
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
Америка халықтары Континентке алғашқы қоныстану проблемасы. Америка адамзаттың қалыптасу ареалына кірмейді. Адамдар бұл жерге Ескі әлемнен келген. Археологиялық мәліметтерге қарағанда Сібірге Аляскаға 12 мың жыл бұрын келген. Сол жақтан Американың басқа аймақтарына тараған. Он мың жыл бұрынғы тұрақтар табылған. Кейбір ескерткіштер Оңтүстік Америкада 20 мың жыл бұрынғыға, ал Солтүстігінде 20-35 мың жыл бұрынғыға жатады. Америкаға одан да ертерек келген мәдениет 50-40 мың жыл бұрын Азиядан келген. Б.э.д. Ү11 мыңжылдықта өндіруші шаруашылық-егіншіліктің бастамасы болған. Алашқы егеншілік Мексика мен перудің биік жотасынан байқауға болады. Солтүстік Американың Арктикалық аймағы. Аляска, солтүстік Канадада Гренландия жағалауында эскимос атты халық тұрған. Негізгі орынды бұғы аулау алды. Эскимосы аз топпен бірнеше семьядан тұрады.
Палеоүндістер және олардың шаруашылығы. Субарктикалық және арктикалық аудандар. Адамдардың әртүрлі экологиялық ортаға бейімделуі. Шаруашылық қызметіне байланысты жергілікті Америка халықтарын классификациялау.
Солтүстік Америка. Солтүстік Американың арктикалық ауданы (эскимостар) негізгі шаруашылығы. Еңбек құралдары, Дәстүрлі мәдениеті. Солтүстік орманды аймақтар (алгонкиндер мен атапаскилер). Баспана. Киімі. Солтүстік Америка (тынық мұхиттық) жағалауы (тлинктер, хайдалар, сэлиш, вакашилар, және т.б.). Калифорния (хокалар, пенутилер, алгонкиндер, шошондар, атапаскилер, лутуами және т.б.).
Материалдық мәдениеті. Діні. Солтүстік Американың шығысындағы орманды аймақтар (делаварлар, могикандар, ирокездік тайпалар, мусгоктік топ). Прериялар (сиу-дакота, ассинобойндар, айовалар, омахалар мен алгонкиндер). АҚШ-тың Оңтүстік-Батысы мен Солтүстік Мексика (пима, папаго, навахи, хопилер).
Мезоамерика. Майя мәдениеті. Майя тайпасы экономикасының негізі. Майя тайпасының жазбасы. Юта-ацтек тілі. Майя-киче, михесокей тілдік семьялары. Шаруашылығы. Тас өңдеу. Ацтектердің саудасы. Ірі семьялық топтар. Діні.
Оңтүстік Американың орманды және далалы аңшылары, Шығыс Бразилия терімшілері. Тілдік семья. Оңтүстік Американың тропиктік ормандарындағы аравакилер, тупи-гуаранилер. Орталық Анд (Эквадор, Перу, Чили, Боливия). Инктер. Жер шаруашылығы. Аңшылықпен балық аулау. Инк мемлекеті. Қоғамдық қатынастар. Діні. Отты жерлер (алакалуфтар мен яганалар). Экзогамдық топтар. Діни нанымы. Америка халықтарының Европалық отарлауға дейінгі материалдық және рухани мәдениеті. Европалықтардың Американы жаулап алуы мен отарлауы. Отарлық саясаттың зардаптары. Африкадан күшпен жер аудару. Құлдық дәуір. Этникалық өзіндік сана-сезімнің трансформациялануы. Жаулап алу саясатынан кейінгі Американың мәдениеті мен халқы.
60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
Волга-Кама халықтары. Поволжье немесе Казан татарлары. Чуваштар. Башқұрттар. Мордвалар. Удмурттар. Марилер. Тіл жағынан екі топқа: 1. Удмурт, марий, мордва халықтары Орал тіл семьясының фин угор тобында, 2. чуваш, татар және башқұрт халықтары Алтай тіл семьсының түркі тіл тобында сөйлейді. Нәсілі жағынан европеойдты, бірақ башқұрттарды монголойдтық элемент көбірек кездеседі. Этногенезі мен этникалық тарихы. Бұл территорияның шығысында самодийлік, батысында угрофиндік тілдер қалыптасты. Б.э.д. 111 мыңжылдықтың аяғына қарай финдердің угорлардан бөлінуі жүзеге асты. Қола дәуірінде б.э.д.11 мыңжылдықтың Кама бойы аудандарынан батысқа қарай тура Балтық теңізіне дейін фин тілді тайпалардың біртіндеп таралуы басталды. Ерте темір ғасырында Волга-Кама ананьиндік архелогиялық мәдениет қалыптасты. (б.э.д.Ү111- 111 ғ). Оны таратушылар коми-зыряндардың, коми-пермяктардың, удмурттардың және марийлердің алыс ата- бабалары. Волга каманың фин тілді халықтары қалыптасуының басы б.э 1 мыңжылдығының бірінші жартысы. Чепец өзенінің бойында, сондай ақ Вятка өзенінің орта және төменгі ағысында өмір сүрген тайпалар удмурт этносының негізін қалады. Удмурт этногенезі Вяткадан Камаға дейінгі өте мол кеңістікте дамыды. Бұлардың ішінде диалектілік және мәдени айырмашылықтары бар ірі территориялық тайпалық бірлестіктер пайда болды. Солтүстік удмурттардың арасында ватка және кальмез деп аталатын этнографиялық топтар белгілі. Оңтүстік удмурттардың этногенезіне халықтардың ұлы көшулері дәуірінен бастап төменгі Камаға қоныс тепкен түрлі түрік тайпалары араласты. Удмурт этносының ерекше компонентін бесермяндар құрайды. Қазіргі кезде бесермяндарды удмурттардан ажыратады. Олардың шығу тегі белгісіз. Зерттеушілер оларды төменгі Кама бойынан Чепецке қоныс аударған әлдебір түрік топтарының ұрпақтары санайды, ал басқалары оларды оңтүстік удмурттарға жатқызады. Марий тайпаларының қалыптасу аймағы Сура мен Цивильдің сағаларының және төменгі Поветлужьемен бірге қарама қарсы сол жағалауды қамтыды. Олардың негізін мордвалардың арғы ата бабалары-ананьиндердің ұрпақтары құрады. Бұл ауданнан марийлер шығыс бағытта Вятка өзеніне дейін қоныстанды. Онда олар удмурт тайпаларымен тікелей араласты. Ал, оңтүстік бағытта олардың қоныстану шекарасы Казанка өзеніне дейін жетті. Ежелгі мордва тайпалары Ока мен Волга өзендері аралығында қалыптасты. Б.э. 1 мыңжылдығының басында мордва ата бабаларының бірнеше этно-лингвистикалық топтары құрылды. Олар оңтүстігінде Иран-түрік тайпаларымен, солтүстік батысында мордва шығыс славяндармен тығыз қатынаста болды. Мордвалардың бір бөлегі орыстанды. Россияға қосылғанда олардың арасында мокша мен эрзя ерекшеленді. ХҮ11- ХҮ111 ғғ мордвалар шығысқа, Волга сырты мен Башқұртстанға қарай біртіндеп жылжыды. Волга – Кама бойында түркі тілдес халықтардың қалыптасуы әртүрлі уақыттарда келген түркі тілдес тайпалармен жергілікті халықтардың араласуымен байланысты болды. Алғашқы түріктердің келуі әзірге дейін белгісіз. Бірақ көптеген зерттеушілердің пікіріне қарағанда олардың келуі б.э 1 мыңжылдығында басталған. Солтүстік Кавказ далалары мен Азов бойынан булгарлардың қоныс аударуларының ең ірі толқындары Ү11- Ү111 ғ болды. Солтүстігінде Камамен шектелген Волганың сол жағалауындағы булгарлар жергілікті фин угор халықтарымен және бұрынырақ орныққан түріктермен жанасты. Х ғасырда булгарлар Шығыс Европаның экономикалық және саяси
өмірінде елеулі роль атқарған Волга Булгариясы мемлекетін құрды. Х111 ғ. Монғол татар шапқыншылығынан бұл мемлекет құлады. Оң жағалауға қоныс аударған булгарлар чуваштардың негізін қалады. Қоныс аударғандардың көпшілігі суваздар болған. Олар булгарлардың күшті ықпалын бастан кешірген Төменгі Кама бойының булгарларға дейінгі түрік халықтары болуы мүмкін. Солтүстікке қозғалу барысында сонда тұратын таулық марийлермен араласып, кетеді. Бұл араласу чуваш тілінің лексикасында және дәстүрлі мәдениетте таулық марийлермен көп ортақтығы бар және оңтүстік шығыс чуваштардан анатрилерден өзгеше чуваш-вирялдардың этнографиялық топтарын булгарлар болып табылады. қалыптастырды. Қазан татарлары өзінің шығу тегі жөнінен де жергілікті Волга бойындағы ортамен байланысты. Олардың тікелей ата- бабалары Волгалық Булгария талқандалғаннан кейін Каманың төменгі ағысынан солтүстіктің орманды облыстарына қарай ығысқан. Мұнда бұлар жергілікті фин тілді халықтармен шабындық марийлермен және удмурттармен араласты. Орта Волга бойын басып кірген монголдар елеулі ролб атқарған жоқ. Бірақ олардың этногенезінде Алтын Орданың негізгі халқын құраған түрік тілді қыпшақтар елеулі роль атқарды. «татар» этнонимі монғол тайпаларының бірімен байланысты. Алтын Орданың ыдырауы мен Қазан хандығының пайда болу кезеңінде (15) ғ. Жергілікті булгар тілді ортаға араласып қыпшақтар Волга сыртына тұрақ тепті. Біртіндеп қыпшақ тілі булгар тілін ығыстырып шығарды. Поволжье мен Приуралья татарларының қалыптасу процесінде мишарлардың ролі зор. Мишарлардың қалыптасуы осы уақытқа дейін белгісіз. Зерттеушілердің көпшілігі оларды фин угор мещераларының түріктенген ұрпақтары санайды. Башқұрттардың негізін Арал бойы мен Сырдария аудандарында Ү11- Ү111 ғасырлардың жазбаларында баджгардтар мен бурджан деген атпен белгілі болған тегі ортаазиялық түрік тайпалары құрады.