Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз

Барлық халықтардың мәдени –шаруашылығы жағынан ұқсастығына қарап топтауға болады. Бір табиғи – географиялық аймақта бірнеше тілдерде сөйлейтін ұлттардың мекендеуі мүмкін. Олардың тілдері бір –біріне ұқсас болмағанымен шаруашылықтары, тұрмыстары және заттай мәдениеттері ұқсас немесе мүлдем жақын болып келуі мүмкін. Міне, осындай ұқсастығына қарай отырып, дүние жүзіндегі халықтарды шаруашылық - мәдени тұрмысы жағынан топ –топқа таратып бөлуге болады. әрбір шаруашылық – мәдени бөліктерге өзінің әлеуметтік – экономикалық жағдайы бойынша, шамамен біркелкі дамыған және ұқсас табиғи географиялық жағдайда орналасқан, ертеден әр халыққа тән болған, тамырлас шаруашылығына және мәдени тұрмыс ерекшеліктеріне ие болған халықтарды бір топқа жатқызуға әбден болады. әр халықтың мәдени – шаруашылықтарының ерекшеліктері. Сол халықтардың тарихи дамуынан келіп шыққан. Мысалы, адамдар жер бетіне таралған кездерде олар әртүрлі табиғи географиялық орталыққа шоғырланып, сол жердің табиғи өзгешілігіне икемделеді. өздерінің өндіріс құралдарын жасап.шаруашылықтарын дамытады, заттай және рухани мәдениеттерін өркендеткен. Шаруашылық – мәдени ерекшеліктерінің барлығы бір уақытта емес, олар әр түрлі жағдайда, әр түрлі кезеңдерде пайда болған. Кейбір халықтарда мәдени – шаруашылықтың дамуы алғашқы заманнан бастап қалыптасса, қайсы біреулерінде кейінірек пайда болған. Сөйтіп, дүние жүзін мекендеуші халықтарды шаруашылық – мәдени тұрмыс белгілерінің ұқсастығына қарай отырып, төмендегішіне топтауға болады. Олар: қарапайым аңшылар мен терімшілер, ірі өзендердің жағалауындағы отырықшылар мен балықшылар, тундраның бұғышылары, қоңыржай және тропиктік аймақтың егіншілері, көшпелі малшылар тағы басқа болып жіктеледі.Халықтарды жоғарыдағы тоқталып өткен этнографиялық тұрғыдан топтаудың осындай жүйелерінен басқа да бірнеше топқа жіктеп бөлушілік белгілері бар.

13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз

Бұл жердің халықтары Үндіқытай жарты аралығын, Индонезия архипилагын және филиппин аралдарын қамтиды. Жер көлемі 4 млн. шаршы шақырым. Ауа-райы тропиктік жылы болып келеді. Бұл құрлықтың мемлекеттері Вьетнам, Тайланд, Бирма, Камбоджа, Индонезия, Филиппин және Малайзия, Тимора сияқты үлкенді-кішілі елдерді қамтиды. Оңтүстік Шығыс Азия өз алдына тарихы этнографиялық аймаққа жатады. Бұл жердің халықтары өздерінің шығуы, мәдениеті және тарихи қалыптасуы жағынан бір-біріне өте жақын. ОША халықтарының қытай-тибет, мон-кхмер және малай-полинейзия деп 3 тіл семьясына жатқызуға болады. Қытай-тибет тіл семьясында сойлейтіндер-тай, лао, шан, бирма, чинкочин; мон-кхмер тіліне жататындар-кхмер, мал, сеной; малай-полинейзия тіл семьясына кіретіндер-Индонезия, малаккилер, Филиппендер, Витнам социалистік республикасының халықтары кинь деп аталады. Оңтүстік Шығыс Азияның аборигендері антропологиялық жағынан монголоидтық нәсілге жатады. Сонымен, бір қатарда негр-афстралоидтық нәсілінің және еуропоидтық нәсілдің өкілдері де кездеседі. Олар Австралия мен Океаниядан және Еуропадан ауып келушілердің нәсілдері. ОША алғашқы адамның пайда болған жерлерінің бірі. Бұл пікірді дәлелдейтін археологиялық деректер жеткілікті. Ява аралынан питекантроп адамының сүйегі табылған. ОША ерте заманда Азия мен Австралияны тікелей жалғастырып жатқан.

  • 14. Оңтүстік Америка халықтарының тарихи мәдени ерекшеліктерін саралаңыз. Антропологиялық белгі европойд пен негрлерден тараған мулаттар турады.Оңтүстік Америкадағы Үндістердің кейбіреулерінің арасында негроавстралиялық антропологиялық белгілер де ұшырасады.Француз этнографы П.Риведен кейін маорилік ғалым Те Ранги Хироа ХІІ ғасырда полинезиялық су жолы арқылы Оңтүстік Америкаға,қазіргі Перу жеріне жеткен деген пікір айтады.ХVIғасырдың басында испандықтар Мексиканы,Перуды,бүтін Вест-Индияны жаулап алды.Осы кезеңде португалдықтар Оңтүстік Американың Шығыс бөлігін (қазіргі Бразилияны)өз қолдарына қаратқан еді.Оңтүстік Американы отарлаудың барысында испандықтар арасында Эльдорадо(«алтын адам») туралы аңыз тараған болатын.Осындай алтыны үйіліп жатқан елге ынтыққан испандықтар жаңа жерге аттанған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған.

Сондай-ақ адамдар Африка мен мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10 пайызын ғана құрайды. Материкте 320 млн халық тұрады.

Анд елдер:КолумбияЭквадорПеруБоливияЧили. Шығыс жазық елдері:ВенесуэлаГайана СуринамБразилияПарагвайУругвайАргентинаГвиана

15.Әлем халықтарын антропологиялық классификайиясы бойынша жіктеңіз. Оларды антропологиялық жағынан қарау деп атаймыз. Антропологиялық нышан белгілеріне қарап, дүние жүзі халықтарының еуропоидтық, монғолдық және негроидтық деп үш үлкен топқа бөлуге болады. Жер шарындағы халықтарды өзара нәсілге бөлгенде, олардың ерте заманнан бері ата – бабасынан сақталып келген сыртқы көріністерінің ( физикалық, дене және тіс қыртыстарының) ерекшеліктеріне қарайды. Бұл белгілеріне анығырақ тоқталсақ, шаштың сыртқы көрінісі, беттегі тыныс жолдарының даму дәрежесі, шаштардың түсуі (пигмейтация), тері мен көздерінің түстері, бойдың ұзындығы, бас сүйектің құрылыс тұрпаты, әсіресе, жақ сүйектің, жақ еттерінің орналасу нышаны бойынша ажыратылады. Адамдардың мұндай нәсілдік белгілері палеолит (тас) ғасырында пайда болған сияқты.Дүние жүзі халықтарын діни тұрғыдан да топтауға болады. Бірақ халықтарды дін жағынан топқа бөлу өте жасанды, сондықтан да бұл сала этнографтарға айтарлықтай жәрдем ете алмайды. Себебі дін дүние жүзінде ұлттар немесе мемлекеттер бойынша таралған емес. Жер шарын мекендеушілер негізінен: христиан, будда және ислам атты үш үлкен дінге бөлінеді. Бұл діндерді мойындаушылардың ішінде көптеген рулар, ұлыстар, тайпалар, халықтар және мемлекеттер бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]