
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
Дүние жүзіндегі халықтарды қоныстанған мекеніне қарай топ-топқа бөлуге болады.Топтарға бөлуде оларды ертеден мекен еткен жерін,олардың көршілес халықтармен байланысын,өзара қарым –қатынастарын есепке алады.Адам баласының жер бетіне тарауы заңды да,тарихи процесс.Жер шарының бөліктеріне таратып мекендеушілерді эйкумендер(грекше ойкео-мекендеушу, тұрушы)деп атайды.Эйкумендер өздерінің қоныстарын жағдайға байланысты ауыстырып отырған.Алғашқы адамдар онша үлкен емес Оңтүстік Шығыс Азияда немесе Шығыс Африкада жеріне пайда болуы мүмкін.Кейінгі кезде,әсіресе,төменгі палеолит дәуірінде өмір сүрген неандерталь адамы шығыс Азияда, Батыс Еуропаға дейін тараған.Өрістері Неолит ,содан кейнгі дәуірлерде эйкумендерді өрістері кеңейе түскен.Сөйтіп,Адам баласының күн көруіне қолайлы болған жерлерге үнемі қоныс аударып,жаңа жерлерді іздестіріп тауып, сол тың мекенді өздерінің тұрақты қонысына айналдырып отырған.Этнографтар жеке елдердің этникалық құрамымен танысып,сол елдің жергілікті(абориген,автохтондық) халықты басқа жақтан кірме болып келушілерден айыра білу керек.Кейбір елдердің халқын «жергілікті» және «кірмелер» деп екіге бөлуге болады. Алайда сирек болса да, бір ұлттан құрылған елдер де кездеседі.
10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
Оңтүстік Азия-Шетел Азиясының бір бөлігі.Оның жерінің көлемі 4,5 млн шаршы шақырым.Бұл жерде Үндістан,Пәкістан,Непал,Цейлон,Бангладеш мемлекеттері орналасқан.Физико-географиялық жағынан бұл аймақтың жерін үшке бөлуге болады:Гималай-Гиндукуштық таулы өңірлері,Декан таулы жотасы және Инды,Ганга өзендерінің алқаптарындағы ойпаттар.Б.д.д.2000ж.еуропоидтық кейбір өкілдері солт-батыс жақтан Оңтүстік Азия құрлығына ауып келген.Бұл келушілер жартылай көшпелі болған.Кейінгі кездердегі археологиялық зерттеулердің нәтижесінде,арийлықтарға жатпайды деген тайпалардың мәдени дәрежелері кейбір жағдайларда сол арийлықтардан анағұрлым жоғары тұрғаны байқалады.Инд өзенінің алқаптары мен Гандабта осы ғасырдың 20-жылдарында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде арийлықтардың батыстан бұл құрлыққа келуінен 1000 жыл бұрын Индия жерінде отырықшы тұрғындардың жоғарғы дәрежелі мәдениеті болғаны,үлкен-үлкен қалаларды мекендегені,өздерінің қолөнерін жақсы дамытқаны анықталды.Олар шығыс елдермен сауда жүргізіп,өздерінің жазу-сызуын қалыптастырған.Бұлардың мәдениеті Қосөзен:Тигр,Ефрат бойындағы Шумер мемлекеттерінен ешбір кемдігі жоқ,қайта көптеген ұқсастықтары бар екендігі байқалады.Солт.Үндістанның Саон өзенінің алқабындағы Потвара қонысынан палеолиттің төменгі сатысына жататын мәдениет ашылып,оны «досоан» мәдениеті деп атаған.Сондай ақ Үндістан археологтары мезолит мәдениетін Лангнадж(Гуджарат)қонысынан ашты.Бұл мәдениетті жасаушылар микролит пен қыштан істелген ыдыстарды,қажетті басқа да бұйымдарды пайдаланғаны байқалды.Жаңа тас дәуірінде жасалған құралдар Үндістанның бардық жерінен табылған.Энеоит дәуірінің ескерткіштері Үндістаннан көптеп ашылды.Солардың ішінде ең үлкені Хараппалық мәдениет.Шамамен бұл мәдениет б.з.д.IIIмыңж.орт-IIмыңж.орт.аралықты қамтиды.Мохенджо-Даро мен Хараппа ескерткіштері бір дәуірде жасалып,бір дәуірде қирағанын археологтар дәлелдеді.Оңт.Азия халықтарының,соның ішінде үндістердің халықтық ән-би музыкалары,театрлары,көркемөнері халық арасындағы фольклормен аса тығыз байланыста дамыған.Жалпы,бұл халықтардың рухани мәдениеті өз халықтарының өз халықтарының өмірлерімен тығыз байланыста.
11.Шығыс Еуропа халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін саралаңыз.Олардың орналасу табиғи-жағырапиялық аймақтарына Волганың(Еділдің) орта ағысы мен Кама бойлары кіреді.Бұл тарихи-мәдени аймаққа түрлі этникалық топтар,халықтар енеді:татарлар,чуваштар, башқұрлар, мордвалар, удмурдтар, мариилықтар және т.б. майда этникалық құрамалар. Тіл жағынан алғанда бұл халықтарды екі топқа бөлуге болады: финно-угорлық және түрік (алтайлық). Бірінші топқа мордвалар, удмурдтар, мариилықтар жатса, екіншіге татарлар, чуваштар, башқұрлар кіреді. Олар нәсілі бойынша үлкен европойдтық және монголойдтық расаның уәкілдері. Волва және Камьия бойындағы түрік тілдес халықтар, өздерінің осы күнгі жайлаған жерлерінде туып осіп, көрші удмурд, марийц, мордва және орыстармен қарым қатынаста халық болып қалыптасқан. Волго және какмья халықтарының заттай мәдениеттерінде жалпы ұқсастықтың бар екені байқалады. Өйткені олар, бір табиғи жағрапиялық жағдайда жасап, олардың экономикалық, мәдени, этникалық қарым қатынастарында болған. Орманды аудандарда ауылдар ( селолары) кішігірім болып орналасқан. Олар қан жағынан туыс адамдардан құралған. Тұрғындардың үйлері мен қоралары белгілі тәртіппен жайласпаған. Үйлер бөренелерден соғылған. Волга-Кама халықтарының ұлттық киімдері көп түрлі, өрнектелген, әсіресе, әйелдердің киімдері. Олар ғасырлар бойына қлттық киімдерінің ерекшеліктерін бекем сақтап өздерінің ұлттық ерекшеліктерін киімдері арқылы көрсетуге тырысқан. Волга-Камья халықтарының рухани байлығына фольклор (ауыз екі әдебиет), халық музыкасы, би, кесте тоқу, ағаш үйлерді безендіру жатқан. Бұл аймақты мекендеген коми, удмурт, мариицтер және чуваштар православиялық християн дініне енген. Сол дінмен қатар, бұрынғы көп діннің сарқыншақтары да сақталған. Ауыз әдебиеті ертегілерде, аңыздарға, өлең, жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге толы. Сонымен бірге батырлар жыры кең тараған. Сондай-ақ халық қол өнері: кесте тоқу, ағаш ою, өрнектеу, чулоктарды өрнектеп тоқу т.б. Мысалы, ағаш терезелінің сыртқы жақтауларын, үйлердің алдын ойып өрнек салған.