137-бет). Өлшеушілер дегеніміз – есепшілер, геометрлер, дәрігерлер, астрологтар және басқа сондайлар. Жауынгерлер дегеніміз – жасақшылар, сақшылар және соларға ұқсастар солардың тобына жатады. Байлар дегеніміз – қалада байлық табатындар: егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер және басқа сондайлар (Қараңыз: Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. 4 – том. Әл-Фараби мен Ибн-Сина философиясы. – Алматы: Жазушы, 2005. – 177 б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]