Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз

ХV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында, орналасатын. Ертеден қалыптасқан тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге (Жетісудан басқа жерлерде) көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайларымен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп барып қонатын жерлерді таңдап алу, көбінесе халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастардың бар-жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе еді. Бұлар халықтың тұрмыс-тіршілігіне бірден-бір қолайлы түлектер. Мұндай мал халықтың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетіп, ет, сүт, қымыз, шұбат пен киімге керек материалдармен қамтамасыз етіп отырды. Әрине, мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Сонымен бірге ол кезде мал шаруашылығының табиғаттың дүлей құбылыстарына түгелдей тәуелді болғанын да айту керек. Жем-шөп дайындау жүргізілмейді, қыста мал тебіндеп жайылды. Міне, осыған байланысты қыс сұрапыл қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы (жұт) жиі кездесетін. Мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп қалатын.  Қазақ халқының өмірі ілгері басқан сайын мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті. Қолайлы жылдары мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдіріп отырған.  Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ-киім, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.

62. Қазақ халқының материалдық мәдениетін талдаңызҚазақтың тұрақты үйлерін салу орын таңдаудан басталған.

Үй салу барысында адамдар құрбандыққа мал сойып туыстарымен көршілеріне қонақ асы беріп отырған. Қазақ үйін табаннан алғанда жеті бөлікке бөлуге болады:

1.Төр үйдегі құрметті орын.

2.Сол жақ, төрден сәл төмен, үй иесінің орны.

3.Есікке жақын сол жақ ас, қазан, саба тұратын бөлік, үй иесінің орнына таяу.

4.Оң жақ бала шаға, үйдің жас адамдары орналасатын жер, төрден сәл төменірек болды.

5.Одан төменірек оң жақта ер тоқым, айыл, жүген тұрады.

6.Есік немесе есік жақ, кіре беріс.

7.Ошақ,

Үйдің ең әйгілі де қадір қасиетті бөлігі шаңырақ пен есік.

Бұлар бүкіл әлем мен қарым қатынас шегі. Шаңырақ дөңгеленген әлемнің бейнесі тәрізді, сол себептен де ұзақ жылдарға тіршілік тауқіметінде үйдің осы бөліктеріне байланысты сан алуан дәстүр, салт сана, ырым қалыптасқан. Сондай ақ шаңырақ ата-баба аруағымен де байланысты боллуы мүмкін. Әке үйі, оның шаруашылығы қара шаңырақ деп аталды. Қазақ халқы тұрғын үйді ерекше қадір тұтқандықтан, оның жеке бөліктеріне байланысты көптеген әдет ғұрыптар мен наным сенімдер қалыптасқан. Н.Ж.Шаханованың көз қарасы бойынша адамның бастауы қазақ түсінігінде бақан болған. Бақанның негізгі функцияларының бірі тіреуіш қызметі. Киіз үйдегі ең құрметті орын-төр. Онда жүк аяқ, жүк тұрады, жүк қатталып, реттеліп жинақталады. Қазақ киіз үйі оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Сол жақта үй иесінің төсек орны тұрады, ыдыс аяғы қазаны көбіне шимен қоршауға болады. Оң жақта көбіне бала-шаға, ержеткен ұл мен қызға қалды. Бұлар солай бола тұрса да қонақ келсе араласпайды инабаттылық сақтайды. Босаға қасиетті орын болып саналады. Ол арқылы үйді қорушы әулиелермен рухтар кіреді деген түсінік қалыптасқан. Босағаның екі жағында тұрып сөйлесуге болмайды. Қазақ ұғымында шаңырақ босаға болып ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін символ болып табылады. Қазақтарда еркектердің киімі әйелдердікіне қарағанда біркелкілеу. Тіптен жейдені , қаптал шапанды, түйе жүн шекпенді, сеңсең тонды барлық жерге бірдей киген. Ал, жалпыға тән еркек киімнің кешенінде көйлек дамбалдан басқа бешпет, көкірекше, шапан, шалбар, бөрік, қалпақ, тақия секілді бас киімдер, көксауыр саптама етік болған. Осындай еркек киімі ғасрларды артына салып, бізге жетпегенімен оның құрамында, пішімінде, тігісінде уақыт талабына сай әртүрліұрпақ енгізген сапалы өзгерітер болып келетіндігі даусыз. Әсіресе жігіттердің киімі сымбатымен көз тартатын болған. Олар ойық немесе тік жағалы болып келетін ақ жібектен, сұрыптап, шыттан тігілген көйлек пен дамбалдың үстіне белі қымталған, денеге мығым қонатын бешпет, кеудеше жүріп тұруға ыңғайлы болу үшін ауына үшпіл салған шалбар киетін де балағын етіктің қонышына салатын. Бешпет шалбар көбіне көгілдір, қоңыр, шымқай күрең мәуіті. Барқыт бедерлі жібек маталардан тігілетін. Бешпеттің қаусырмалы етек жеңі кейде кестелі жолақпен тоқыма сызбалармен жиектелетін. Әсіресе, өсімдік сарынды өрнектермен кестеленген күрделі бешпет пен жарғақ шалбар жоғары бағаланған.Үйлі жайлы болып егде тарта бастаған еркектердің киім кешегі әдетте жігіттердікіне тән элементтерден тұрғанымен бешпеті онша қыналмайтын да оған кесте жүргізілмейтін. Еркектер қыс кезінде сыртына күпі, сеңсең тон, түлкі немесе қасқыр терісінен тігілген қаптал ішік, аяғына киіз байпақты саптама етік, басына тымақ, малақай киген. Сырт киімнің көне түрлерінің бірі –кебенек болып табылады. Оны асқан ұқыптылықпен шаршылап, қылшығын сыртына шығара басқан, жұқа киізден мейлінше ұзын, атқа отыруға ыңғайлы, артында жармасы бар етіп шалбарымен қоса пішетін болды. Шапанға ұқсас болғанымен тік немесе қайырма жағалы болатын кбенекті ат үстіндегілер үскірік аяз бен ызғырық желден, жаңбыр мен қардан сақтану үшін қысқы киімнің үстіне киген. Еркектің бас киімі жергілікті жағдайда, қолда бар материалдарға байланысты әр түрлі болған. Әйелдердің көйлегі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жалпақ қайырма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған. Әйелдер ішігі еркектер ішігінен қайырма жағасымен ерекшеленетін.

Әйелдердің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай олардың бас киімдері де ерекшеленетін. Әйелдердің бас киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі сәукеле ең қымбатты болып саналады, ал бағалы металдармен асыл тастармен, аяқ терілермен барынша сәнделетін. Күпі матамен тыстан, ішіне түйенің, қойдың жабағы жүнін салып, тігетін ұлттық сырт киім. Күрте жеңсіз жеңіл киім. Онда жең де жаға да болмайды. Қамзол- әйелдер ұлт киміінің бір түрі. Ол барқыт, пүліш мақпал сияқты. Сәукеле -әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.

63. Қазақ халқының рухани мәдениетін зерделеңіз

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]