
- •1. Этнология пәні және оның міндеттерін талдаңыз
- •2. Солтүстік Америка халықтары мәдениетін зерделеңіз
- •3. Әлем халықтарын классификациялау принциптерін талдаңыз
- •4. Алдыңғы Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін сараптаңыз
- •5. Солтүстік Африка халықтарының этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •7. Полинезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін сараптаңыз
- •9. Әлем халықтарын географиялық классификация бойынша жіктеңіз
- •10. Оңтүстік Азия халықтарының материалдық және рухани мәдениетін талдаңыз
- •12. Әлем халықтарын шаруашылық мәдени классификациясы бойынша талдаңыз
- •13. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының этногенезі және этникалық тарихын талдаңыз
- •16. Қытай халықтарының қоғамдық және отбасылық тұрмысы жөнінде
- •17. Оңтүстік Африка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
- •18. Этнологиялық зерттеу әдістері мен деректерді талдаңыз
- •19. Үндістан халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •20. Шығыс славяндардың этникалық тарихы мен мәдениетін зерделеңіз
- •21. Этнологиядағы эволюционистік бағыттың негізгі қағидаларын түсіндіріңіз
- •22. Шығыс Азия халықтарының этникалық құрамы мен рухани мәдениетін талдаңыз
- •23. Орталық Африка халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін саралаңыз
- •24. Иран халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •25. Африкадағы бушмендер мен готтентоттар жөнінде не білесіз
- •26. Роман тілдес халықтардың орналасуы мен мәдениетін зерделеңіз
- •27. Оңтүстік славян халықтарының этникалық құрамы мен мәдениетін талдаңыз
- •28. Монғолдардың шаруашылығы мен материалдық мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •29. Солтүстік Африка халықтарының шаруашылық мәдени типін талдаңыз
- •30.Этнологиядағы Американдық мектептің негізгі қағидаларын талдаңыз.
- •31 Микронезия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •32. Кәрістердің шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз.
- •33. Ресей және Қазақстанда этнология ғылымының дамуын талдаңыз
- •34. Прибалтика халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •35. Сібір халықтарының шаруашылық мәдени типін зерделеңіз
- •37. Эскимостар мен алеуттердің шаруащылық-мәдени ерекшеліктері
- •38. Семит-хамит тілдес халықтардың орналасуы мен мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз
- •39. Орыс халқының этногенезі және этникалық тарихы н талдаңыз
- •40. Шығыс славян халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін талдаңыз
- •41. Кавказ халықтарының тілдік және антропологиялық құрамын сараптаңыз
- •43. Оңтүстік Азия халықтарының рухани мәдениеті
- •44.Австралия және Тасмания халықтарының тарихи-мәдени ерекшелігін зерделеңіз
- •45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз
- •48 Түркі халқының тар.Мәд ерекшелігі
- •49 Қытай халқы этно.Этн тарихы
- •52 Грузиндер мен армяндар.Ң мат.Рух мәд.І
- •53 Алдыңғы Азиядағы араб елдері шару.Мәд.Типі
- •55. Сібір және Кавказ халықтарының антропологиялық және тілдік құрамы
- •56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы
- •58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
- •59. Америка халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктері
- •60. Волга - Кама бойындағы халықтардың этникалық құрамы мен этникалық тарихын зерделеңіз
- •61. Қазақ халқының шаруашылығын саралаңыз
- •64. Қазақ этнографиясының зерттелуі жөніндегі деректер мен еңбектерге талдау жасаңыз
- •65. Оңтүстік Шығыс Азия халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •66. Қазақ халқының отбасы және отбасылық қатынастары мәселелерін саралаңыз
- •67. Қазақ халқының діні және наным сенімдері
- •68. Европа халықтарының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •69. Орталық Азия халықтарының шаруашылығын сараптаңыз
- •70. Австралияға европалықтардың келуі және оның зардабын зерделеңіз
- •73. Америка халықтарының этникалық мәдени ерекшеліктерін сараптаңыз.
- •76. Шығыс және Орталық Азия халықтарының шаруашылығы мен материалдық мәдениетін зерделеңіз
- •78 Түрікмендердің этникалық тарихы мен мәдениеті ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •79 Татар халқының тарихи-мәдени ерекшеліктерін талдаңыз
- •80 Сібірдегі түркі тілдес халықтардың тарихи-мәдени ерекшеліктерін саралаңыз
58 Қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын зерделеңіз
1.Қазақ деген терминнің мән мағынасы 3 салаға бөлінеді: 1.Қазақ-қаз
аққу, қаз деген ұғымнан шыққан, қазға теңеу арқылы шыққан. 2.Қазақ көне түркі тіліндегі мағынасы өз елінен бөлініп шығып еркін жүрушілер еркін адамдар, еріктілер деген сөзді білдіреді. 3.қазақ атауының арғы тегі ежелгі заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ халқының құрамына енген тайпалар мен халықтың аттарынан: сақ, каспи, хазар, аз дегендерден қалыптасқан. қазақ терминінің төркінін тым ерте заманға апарып тіреген ғалым А.Н.бернштам болды. Ол қазақ сөзі жайындағы В.В.радловтың, Г.Вамберидің, В.В,.Бартольдтың А.Н.Самойловичтің, Н.Я.Маррдың т.б. пайымдауларын талдай келіп, қазақ сөзінің шығу төркінін екіге бөледі. қазақ деген сөздің түп төркіні ежелгі замандағы каспи және сақ тайпасының бірігуінен пайда болған, қазақ сөзінің мағынасы (еркін адам) кейін шыққан ұғым деп тұжырымдалады. Қазақ деген атаудың мағынасына келсек қазақ атауы бірден халық немесе ұлт атына айнала салған емес, оның алғашында ру тайпа аты, яки тайпалық одақ аты немесе әлеуметтік саяси, әскери ретінде жарыққа шығып, бірте бірте дамып, халық атына айналған болуы ақылға қонымды. Қазақ халқы Алтай, тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, жетісу өңірі мен Сырдария алабын және дешті Қыпшақ даласын мекен еткен.ежелгі түркі тілдес тайпалардың: сақ, үйсін, қаңлы, алан, қимақ қыпшақ, дулат, түркеш, қарлұқ, оғыз, арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, жалайыр, алшын т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін басынан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасты. қазақстан территориясынан табылған археологиялық ескерткіштерге қарағанда Есік қаласы Жетісудағы Қарғалы1, Қарашооқы обалары Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениеті. Осы деректерден қазақстан территориясында сақ тайпалары өмір сүрген дейміз. Үйсіндер туралы археологиялық Жамбыл облысы, Луговой ауданының жерінде үйсіндердің тұрақты мекен жайлары зерттелсе, Алматы облысы Кеген ауданының Ақтас деген жерінде қыстақтары зерттелген. Б.э.д. 111-Ү111 ғғ. қазақ халқының құрамына кірген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Қаңлыллар туралы Н.Я.Бичурин Н.В.Кюнер, В.В.Бартольд зерттеді. Б.з.б. 111 ғасырда Қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битэн болды. 1930 жж. Қаңлы археологиялық ескерткіштерін С.П.Толстов, 1940 ж. Орта Азиядағы қаңлы ескерткішін Г.В.Григорьев зерттеді. 1970 ж. К.М.Байпақов айналысты. Қаңлы ескерткіштері Қауыншы, Жетісасар, Отырар-қаратау мәдениеттері. Ғұн тайпасы Орталық Азияны мекендеген. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Қытай деректері өздерінің солтүстігін мекендеген тайпаларды сюннулер және дунхулер деп атаған. Ғұн тайпасының күшейген кезі б.з.б. 1 ғ. Ортасында ішкі тартыстарға байланысты оңтүстік және солтүстік ғұндарға бөлінді. Оңтүстіктегі ғұнддар хан әулетінің қол астына түссе, ал солтүстігіндегі ғұндар б.з. 1.ғ. аяғында Чжичжи Шаньюдің басқаруымен өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін батысқа қарай жылжыды. Олар оңтүстік Қазақстанға талас өзенінің шығыс жағына көшіп қонуға мүмкіндік алады. Ү1 ғ. Басында қазақ жерінде Алтай, Сібір, Монголия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері түрік қағанаты феодалдық мемлекет құрды.