Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

56. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының тарихи-мәдени аудандастырылуы және отаршылардың жаулап алуы мен оның зардабы

Австралия мен Мұхиттық аралдардың тарихи-мәдени аудандастарылуы: Австралия мен Тасмания, Папуа-Жаңа Гвинея, Меланезия , Микронезия , Полинезия және Жаңа Зеландия. Австралия және Мұхиттық аралдар халықтарының этногенезі проблемалары, аймақтың этникалық тарихының негізгі кезеңдері. Австралия мен Мұхиттық аралдарға европалықтардың енуі және оның зардаптары. Аймақтағы қазіргі этникалық және этномәдени процестер.Антропологиялық және этнолингвистикалық сипаттама. Шаруашылығы: аңшылық, терімшілік және балық аулау. Материалдық мәдениеті. Қоғамдық құрылысы және әлеуметтік құрылымы: тайпа , фратрия, ру, жекеленген топтар. Неке-отбасылық қатынастары. Жергілікті халықтардың наным, сенімдері. Тотемизм, анимизм, мана және т.б. Дәстүрлі мәдениет, халық шығармашылығы және көркем өнері. Австралия және Мұхиттық аралдар әлемнің ең кішкентай бөлігі жер көлемі 9 млн кв.км., халқы 30 миллионнан аса. Бұл аймақ төртке бөлінеді. Австралия, Меланезия, Микронезия және Полинезия. Австралияға Тасмания кіреді. Меланезияға : Жаңа Гвиенея, архипелаг Бисмарка, Жаңа Ирландия және Д.Антркасто, Луизиада, Соломонов, Жаңа Каледония, Фиджи; Микронезияға : Мариан, Каролин және Маршалл аралдар; Полинезияға Тонга, Самоа, Уоллис, Токелау,Кук, Маркиз т.б. Дегенмен де осылай аудандастырылғанмен де әр аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Австралияға алғашқы адамдар 50 мың жыл бұрын Оңтүстік Шығыс Азиядан келген. Пенрит қаласынан жасы 47-44 мың жыл бұрынғы тас құралдар табылған. Мунго өзенінің батсынан 26 мың жыл бұрынғы адам қалдығы табылған. Алғашқы адамдардың негізгі кәсібі аңшылық, терімшілік. Жаңа Гвинеяға адамдар 30 мың жыл бұрын келген. Оларда австралойдты нәсілге жатады. Бұл аймаққа 10 мың жыл бұрын да мигранттар келген. Жоғарыда Жаңа Гвиенеяға келген мигранттар тобын папуастар деп атайды. Папуа-Жаңа Гвинея халықтары. Тілдік және антропологиялық сипаттама. Шаруашылығы. Кетпенді егіншілік. Жерді өртеу мен шабу арқылы өңдеу. Қолөнері. Тұрғын үйлері. Киімдері. Тағамдары. Қоғамдық құрылысы. Экзогамия ғұрпы. «Ерлер одағың. Діни сенімдері. Мана, анимизм, магия, ата-баба аруағына табыну.Мұхиттық аралдарға келген тағы бір мигранттар 5 мың жыл бұрын келген, олардың тілі австронезия тіл семьясына, антропологиялық типі бойынша оңтүстік монголойдты болып келген. Австралия мен Мұхиттық аралдарға европалықтардың енуі және оның зардаптары. Европалықтар Мұхиттық аралдарды 1511 және 1512 жылдары алғаш рет көрді. Олар А.д.Абреу және Ф.Серран. 1521 ж. Магеллан мариан аралдарына келеді. Австралияны европалықтар 1606 ж. кейінірек Виллем Янсзон ашты. ХХ ғ. басында Австралия және Мұхиттық аралдардың барлығы европалық державалармен АҚШ-тың қол астында болды. Олардың барлығы екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тәуелсіздігін алды.

3. Австралия халықтары 20 миллионнан аса, олардың 97 пайызы европалықтар. Австралияның жергілікті аборигендері мабиаг, мириам. Жергілікті халықтар көбіне солтүстік, батыс және орталық аудандарға шоғырланған. Нәсілі австралойдты, 200 тілде сөйлейді.Австралиялықтар мен Тасманиялықтардың негізгі шаруашылығы аң аулау, терімшілік. Негізгі аулайтын аңдары кенгуру. Балық аулау аса кең тараған жоқ. Олар кезбелік өмір сүрді. Тұрақты баспаналары болған жоқ. Киім болған жоқ. тамағы аңшылықпен терімшілікпен байланысты болды. Әр тайпада 450-500 адам болды. Австралиялықтардың діні жақсы зертелген. Тотемизм, магиялық сенімдер. Папуас халықтары әлемдегі ең үлкен аралдардың бірі (2-ші) Этникалық жағынан папуастар 600 дей жекелей этностардан тұрады. Тілі сепик-раму батыс папуас, ско, амто-мусиан, арай, торречели т.б..Этникалық құрамы энга, чимбу, медлпа, камано, хули, ангал, даниү Меланезия халықтары Онда 300 этнос тұрады. Мұндағы халықтар шығыс австронезиялық тілді сөйлейді. Халқының саны көп емес. Меланезия халықтары. Меланезия(Қара аралдар): Адмиралтейлік, Санта-Крус, Фиджи, Лоялти және т.б. аралдар. Антропологиялық сипаттамасы. Шаруашылық-мәдени типтері. Қол егіншілігі. Өртемесі-шабындық егістігі. Балық аулау. Материалдық және рухани мәдениет. Көркем және музыка өнері. Қоғамдық құрылысы және дәстүрлі неке-отбасылық қатынастары. Діни наным-сенімдері. Меланезияның жергілікті халықтарында өртемелі шалғынды егіншілік тараған. Екінші орында балық аулау, кейбір аудандарда өмір сүрудың бір ғана түрі болып саналады. Тамағы өздерінің бау-бақшасы. Қоғамдық ұжымына ауылдық қауымдық. Ру көбіне аналықтан басталады. Меланезиялықтарға еркектер одағы тән. Қазіргі кезеңде халықтың басым бөлігі христиандықты тұтынады. Полинезия халықтары 40 тан асады. Полинезиялықтардың арасында ірі жаңа зеландиялық маори, самоа, гавай, тайтян, тонга халықтары шоғырланған. Негізгі шаруашылығы қол егіншілігі мен балық аулау. Полинезиялықтардың киімі белдемшелерден тұрады. әшекей бұйымдарды әйелдерден гөрі еркектер көбірек тұтынады. Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары. Жаңа Зеландия мен Полинезия (Көпаралдар). Гавай және Маркиз аралдары, Элисса , Самоа, Тонга , Куха, Тубуай, Таити, Туамоту және т.б. халықтарына жалпы сипаттама. Азиаттық және американдық этногенез проблемасы. Нәсілдік типі және тілдік классификация. Шаруашылығы, дәстүрлі қолөнер және өнер. Материалдық мәдениеттің негізгі элементтері. Дәстүрлі қоғамдық құрылыс. Қауымдық- рулық институттан алғашқы таптыққа дейінгі әлеуметтік қурылымның өтпелі типі. Көсемдердің кастасы мен иерархиясы. Мәдениеті. Халық шығармашылығы мен музыка. Иероглифтік жазба. Діні және табиғат құдайлары. Оларды қоршаған су кеңістіктері мен көршілес аралдар жөніндегі көзқарасы. Европалықтардың жергілікті халықтарға тигізген ықпалы. Англотілдік жаңазеландиялықтар мен маорилер. Негізгі әлеуметтік қабаты үлкен патриархалдық семья. Меншік түрі әртүрлі болды. қазіргі кезде барлығы христиан дінін тұтынады. Микронезия халықтары. Барлығы австронезия тіл семьясында сөйлейді. Микронезияда чаорро белау халықтары тұрады. Батыс және шығыс икронезия халықтары антропологиялық жағынан да тіл жағынан да ерекшеленеді. Европалықтар келгенге дейін егіншілік пен балық аулау болды. Аңшылық аса дамыған жоқ. Негізгі шаруашылық семья ру. Дәстүрлі діні аз зерттелген. Микронезиялық фольклор полинезиялықтар меланезиялықтар аралығындағы типті құрады. Мариан аралдарында мәдени трансформация қатты жүрген. Сондай ақ Науру және Яп аралында да өзгерістер жақсы болған. Европалық отарлау және англоавстралиялықтар. Англоавстралялықтардың қоғамдық тұрмысы мен мәдениеті.

57. Қазақ халқының ұлттық ойындарын талдаңыз Бәйге.Ең белгілі және кең таралған ат спортының түрі. Ол өңірлік деңгейде қысқа және орта қашықтыққа атпен шабу немесе жалпы мәреден басталатын ұзақ қашықты қамтитын жарыс түрі. Дәстүрлі қашықтық: 7,12 және 16 км. 7 км қашықтықты қамтитын бәйге жылқы өсіретін зауыттардың ат спорты ойыны жарыстарының міндетті қашықтығы болып саналады.Қыз қуу Ұлттық ат спорты ойыны, 300-400 м қашықтықта орналасқан ипподром жолдарында өткізіледі. Мәреге бір-бірінен 10 м аралықта алыстатып қойылған екі жылжымалы жалау тігіледі. Ойынның мазмұны бойынша бірінші жағдайда, жігіт қызды қуып жетуге тырысады. Егер ол қуып жетсе, жеңімпаз болып танылады және оған тұлпар үстінде отырып қызды сүю құқығы беріледі. Егер қыз кейінгі жолда жігітті қуып жетсе, ол жеңімпаз болып танылады да, оған епсіз жігітті қамшымен ұру құқығы беріледі.АударыспақАт үстіндегі күрес, оның мақсаты – қарсыласты аттан құлату. Оған тек дене күші көп, епті, шыдамды және аттың үстінде сенімді отыратын ересек ер адамдар қатысады. Әдетте, мұндай шеберлер жарысқа ауыл және әулет атынан тағайындалып отырған.Қазақша күрес.Халық арасында кең таралған және әйгілі болған ойындардың бірі – қазақша күрес. Оның өзге түрлері Орта Азияның түрлі халықтарының арасында да кездеседі. Алғашқыда күрестің барлық түрлері қоян-қолтық шайқасу қажеттілігінен туындаса керек. Қазақша күрес белгілі балуандар арасында барлық думандарда өткізіліп тұрған. Балуандардың барлығына шалу, тұрып лақтыру және құлату, айналдырып және іліп құлату сияқты әр түрлі әдіс-тәсілдер белгілі болған. Қазақша күрестің партерде өткізілмей, тек тұрысатын күйде және белбеуде жүзеге асатыны – осы сияқты басқа ойындардан айрықшаланатын ең басты ерекшелігі.ЖұдырықтасуБұл уақыт сапарында жоғалған, бірақ қазір қайта жанданған қазақша күрестің түрі. Ол ушу-саньда, каратэ, бокс, дзюдо, самбо, тай боксы және казақша күрестің құрам бөліктерін қамтиды. Жұдырықтасудың қайнар бастауы Шыңғыс ханның баласы Жошы ханның билік еткен тұсына сай келеді (1182 жыл). Жошы ханның әскеріне түрік әскери өнеріне жаттыққан қыпшақтар таңдалып алынған. Олар жастайынан жаттықтырушы – аталықтармен тәрбиеленіп, өз елінің қайсар сарбаздарына айналған.Шабандоздық(түрікше «жігіт» — шебер, батыл, ұста салт атты) — ат үстіндегі әскери өнерге баламалы жарыс, бұл ретте жігіт түрлі акробатикалық және гимнастикалық амалдар жасайды. Спорттық және цирктік болып екіге бөлінеді. Бұл өнер вольтижировканың туындауына негіз болған. Спорттық шабандоздықта жаттығулар ұзындығы 360 м, ені шамамен 10 м құрайтын түзу жолмен шауып келе жатқан аттың үстінде жасалады.Аң аулау барысында жыртқыш құстарды қолданатын кәсіптің түрі. Бұл аңшылықты аңға салатын құстың түріне байланысты атау қалыптасқан: бүркіт не сұңқар салған аңшылық. Құс салған аңшылықтың ерекшелігі сол (аңсұңқар, сапсан, лашын) – бұл құстар шапшаңдық және ірі, айласы бар құстардың өзін алудағы дәлдігімен дараланады. Сұңқар нысанды байқаған кезде сағатына екі жүз километрге дейін жететін лездікті дамытады. Аңға ол бар денесімен әрі мықты тырнақтарымен ұмтылады. Бұл талпыныстың күштілігі сондай, үйректің мойнын бірден жұлып түседі (интернет материалдарынан алынған).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]