Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде

Қытай этносы қытай халқының баска халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінін қасиетті парызы деп санады.Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыз-даушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызьш, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінін қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.Тым ежелгі заманда Қытайдың өзінің этникалық құрамы жөнінен әр қилы болғаны байқалады. Қытайлар бастапқы кездерде Хуанхэ өзенінің орта ағысындағы алқаптарды ғана мекендеген және бірте-бірте оның бастауы мен сағасына қарай жайыла түскен. Тек б.з. дейінгі Iмың жылдықта және жаңа заманның басында олар осы негізгі қоныстарынан тыс жерлерге де кең тарады. Осындай қоныстарыцн кеңейте түсу үстінде олар солтүстік-шығысындағы маньчжур-тунгус, солтыстік батысындағы және батысындағы түрік және монғол, оңтүстік-батысындағы сино-тибет тайпаларымен т.б. бірде жауласып, бірде бейбіт қатынаста болып отырған.Қытай тарихын зерттеуде аса көрнекті рөл атқарған орыс саяхатшыларынан, әсіресе, Н.Я.Бичуринді (Иакинф монахты) атап өту жөн.Кеңес тарихшыларының көпшілігі ежелгі қытай қоғамының құл иеленушілік сипатын мойындайды және мұнда да феодалдық сатыға көшу батыс елдерімен бір дәуірде бірте-бірте жүзеге асқандығын растайды. Бұл жөнінен Л.В.Симоновсқаяның, Т.В.Степугинаның еңбектерін атауға болады.

17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз

Оңтүстік Африка халықтарына койсан халықтары кіреді. Койсан халықтары бушмендер мен готтентоттарға бөлінеді. Бушмендер (голланд тілінде bаsjesman — “орман адамы”) — Оңтүстік және Шығыс Африканың Калахари мен Намиб шөлді аймақтарында тас ғасырынан бері қоныстанып келе жатқан ежелгі, жергілікті халық. Жалпы саны — 90 мың адам (1996). Қазір Намибияда (41 мың), Ботсванада (36 мың), Анголада (9 мың), Зимбабведе (2 мың) тұрады. Зәңгі нәсілінің бушмен тобына жатады. Бушмен тілінде сөйлейді. Бір кездері Оңтүстік Африканы түгел қоныстанған бұл көп халықты солтүстіктен бантулар, оңтүстіктен Еуропа отаршылары ығыстырып, қырғынға ұшыратқан, ата-мекендерінен жер аударған. Бушмендер бұрын кезбе аңшылық пен терімшілікпен шұғылданған. Бантулар келгенге дейін олар металл және қыш ыдыстарды білмеген. Ерлері ұшы тастан, сүйектен жасалған жебелері бар садақпен қаруланып, аң-құс ауласа, әйелдері ағаш құралдармен жер өңдеген. Құс етін салатын тері дорба, түйеқұс жұмыртқасының қабығынан істелген ыдыстар сияқты қарапайым бұйымдарды пайдаланған. Үңгірлерді, ағаш бұтақтарынан жасаған ықпаналарды, құмды жерлерде қазылған шұңқырларды мекендеген. Киім орнына тері жапқыш (каросс) пайдаланған. Дәстүрлі наным-сенімдері сақталған. Бушмендердің қоршаған орта, табиғат құбылыстары, өсімдіктер дүниесі жайлы, олардың сырларын терең білуге байланысты ежелден қалыптасқан халықтық мектебі бар. Мысалы, Бушмендер су жоқта дымқыл жерлерден тростник трубалар арқылы су тартуды білген. Қазір көптеген Бушмендер еуропалық фермаларға және қалалардағы кәсіпорындарға жұмысқа жалданады. Шағын жанұяларда 10 — 15 адам болады. Бушмендер әке жағынан қауымдастыққа бірігеді. Кунг, нусон, сарва сияқты ірі рулары да бар. Бушмендер ежелден-ақ тасқа бедерлеп және бояумен қашап сурет салудың шебері. Жартастарға минерал немесе топырақ бояулармен, мал майы мен суға ерітілген әкпен, күйемен салынған суреттер ОАР, Лесото, Замбия, Зимбабве, Намибия жерлерінде осы күнге дейін сақталған. Бұл суреттердің салынған мерзімі б.з.б. мыңыншы жыл мен бірнеше жүз жыл аралығына жатқызылады. Сондай-ақ, Бушмендер фольклоры да бай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]