Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etnologia_tolyk.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
158.24 Кб
Скачать

45. Англоавтралиялық , англозеландиялық халықтардың пайда болу себептерін түсіндіріңіз

Бірінші адамдар Австралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Австралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Австралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;1606 жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Австралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Австралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.1770 жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Австралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (англ. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Австралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Австралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828 жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.

1901 жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Австралия федерациясы құрылады. 1931 жылы қабылданған (1942 жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Австралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Австралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.

47. Жапон халқының тарихи-мәдени ерекшелігін көрсетіңіз

Жапондар— ұлт, Жапонияның байырғы халқы. Жалпы саны 125 млн. адам (1995). Антропологтар жағынан Жапония моңғол расасының қиыршығыстық нәсіліне жатады. Жапониялықтардың кейбіреуінің сырт бейнесінен басқалардан бөлекше ауыспалы нәсілдің белгісі байқалады. Бірнеше диалект пен говорға бөлінетін жапон тілін кейбір зерттеушілер алтай тобындағы тілдердің қатарына жатқызады. Жапон аралдарына адамдар біршама кеш қоныстанған. Ғалымдар мұнда ең алғаш қазіргі айндардың аталары, онан кейін оңтүстіктен индонезиялық топтар тілінде сөйлейтін тайпалар, ал б.з.б. 4 — 3 ғасырларда Оңтүстік Кореядан тайпалар келді деп есептейді. Б.з. 4 — 8 ғасырларында осы этностық элементтер және корей, қытай иммигранттары негізінде 19 ғасырдың 2-жартысында жапон ұлты қалыптасты. Жапония будда және синто дінін, аздаған бөлігі христиан дінін ұстанады. Жапониялықтардың құрамында өзіндік тілдік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктері сақталған рюкю мен басқа этностық топтар бар. Мысалы, буракуминдер — ең төменгі кастаға жататын, өзгелермен тең құқығы оқшауланған этностық топтар Жапонияда буракуминдер қоныстанған 600-дей елді мекен бар.Жапонияда ұлттық қолөнердің сан түрі, қыш құмыра, керамика жасау, ағашқа ою-өрнек салу, бамбуктен себет тоқу, зергерлік пен сәулет өнері дамыған. Жапония еденге жастықша төсеп, аласа жозыда тамақтанады. Көшеде, жұмыста еуропалықтарша киініп, демалыста, үйде, қонақта ұлттық киімдерін — кимоно киеді. Ерлер мен әйелдердің кимоносы бір-бірінен пішіміне, бояуына, жеңінің ұзындығына қарай ерекшеленеді. Кимононың сыртынан әйелдер жалпақ белбеу, ерлер енсіз белбеу буынады. Дәстүрлі кәсіптері күріш өсіру. Оған қосымша суармалы егін, шай, көкөніс, жеміс-жидек, цитрус жемісін егеді. Жібек құртын өсіру, әсіресе, балық аулау кәсібі дамыған. Жапониялықтардың басым көпшілігі қалалы жерлерде тұрып, өндіріс орындарында, халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді. Жапония каркастан қалап тұрғызған бір-екі қабатты үйлерде тұрады. Үйдің ішкі жағы рама мен картон қағаздан тығыздап, қабаттап құрастырылған жылжымалы қабырғамен бөлінеді. Ал үйдің биік шатыры қалақ таспен жабылады.Ұлттық тағам түрлері, негізінен, күріштен жасалады. Қою тағамдарды қос таяқшамен жейді. Ас қатығы, тұздығы соя бұршағынан, көкөністен даярланады. Жапонияда балықпен бірге теңізден ауланатын кальмар, осьминог, устрица, т.б. тағамдарды пісіріп те шикідей де мол қолданады.Көнеден жеткен ұлттық салт-дәстүрін, тарихи ескерткіштері мен өнерін, ұлттық мейрамын, сан алуан отбасылық жоралғы ғұрпын, сыпайы мінез-құлық пен мәдениеттілікке баулитын халықтық педагогикасын классик. поэзиясын, сонымен қатар кескіндеме мен сәулет өнерін сақтаган

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]