
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
Қазақтардың діни наным-сенімдері – мұсылман-суниттер. Исламға дейінгі кезеңде Қазақстанның аумағында Тәңірге – Мәңгі Көкке табынушылық басым болатын. Тәңіршілдік адамзаттың еделгі монотеистік діндерінің бірі болып табылады. Тәңіршілдіктің көптеген белгілері ежелгі шығыстық табынушылықтармен туыстыққа меңзейді. Тәңірге табынушылық қандай да бір ережелер жинағын қалдырмаған (мысалы, иудейлердің «Ветхий Заветі», христиандардың «Новый Заветі», мұсылмандардың «Құраны» және т.б. сияқты). Жалғыз жазбаша дерек ҰлыТүрік қағанаты кезеңіндегі (V—VIII ғғ.) тастарға руналық жазбамен жазылған батырлық поэмалар-эпитафиялар болып табылады XIV ғасырда, Алтын ордалық Өзбек ханның тұсында ислам империяның мемлекеттік дініне айналды. Соған қарамастан, XIX ғасырдың ортасында Ш. Уәлиханов исламның таралуын және кейбір аймақтардың әлі де тәңіршілдік дәстүрлерді ұстанатындығы жөнінде жазған. Кеңес уақытында исламның қажеттілігі әлсірей түседі. Тәуелсіздік алғаннан кейін ислам діні Қазақстанда мемлекеттің қолдауына ие бола бастады. Сонымен қатар дінді секуляризациялау мемлекет идеологиясының бір бөлігі болып табылады. Исламдық дәстүрлермен қатар қазақ халқының тұрмысында қазақтардың этносанасы мен менталитетіне ықпал ететін жекелеген ежелгі тәңіршілдік әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері орын алған: ата-бабалар әруағына, отқа, күнге, жұлдыздарға, көкке және т.б. табыну. Қазақтар номадтық және діни дәстүрлердің ықпалымен дінге ерікті болып табылады.
68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
Эгей цивилизациясы кезіндегі Европа тұрғындарының этнотілдік құрамы белгісіз. Сол кезеңдердегі бізге белгілісі мына халыфқтар: Апеннин жартыаралында – этрускілер, лигурлар, Иберия жартыаралында: -иберлер, лузитандықтар, васкондар, Британ аралында пиктылар. Осы халықтардың ішінде сақталғаны тек васкондар. Осы кезеңде Европаға үндіевропа тілінде сөйлейтін өте ерте кезеңде отаны Европа мен Индияның аралығында болған этностардың енуі басталған деген болжам бар. Оңтүстік Балкан жартыаралында пеласгий тіліндегі тайпалар, орталық бөлігінде Фракия және иллирия тайпалары, Апеннин жартыаралында Италия тайпалары (латинян, сабины) таралып жатты. Прибалтика аудандарында Ютланд жартыаралында Герман тайпалары, олардан оңтүстік шығысында славяндар, шығыста лето-литовтықтар мекендеді. Орталық және Батыс Европаның негізгі бөлігін кельт тайпалары, қазіргі Франция және Бельгия территориясында галлы, Иберия жартыаралында кельтиберлер, Британ аралында бритты, скотты, галлылар өмір сүрді.
Б.э.д. ІІ-і мыңжылдықтарында қалалық грек (эллин) өркениеті дами бастады. Эллин өркениеті Египет, Ассирия, Вавилон және Эгей мәдениетінің кейбір жетістіктерін қабылдай отырып, жаңа «европалық мәдениеттің» басталуына жол ашады. Б.э. ІҮ ғасырында Рим империясының құлауы шетелдік Европа териториясында ұзақ қашықтықтағы этникалық миграциялардың өсуіне әкелді. Осы кезеңде Герман тілдес этностар Орталық, Солтүстік және батыс Европаның бір бөлігіне тарала бастайды. Герман тілдес англо-саксан тайпалары Британ аралына енеді. Олар романданып кеткен галлы тайпаларын ығыстыра отырып ассимиляцияға түсіреді, кей жерлерде өздері сол ортаға сіңіп кетеді. Мәселен, франко тайпаларымен сіңісіп, қазіргі Францияға атын береді. Герман тілдес англо сак тайпалары Британ аралына еніп, жергілікті кельт тілдес халықтарыды сіңдіреді, олардың бір бөлегі сол аймаққа қоныс теуіп Британ деген атты алады. Европа халықтарының этникалық құрамының күрделілігіне қарамастан шаруашылығы мен материалдық мәдениетінде аса бір ерекшелік жоқ. Франция бидай егуден 6-шы орында, жерорта теңіз жағалауында субтропикалық мәдениет, Грецияда ешкі және қой. Испанияда қой.