
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
Ертедегі мәліметтер бұл территорияға адамзаттың келуін орта палеолит кезеңіне жатқызады. Ал адамдардың аймақты игеруі неолит кезеңі. Б.э.д. Ү мыңжылдықта елдің оңтүстік аудандарында әлемдегі ең көне егіншілік мәдениеті қалыптасады. Неолит кезеңінде өлкені шаруашылық белгілері бойынша екі бөлікке : далалық солтүстік- мұнда халық аңшылық, балық аулау және терімшілік шаруашылығын жалғастырса, оңтүстіктегілер- суармалы егіншілік негізін және мал шаруашылығын жүргізеді, келесі кезең- қола дәуірінде қала типіндегі ірі қоныстар қалыптасады. Далалы аймақтарда мал шаруашылығы кең тараса оазистерде егіншілік басты рол атқарды. Аталған тайпалардың батыс тобы Арал теңізінің шығыс жағалауларын мекендеп, бұлар көне дерек бойынша массагет деген атаумен белгілі болды. А.Македонскийдің жорықтарынан кейінгі грек-рим деректерінде осы аталған тайпалардың бәрі сақ деген жалпы атпен бірігіп, б.э.д. 1 мыңжылдықтың аяғында бұл тайпалар иран тілінің шығыс тармағында сөйлеген. Олар негізінен жартылай көшпелілікпен, егіншілікпен айналысты. Қазақстан территориясындағы және Тянь-Шань, т.б. таулы аудандағы сақтар көбіне мал шаруашылығымен айналысты.
78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
Жалпы саны 6,0 млн. (2002) адам. Оның 60%-ы Түрікменстанда, қалғандары Ауғанстанда (800 мың), Иранда (900 мың), Түркияда (100 мың) тұрады. Өзбекстанда, Тәжікстанда, РесейФедерациясында, Сирияда, Иорданияда, т.б. елдерде де Түрікмендер диаспорасы бар. Түрікмен тілінде сөйлейді, ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Зерттеушілер Түрікмендер-ді моңғолдық элементі бар еур. нәсілдің Жерорта т. антроп. тобына жатқызады. Түрікмендер халқының қалыптасу тарихы 15 ғ-ға дейін созылып, қатар өмір сүрген теке, иомуд, гоклен, сарық, салар, эрсары, човдур, нохурли, емрели, алили, қарадашлы, ата деген этн. топтар мен тайпалар бертін келе бірыңғай түрікмен халқы болып бірікті. 20 ғ-ға дейін Түрікмендер-де овган, арап, гуллар, гурд, гурама, тат, кыпчак, аймаклар, гирей, газен, галмыктар, гарамугол аталатын тайпалар мен руларға бөлінді. Кейін келе руға бөліну өз әсерін жоғалтып алды. Түрікмендер-дер ерте заманнан бері суармалы егіншілікпен, мал ш-мен қатар айналысты. Сондықтан халықтың басым көпшілігі жартылай көшпелі тұрмыс кешті. Көшпелі малшыларды “чарва”, отырықшы дихандарды “чомурлар” деп атады. Теңіз жағалауындағылар ерте кезден-ақ балық аулап, әзірлеуді кәсіп еткен. Аңшылық – Түрікмендер-дің көнеден жеткен кәсібі. Құс, түлкі, киік, тауешкі, қоян, т.б. аңдарды мылтықпен, тор, қақпан құрып, тазы жүгіртіп, ителгі, бүркіт секілді қыран құстарды салып аулау дәстүрі бар. Түрікмендер жылдың көп мезгілінде сүт тағамдарынан қатық, сүзбе, айранды қорек етеді. Қой мен ешкі, сиыр сүтін, түйенің шұбатын пайдаланады. Нан тағамына бауырсақ, қаттама, шелпек жатады. Ыс-тық тағамы – ет қосқан сорпа, қуырдақ (говурма), палау, кеспе көже, тұшпара. Көне дәуірден-ақ қолөнері дамыған. Ерте заманнан кілем тоқу өнері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Түрікмен кілемі жоғары сапасымен әлемге әйгілі. Кесте тігу, киіз, текемет басу өнері дамыған. Халық көп салалы шаруашылықпен айналысқандықтан, мекен-жайдың түр-түрі кездеседі. Киіз үйді “ғара өй” дейді. Оның кішірегі ороча, гөтдикме деп аталады. Ауқатты тұрғындар бірнеше отбасына арналған биік қорғанды ховли аталатын үй тұрғызған. Олар тұрмысқа қажет диірмен (харазхана), май айдайтын мекен-жай (жұбазхана), мейманхана (мехманхана) салды. Ұлттық спорт пен ойын түрлерінен ат жарысы, жарыс, байрақ аталатын ат жарысы, сондай-ақ мергендікке баулитын нысана көздеу, ату, ұлттық спорт түрлері, балуандар күресі кең тараған. Түрікмендер-де ерте кезден шахмат, берижи, бадақ салмақ тәрізді есептеу, есте сақтау, ептілік, есту, түйсіну қабілетін арттыратын ойын түрлері бар.