Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
158.24 Кб
Скачать

70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз

Австралия мен Мұхиттық аралдарға европалықтардың енуі және оның зардаптары. Европалықтар Мұхиттық аралдарды 1511 және 1512 жылдары алғаш рет көрді. Олар А.д.Абреу және Ф.Серран. 1521 ж. Магеллан мариан аралдарына келеді. Австралияны европалықтар 1606 ж. кейінірек Виллем Янсзон ашты. ХХ ғ. басында Австралия және Мұхиттық аралдардың барлығы европалық державалармен АҚШ-тың қол астында болды. Олардың барлығы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тәуелсіздігін алды.

3. Австралия халықтары 20 миллионнан аса, олардың 97 пайызы европалықтар. Австралияның жергілікті аборигендері мабиаг, мириам. Жергілікті халықтар көбіне солтүстік, батыс және орталық аудандарға шоғырланған. Нәсілі австралойдты, 200 тілде сөйлейді.Австралиялықтар мен Тасманиялықтардың негізгі шаруашылығы аң аулау, терімшілік. Негізгі аулайтын аңдары кенгуру. Балық аулау аса кең тараған жоқ. Олар кезбелік өмір сүрді. Тұрақты баспаналары болған жоқ. Киім болған жоқ. тамағы аңшылықпен терімшілікпен байланысты болды. Әр тайпада 450-500 адам болды. Австралиялықтардың діні жақсы зертелген. Тотемизм, магиялық сенімдер. Папуас халықтары әлемдегі ең үлкен аралдардың бірі (2-ші) Этникалық жағынан папуастар 600 дей жекелей этностардан тұрады. Тілі сепик-раму батыс папуас, ско, амто-мусиан, арай, торречели т.б..Этникалық құрамы энга, чимбу, медлпа, камано, хули, ангал, даниү Меланезия халықтары Онда 300 этнос тұрады. Мұндағы халықтар шығыс австронезиялық тілді сөйлейді. Халқының саны көп емес. Меланезия халықтары. Меланезия(Қара аралдар): Адмиралтейлік, Санта-Крус, Фиджи, Лоялти және т.б. аралдар. Антропологиялық сипаттамасы. Шаруашылық-мәдени типтері. Қол егіншілігі. Өртемесі-шабындық егістігі. Балық аулау. Материалдық және рухани мәдениет. Көркем және музыка өнері. Қоғамдық құрылысы және дәстүрлі неке-отбасылық қатынастары. Діни наным-сенімдері. Меланезияның жергілікті халықтарында өртемелі шалғынды егіншілік тараған. Екінші орында балық аулау, кейбір аудандарда өмір сүрудың бір ғана түрі болып саналады. Тамағы өздерінің бау-бақшасы. Қоғамдық ұжымына ауылдық қауымдық. Ру көбіне аналықтан басталады. Меланезиялықтарға еркектер одағы тән. Қазіргі кезеңде халықтың басым бөлігі христиандықты тұтынады. Полинезия халықтары 40 тан асады. Полинезиялықтардың арасында ірі жаңа зеландиялық маори, самоа, гавай, тайтян, тонга халықтары шоғырланған. Негізгі шаруашылығы қол егіншілігі мен балық аулау. Полинезиялықтардың киімі белдемшелерден тұрады. әшекей бұйымдарды әйелдерден гөрі еркектер көбірек тұтынады. Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары. Жаңа Зеландия мен Полинезия (Көпаралдар). Гавай және Маркиз аралдары, Элисса , Самоа, Тонга , Куха, Тубуай, Таити, Туамоту және т.б. халықтарына жалпы сипаттама. Азиаттық және американдық этногенез проблемасы. Нәсілдік типі және тілдік классификация. Шаруашылығы, дәстүрлі қолөнер және өнер. Материалдық мәдениеттің негізгі элементтері. Дәстүрлі қоғамдық құрылыс. Қауымдық- рулық институттан алғашқы таптыққа дейінгі әлеуметтік қурылымның өтпелі типі. Көсемдердің кастасы мен иерархиясы. Мәдениеті. Халық шығармашылығы мен музыка. Иероглифтік жазба. Діні және табиғат құдайлары. Оларды қоршаған су кеңістіктері мен көршілес аралдар жөніндегі көзқарасы. Европалықтардың жергілікті халықтарға тигізген ықпалы. Англотілдік жаңазеландиялықтар мен маорилер. Негізгі әлеуметтік қабаты үлкен патриархалдық семья. Меншік түрі әртүрлі болды. қазіргі кезде барлығы христиан дінін тұтынады. Микронезия халықтары. Барлығы австронезия тіл семьясында сөйлейді. Микронезияда чаорро белау халықтары тұрады. Батыс және шығыс икронезия халықтары антропологиялық жағынан да тіл жағынан да ерекшеленеді. Европалықтар келгенге дейін егіншілік пен балық аулау болды. Аңшылық аса дамыған жоқ. Негізгі шаруашылық семья ру. Дәстүрлі діні аз зерттелген. Микронезиялық фольклор полинезиялықтар меланезиялықтар аралығындағы типті құрады. Мариан аралдарында мәдени трансформация қатты жүрген. Сондай ақ Науру және Яп аралында да өзгерістер жақсы болған. Европалық отарлау және англоавстралиялықтар. Англоавстралялықтардың қоғамдық тұрмысы мен мәдениеті.

71. Орта Азия халықтарының этникалық құрамын мен этникалық тарихын саралаңызОрта Азияның шекарасы шығыста Каспий теңізімен, және оңтүстікте Қытаймен, Ауғаныстанмен және Иранмен шектеседі. Этникалық құрамы. Елдің этникалық құрамы Х1Х ғ. 11-ші жартысы - ХХ ғ. бас кезеңіндегі тарихи оқиғалар: Ресей патшалығының отары, ХХ ғ. бас кезеңіндегі Ресейдегі саяси дағдарыс, 1928-1932 жж. ұжымдастыру, ашаршылық, 1940-50 ж.ж. миграциялық процестерге, т.б. жағдайларға байланысты күрделенді.Тілдік құрамы. Орта Азияның түркі тілдес халықтарына: түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, қарақалпақтар, ұйғырлар жатады. Генетикалық жағынан бұл алты тілдің шығу тегі әртүрлі. Орта Азия халықтарының иран тілдес халықтары. Орта Азияның ежелгі тілдеріне үндіевропа тіл семьясының иран тобына жататын соғды, хорезм, бактрия, сақ, парсы тілдері жатады. Тәжіктердің тілі тәжік -парсы тілдері негізінде 1Х-Х ғ.ғ. қалыптасты. Күрд тілі-иран тіл тобының солтүстік батыс тобына жатады.Антропологиялық құрамы. Орта Азия және Қазақстан халықтарының нәсілдік құрамының негізін европеойдтық және монголойдтық элементтер құрады. Европеойдтік үлкен нәсіл белгілері Орта Азия халықтарының ішінде тау тәжіктерінде айқынырақ кездессе, өзінің белгілері жағынан тәжіктер Алдыңғы Азия, Кавказ және Жерорта теңізі халықтарына көбірек ұқсап, европеойдтық нәсілді құрайды.

2. Тақырып. Этногенезі және этникалық тарихының негізгі кезеңдері. Ертедегі мәліметтер бұл территорияға адамзаттың келуін орта палеолит кезеңіне жатқызады. Ал адамдардың аймақты игеруі неолит кезеңі. Б.э.д. Ү мыңжылдықта елдің оңтүстік аудандарында әлемдегі ең көне егіншілік мәдениеті қалыптасады. Неолит кезеңінде өлкені шаруашылық белгілері бойынша екі бөлікке : далалық солтүстік- мұнда халық аңшылық, балық аулау және терімшілік шаруашылығын жалғастырса, оңтүстіктегілер- суармалы егіншілік негізін және мал шаруашылығын жүргізеді, келесі кезең- қола дәуірінде қала типіндегі ірі қоныстар қалыптасады. Далалы аймақтарда мал шаруашылығы кең тараса оазистерде егіншілік басты рол атқарды. Аталған тайпалардың батыс тобы Арал теңізінің шығыс жағалауларын мекендеп, бұлар көне дерек бойынша массагет деген атаумен белгілі болды. А.Македонскийдің жорықтарынан кейінгі грек-рим деректерінде осы аталған тайпалардың бәрі сақ деген жалпы атпен бірігіп, б.э.д. 1 мыңжылдықтың аяғында бұл тайпалар иран тілінің шығыс тармағында сөйлеген. Олар негізінен жартылай көшпелілікпен, егіншілікпен айналысты. Қазақстан территориясындағы және Тянь-Шань, т.б. таулы аудандағы сақтар көбіне мал шаруашылығымен айналысты. А. Македонский державасының құлауынан кейін бұл жерлерде бірнеше мемлекеттер құрылады да, олардың тұрғындарын парфяндар, бактриялықтар, т.б. деп атайды. Б.э.д. У111-У11 ғғ. Орта Азия территориясының бір бөлегі орталығы батыс Ирандағы ерте саяси бірлестік Мидия патшалығы құрамына кірді.

Б.э.д. У1 ғ. ортасында парсылық Ахеменидтер династиясы Мидия үстемдігін құлатты. Ахеменидтер династиясы негізін салушы Кир Мидия мемлекетінде көрші елдермен қарым-қатынаста бола отырып, Бактрияға және сақ тайпаларының біраз бөлігіне өз үстемдігін жүргізді.Орта Азия халықтарының этникалық тарихында б.э.д. 11-1 ғасырларда Орта Азия территориясынан солтүстікке қарай созылып жатқан далалы аймақтарға Монғолиядан батысқа қарай ығысқан ғұндардың да өзіндік орны бар. Олардың бір бөлегі сақ массагеттермен ассимиляцияға түсіп Орта Азия және Қазақстан халықтарының этногенезінде өз үлесін қосты.Б.э.д. 11 ғасырда Қытай елшісі әрі саяхатшысы Чжан-Цяннің айтуына қарағанда Орта Азия территориясында Қаңлы мемлекеті өмір сүрген. Мемлекеттің иелігіне Бұхара, Шахрисябз, Кушания /Катта-Корган/ Ташкент аймағы мен Хорезмнің солтүстігі және Үргеніш кірді. Орта Азия халықтарының тарихында б.э. 1-1Ү ғасырында Кушан кезеңінің орны ерекше..Осы кезеңде Орта Азия тарихында 1Ү-Ү ғасырда хионит және “ақ ғұндар” не “эфталиттер” деген тайпалар маңызды рол атқарады. Эфталиттік бірлесудің орталығы Хорезмнің солтүстік шығысы Әмудария мен Сырдарияның ежелгі аңғары болған сияқты. 1Ү ғ. бас кезеңінде шығыстан қоныс аударған ғұн тайпаларымен туыстық байланысы бар хионит тайпалары өмір сүрген. Ү1 ғ. 60 жылдарында Алтайдың түркі тайпалары саяси аренаға шығады. Монғолия территориясындағы көршілес тайпалармен бірлесе отырып, өзінің державасын құрады. Олар Қытайды, Шығыс Түркістанды, Жетісуды жаулап, эфталиттер империясын құлатады. Түрік қағанатына Алтай, Жетісу және Орта Азияның әр түрлі тайпалары кіреді. Ү1-Ү111 ғғ әртүрлі этникалық элементтердің қосылуымен ұқсас тілдерде сөйлеп, мемлекеттің негізін қалаған тайпалар түрік аталады. Кейіннен бұлар Орта Азия мен Қазақстанда түркі тілдес халықтардың этногенезін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Ү1 ғ. аяғында Түрік қағанаттың саяси құлдырауы Батыс және Шығыс қағанат болып бөлінуіне әкеп соқтырды . Құрамына Орта Азия аймақтары кірген Батыс қағанаттың шекаралары Ү11 ғ. Инда жағалауларына дейін жетті. Сонымен қатар Орта Азия халықтарының этникалық тарихында түріктердің отырықшы иран тілдес халықтарымен жақындасуы да аз рол атқарған жоқ. Ү11 ғ. 50 жылдарында Хорасанда Орта Азияның шекарасында Араб халифатының әскерлері пайда болды. Бірақ арабтар Орта Азия халықтарының этникалық құрамына өзгеріс енгізе алған жоқ.

1Х-Х ғғ. аралығында халифаттың саяси ыдырауына байланысты Шығыс Иран мен Орта Азияда бірінен кейін бірі ерте феодалдық иеліктер мен Тохарид, Саффарид, Саманид мемлекеттері пайда болады. Орта Азия халықтарының ішінде тәжік халқының қалыптасу процесі ерте аяқталды. Олардың ата-бабасы бактриялықтар мен соғдылар болды. 1Х-Х ғғ. Мәуереннахрде Саманид мемлекетінің саяси шекарасы аясында тәжік халқы мен тәжік тілі қалыптасты. Х1-Х11 ғғ. Қараханид және Хорезм мемлекеттерінің шекарасында өзбек халқының негізгі ядросы қалыптасты. Олардың ертедегі ұрпақтары жергілікті орта азиялық тайпалар мен халықтар: хорезмиліктер, соғдылар, массагеттер және сақтар болды. Х1-Х11 ғғ. этникалық араласу процесімен түріктену күшті жүріп, осы кезеңде Өзбек халқының қалыптасуы ХҮ1 ғ. бас кезеңінде ортаазиялық қосөзенге Дешті Қыпшақ өзбектерінің қоныс аударуымен аяқталды. Олар жергілікті түркі және түркіленген халықтармен араласып, өзбек атауын берді. Түркімендер этногенезінің түп тамыры ертеде кезеңде ақ түріктену процесі жүрген арал-каспий даласының (дах-массагет) жергілікті тайпалық одағынан басталады. Олардың құрамында Х ғ. аяғында ақ түркімен болып атала бастаған негізгі элемент оғыз тайпалары жатыр. Қарақалпақтардың ең ертедегі ұрпақтары Арал өңіріндегі тайпалар оның ішінде печенегтердің негізін салушы –апасиаки. Орта ғасырда батысқа кеткен печенегтермен оғыздардан қалған бір бөлігі Арал өңірінде бір-бірімен жақындасады. Қарақалпақ халқының әрі қарай қалыптасуы оғыз-печенег ортасында өтті. Ал, Х1 ғ. Арал өңірін қыпшақтардың жаулап алуы және аймақ халқының қыпшақ одағына енуі қарақалпақ халқының қалыптасуының маңызды кезеңі болып саналады.Қырғыз халқының қалыптасуы шығыс Тянь-Шан өңіріндегі түркі тайпаларының ортасында өтті. 1Х-Х ғғ. Енисейдің жоғарғы жағында қырғыздардың мемлекеті өмір сүріп, ол Орталық Азияның саяси тарихында үлкен рол атқарды. Сонымен қырғыздардың этногенезіне орталықазиялық және орта азиаттық этникалық элементтердің ықпалы болды. Орта Азиялық қырғыздардың мәдениетінде Алтай, Ертіс өңірі, Монғол, Синьцзян халықтарының да мәдениеті іздері бар. Орта Азия халықтарының этникалық тарихының дамуына Алтын Орда және т.б. монғол ұлыстарының құлауы, осыған байланысты ХҮ ғ. жаңа ірі тайпалық одақтардың пайда болуы да маңызды рол атқарды.

ХҮ-ХҮ1 ғғ. ұзақ тарихи процестің нәтижесінде Орта Азия халықтары толығымен қалыптасып бітті.

72. Өзбектердің этногенезі және этникалық тарихын зерделеңі Х1-Х11 ғғ. Қараханид және Хорезм мемлекеттерінің шекарасында өзбек халқының негізгі ядросы қалыптасты. Олардың ертедегі ұрпақтары жергілікті орта азиялық тайпалар мен халықтар: хорезмиліктер, соғдылар, массагеттер және сақтар болды. Х1-Х11 ғғ. этникалық араласу процесімен түріктену күшті жүріп, осы кезеңде Өзбек халқының қалыптасуы ХҮ1 ғ. бас кезеңінде ортаазиялық қосөзенге Дешті Қыпшақ өзбектерінің қоныс аударуымен аяқталды. Олар жергілікті түркі және түркіленген халықтармен араласып, өзбек атауын берді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]